Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тұлға және қоғам

Философия мәдениеттің феномені ретінде | Ежелгі дүние философиясы | Антик философиясындағы әлем бейнесі және адам мәселесі | Ортағасыр философиясы және Қайта Өрлеу кезеңі | Дебиеттер тізімі | Марксизм философиясы | Х1Х-ХХ ғ.ғ. қазақ және орыс философиясы | ХХ-XXI ғ.ғ. Классикалық емес философияның негізгі бағыттары | азіргі таңдағы елеулі мәселелер: дамудың қарсылықтары мен түрткілері |


Читайте также:
  1. Автокөлік транспорт көмегімен астықты қабылдау және жіберу
  2. Азақстанда оқитын жастар мен балаларды тәрбиелеудің негізгі мәселелері және тенденциялары
  3. Алдықтарды өңдеу және сақтау
  4. Антик философиясындағы әлем бейнесі және адам мәселесі
  5. Астық кептіргіштерді таңдау және есептеу
  6. Астықты су жағалауынан қабылдау және жөнелту
  7. Астықты тазалауға арналған жабдықтарды таңдау және есептеу

 

3.12.1 Семинар сұрақтары:

1 Адам, индивид, жеке тұлға ұғымдары. Жеке тұлғаның тарихи типтері және олардың әлеуметтік жағдайы.

2 Жеке тұлғаның жатсынуының феномені.

3 Еркіндіктің тарихи қажеттілігі мен жеке тұлға жауапкершілігінің диалектикасы.

 

3.12.2 СОӨЖ тапсырмалары

Бақылау сұрақтары:

1 Индивид, индивидуалдылық деген не?

2 Тұлға болу неден басталады?

3 Тұлға және жатсыну: мәні, себептері, тарихи формалары.

4 Тұлғаның жатсынуын жеңу мүмкін бе?

5 Адам генезисі. Адам – ең жоғарғы құндылық. Адамдық құндылықтардың тұлғалық және қоғамдық көріністеріне сипаттама.

6 Тұлға және қоғам өмірі құндылық категориясы ретінде. Өлім мен өмір мәселесі.

7 Тұлға еркіндігі феноменінің қайшылығы неде?

 

3.12.3 Реферат тақырыптары:

1 Тұлға және оның философия тарихындағы еркіндігі

2 Тұлға тәуелсіздігі және жауапкершілігінің диалектикасы

3 Тарихтағы көпшілік халық және жеке тұлға рөлі

4 Шеттеп кеткен адам

 

3.12.4 Негізгі ұғымдар:

Адам, индивид, тұлға, индивидуалдық, шеттеп кету, еркіндік, персоналдық, әділеттілік, жауапкершілік, мораль, ар, патриотизм, мүдде, әлеуметтік нормалар, қайраткерлік, еңбек, тәрбие, өмірлік ұстаным.

 

3.12.5 СӨЖ тапсырмалар:

Сөзжұмбақ құру: «Тұлға және қоғам». Тұлғаның мәнді және маңызды типтеріне мінездеме.

 

3.12.6 Білім тексеруге арналған тесттік тапсырмалар:

1 К.Маркстің тұжырымдауынша тұлғаның мәні...

А) оның биологиялық ерекшелігінде

В) оның сыртқы бітімінде

С) оның мәдени деңгейінде

Д) өндіргіш күштерге қатынасында

Е) оның әлеуметтік сапасында

2 Адамның мәнін анықтай алмайтын өлшем

А) биологиялық

В) психологиялық

С) космостық

Д) материалдық

Е) әлеуметтік

3 «Әлемге қарағанда, адамзаттық тұлғаның әлемі неғұрлым құпиялы...» пікірінің авторы?

А) Гоголь Н.В.

В) Бердяев Н.А.

С) Горкий М.

Д) Шелер М.

Е) Соловьев В.

4 Психофизикалық параллелизм ілімінің өкілдері

А) Селенов И.М., Введенский Н.Е.

В) Павлов И.П., Ухтомский А.А.

С) Бюхнер Л., Фогт О.

Д) Фехнер Г., Вундт В.

Е) Фрейд З., Юнг К.Г.

5 Антропология-ол...

A) Құндылық туралы ілім

B) Адам туралы ілім

C) Сана туралы ілім

Д) Құдай туралы ілім

E) Болмыс туралы ілім

6 Адамның басқа тірі жандардан басты айырмашылығын айқындаңыз.

A) Түр мен тұқымды үдемелі өндіру, көбейту функциясы

B) Сезімділіктің бар болуы

C) Абстрактылы ойлау болуы

Д) Инстинктің болуы

E) Ұйықтау қабілеті

7 «Мен» дегеніміз не, түсінігінің философиялық мағынасы?

A) психиканың құбылысы

B) индивид

C) өзі туралы түсінік

Д) жеке есімдік

E) адамның рухани дүниесінің интегралды өзегі, оны реттейтін орталық

8 «Тұлға» ұғымы адамның қандай сипатын білдіреді?

A) әлеуметтік

B) түрлік

C) дене

Д) биологиялық

E) рулық

9 Грек тілінен «antropos» деген сөздің аудармасы:

A) Адам

B) Мемлекет

C) Құдай

Д) Табиғат

E) Рух

10 Қазіргі кезеңдегі адам тұлғасының қалыптасуында мағызды рөл атқаратын:

A) Ғылым

В) Экономика

C) Мәдениет

Д) Саясат

E) Тіл

11 Адам – бұл...

A) еңбек құралын жасай алатын жандар

B) ойлай алатын қоғамдық жандар

C) танымның, еңбектік іс-әрекеттің, қарым-қатынас пен басқарудың субъектісі

Д) өзіне тиісті генетикалық бағдарламасы бар индивид

E) ойлауға, сөйлеуге және еңбектенуге қабілетті биологиялық, психологиялық, әлеуметтік жандар

12 Адамның рөлін сипаттайтын тұлға концепциясы қандай ұғымға сүйенеді?

A) өндіріс ұғымына

B) нысан ұғымына

C) әлеуметтік рөлі ұғымына

Д) ақыл-ой ұғымына

E) ойын ұғымына

13 Адамның мәнін сипаттайтын тұлға концепциясы қандай ұғымға сүйенеді?

A) келбет ұғымына

B) нысан ұғымына

C) өндірістік қатынастар ұғымына

Д) билік ұғымына

E) еркін дербес іс-әрекет субъектісі ұғымына

14 Натурфилософия қандай ұғымды білдіреді?

A) Қоғам философиясы

B) Таным философиясы

C) Табиғат философиясы

Д) Адам философиясы

E) Болмыс философиясы

15 Дана Абай айтқандай адамға қажет үш нәрсе –

А) ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек

В) мол байлық, зор денсаулық, ақыл-парасат

С) қуаныш, шаттық, бақыт

Д) ынтымақ, бірлік, ырыс

Е) қажымас қайрат, талмас қанат, көтеріңкі көңіл

16 Қоғам – қоғамдық келісімге негізделген индивидтердің жиынтығы деп тұжырымдаған –

А) Вольтер, Руссо

В) Гоббс, Руссо

С) Гроций, Монтескье

Д) Локк, Гоббс

Е) Вольтер, Монтескье

17 Стартификация ілімінің авторы

А) К.Маркс

В) Б.Рассел

С) Э.Мах

Д) Дж. Тернер

Е) О.Конт

18 Индустриалды қоғам ілімін жасаған –

А) К.Ясперс

В) Р.Арон

С) М.Хайдеггер

Д) М.Фуко

Е) У.Джемс

19 Мазмұны жағынан қоғам келесі негізгі типтерге бөлінеді?

А) қайшылықты және қайшылықсыз

В) ашық және тұйық

С) антагонистік және антогонистік емес

Д) батыстық және шығыстық

Е) демократиялық және тоталитарлық

20 Саясаттың қозғаушы күштері –

А) ғылыми-әдістемелік мекемелер

В) саяси партиялар

С) әлеуметтік топтар, кластар, ұлттар және мемлекеттер

Д) құқық органдары

Е) индивид, тұлға, саяси қайраткерлер

 

 

3.12.7 Әдебиеттер тізімі

1 Әбішев Қ., Әбжанов Т.Философия тарихындағы таным териясы және

метод проблеиасы.-Алматы,1990.

2 Балғымбаев А.С. Субъектінің ғылыми танымдағы белсенділігі.- Алматы, 1997.

3 Философия және мәдениеттану.Оқу құралы.- Алматы,1998.

4 Нысанбаев Ә., Әбжанов Т.Ойлау тарихының белестері.- Алматы 1994.

5 Кішібеков Д.,Сыдықов Ұ.Философия.-Алматы, 1994.

6 Философиялық сөздік. – Алматы, 1996 ж.

7 Қ.Әбішев Философия. – Алматы, 1998 ж.

8 Есім Ғарифолла. Сана болмысы.(Саясат пен мәдениет туралы ойлар). – Алматы, 1997 ж.

9 Ә.Нысанбаев., Т.Әбжанов. Ойлау тарихының белестері. – Алматы, 1994ж. 10 К.Юнг. Архетип және символ. – М, 1991 г.

11 Қ.Әбішев., Т.Әбжанов. Философия тарихындағы таным теориясы және метод проблемасы. – Алматы, 1990 ж.

12 А.С. Балғымбаев. Субъектінің ғылыми танымдағы белсенділігі. – Алматы, 1997 ж.

13 Н.Р. Мұсаева. Тылсым табиғат. – Алматы, 1997 ж.

14 Әлеуметтік философия: Хрестоматия. – Алматы, 1997 ж.

 

3.13 Қоғамның рухани өмірі

3.13.1 Семинар сабағының сұрақтары:

1 Рухани өмір әлеуметтіліктің жүйелі тармағы ретінде.

2 Қоғамдық сананың құрылымы мен деңгейі. Қоғамдық және жеке сана. Менталитет ұғымы.

3 Қоғамдық өмірді реттеуші – мораль және құқық мәселелері.

4 Қазіргі замандағы әлемдік және дәстүрлі діндер.

 

3.13.2 СОӨЖ тапсырмалар

Бақылау сұрақтары:

1) Жан дүниенің қажеттілігі деген не?

2) Қоғамдық сананың өз бетінше көрсетілген жағымды жақтары қандай?

3) Эмпирикалық сана деген не?

4) Қоғамдық және жеке санадағы бірлік қалай байқалады?

5) Қоғамдық сананың қанша деңгейлі формалары бар?

6) Негізгі қоғамдық сананың формаларын атаыңыз?

7) Ар-ождан деген не, іс жүзінде адамның әлемдік көзқарасында ар-ождан деген не?

8) Дін деген не, оның қоғамдағы рөлі қандай?

 

3.13.3 Реферат тақырыптары:

1 Қоғамдық сананың өз бетінше жағымды және белсенді мінез-құлқы

2 Жеке адамның рухани мәдениеті

3 Ғылым қоғамдық санадағы негізгі форма

4 Руханият және материалды мәдениет, оның қоғамдағы рөлі

5 Дін феномені

6 Эстетикалық сана және философия мәдениеті

7 Қоғам өмірінде мораль реттеуші категория ретінде

 

3.13.4 Негізгі ұғымдар:

Руханилық, рухани мәдениет, қоғамдық сана, жеке сана, менталитет, мораль, имандылық, қайраткерлік, құндылықтар, рухани мұқтаждық, тұтынушылық, мәдени дәстүрлер, рухани қатынастар, идеология, эстетика, ғылым, дін, этика, адамгершілікті, ар-ождан, құқық, идеология, қоғамдық психология, социум.

 

3.13.5 СӨЖ тапсырмалар:

Сөзжұмбақ құрастыру «Қоғамдық өмірдің жан дүниесі»

Қоғамдық сананың негізгі формаларына мінездеме беру.

 

3.13.6 Білім бақылауына берлген тесттер:

1 Қоғам мәселесі қай кезеңде ерекше қарастырылды?

А) Антикалық қоғамда

В) Жаңа заманда

С) XVIII ғасырда

Д) Қазіргі кезеңде

Е) Қайта өрлеу кезеңінде

2 Төмендегілердің қайсысы қоғамдық сана құрылымына кірмейді?

А) Дін

В) Өнер

С) Философия

Д) Рух

Е) Мораль

3 Қарапайым және теориялық сана –

А) қоғамдық сананың формалары

В) қоғамдық сананың деңгейлері

С) қоғамдық сананың компоненттері

Д) қоғамдық санаға жатпайды

Е) қоғамдық сананың қарама-қарсы жақтары

4 Қоғамдық прогрестің жоғарғы және жалпыға ортақ критерийі

А) адам

В) ғылым

С) ғылыми-техникалық прогресс

Д) өндірістік күштердің дамуы

Е) еңбек

5 Көркемділік қоғамдық сананың қай формасының пәні болып табылады?

A) құқықтық

B) адамгершіліктік

C) эстетикалық

Д) ғылыми

E) діни

6 Қоғамның рухани өмірін қай ұғым білдіреді

А) индивидуалды сана

В) мәдениет

С) өнер

Д) қоғамдық сана

Е) қоғамдық қатынастар

7 Қоғамдық сананың негізгі формалары

А) эстетикалық, мінез-құлықтық, діни
В) моральдық, құқықтық, мифологиялық
С) философиялық, діни, құқықтық, саяси
Д) психологиялық, құқықтық
Е) экономикалық, саяси, діни

8 Қоғамдық сананың негізгі деңгейлері

А) өндірістік қатынас
В) идеялар, заңдар, нормалар
С) адамгершіліктік заңдар
Д) қоғамдық психология және идеология
Е) меншіктік форма

9 Қоғамның рухани саласын құрайтын негізгі элементтер

А) мифтер, идеялар, нормалар
В) ғылым, дін, өнер, мифология
С) философия, тәрбие, мінез-құлық
Д) ғылым, өнер, дін
Е) идеология, саясат, мораль, мифология
10 Адамның рухани қажеттілігі

А) әлемді қайта құру мен тану қажеттілігі
В) шығармашылықты іске асыру қажеттілігі
С) шығармашылыққа іштен ұмтылу, рухани құндылықтарды жасау және оны меңгеру
Д) адамның өзін-өзі жетілдіру және дамыту қажеттігі
Е) діни, философиялық және ғылыми білімнің қажеттігі

11 Дағдылы сана –

А) күнделікті сана, практикалық сана
В) мифологиялық сана
С) қоғамдық сана
Д) адам болмысының жалпықабылданған нормалары мен принциптері
Е) индивидуалды сана
12 Қоғамдық сананың қалыптасуы мен дамуына не әсер етпейді

А) географиялық орта
В) өткен тарих
С) материалдық игілік деңгейі
Д) қоғамдық өмір формалары
Е) дүниені қабылдау әдістері

13 Менталитет –

А) қоғамдық сана
В) идеология
С) қоғамдық нормалар және заңдар
Д) дүниені қабылдау әдістерінің жиынтығы
Е) белгілі тәсілмен дүниені қабылдауға және тануға арналған индивидтік нормалар мен принциптер

14 Идеология –

А) қоғамның әртүрлі топтарының қызығушылығы
В) әртүрлі әлеуметтік топтардың қызығушулығы мен қажеттілігін білдіретін қоғамдық болмыс идеялары мен принциптері
С) индивидуалды сана және қоғамдық сана
Д) адамдардың рухани болмысы тәсілдерінің жиынтығы
Е) қоғамдық сана қоғамдық өмірнің идеялары, нормалары ретінде

15 Дінге төмендегі құбылыстардың қайсысы жатпайды

А) жоғарыдан тыс күшке сенім, табыну
В) бір күшке немесе бір нәрсеге сиыну
С) мифтер, фантазиялар, дәлелденбеген білім

Д) әдет-ғұрып, салт-дәстүр, рәсім
Е) жандардың көше алатындығына деген сенім

16 Қоғамдық санаға жатпайтын форма

А) ғылыми

В) діни

С) құқықтық

Д) мифологиялық

Е) саяси

17 Қоғамның рухани саласының элементтері өздерін не арқылы білдіреді

А) қоғамдық сана түрлерімен

В) қоғамдық идеология мен қогамдық психологияның жүзеге асу тәсілдерімен

С) рухани іс-әрекет типтері, қоғамдық сананың формалары және түрлерімен

Д) Қоғамдық және индивидуалды сана түрлерімен

Е) Қоғамдық сана нормалары және принциптерімен

18 Әлемдік діндер –

А) буддизм, христиандық, ислам,

В) Индуизм, католиктік, православиелік

С) Христиандық, ислам, иудаизм

Д) Фетишизм, зороастризм, ислам, христиандық, буддизм

Е) Индуизм, буддизм, христиандық, ислам

19 Моральды не сипаттайды?

А) адам мінез-құлқының ережелері мен нормаларының жиынтығы

В) адамның мотивтері

С) тарихи тұрақталған тәртіп стереотиптері

Д) адамдардың индивидуалды ерекшелектері

Е) адамдардың қызығушылығы мен мақсаттары

20 Қоғамның рухани өміріне не жатпайды

А) рухани құндылықтарды өндіруі

В) рухани құндылықтарды пайдалануы

С) рухани құндылықтарды сақтауы

Д) материалдық игіліктерді өндіру

Е) діни және ғылыми білім

 

3.13.7 Әдебиеттер тізімі

1 Барулин В.С. Социальная философия. Ч 1, 2. – М., 1993.

2 Горбачев В.Г. Основы философии. – М., 2003.

3 Ғабитов Т. Философия. – А., «Раритет» 2005.

4 Ерасов Б.С. Кульура, религия и цивилизация на Востоке. – М., 1990.

5 Крапивенский С.Э. Социальная философия. – М., 1984.

6 Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. – А., «Ғылым» 2005.

7 Общественное сознание и его формы. – М., 1986.

8 Радугин А.А. Философия. Курс лекции. – М., 1997.

9 Самосознание европейской культуры ХХ века. – М., 1991.

10 Человек и культура. – М., 1990.

 

3.14 Техника философиясы

3.14.1 Семинар сабағының сұрақтары:

1 Адам және табиғат арасындағы өзара қарым-қатынас үрдісіне техниканың ықпалы.

2 Дәстүрлі және техногенді өркениет ұғымы. Ғылыми және техникалық революциялардың өзара байланысы.

3 Технологиялық детерменизм және технократия.

4 Ақпараттық қоғам концепциясы. Компьютерлендірудің гуманистік жақтары.

 

3.14.2 СОӨЖ тапсырмалар

Бақылау сұрақтары:

1 Ақпараттық-техникалық қоғам ұғымы. Ақпараттық-техникалық қоғамдағы адам.

2 Ғылыми-техникалық төңкерістің мәні.

3 Компьютерлендіру жаңа ақпараттық технологияның негізі ретінде.

4 Техникалық білім және инженерлік іс-әрекеттік философиялық мәселелер.

5 Техника ұғымы. Техниканың қоғам өміріндегі ролі.

6 Технофобия және технократия ұғымдарының мәні.

7 Жасанды интеллект ұғымының мәні.

8 Ақпараттың зиянды жақтары неде?

9 К.Поппер философиясы. «Ашық қоғам» ұғымына сипаттама.

3.14.3 Реферат тақырыптары:

1 Тура және теріс перспективті – ғылымның және өнердің әрекеттес тәсілі

2 «Позитивті» ғылым – білімнің бәріне ортақ үлгі

3 Қазіргі кезендегі ақпараттық технологияның мәселесі

4 Гуманитарлық білімнің ғылыми мәртебесінің негіздеуі және жақтауының қорғаны ретінде неоканттық Баден мактебі

5 Ғылым ретінде мәдениеттің өмір сүруінің символдық түрі

6 Н.Коперниктің жаңалығының «инструменталдық» талдауы – дүниетанымдағы ғылым мен діннің ымырагершілігі

7 «Білім – күш, ал техника – биліктің қуатты қорғауы» - ғылымдағы эксперементтік әдістеме

 

3.14.4 Негізгі ұғымдар:

Ғылым, техника, верификация, бұрмалау, әдістеме ғылымы, технология, парадигма, үлгі, жоба, рационализм, эмпиризм, интуитивизм, логика, иррационализм, индутриализация, «Ақпараттық жарылыс», механицизм, әлемнің ғылыми суреті, принцип, объективтілік, ғылымдық, шығармашылық, ҒТР, ғылыми таным, өркениеттілік, компьютерлік төңкеріс, техногендік өркениет, виртуалды шындық.

 

3.14.5 СӨЖ тапсырмалары:

Тақырып бойынша сөзжұмбақ құру: Ақпарат және техника философиясы

13 Кесте. «Философияның тарихи кезеңіне байланысты техника табиғатының интерпритациясы» кестесінде техника табиғатының аңықтамасын философиялық кезең тарихына байланысты орналастыру.

 

Философиялық тарихи кезең Техника табиғатының аңықтамасы
Антикалық Техника – қоғамның даму негізінде еңбек амалын аңықтайтын дербес күш.
Орта ғасыр Жалпы жоғары техникалық білімді білу.
Жаңа заман Техника – адамның ұтымдылығының іске асырылуы. Техника - бұл адамның өмір сүруінің мазмұнына қай дәрежеде сай келетінін ойламай, өз алдына қойған бөгет.
Қайта өрлеу Техника – құдайлық шығармашылық көрсеткіші негізіндегі адам шығармашылығы.
ХХ – ХХI ғ.ғ. Техника – адамның ғылыми білімдерді бұйымдандыру, адамның табиғаттан азаттық факторы.

 

14 Кесте. Теориялық әдісті оның сипаттамсына сәйкестік орнату

 

Теориялық әдіс Сипаттама
Аксиомалық Белгілі бір құндылықтарға сәйкес тиімді жолдарын табуда ізденіс жүргізіледі. Нысаналар, құндылықтар және құралдар тиімді болып саналады, егер олар адамдарға өмірлік жетістіктермен қамтамасыз етсе.
Конструктивті Теорияның негізі болып аксиомалар таңдалады. Аксиомадан теорема тұжырымдалады. Білімнің эксперименттік фактілермен салыстыру жүргізілмейді.
Болжаулық –дедуктивтік Бастапқы түсінік және аса қиын теориалық концептерді құру ережесі сезім арқылы анық болып саналады. Конструкт теориалық болып саналады, егер оны расында құрастыруға болса, мысалы математикалық символ формасында.
Прагматикалық Гипотезалар ұсынылады, олардың ішінен жаңа мағлұматтар жалпыланады (дедукцияланады). Эксперименттік фактілермен теорияларды салыстыру процесі кезінде гипотезалардың тиімділігі анықталады.

 

3.14.6 Білімді бақылауға арналған тестік тапсырмалар:

1 «Техника философиясының» жаңа философиялық білім саласы ретінде қалыптасуы кімнің есімімен байланысты?

А) Г.Гегель

В) К.Маркс

С) Э.Капп

Д) М.Хайдеггер

Е) А.Хуниг

2 Техника дегеніміз –

А) адамзат ақыл-ойының жемісі

В) адам қолымен жасалған құралдар жүйесі

С) ғылымға негізделген өндірістік құрал-жабдықтар

Д) адам білімі мен еңбегінің жемісі әрі құралы

Е) білімнің материалдық негізі, көрсеткіші

3 Техника философиясы қарастыратын негізгі мәселелердің бірі

А) адамның жаңа білімді табуы

В) адам өмірін, тұрмысын жеңілдету мәселесі

С) техниканы жасайтын әрі қолданатын адам концепциясы

Д) қоғамның экономикалық деңгейін көтеру мәселесі

Е) космосты игеру мәселесі

4 Техника философиясы жаңа философиялық білім саласы ретінде негізделіп талқыланған «Техника философиясының негіздері» еңбегінің авторы?

А) Н.Винер

В) М.Хайдеггер

С) Э.Капп

Д) К.Маркс

Е) А.Хуниг

5 «Информация» ұғымы қай тілден енген?

А) грек

В) латын

С) ағылшын

Д) француз

Е) итальян

6 Технологиялық прогрестің комплекстік мәселелерімен тікелей айналысатын қай ғылым?

А) философия тарихы

В) компьютерлік технологиялар тарихы

С) техника философиясы

Д) ақпараттық өркениет философиясы

Е) экологиялық мәдениет философиясы

7 «Техника – қолөнершінің іскерлігі. Білімнің жалпылығы техникалық білімнен де жоғары» деген техника табиғатын интерпретациялау философияның қай тарихи кезеңіне жатады?

А) Антикалық кезең

В) Орта ғасырлық кезең

С) Жаңа заман

Д) Қайта жаңғыру заманы

Е) Қазіргі заман

8 «Техника - адамға қарсы қойылым, техника арқылы адам өзінің тіршіліктік сипатынан бас тартқандай болады» деген ұстанымды баса айтқан қазіргі заман философы?

А) М. Хайдеггер

В) П. Сорокин

С) Т. де Шарден

Д) К. Ясперс

Е) М. Фуко

9 Техника – жаратушы құдайдың еркімен берілетін адам шығармашылығының жемісі деп саналған пікір философияның қай тарихи кезеңіне жатады?

А) Антикалық кезең

В) Орта ғасырлық кезең

С) Жаңа заман

Д) Қайта жаңғыру заманы

Е) Қазіргі заман

10 Феноменологиялылық жұмыстардың жеткіліксіздігі жағдайында техника ғылымның жалғасы ретінде танылады, әрі адам тіршілігінің мәнін төмендетеді, деген тұжырым бүгінгі қай философиялық бағытқа қатысты.

А) экзистенциализм

В) феноменология

С) неофрейдизм

Д) неокантианшылдық

Е) неотомизм

11 «Барлық табиғат ғажайыптарымен салыстырғанда қарапайым еңбек құралы мысалы, балға мен шеге көбірек өздерімен таң қалдыра алады, себебі олар рухани, саналы және еркін әрекеттің нәтижесінде өмірге келген» деп өзінің «Эстетика» еңбегінде қарастырған кім?

А) К. Маркс

В) Г. Гегель

С) Ф. Энгельс

Д) В.И. Ленин

Е) И.В. Сталин

12 ХХ ғ. екінші жартысында ғылым мен техникада орын алған сапалы жетістіктердің нәтижесін қалай атауға болады?

А) ғылыми-техникалық прогресс

В) ғылыми-техникалық төңкеріс

С) ғылыми-технологиялық төңкеріс

Д) ғылыми төңкеріс

Е) техникалық төңкеріс

13 Грек тілінде бұл сөз «түрлі элементтердің қосарлануы», ал техника философиясында жаңа шешімдерді табу жолындағы продуктивтік әдіс деген мағынаны береді. Бұл қандай ұғым?

А) эвристика.

В) эристика.

С) синектика.

Д) синергетика.

Е) диалектика.

14 Адамның шығармашылық әрекеті мен продуктивті ойлау жайындағы ғылым қалай аталады?

А) логика

В) психология

С) эвристика

Д) диалогика

Е) синектика

15 И.Гердер (1744 -1803) іліміне сәйкес тарихтың негізгі заңы –

А) Тап күресі

В) Адамзаттық іс-әрекеттер және табиғи жағдайлардың өзара әрекеті

С) Ынтымақтастық

Д) Келісім

Е) Конформизм

16 Төмендегілердің қайсысы жаһандануға жатпайды?

А) Азық-түлік мәселесі

В) Еңбекпен қамтамасыз етілу мәселесі

С) Халықтың қоныстану мәселесі

Д) Әлемді сақтау

Е) Шикізат мәселесі

17 Барлық жердегі адамзатты қамтыған тарих прогресінің идеясы мен идеалы қашан қалыптасты?

А) Антикалық кезеңде

В) Ортағасырда

С) Ағартушылық кезеңде

Д) Қайта өрлеу кезеңінде

Е) ХХ ғасырда

18 «Өсу шегі» ілімі қалыптасқан кезең:

А) ХХ ғ. 70-ші жылдардың басында

В) ХХ ғ. басында

С) ХХІ ғ. басында

Д) ХІХ ғасырда

Е) ХХ ғ. ортасында

19 Соңғы жылдары біздің еліміздің қалыптасу мәселелері мен даму ерекшеліктерін зерттейтін қазақстандық ғалымдардың неғұрлым ұнамды ұғымы –

А) бетбұрыс

В) қайта құру

С) өзіндік ұқсастыру

Д) эволюция

Е) өзгеру және модернизация

20 Гегельдің пікірінше, халықтың тарихи қозғалысының мәні мен мақсаты не болып табылады?

А) құдайлық бастама

В) Абсолюттік жетілу

С) ұлттық мемлекеттік және тәуелсіздік

Д) еркіндік

Е) барлық адамдардың бақытқа жетуі

 

3.14.7 Әдебиеттер тізімі

1 Философия және мәдениеттану. Оқу құралы.- Алматы,1998.

2 Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ойлау тарихының белестері. - Алматы 1994.

3 Кішібеков Д.,Сыдықов Ұ. Философия.-Алматы, 1994.

4 Философиялық сөздік. – Алматы, 1996 ж.

5 Қ.Әбішев Философия. – Алматы, 1998 ж.

6 Есім Ғарифолла. Сана болмысы.(Саясат пен мәдениет туралы ойлар). – Алматы, 1997 ж.

7 Ә.Нысанбаев., Т.Әбжанов. Ойлау тарихының белестері. – Алматы, 1994ж.

8 К.Юнг. Архетип и символ. – М, 1991 г.

9 Қ.Әбішев., Т.Әбжанов. Философия тарихындағы таным теориясы және метод проблемасы. – Алматы, 1990 ж.

10 А.С. Балғымбаев. Субъектінің ғылыми танымдағы белсенділігі. – Алматы, 1997 ж.

11 Н.Р. Мұсаева. Тылсым табиғат. – Алматы, 1997 ж.

12 Әлеуметтік философия: Хрестоматия. – Алматы, 1997 ж.

 


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 1477 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Философиялық дүниетаным: болмыс, материя, сана| Мәдениет және өркениет

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.073 сек.)