Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

рлеу - 2012» ЖШС-гі автокөліктерді диагностикалау жұмыстарымен танысу

Мазмұны | Мекемедегі техникалық пайдалану жұмыстарының барысы | Ндірістік – шаруашылық жұмыстарына талдау жасау | Ызмет және жөңдеу жұмыстарының өндірістік технологиясы | Жөңдеу-қызмет көрсету жұмыстарын жүргізудің өндірістік процесы | Ндірістік орындар | Автокөліктерге көрсетілетін ТҚ және ТЖЖ технологиялық үрдістерін ұйымдастыру |


Читайте также:
  1. Танысу. 1 страница
  2. Танысу. 10 страница
  3. Танысу. 11 страница
  4. Танысу. 12 страница
  5. Танысу. 2 страница
  6. Танысу. 3 страница

 

Техникалық диагностикалау- ТҚ және жөндеу жұмыстарының құрама бөлігі болып табылады және сұрыптамай және бөлшектемей белгілі бір дәлдікпен диагностикадан өтілетін нысанның техникалық жағдайын анықтау үрдісі болып табылады.

Диагностикалау жұмыстарының негізгі міндеттері болып келесілер табылады:

1) автокөліктің және оның жекелеген жүйелері мен агрегаттарын, тораптарының техникалық жағдайын жалпы бағалау;

2) анықталған ақаулардың орнын, сипатын және себебін анықтау;

3) автокөліктерді ТҚ және ТЖЖ қабылдау үрдісінде автокөлік жүргізушісі көрсеткен автокөлік жүйелері мен агрегаттарының жұмыстан бас тартуын және бұзылымдарын тексеріп және анықтау;

4) ТҚ және ТЖЖ үрдістерін басқару үшін, сондай - ақ автокөліктің мекеме өндірістік учаскесі бойынша қозғалысы маршрутын анықтау үшін автокөліктің, оның жүйесі мен агрегаттарының техникалық жағдайы туралы ақпараттарды беру;

5) Автокөліктерге, оның жүйесі мен механизмдеріне, агрегаттарына жүргізілетін ТҚ және ТЖЖ бойынша жұмыстардың сапасына бақылау жасау;

6) Еңбек және материалды ресурстарды экономикалық қолдануға алғышарт жасау.

Аталған жұмыстардың қай түріне болсын нақты қажеттілікті анықтау кезінде келесі факторлар анықталады: нақты уақытта автокөлікте жарамсыздық барлығы, қандай агрегаттар мен тораптар жұмыстан бас тарту кезеңіне тұрғандығы және олардың қалған ресурстары қандайлығы; Соңғысы барлық жағдайларда анықтала бермейді [3].

Автокөліктерді пайдалану үрдісінде туындаған барлық ақаулар мен жұмыстан бас тартулар, шуылмен, дірілмен, тарсылмен, қысым соғысымен, функционалды көрсеткіштер - күштің өзгеруімен, тартқыш күштің, қысымның және т.б. өзгеруімен басталады. Аталған бұзылымдар мен бас тартуларға диагностикалық параметрлер қызмет жасайды. Диагностикалық параметр жанама түрде автокөлік агрегатының, элементінің, жүйесінің жұмыс қабілеттілігін сипаттайды.

Мекеме өндірісі үрдісінде диагностикалаудың келесі түрлері өткізіледі:

1) сұраным бойынша диагностикалау;

2) реттеуге байланысты автокөлікке ТҚ және ТЖЖ кезіндегі техникалық диагностикалау;

3) бақылап диагностикалау.

Сұраным бойынша диагностикалау жұмыстары автокөлік иесінің өтінімі бойынша жүзеге асырылады. Диагностикалаудың бұл түрі техникалық құралдың жағдайы туралы нақты және шынайы ақпараттар алу үшін автокөлік иесінің қатысуымен атқарылады. Тікелей диагностикалау бекеттерінде сырттай диагностикалау диагност - оператор арқылы жүзеге асырылады. Жекелеген кейбір жағдайларда ақауларды қалпына келтіру-тұтандыру шамдарын ауыстыру, карбюраторды реттеу жұмыстары да осы жерде атқарылады.

ТҚ және ТЖЖ автокөліктерді диагностикалау негізінен бақылап - реттеу жұмыстарын атқаруға, автокөліктерге ТҚ және ТЖЖ бойынша атқарылатын қосымша жұмыстар көлемін нақтылауға автокөліктердің мекеменің өндірістік учаскелерінің жұмыс бекеттері бойынша қозғалысы маршрутын түзету үшін қолданылады. Бұл диагностикалау электр карбюратор цехында және диагностикалау бекетінде қолданылады. Автокөліктерге ТҚ және ТЖЖ кезінде диагностикалауды қолдану көптеген бақылап - реттеу жұмыстарын жүргізу еңбек сыйымдылығын едәуір төмендетіп, бөлшекп- құрастыру жұмыстарында олардың сапасын арттырады. Уақытты үнемдеуге дайындық- қорытынды операцияларды, мысалы, автокөліктердің тартқыш сапасын тексеру кезінде уақытты қысқарту арқылы қол жеткізуге болады.

Бақылап диагностикалау автокөліктерге. Оның жүйесі мен агрегаттарына ТҚ және ТЖЖ бойынша атқарылған жұмыс сапасын бағалау үшін атқарылады. Сапалы атқарылған жұмыстар диагностикалау бекетіндегі диагностикалау жабдығында тексеріле алады.

Диагностикалау бекетінде шағын ақауларды, жекелеген бөлшектерді ауыстыру жұмыстарын атқаруға болады. Егер диагностикалау үрдісінде оның ары қарай жұмыс атқаруына кедергі келтіретін бұзылымдар анықталса және олар сол орында оперативті түрде жойылмаса, онда үрдіс тоқтатылып, автокөлік сәйкес учаскеге немесе аймаққа бұзылымы қалпына келтірілу үшін жіберіледі, ары қарай ақырғы диагностикалау жұмыстарына жіберіледі [2].

Диагностикалау бекеттеріне атқарылуы диагностикалау үрдісін қиындатпайтын және оларсыз диагностикалау жұмыстары өткізілмейтін немесе операциялардың технологиялық туыстығына байланысты егер автокөлікті басқа бекеттерге қолайсыз ауыстыру кезіндегі кейбір ТҚ және ТЖЖ бойынша атқаруға болады.

Диагностикалаудың технологиялық үрдісі атқарылатын жұмыстардың рационалды реттілігі мен тізімін, олардың еңбек сыйымдылығын, диагност- оператордың біліктілігін, жұмыс атқаруға жасалған техникалық жағдайларды анықтайды. Операциялар тізіміне дайындық, бақылап- диагностикалау және реттеу операциялары жатады.

Мамандандырылудың шектеулі деңгейімен жұмыс бекеттерінің тұрып қалуын болдырмас үшін диагностикалық жабдықтар кешенді және көп мақсатты түрде қолданылады. Кешенді диагностикалау - диагностикалаушы жабдықтың техникалық мүмкіндігі шектігінде автокөліктің барлық параметрін тексеру. Кешенді диагностикалау кезінде жұмыс көлемі бірінші кезекте қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін бөлшектермен, тораптармен және агрегаттармен шектелген.

Диагностикалық жабдықты қолдану автокөліктің техникалық жағдайы туралы ең анық ақпаратты алуға, ТҚжәне ТЖЖ технологиялы үрдісін рационалды ұйымдастыруға, материалды және еңбек ресурстарын дұрыс таратуға және маңызы экономикалық нәтиже алуға мүмкіндік береді. Жүйелі түрде диагностикалау және агрегаттарды және автокөлік жүйелерін диагностикалық жабдықпен үйлесімді реттеу отынды, дөңгелекті, қосалқы бөлшектерді және еңбек шығындарын төмендетуді қамтамасыз етеді.


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 297 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Автокөліктерге көрсетілетін ТҚ және ТЖЖ жұмыстарын ұйымдастыру| Охрана недр, характеристика воздействий на недры и мероприятия по их охране

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)