Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Автокөліктерге көрсетілетін тҚ және ТЖЖ жұмыстарын ұйымдастыру

Мазмұны | Мекемедегі техникалық пайдалану жұмыстарының барысы | Ндірістік – шаруашылық жұмыстарына талдау жасау | Ызмет және жөңдеу жұмыстарының өндірістік технологиясы | Жөңдеу-қызмет көрсету жұмыстарын жүргізудің өндірістік процесы | Ндірістік орындар |


Читайте также:
  1. A) Құқықтық позициясын ұстануға тараптардың мүмкіндігі және міндеті
  2. Android ОЖ және Android қосымшалардың жұмыс істеу приципі
  3. B) дәлелдеу құралдары мен тәсілдерін таңдаудағы еріктілігі және өзіндігі
  4. B) Талапкер және оның өкілі
  5. C) егерде іс бойынша талапкер бірнеше рет сот мәжілісіне келмеген жағдайда және жауапкер іс бойнша қарастыруды оған қарсылық білдірмесе
  6. C) сот және іске қатысушы тұлғалар
  7. D) Кассациялық және қадағалау инстанцияларында

 

ЖШС «Өрлеу - 2012автокөліктерге қызмет көрсету кезінде қозғалыс қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін бұзылымдарға ерекше көңіл аударылады. Сондықтан келесі бөлшектердің, тораптардың, агрегаттар мен жүйелердің анықталған бұзылымдары мен бекітпелерінің босауын міндетті түрде қалпына келтіру керек:

1) Реттеу жұмыстары кезінде – құдықтардың, тежегіш барабандарының, тежегіш басқышының, тұрақтау тежегіш жүйесінің, басқару тетігінің, дөңгелектер ішпектерінің, алдыңғы дөңгелектердің;

2) Бақылап - диагностикалау және бекіту жұмыстарында- басқару тетігінің сирағын және маятникті иінтірегін, басқару жетегін, шарлы саусақтағы басқару тартқышын және ұяшықтардағы шарлы саусақтарды, шарлы тіректерді, кіндіктемір, бұрылыс жұдырығы, дөңгелек дискілері, білік берілімі немесе жетектер, рессор және серіппелердің, амортизаторлардың, ілмек иінтіректерінің, тежегіш жетегінің гидравликалық шлангыларының, двигательдің, негізгі тежегіш жетегін, есік құлыптарының, капот пен жүк салғыштың; тежегіш жетегі қысымын реттегіштің, двигательдің, әйнектің, әйнек жуғыштың, әйнек тазалағыштың, артқы көрініс айнасының, желдеткіш әйнекті үрлегіштің және қыздырғыштың, желдеткіш және жылытқыш жүйесінің;

3) Қоректендіргіш жүйесі мен электржабдықтарды күтіп қарау кезінде - қоректенгіш жүйесін және газ шығарылу, фарлы, алдыңғы және артқы шамдарды, жарықты ауыстырып-жаққышты, жарыққайтарғыштарды, дыбыстық дабылдарды, электр жетектерді, апаттық дабылдардың, тежегіш дабылдарын.

ТҚ-1 жоғарда көрсетілген тізімдерден кейін жүзеге асырылады, бірақ, келесі жұмыстарды атқару үшін жылына 2 ретте кем емес уақытта жүргізіледі:

1) Бақылап-диагностикалау – жұмыс тежегіші жүйесінің бір уақытта әреке етуін және тежегіш жүйесінің тиімділігін, тұрақтау тежегіш жүйесі әрекетін, тежегіш жетегін, басқару жетегіндегі жалғауларды тексеру, шиналар жағдайы, жарықтандыру және дабыл беру аспаптары;

2) Қарап шығу жұмыстары - шанақтарды, әйнектерді, номер белгілерін, есік механизмдері әрекеттерін, әйнек тазалағыштарды, артқы көрініс айнасын, майлау, салқындату және ажыратқышты іске қосудың гидравликалық жетегін, жетектердің сақтандырғыш резеңке қаптамаларын, басқару тартқышының шарнирлерін, ажыратқыш педалінің бос жүріс көлемін және тежегішті, желдеткіш белдігінің тартылуын, негізгі тежегіш цилиндрінің бактарындағы тежегіш сұйықтығының деңгейін және ажыратқышты ағыту жетегін, серіппені және алдыңғы ілмектегі иінтіректі, көлденең орналасқан стабилизатор штангалары мен бағандарын тексеру және қарап шығу;

3) Нығайтқыш жұмыстары – қозғалтқышты шанаққа бекітіп нығайту, берілім қорабын және ұзартқышты, басқару механизмінің картерін және басқару сирағын, басқару дөңгелегін және басқару тартқышын, бұрылым иінтірегін, иінді біліктердің жалғағыш фланцтарын, дөңгелек дискларын, аспаптарды, жүргізілген құбырларды және майлағыш жүйе шлангыларын және салқындату жүйесін, тежегіш жүйесін және ажыратқышты ағытқыштың гидравликалық жетегінің жүйесін, сөндіргіштің қабылдағыш құбырын бекітіп нығайту;

4) Реттеуіш – ажыратқыш тепкісінің бос жүрісін реттеу, жұмыс және тұрақтау тежегіш жүйесін әрекетін реттеу, желдеткіш және генератор белдіктерін тарту; дөңгелектегі ауа қысымын және негізгі тежегіш цилиндрінің багындағы және ажыратқышты ағыту жетегіндегі тежегіш сұйықтығы деңгейін нормаға дейін жеткізу.

Сонымен қатар, ТҚ-1 кезінде қоректену жүйесі аспаптары және олардың жалғауларының герметикалығы тексеріліп, кірден тазартылады; жетектердің әрекетін, дроссельді және ауа жапқыштарының толық жабылуын тексереді, двигательдің иінді білігінің ең төменгі айналым жиілігі режимінде карбюратордың жұмысын реттейді. Электр жабдықтар жүйесінде аккумулятор батарейі мен оның желдеткіш саңылауын ластықтан тазалайды, жетек ұштарының клеммамен сенімді әрі берік байланысын және аккумулятордың әрбір банкісіндегі электролиттердің деңгейін тексереді; электр жабдықтары аспаптарын шаң мен лайдан тазартады, электр жабдықтардың оқшаулағыштарын, генератордың, стартердің және реттегіш- реленің беріктігін тексереді, стартердің, тұтандыру орауышының беріктігін тексереді.

ТҚ-2 жұмыстары жоғарыда тізілген жұмыс түрлерін атқару ұсынылады, бірақ жылына бір реттен кем емес түрде атқару керек. ТҚ-2 атқарар алдында немесе атқару үрдісінде автокөліктің барлық негізгі агрегаттарын, тораптарын және жүйелерінің техникалық жағдайын белгілеу, бұзылым түрлерін және олардың туындау себептерін анықтау, сонымен қатар, аталған агрегаттарды, тораптармен жүйелерді ары қарай қолдану мүмкіншіліктерін білу үшін, оларды тереңдетілген түрде диагностикалау жұмыстарынан өткізу керек [3].

Сонымен қатар, келесі жайттар белгіленді:

1) двигатель – бұлғақты ішпектерді және газ таратушы механизмдерде, қақпақшаларда, тісті дөңгелектерді тарсылдың пайда болуы, тұтандыру жүйесінің толық және оның жекелеген элементтерінің жұмысқа жарамсыздығы кезінде тексеріліп, жөнделеді;

2) двигательдің қоректену жүйесі – құбыр жетектерінің жалғауларынан, жеке бөліктер жазықтықтарынан отын аққанда, отын шығынының артуы кезінде және Мемлекеттік авто инспекцияда техникалық тексерістен өту үшін пайдаланылған газдар құрамында СО болуы, цилиндрлі ішпекті топ бөлшектері жағдайларын, газ тарату жүйелерін, цилиндр бастарының аралық төсемдерін тексеру;

3) двигательді майлау жүйесі– жалғанған жерлерден және саңылаулардан (иінді білік майлығынан, двигатель картерінен, таратушы механизмнің қақпағынан) май ағуы, майлау жүйесінде қысымды және автокөліктер орнатылған құралдардың көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеру керек;

4) двигательді салқындату жүйесі– жалғанған жерлерден, жүйе тораптарынан (радиатор, су сорғышы және басқалар) және саңылаулардан салқындатқыш сұйықтықтардың ағуы, двигатель жұмыс атқарып тұрған кезде салқындатқыш сұйықтықтардың қызуы;

5) берілім қорабы – жұмыс жағдайындағы тарсыл мен шуылдың болуы, күш астында өзіндік қосылып кету, берілім қорабы бөлшектерінің ажыратылған орындарынан майдың ағуы, берілімді ауыстырып - қосу кезінде саңылау көлемін;

6) артқы белдік – жұмыс жағдайындағы тарсыл мен шуылдың болуы, артқы белдік бөлшектері саңылауларынан майдың ағуы, негізгі берілімде және дифференциалда жалпы саңылау көлемін;

7) кардан білігі және аралық тіреу – кардан буындарындағы саңылаулар, тұтастиянақты жалғаулардағы және кардан білігінің аралық тіреуіндегі саңылаулар;басқару тетігі – басқару дөңгелегін айналдыруға қажетті күш.

8) Төлкедегі басқару сирағы білігінің саңылауы, серіппелер мен алдыңғы ілмектің иінтіректерінің бекітпелерінің беріктігін, сонымен қатар, көлденең орныққан стабилизатордың бағаны мен штангасын;

9) Рессорлар және ілмек элементтері– серіппелердің немесе табақшалардың бұзылымдарының анықталуы, рессорлы саусақтағы саңылаулар, алдыңғы және артқы мостылардың қосарластығы және олардың автокөлік шанағына қатысты орналасуы;

10) Шанақ элементтері– майысқан жерлердің, жарықтардың, сынған жерлердің, автокөлік сырының бұзылуының анықталуы, желдеткіш терезені жуғыштың, шанақтың жылыту жүйесінің және желдеткіш терезенің үрлеу желдеткішінің дұрыс жұмыс істеуін, құлыптардың, капот ілмектерінің, жүк салғыш қақпақтарының және есіктердің жағдайын.

Сонымен қатар, басқару дөңгелектер орналасатын бұрыштарды, әрекет ету тиімділігін, тежегіш механизмдерінің бір уақытта әрекет етуін, дөңгелектерді теңгеру, автокөлікті тұтандыру жүйесі жұмысын, үзгіштер байланыстар арасындағы саңылауды, фар орнатуды және әрекет етуін, жарық ағымының бағытын, барлық тежегіш жетегінің жағдайын, радиатор жағдайын, резеңке жастықшаларды, двигатель ілмектерін тексеріп, реттеу қажет [3].

ТҚ-2 - де ТҚ-1 бойынша жұмыстардан басқа қосымша жұмыстардың төмендегі бірнеше қатарларын атқарады:

1) Радиаторды, цилиндр блогының басын және иінағаш бағанын, цилиндр блогы басындағы қаптаманың қақпағын, кіргізгіш және шығарғыш құбырларды таратушы тісті дөңгелектер блоктарының қақпақтарын, май тазалау сүзгішінің корпусын, двигательдің май картерінің тағанын, ажыратқыш картерін, амортизаторды, отын багын, сөндіргішті, арты мосты редукторының қақпағын, баспалдақтары, рессор саусақтарын, құлыптар мен есік тұтқаларын бекіту;

2) Артқы мостының негізгі берілімнің жетекші тегершігіне фланецті бектікіш бұрандалықты тарту;

3) Басқару дөңгелегінің айналым күшін, газ таратушы двигательдің механизм жетегінің шынжырларын тарту қақпақшаларының жылулық саңылауларын, тежегіш қалыптарының және дөңгелек дискларының арасындағы саңылауларды, алдыңғы дөңгелек күпшегіндегі ішпектерді реттеу.

Қоректенгіш жүйесінде отын багының герметикалығын және құбырлардың жалғауларын, карбюратордың бекіткішін тексеріп, анықталған бұзылымдарды қалпына келтіру керек. Карбюраторды және отын багын ағытып, оларды бөлшектеп, арнайы құрылғыға салып бөлшектердің жағдайын тексеріп, оларды тазалайды. Құрастыру жұмыстарынан кейін отын сорғышын арнайы аспапта тексереді.

Автокөліктердің сапалы сырланғандығы, желдеткіш әйнекті жуғыш жұмысының дұрыстығы, шанақтың жылыту жүйесін, желдеткіш әйнекке жел беретін желдеткішті, құлыптар мен капот ілмектерінің, жүк салғыш қақпақтары мен есіктерін тексеру керек [3].

Сонымен қатар, басқару дөңгелектер орналасатын бұрыштарды, әрекет ету тиімділігін, тежегіш механизмдерінің бір уақытта әрекет етуін, дөңгелектерді теңгеру, автокөлікті тұтандыру жүйесі жұмысын, үзгіштер байланыстар арасындағы саңылауды, фар орнатуды және әрекет етуін, жарық ағымының бағытын, барлық тежегіш жетегінің жағдайын, радиатор жағдайын, резеңке жастықшаларды, двигатель ілмектерін тексеріп, реттеу қажет.

ТҚ-2 - де ТҚ-1 бойынша жұмыстардан басқа қосымша жұмыстардың төмендегі бірнеше қатарларын атқарады:

1) Радиаторды, цилиндр блогының басын және иінағаш бағанын, цилиндр блогы басындағы қаптаманың қақпағын, кіргізгіш және шығарғыш құбырларды таратушы тісті дөңгелектер блоктарының қақпақтарын, май тазалау сүзгішінің корпусын, двигательдің май картерінің тағанын, ажыратқыш картерін, амортизаторды, отын багын, сөндіргішті, арты мосты редукторының қақпағын, баспалдақтары, рессор саусақтарын, құлыптар мен есік тұтқаларын бекіту;

2) Артқы мостының негізгі берілімнің жетекші тегершігіне фланецті бекіткіш бұрандалықты тарту;

3) Басқару дөңгелегінің айналым күшін, газ таратушы двигательдің механизм жетегінің шынжырларын тарту қақпақшаларының жылулық саңылауларын, тежегіш қалыптарының және дөңгелек дискларының арасындағы саңылауларды, алдыңғы дөңгелек күпшегіндегі ішпектерді реттеу.

Қоректенгіш жүйесінде отын багының герметикалығын және құбырлардың жалғауларын, карбюратордың бекіткішін тексеріп, анықталған бұзылымдарды қалпына келтіру керек. Карбюраторды және отын багын ағытып, оларды бөлшектеп, арнайы құрылғыға салып бөлшектердің жағдайын тексеріп, оларды тазалайды. Құрастыру жұмыстарынан кейін отын сорғышын арнайы аспапта тексереді [3].

Электр жабдықтар жүйесінде қызмет жасау кезінде келесі жұмыстар жүзеге асырылады:

1) Автокөліктен батарейді ағытып ондағы зарядтың деңгейін тексеру керек;

2) Генератор мен стартердің щеткалары мен коллекторларының жағдайларын тексеру керек;

3) Реттегіш реле жұмысын; якорьдың серіппесінің тартылуын реттеу керек;

4) Тұтандыру білтелерін ағытып, олардың жағдайларын тексеру керек;

5) Электродтар арасындағы саңылауларды күйіктен тазалап және реттейді;

6) Тұтандырудың үзгіш - үлестіргішін ағытып оның сыртқы қабатын май мен балшықтан тазарту керек.

7) Байланыстар жағдайын тексеріп, олардың арасындағы саңылауларды реттейді;

8) Үзгіш - үлестіргіш білігін майлау керек;

9) Төменгі және жоғарғы кернеулі жетектердің жағдайын тексеру керек және жарықтандыру және дабыл беру құралдарының әрекетін реттейді.

ТҚ-1, ТҚ-2 тұйыққа тірелген, көтергіш құрылғылармен жабдықталған ТҚ және ТЖЖ аймағында атқарылады.

ТЖЖ кезінде бөлшектеп - құрастыру операциялары, дәнекерлеу- қаңылтырлау, электр техникалық, сырлау, слесарлық- механикалық жұмыстар жүзеге асырылады.

Түзету цехы пайдалану үрдісінде пайда болған автокөліктер шанағының бұзылымдары мен ақауларын қалпына келтіруге арналған. Цехта жөнделетін шанақтың бастапқы формасы мен беріктігін қалпына келтіріледі, сонымен қатар, шанақты және оның механизмін техникалық жарамды қалыпта ұстау бойынша жұмыстар атқарылады.

Цехта қаңылтырлап- дәнекерлеу және арматуралық- шанақтық жұмыстар, бөлшектеу - құрастыру, шанақтарды және оның механизмдерін түзету жұмыстары, сонымен қатар, шанақ бөлшектерін ауыстыруға қажетті заттарды дайындайды. Автокөліктер ереже бойынша дөңгелегімен дөңгелетіліп, ал апаттық шанақтар арнайы арбалармен түзету цехына жеткізіледі. Соңғы жағдайда ереже бойынша шанақты ТЖЖ бекеттерінде ағытады.

Қаңылтырлау жұмыстарында шанақты жөндеу, майысқан, жарылған жерлерін түзету, капоттардың, қанаттарының жарықтарын, бүріккіштерді, радиаторлар қаптамаларын, есіктерін және шанақтың басқа да бөлшектерін жөндеу жұмыстары қарастырылады [3].

Бөлшектеп - құрастыру жұмыстарына есіктерді, жекелеген панельдер мен шанақ бөлшектерін, механизмдерді, әйнектер мен басқа да ағытпалы бөлшектерді ағытып және орнату жұмыстары жатады. Бөлшектерін жөндеу үшін шанақты жекелеп бөлшектеу барлық жөндеу жұмыстарын сапалы атқаруды қамтамасыз етуге қажетті көлемде атқару керек. Жөндеу жұмыстарынан кейін шанақты жөндеу, сонымен қатар, шанақтарға тораптар мен бөлшектерді орнату үшін әртүрлі құрылғылар мен құрал - саймандарды қолданады.

Түзету жұмыстарына ақаулардың сипатына қарай деформацияланған қабаттардың ойлы-қырлылығын қалпына келтіру, сонымен қатар, шанақтың бұзылған геометриялық көлемін түзету және т.б. жұмыстар жатады.

Дәнекерлеу жұмыстары қаңылтырлау - түзету жұмыстарының ажыратылмайтын бөлігі болып саналады. Барлық жөндеу жұмыстары дәнекерлеу жұмыстарын талап етеді. Түзету цехында газды және нүктелі дәнекерлеу жұмыстары жүргізіледі, ал дәнекерлеу цехында электр доғалы дәнекерлегішті қолданады.

Жөндеу жұмыстары кезінде дәнекерлегіш бұзылған бөлікті алып тастау үшін, түзету жұмыстарында, шанаққа бөлшектер мен жаңа бөліктерді және қосымша бөлшектерді орнату кезінде, сонымен қатар, жарықтарды қайнатуда қолданылады. Дәнекерлеу, қаңылтырлау учаскелерінде 3 адам жұмыс атқарады.

Сырлау бөлімі ескі лакты сырлы қабатты алып тастап сырлау, жергілікті бүлінген жерлерді сырлауға, шанақтың жекелеген бөлшектерін және басқа да әртүрлі сақтандырғыш қабаттарды жағуға арналған.

Сырлаудың жалпы технологиялық үрдісіне үстіңгі қабаттарды сырлауға дайындау, алғашқы бояу, саңылауларды тығындау, тегістеу, аралық және сыртқы жабын қабаттарын жағу жұмыстары жатады. Сонымен қатар, кептіргіш камерада әрбір қабатты жағар кезде атқаруға қарастырылған кептіру режимін сақтау керек.

Үстіңгі қабатты сырлауға дайындау жұмыстары әртүрлі құрылғылар мен құрал - саймандардың көмегімен жергілікті жеңіл сырлап көрумен жүзеге асырылады. Шанақты сырлау және жергілікті жеңіл сырлап көру жұмыстарын сыр бүріккіш пистолетпен сырды ауа қысымымен бүрку тәсілі арқылы жүзеге асырады [3].

Электр карбюратор цехы автокөліктің электр жабдықтарының құралдарына, ТҚ кезінде тікелей автокөлікте қалпына келтірілмейтін ақаулар бойынша, сонымен қатар карбюраторларға, отын сорғыштарына, тұндырғыштарға, отын және ауа сүзгіштеріне, отын құбырларына және басқа да автокөліктен ТҚ және ТЖЖ бекеттерінде ағытылған қоректену жүйесі аспаптарына қызмет жасауға арналған.

Тереңдетілген тексерісті, реттеуді және жөндеу жұмыстарын талап ететін отын аппаратурасы диагностикалау бекетінен цехқа түседі. Учаске келіп түскен құралдар, бөлшектер және қоректенгіш жүйе тораптары балшықтан, кірден тазартылып, тексеріліп, арнайы мамандандырылған жабдықта жөндеу жұмыстарына түседі. Одан кейін жөндеу жұмыстарынан өткен карбюратор, отын сорғышы және басқа да бөлшектер мамандандырылған стендтерде сынақтан өткізіледі. Сынақ жұмыстарынан өткеннен кейін барлық құралдар және қоректену жүйесінің барлық бөлшектері автокөлікке орнатылады [3].

Сосын пайдаланылған газдардың улылығын төмендету және ең жоғарғы үнемділікке қол жеткізу үшін динамометриялық стендте жөндеу жұмыстарының сапасы мен карбюратордың реттелуін ақырғы рет тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Электр жабдықтарды техникалық жөндеу жұмыстары кезінде аспаптар мен агрегаттарды жекелеген тораптар мен бөлшектерге бөлшектеу, тораптар мен бөлшектерге бақылау жасап және ақауларын анықтау, ұсақ жарамсыз бөлшектерді ауыстыру, коллекторды тазалау, ұштау, жалғамалы жетектердің оқшаулағыштарының бұзылымдарын қалпына келтіру, жетек ұштарын дәнекерлеу, құралдар мен агрегатты құрастыру, мамандандырылған стендте сынақтан өткізу жұмыстары атқарылады.

 


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 399 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Автокөліктерге көрсетілетін ТҚ және ТЖЖ технологиялық үрдістерін ұйымдастыру| рлеу - 2012» ЖШС-гі автокөліктерді диагностикалау жұмыстарымен танысу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)