Читайте также: |
|
КІРІСПЕ................................................................................................................. | |
1. Мекеменің қысқаша сипаттамасы................................................................... | |
1.1 Мекемедегі техникалық пайдалану жұмыстарының барысы.................... | |
1.2 Өндірістік – шаруашылық жұмыстарына талдау жасау....................................................................................................................... | |
1.3 Бөлімдерде жұмысшылардың саны......................................................................................................................... | |
1.4 Қызмет және жөңдеу жұмыстарының өндірістік технологиясы............... | |
1.5 Қосымша бөлшектерді және отынды-майлы сұйықтарды сақтау үшін арналған бөлімдер................................................................................................. | |
1.6 Жөңдеу-қызмет көрсету жұмыстарын жүргізудің өндірістік процесы................................................................................................................... | |
1.7 Өндірістік орындар........................................................................................ | |
1.8 Автокөліктерге көрсетілетін ТҚ және ТЖЖ технологиялық үрдістерін ұйымдастыру.......................................................................................................... | |
1.9 Автокөліктерге көрсетілетін ТҚ және ТЖЖ жұмыстарын ұйымдастыру.......................................................................................................... | |
1.9.1 «Өрлеу - 2012» ЖШС-гі автокөліктерді диагностикалау жұмыстарымен танысу.......................................................................................... |
Жаңадан шығарылып жатқан автомобильдер ТҚ және жөндеуге өте ыңғайлы жобаланған. Олардың желінген немесе жұмыскерлігін жоғалтқан бөлшектер, узелдер ауыстыруға ыңғайланып орнатылған және де олардың қызмет ету мерзімі ұзартылған. Бұл автомобильдердің кемшіліктерінің бірі – ол қосалқы бөлшектері көбірек қажет етеді. Көріп отырғанымыздай қандай жетілген автомобиль болмасын барлығы да тиісті техникалық қызметті талап етеді. Жол қозғалысы қауіпсіздігін жоғарылату кәзіргі кезде негізгі міндеттердің бірі болып отыр. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының көптеген аймақтарында өте сапалы, кең және тегіс жолдар салынуда. Ол автокөліктердің санының және жылдамдығының көбеюіне ықпал жасайды.
Автокөліктерді шығарудың көбеюі және оның тарту динамикасының жақсаруы, жылдамдықтың және қозғалыс жиілігінің, көлік ағымының тығыздығының жоғарылауына және де тәжірибесі төмен жүргізушілердің көбеюіне алып келеді. Қозғалыс қауіпсіздігіне жол магистралының жеткіліксіз дамуы да өз әсерін тигізеді. Осыған байланысты жол қозғалысының жағдайы күрделенеді, апат артады, көлік құралдарының соқтығысуы және басып кету көбейеді, ауаның ластануы және шу деңгейі үлкейеді. Көріп отырғанымыздай, автокөліктің дамуының жақсы жақтарымен бірге, оның апаттарға байланысты адам өміріне және материальдық шыгындарға алып келетін жақтары да бар.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге автокөліктің конструкциялық ерекшеліктерінің әсері өте жоғары болады. Кәзіргі кезде шығарылатын автокөліктердің конструциясы жетілдірілген және заман талаптарына сай келеді. Бірақ, пайдалану жағдайының соншама күрделі және әртүрлі болуы конструкцияны жетілдіруге шек қоймайды.
Автокөлік паркінің өсуі, жылдамдықтың және қозғалыс тығыздығының көбеюі, жол апатының өсуіне байланысты, оны мен күрес дүние жүзінде басты мәселе болып тур. Жол апатының себептерін және оны шешу жолдарын зерттеу кезінде, автокөлік қауіпсіздігіне әсер ететін барлық факторларды бірге қарастыру керекекені анықталды. Осы мақсат пен пайдалану қасиетінің негізі ретінде, автокөліктің конструкциялық қауіпсіздігі деген ұғым енгізілген. Бұл ұғым, қабылданған конструкциялық – технологиялық шешімінің артықшылығы мен кемшіліктерін жан-жақты зеттеуге мүмкіншілік туғызады.
Автокөліктің конструкциялық қауіпсіздігінің ерекшелігі, ол пайдалану кезеңінің бәрінде өз көрсеткіштерін өзгертпей, қажетті деңгейде сақтай білуі. Автокөлік барлық ұақытта, ауа-райына және кез-келген жол жағдайында қауіпсіз болуы керек. Оны орындау өте қиын, себебі автокөлік қауіпсіздігі көп факторларға байланысты. Автокөліктің әр-бір қызметкері, автокөліктің конструкциялық қауіпсіздігін кем дегенде шама мен бағалай білуі, автокөліктің негізгі маркаларының және моделдерінің конструкциялық мүмкіншіліктерін білуі және оның қауіпсіздігінің төмендеуінің себебін анықтай алуы керек.
Автомобильді техникалық пайдалану саласында жоспарлы – алдын ала жүйесі көбі пайдаланылады. Мұндай жүйеде әрбір жұмыс (КҚ, ТҚ-1, ТҚ-2, АЖ) есептелініп, оның мерзімі, жұмыс көлемі белгіленеді. Жүйедегі барлық операциялар уақытылы және сапалы жүргізіліп тұрса, онда ол автомобильдің техникалық жағдайын мейілінше басқаруға болады.Елімізде автокөлік паркі қарқынды өсуде. Әсіресе жеңіл көлік. Осыған байланысты техникалық қызымет көрсету мекемелерінің саны да неғұрлым өсуде.
Техникалық қызметтің жұмысы автомобильдердің сенімділігін, қауіпсіздігін арттырады. Ол үшін автокөліктердің техникалық жағдайын тұрақты түрде қадағалау, көрсетілген уақыт мерзімінде техникалық күтімдерді толық және сапалы өткізу, сынған тетік бұйымдарын сапалы жөндеу.
Айтыған шараларды орындау және іс жүзінде асыруда материалдық техникалық базаны әрдайым жаңартып отыру қажет.
Көлік - тасымалдау, құрылыс, ауыл шаруашылығы жұмыстарында көп қолданылады. Ал біздің мемлекетіміздің автокөлігі сандық жағынан қалай дамыса, сапалық жағынан да тез дамып келе жатыр. Қазіргі кезде транспорттық әр түрлі жағдайда: жеткізу, арту, тасымалдау қызметі 70-80 пайызды құрайды. Автокөлік транспорты халық шаруашылығында аса ірі мемлекеттік тұрғыда дамуда, уақытында жұмыс жасауға, сапалы пайдалануға, транспорттық қозғалыс құрылымында, әлеуметтік-экономикалық эфективтік ерекше үлкен роль атқарады. Ең басты және өте қажетті мәселелері - эксплуатациялық сенімділігі, қозғалыс құрлығы автокөлік алдынғы мәселеде қозғалады және де автокөлікті қолдануға тұрады. Осы мәселелердің шешімі оны қамтамасыз ету, қажетті бөлшек, қоректену, жанармайлар, жүргізу, жөндеу, техникалық әдістері, автокөліктің жұмыс істеу көлемдері техникалық жөндеуді қызмет жасауға тіреледі. Осыған өндірістік базалар арнайы жабдықталған автокөлікті жөндеуге тұрақ постар, стансалар, қозғалыс құрлығы, теріс-дұрыстығын тексеру түрін, диагностикалық апараттар арқылы байқауға өте қажет болады.
Жалпы қоғамда автокөліктің басқа көлік түрлеріне қарағанда алатын орыны үлекен. Оның авиация, теміржол, су көліктеріне қарағанда бірнеше ұтымды қасиеттерін көре аламыз.
Автомобиль қазіргі уақытта да өз маңызын және артықшылығын жоғалтқан жоқ. Қайта керісінше, сауда – саттық қарым – қатынасы дамыған сайын автокөліктің де рөлі арта түсуде. Көптеген автокөліктік кәсіпорындар жабылғанымен, қысқартылғанымен олардың орнына шағын жекеменшік кәсіпорындар құрылуда, Қазақстан Республикасының дербес мемлекет болғанына көп уақыт болған жоқ. Сондықтан уақытша қиындықтар автокөлік саласында да бар.
Ал қиындықтарға өз мемлекетіміздегі автомобиль құрастыру және оларға бөлшектер жасау зауыттарының болмауы, жанар – жағармай және материалдық бөлшектердің тым қымбаттапкетуі және т.б.
Осыған қарамастан, автокөлік кәсіпорындары өз алдарына қойған міндеттерін ойдағыдай орындап жатыр. Қазір бізде қаланы көркейтуде құрылыс жұмыстары кең етек жаюда.Сондықтан басқа салаларға қарағанда көлікті әлемдік деңгейде дамыту керек. Осындай мәселелерге байланысты еліміздің көптеген қалаларында жекешелендірілген кішігірім автокөлік мекемелері пайда бола бастады. Мекемелер автомобиль түріне байланысты әр түрлі қызметтер атқарады немесе әр түрі бойынша оларға қызмет көрсетеді.Мысалы техникалық қызмет станциялары мен жүк және жолаушыларды тасымалдау мекемелері болып табылады.
Қазір автомобиль көлігі біздің өміріміздң ажырамас бөлігі болып келеді және олардың құрылыстары да күннен күнге күрделеніліп келуде. Сондықтан оларға қызымет көрсететін және бастартпаушылығын қамтамасыз ететін кадрлар дайындау ең басты міндет.
Қозғалтқыш (двигатель) деп — энергияның кез келген бір түрін тек механикалық энергияға айналдырып беретін қондырғыны айтады. Олай болса, қозғалтқыштар қолданатын энергия түріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Олардың негізгілері: жылу, электр, жел, су және т.с.с. түрлері.
Олардың ішіндегі өте көп қолданылатын түрі – жылу қозғалтқышы. Себебі, онда басқа қозғалтқыштар энергия көзіне “байланып ” тұрады да, оларды автомобиль сияқты қозғалатын машиналарға пайдалану мүмкін болмайды. Мысалы, электр қозғалтқышы энергия көзіне өткізгіштер арқылы жалғасады, ал ол өткізгіштердің ұзындығы шектеулі болғандықтан, ондай қозғалтқышпен жабдықталған автомобиль ұзаққа кете алмайды. Оның үстіне электр энергиясын жинайтын қазіргі аккумулятор сияқты қондырғылардың көлемі өте үлкен болып, машинаны пайдалануды қолайсыз жағдайға келтіреді.
Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 145 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Вопрос 19. Торговый режим ТС | | | Мекемедегі техникалық пайдалану жұмыстарының барысы |