|
3.9.1 Семинар сабағының сұрақтары:
1 Философиядағы болмыс мәселесі. Болмыстың негізгі түрлері мен категориялары.
2 Субстанция мәселесі. Материя философиялық дәреже ретінде.Қозғалыстың негізгі түрлері.
3 Материя болмысының түрлері – кеңістік пен уақыт. Шектілік пен шексіздік диалектикасы.
4 Сананың пайда болуы және оның мәні. Сана және тіл. Жасанды интеллект мәселесі.
3.9.2 СОӨЖ үшін тапсырма
Бақылау сұрқтары:
1 Болмыс, субстанция, материя дегеніміз не және олардың арасындағы өзара байланыспен айырмашылығы.
2 «Ақиқат» және «материя» ұғымдары өзінің мазмұны бойынша қандай арақатынаста?
3 Материяның негізгі түрін атаңыз, олардың сапалық ерекшелігі мен арақатынасы.
4 Неліктен материя мен қозғалысты айырып тастауға болмайды?
5 Органикалық емес табиғаттағы бейне түрлерін және биологиялық бейне түрлерін атап өтіңіз.
6 Жаңа уақыт философиясындағы сана түсінігін сипаттаңыз.
7 Идеал дегеніміз не?
8 Сана және санасыз дегеніміз не?
3.9.3 Реферат тақырыптары:
1 М.Хайдеггер философиясындағы болмыс мәселесі.
2 Ақпарат және сана.
3 Дүниенің бірлігі және алуан турлілігі жайында қазіргі ғылым
4 Теософия және дүненің құрылысы.
5 Сананың қазіргі постмодерн философиясындағы мәселесі.
6 Э.Фромм психоанализі.
7 Сана және санасыздық жайында Маркс пен Фрейд ілімі.
8 Формализацияланған тілдердің гносеологиялық қызметі.
3.9.4 Негізгі ұғымдар:
Онтология, материя, субстанция, идеализм, атрибут, зат, материализм, акциденция, болмыс, кеңістік, уақыт, қозғалыс, субстрат, сана, қоғамдық болмыс, қоғамдық сана, жеке тұлғалық сана, шекті, шексіз, тіл, ойлау, жасанды ой өрісі, санасыздық, өзіндік сана, болмыс, бейболмыс, материализм, қатынас (реляциондық ілім), тыныштық, флуктуация, синергетика, бейнелену, солипсизм, объективті идеализм, классикалық материализм.
3.9.5 СӨЖ үшін тапсырмалар:
Мына тақырыптар бойынша кроссворд құрастыру. Философиялық дүниетаным: болмыс, материя, сана.
11 Кесте. Кестені толтыру «қозғалыс концепциясы»
| ||||||
3.9.6 Білімді саралауға арналған тесттік тапсырмалар:
1 «материя» ұғымы нені білдіреді?
A) материя бұл үнемі сезіну мүмкіндігі
B) материя дегеніміз зат
C) материя философиялық категория, бізге сезімдер арқылы берілген объективті шындықты бейнелеу үшін
D) материя біздің сезімдеріміздің сезіну бейнесі
E) материя бұл мүлде өзгермейтін субстанция
2 «Объективті шындық» категориясына тән ұғым.
А) рухани дүние
В) сезім
С) материалдық дүние
Д) ой, идея
Е) адам уайымы
3 «Екінші табиғат» болмысы мәні жағынан
A) әлеуметтік, сана, зат, руханилық
B) заттар, процестер, руханилық, әлеуметтік
C) адам, процестер мен заттар, материя
Д) әлеуметтік, тарихи, цивилизацияланған
E) руханилық болмыс
4 Сананың ғылыми-философиялық ұғымы?
А) ішкі жан-дүниенің түсініксіз қасиеті
В) жоғары ұйымдасқан материя қасиеті
С) туғаннан және кейін қалыптасқан рефлекстер жиынтығы
Д) Құдайдың сыйы
Е) халық рухы
5 «Сана... ең басынан қоғамдық өнім және адамдар бар болғанша қоғамдық өнім болып қала береді» сөзіндегі сананың қасиетін атаңыз
А) идеал табиғат
В) объективті мазмұн
С) субъективті форма
Д) қоғамдық-тарихи мінез
Е) адамға тиесілі
6 Адам санасы –
А) енжарлы
В) шығармашылық
С) практикалық қайта құрушы
Д) белсенді
Е) белсенсіз
7 Қоғамдық және дара сананың арақатынасы?
А) қоғамдық және дара сана тепе-тең, сондықтан, олардың арақатынасы туралы сұрақ заңсыз
В) қоғамдық сана дара санадан құралады
С) қоғамдық сана дара сана арқылы жүзеге асады, бірақ соңғысына келтірілмейді
Д) қоғамдық сана – теория, дара сана – практика
Е) қоғамдық сана – абстрактілі, дара сана – нақты
8 Қоғамдық сана құрылымының элементтері
А) қоғамдық идеология
В) практика
С) техника
Д) өндірістік қатынастар
Е) меншік түрі
9 Саяси сананың маңыздылығы
А) саяси сана саясатшылардың көзқарастарын көрсетеді
В) саяси сана саяси идеология және саяси психология ретінде өмір сүреді
С) саяси сана мемлекеттік билік жөнінде таптардың әлеуметтік-экономикалық қатынастарын бейнелейді
Д) саяси бағдарламалар кәсіпкер идеологтардың жігерлерімен жасалады
Е) саяси сана – адамдардың тап және әлеуметтік көзқарастарын ұғыну тәсілі
10 Көрсетілген психикалық бейне формаларының қайсысы ойлау қабілетімен тығыз байланысты?
А) қабылдау
В) сезімдік
С) елестету
Д) ойша пайымдау
Е) түйсік
11 Ой мен тілдің өзара қатынасының диалектикалық-материалистік концепциясын көрсетіңіз
А) ойлау қабілеті тілден бұрын пайда болған
В) ой тілден тәуелсіз өмір сүреді
С) тілсіз ойдың пайда болуы мүмкін емес
Д) тіл мен ой бірдей дамыған
Е) тіл ойлаудың керекті материалдық негізі
12 «Ойлаймын, демек өмір сүремін» кімнің философиялық ұраны?
А) Спиноза
В) Декарт
С) Сократ
Д) Паскаль
Е) Аристотель
13 «Бейсаналылық» ұғымының құрылымын көрсетіңіз
А) логикалық қызмет түрі
В) миф
С) елес
Д) қабылдау
Е) сезу
14 Санасыздықтың психикалық мотивациясын ашқан кім?
А) Маркс
В) Гегель
С) Ницше
Д) Фрейд
Е) Кант
15 Қазақ ойшылдарының қайсысы білім – адам мәні деп санап, білім ролін үздіксіз насихаттаған?
А) Шоқан
В) Асан қайғы
С) Бұқар жырау
Д) Ыбырай
Е) Жәңгір хан
16 Кім сананы заттық сана, уайым және сана-сезім ретінде шектеген?
А) Платон
В) Аристотель
С) Франкл
Д) Юнг
Е) Фрейд
17 Орыс философы С.Н.Булгаковтың айтуынша, сенім мен білімнің арасындағы өте маңызды аралық сатысын не құрайды?
А) сезу
В) сенім
С) сенімсіздік
Д) скептицизм
Е) ырымшылдық
18 Ноосфераның жоғарғы ұйымдастырушы элементін көрсетіңіз
А) адам ақылы мен қоғам
В) тарихи факторлар
С) тірі зат
Д) табиғи жағдайлар
Е) географиялық орта
19 Сананың пайда болуы мен дамуын зерттейтін философиялық ілім
А) материализм
В) идеализм
С) дуализм
Д) солипсизм
Е) агностицизм
20 Қай пікір философияда дұрыс екендігін анықта:
A) егер ой шын болса, онда ол материалистік
B) егер ой материалистік болса, онда ол шын
C) материалистік те, идеалистік те ойлар мен пікірлер шын және жалған болуы мүмкін
Д) егер ой идеалистік болса, онда ол жалған
E) егер ой жалған болса, онда ол идеалистік
3.9.7 Әдебиеттер тізімі
1 Әлеуметтік философия: Хрестоматия. – Алматы, 1997.
2 Нұрмұратов С. Ұлттық болмыс пен ұлттық сана: Оқу құралы. – Алматы
1996.
3 Әбішев Қ., Әбжанов Т.Философия тарихындағы таным териясы және
метод проблеиасы.-Алматы,1990.
4 Балғымбаев А.С. Субъектінің ғылыми танымдағы белсенділігі. - Алматы, 1997.
5 Философия және мәдениеттану.Оқу құралы.- Алматы,1998.
6 Нысанбаев Ә., Әбжанов Т.Ойлау тарихының белестері.- Алматы 1994.
7 Кішібеков Д.,Сыдықов Ұ.Философия.-Алматы, 1994.
8 Философиялық сөздік. – Алматы, 1996 ж.
9 Қ.Әбішев Философия. – Алматы, 1998 ж.
10 Есім Ғарифолла. Сана болмысы.(Саясат пен мәдениет туралы ойлар). – Алматы, 1997 ж.
11 Ә.Нысанбаев., Т.Әбжанов. Ойлау тарихының белестері. – Алматы, 1994ж. 12 К.Юнг. Архетип и символ. – М, 1991 г.
13 Қ.Әбішев., Т.Әбжанов. Философия тарихындағы таным теориясы және әдістемелік мәселелер. – Алматы, 1990 ж.
14 А.С. Балғымбаев. Субъектінің ғылыми танымдағы белсенділігі. – Алматы, 1997 ж.
3.10 Диалектика – логика, таным теориясы және қазіргі заман ғылымдарының әдістемесі ретінде
3.10.1 Семинар сабағының сұрақтары:
1 Диалектика – теория және әдіс. Диалектиканың альтернативтері.
2 Диалектиканың концептуальды аппараты: принциптері, заңдары, категориялары. Диалектиканың қызметі.
3 Сезімдік тәжірибе және рационалды ойлау: негізгі түрлері мен өзара әрекет ету әдістері.
4 Жалпы ғылыми зерттеу және зерттеудің әдістері.
5 Ақиқат – таным мақсаты. Ақиқаттың критерийлері.
3.10.2 СОӨЖ тапсырмалары
Бақылау сұрақтары:
1 Білім мен дүниетаным дегеніміз не?
2 Дүниетанымның негізгі түрлерін атаңыз.
3 Диалектиканың қарсылас баламалары. Метафизика, негативті диалектика, софистика, эклектика, догматизм, релятивизм.
4 Ақиқат дегеніміз не? Оның критерилері.
5 Таным процесін зерттейтін негізгі ілімдер: гносеология, агностицизм, скептицизм, материалистік және диалектикалық-материалистік көзқарастар.
6 Диалектиканың даму кезеңдерінің маңызды тұстары: антикалық, жаңа замандық, неміс классикалық философияның ойшылдарының пайымдаулары мен ілімдеріне толық сипаттама.
7 Гносеология пәні және әдістемесі?
3.10.3 Реферат тақырыптары:
1 Диалектиканың тарихи типтері
2 Диалектиканың заңдары және негізгі ұстанымдары.
3 Диалектика категориясының бар болуы.
4 Дүниетанымдағы рационалдық пен иррационалдықтың, дискурсивтік пен интуитивтіктің қатынасы.
5 Ғылыми дүниетанымның әдісі ретінде модельдеу түсінігі
6 Эмпиритивтік дүниетанымның әдістері.
7 Ғылыми дүниетанымдағы практиканың маңызы.
8 Диалектика және системалық қатынас.
9 Ғылыми-техникалық дүниетанымның әдістері және ерекшеліктері.
10 Дүниетаным мен шығармашылық.
11 Ғылыми дүниетанымның әдістері мен ерекшеліктері.
3.10.4 Негізгі ұғымдар:
Гносеология, диалектика, субъективті диалектика, логика, объективті диалектика, софистика, эклектика, релятивизм, скептицизм, заң, категория, ақиқат, сапа, сан, шек, әдіс, метафизика, дүниетаным, практика, даму, догматизм, агностицизм, заң, қарама-қарсылық, айырмашылық, өлшем, секіріс, терістеу, таным, ақиқат, гипотеза, критерий.
3.10.5 СӨЖ тапсырмалары:
«Диалектика, логика сиякты, қазіргі ғылым дүниетанымы және методология теориясы» атты тақырыпта кроссворд құрастыр.
12 Кесте. Диалектиканың жұп категориялары арасында теңдік орнату. Диалектиканың негізгі ұстанымдарына мінездеме беріңіз.
жекеше | салдар |
себеп | мүмкіндік |
қажеттілік | форма |
мазмұн | құбылыс |
мән | жалпылық |
шындық | кездейсоқтық |
3.10.6 Білім тексеруге арналған тесттік сұрақтар:
1 Диалектика дегеніміз не?
А) ойлаудың дамуы жайындағы ғылым
В) табиғаттағы, адам ойы мен қоғамдағы жалпы даму мен байланыс заңдылықтарын зерттейтін ілім
С) дауласу өнері
Д) шешендік және риторика
Е) ойлау мәдениетін дамытудағы интеллектуалдық жаттығу
2 Диалектика қай елде пайда болды?
А) ежелгі Рим
В) Вавилон
С) Ежелгі Греция
Д) буддалық монастырларда
Е) көне Қытай
3 Диалектиканың үштік формуласын кім енгізді?
А) А.Бэкон
В) Платон
С) Спиноза
Д) Дидро
Е) Гегель
4 Диалектиканың дұрыс анықтамасын беріңіз
А) дүниенің танымдық белгілерін жоққа шығару
В) түрлі философиялық көзқарастардың араласуы
С) болмыстың универсалды байланысының дамуы туралы ілім
Д) дәлелдеуде жалған әдістерді пайдалану
Е) құндылықтар жайындағы философиялық ілім
5 Мына заңдардың қайсысы диалектиканың негізгі заңы болып табылады?
А) бірлік заңы
В) қайшылық заңы
С) мазмұн және форманың өзара байланыс заңы
Д) қарама-қарсылықтың бірлігі және күрес заңы
Е) себеп және салдар заңы
6 Төмендегі қай ұғым диалектиканы материалистік тұрғыдан түсіндіреді?
А) диалог және дау өнері
В) заттар мен құбылыстарды бір-бірінен байланыссыз және өзгеріссіз деп қарастыратын ойлау әдісі
С) ойлау актілерін (ұғымдар, пікірлер, ой-толғаулар жөнінде) зерттейтін ілім
Д) қоғам және ойлау, табиғат құбылыстарының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ілім
Е) заттар мен ұғымдардың түрге бөлінуі
7 Ескінің жаңамен байланысы негізінде дамитын диалектика заңы?
А) қарама-қарсылықтың бірлігі және күрес заңы
В) қарсылық заңы
С) санның сапаға айналу заңы
Д) терісті терістеу заңы
Е) үшіншіні жою заңы
8 Философиялық категориялар дегеніміз не?
А) объектілер мен құбылыстардың бөліну тәсілдері
В адам ойлауының күнделікті практикалық қызметінде қалыптасуы
С) материя болмысының формасы
Д) әрекеттің заттық-практикалық идеалды түрі
Е) философиялық абстрактілік
9 Өлшем дегеніміз не?
А) сан мен сапа бірлігін анықтайтын философиялық ілім
В) барлық өлшем бірліктерін (ұзындық, биіктік, жылдамдық, көлем және т.б.) өлшеу үшін қолданылатын математикалық ұғым
С) заттардың, құбылыстардың, процестердің сандық негізін анықтайтын ғылыми критерий
Д) өлшем – заттардың қасиетінің жиынтығы
Е) өлшем – ойда ғана өмір сүретін абстрактілі категория
10 Материяны диалектикалық тұрғыда түсіндіру
А) бұл атомдар
В) зат неден тұрса сол
С) адамның сезімдік комплекстері
Д) объективті шындықты айғақтайтын категория
Е) болмыстың субстанциясы
11 Пайда болатын және өмір сүріп жатқан қандай да бір объектінің даму тенденциясын көрсететін диалектика категориясын анықтаңыз
А) себеп-салдар
В) мүмкіндік және шындық
С) мазмұн және форма
Д) қажеттілік және кездейсоқтық
Е) мән және құбылыс
12 Метафизикалық терістеу диалектикалықтан қандай айырмашылығы бар?
А) диалектикалық және метафизикалық терістеу нақты
В) метафизикалық терістеу диалектикалыққа қарағанда терістеудің даму жолын көрсетеді
С) диалектикалық терістеу терістеудің дамуын, ал метафизикалық терістеу процестің тоқтауын көзздейді
Д) метафизикалық терістеу – қоғамның дамуын, ал диалектикалық терістеу - әлеуметтік бөлініс пен катаклизмді көрсетеді
Е) диалектикалық терістеу тек ойда, ал метафизикалық табиғатта болады
13 Диалектикалық ойды қарастырмаған философты атаңыз
А) Ф.Бэкон
В) Г.Гегель
С) Платон
Д) Гераклит
Е) К.Маркс
14 Неміс классикалық философиясында диалектиканың ең дамыған даму теориясын кім ұсынды?
А) Шеллинг
В) Фихте
С) Кант
Д) Фейербах
Е) Гегель
15 Философиялық категория «қасиеттің» мәні неде?
А) заттың көп қасиеттілігі
В) заттың интенсивті дамуы
С) заттың мазмұны мен көлемі
Д) заттың даму критериі
Е) заттардың нақтылығы
16 Санның сапаға айналу диалектика заңы қалай жүреді?
А) даму көзі
В) даму бағыттары
С) дамудың нәтижесі
Д) даму механизмі
Е) даму заңдылықтары
17 Мазмұн және форма диалектикасының мәні?
А) тек мазмұнды ғана басшылыққа алу
В) мазмұн формадан тәуелсіз
С) олар бір-біріне тәуелді, абстрактілі емес нақтылы әрекет етеді
Д) форма мазмұнды жасайды, ал мазмұн формаға бағынады
Е) мазмұн заттың тұрақтылығы, ал форма оның өзгергіштік жағы
18 Субъективтік диалектика дегеніміз не?
А) табиғат диалектикасы
В) жалпы даму диалектикасы
С) ойлау диалектикасы
Д) тірі ағзалардың диалектикасы
Е) өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың диалектикасы
19 Терісті терістеу процесі қалай жүреді?
А) бір беткейлі
В) циклдік
С) стихиялық
Д) спирал тәрізді
Е) зигзак тәрізді
20 Диалектикалық терістеу дегеніміз не?
А) түзу жолмен даму
В) ескіні жаңаның басуы
С) жаңаның ескіні жоюы
Д) ескінің қажетті белгілерін жаңаның қабылдауы, сақтауы
Е) шар негізінде даму
3.10.7 Әдебиеттер тізімі
1 Алексеев П., Панин А. Теория познания и диалектика. – М., 1991.
2 Гадамер Г.Х. Истина и метод. – М., 1988.
3 Горбачев В.Г. Основы философии. – М., 2003.
4 Ғабитов Т. Философия. – А., «Раритет» 2005.
5 Диалектика отрицания отрицания. – М., 1983.
6 Диалектические противоречия. – М., 1979.
7 Заблуждающий разум? Многообразие вненаучного знания. – М.,1990.
8 Ильин В.А. Теория познания. Эпистемология. – М., 1994.
9 Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. – А., «Ғылым» 2005.
10 Лекторский В.А. Субъект, объект познания. – М., 1980.
11 Панкратьев В.Ф. Система гносеологии. – М.,1993.
12 Руткевич М.И., Лойфман И.Я. Диалектика и теория познания. – М., 1994.
3.11 Қоғам өзінше дамитын жүйе ретінде
3.11.1 Семинар сабағының сұрақтары:
1 Қоғам ұғымының мағынасы, құрылымы және мәні.
2 Қоғам және табиғат. Табиғи және жасанды орта. Географиялық детерминизм ұғымы.
3 Қоғамдық дамудың объективті жағдайы мен субъективті факторлары.
4 Материалдық өндіріс – қоғамдық өмірдің негізі. Нарықтық қатынастардың маңызы және әлеуметтік мәні.
3.11.2 СОӨЖ тапсырмалар
Бақылау сұрақтары:
1 Қоғам деген не?
2 Тарихтың материалды және идеалды түсінігі деген не?
3 Өндірістік қоғам қатынасының рухани ерекшелігі.
4 Қоғамның тарихи типтерін атап, айырмашылық белгілерін табыңыз.
5 Қоғамдық теңсіздік деген не? Оны тудыратын себептер.
6 Тарихи өрлеу деген не? Оның белгілері қандай?
7 Әлеуметтік жүйенің өзіндік ерекшеліктерін атаңыз.
8 Әлеуметтік жүйенің негізгі функциялары қандай?
9 Қоғамның өздігінен дамуының бастамасы неде?
10 Табиғат және адам арасындағы қатынастың негізгі типтері. Экологиялық сананың қалыптасуындағы проблема деген не?
3.11.3 Реферат тапсырмалары:
1 Жалпы және өзгеше жүйе ретінде табиғат пен қоғам.
2 Әлеуметтік кеңістік және уақыт: дамудың негізгі заңдылықтары.
3 Тарихи өрлеудегі қозғаушы күштер және субъектілер.
4 Қоғамның әлеуметтік құрылым түсінігі, принциптері және жіктеулері.
5 Этникалық айырмашылықтар проблемасы.
6 Демография проблемалары.
3.11.4 Негізгі ұғымдар:
Географиялық детерменизм, материалдық өндіріс, ноосфера, қоғам, табиғат, өндірістік қатынастар, өндіруші күштер, прогресс, фатализм, этнос, қоғамдық құрылыс, историзм, халық шоғыры, социум, таптар, қоғамдық болмыс, қоғамдық институттар, мемлекет, халық, ұлт, еңбек құралдары, қоғамдық сана, рухани өмір, партия, материалдық қатынастар, рухани қатынастар, қоғамдық типтер.
3.11.5 СӨЖ тапсырмалар:
Сөзжұмбақ құру: «Қоғам өздігінен дамушы жүйе ретінде»
К.Маркстің формация ұғымының құрылымын анықтаңыз.
3.11.6 Білім тексеру үшін тесттік тапсырмалар:
1 Қоғамдық жүйенің қалыптасуы және заңдылықтары туралы ғылым
А) қоғамтану
В) қоғамдық білім
С) философия
Д) әлеуметтану
Е) синергетика
2 Қоғамдық құрылымның құдайлық алдын-ала анықталатындығы жайындағы идеясы қай кезеңде берілген
А) Ортағасырлық араб тілді философиясында
В) Қайта өрлеу философиясында
С) Маркстік философияда
Д) Жаңа заман философиясында
Е) Ортағасырлық батыс философиясында
3 Технократиялық утопияның негізін қалаушы
А) Ф.Бэкон
В) Т.Мор
С) К.Маркс
Д) З.Бжезинский
Е) Платон
4 Тарихи үрдістің мақсаты мен қозғаушы күштерін, мәні мен бағыттылығын зерттейтін философия бөлімі
А) аксиология
В) философия тарихы
С) ғылым философиясы мен әдіснамасы
Д) философия тарихы мен әлеуметтік философия
Е философиялық антропология
5 «Философия тарихы» ұғымын қолданымға енгізіп, артынша қоғам және оның болмысының принциптерін өз пайымдауларында берген кім?
А) Ф.Вольтер
В) И.Кант
С) Г.Гегель
Д) К.Маркс
Е) К.Ясперс
6 Ғылыми қолданымға әлеуметтану саласының пәні жайындағы пайымдауды және ұғымды алғаш енгізген
А) И.Кант
В) Ф.Энгельс
С) Г.Спенсер
Д) К.Маркс
Е) О.Конт
7 Қоғамдық ғылым және логика заңдылықтарын не зерттейді?
А) әлеуметтік прогресс ілімі
В) әлеуметтік таным әдіснамасы
С) әлеуметтік сын ілімі
Д) жалпы әлеуметтану
Е) философиялық антропология
8 Маркстік көзқарас тұрғысынан таптарды құрайтын белгілердің қайсысы негізін қалаушы?
А) өндіріс жүйесіндегі таптың орны
В) өндіріс құралдарына қатынасы
С) еңбекті ұйымдастырудағы рөлі
Д) алатын кіріс мөлшері
Е) билік құрылымындағы вертикальды стратификация
9 XX ғасырдың 70-ші жылдарында қалыптасқан индустриалды және постиндустриалды қоғам теориясының негізінде қандай ілім жатыр?
А) экономикалық даму деңгейі ілімі
В) әлеуметтік мобилділік ілімі
С) таптық ілімі
Д) Маркстің қоғамдық-экономикалық формация туралы ілімі
10 Американдық философ Ф.Фукуямның «Тарихтың ақыры» ойы ненің альтернативсіздігіне сүйенеді?
А) тоталитаризмнің
В) христиандық моральдің
С) діни бастаманың
Д) либералдық демократияның
Е) американдық құндылықтың
11 Индустриалды қоғам жағдайындағы экономикалық іс- әрекетті реттеу негізі
А) ақша
В) билік
С) еңбек
D) ғылым
Е) әсер
12 Адамның биологиялық талаптарын қанағаттандыруы не нәрсеге бағытталады?
А) организмнің өмір сүруін демеуге
В) адам мүмкіндіктерін жүзеге асыруға
С) адамдарға билік етуге ұмтылуына
Д) адамдық мінез-құлықты қалыптастыруға
Е) адамның биологиялық сипатын жетілдіруге
13 Адамзаттық қажеттіліктерді не тудырады?
А) еңбек іс-әрекеті
В) адам организмінің талаптары
С) білімге ұмтылыс
Д) адамның жалғыздығы
Е) адамдарды билеуге ұмтылыс
14 Адам болмысының әлеуметтік-практикалық тәсілін не қалыптастырады?
А) қоғамдық талаптардың қалыптасуы
В) адамды қоршаған адамдар
С) адамның әлеуметтік қалыптасқан биологиялық талаптары
Д) адамзаттық руханилық
Е) табиғат туралы білімді практиада қолданудың қажеттігі
15 Адамдарды еңбек коллективтеріне біріктірудің негізі
А) өмірдегі қиындықтар
В) адамның қатынасты қажет етуі
С) жеке рухани қызығушылықтар
Д) біркелкі қабілеттер мен іскерліктер
Е) бір дүниетанымдық ұстанымдар
16 Адамды қоршаған табиғат ненің негізін құрайды?
А) өмір сүру әрекетін
В) руханилықты
С) ақыл-ойдың қалыптасуын
Д) адамға қатынасты
Е) өмірлік күш пен денсаулық
17 Адамзаттың іс-әрекет саласындағы әлеуметтік тәжірибесінің жиынтығы қайда бекітілген
А) мәдениетте
В) әлеуметтік ұйымдарда
С) әлеуметтік топтарда
Д) әртүрлі мамандықтарда
Е) ғылымда
18 Болмыстың әлеуметтік-практикалық тәсілінде негізгі рөлді не атқарады?
А) қоғамдық өндіріс
В) қоғамдық сана
С) техника және технологияның даму деңгейі
Д) еңбексүйгіштік және қайсарлық
Е) қоғамдық пікір
19 Еңбек бөлінісі жүйесі қай салада дамиды?
А) қоғамдық өндіріс саласында
В) адам қабілеттері мен күшінде
С) ұжымда
Д) билік ету саласында
Е) өндіріс саласында
20 Жүйелі білім ретінде өндірістік қатынастардың мәнін білдіретін қатынас
А) бөлу
Б) айырбастау
С) тұтыну
D) меншіктік
Е) басқару
3.11.7 Әдебиеттер тізімі
1 Әлеуметтік философия: Хрестоматия. – Алматы, 1997.
2 Нұрмұратов С. Ұлттық болмыс пен ұлттық сана: Оқу құралы. – Алматы
1996.
3 Әбішев Қ., Әбжанов Т.Философия тарихындағы таным териясы және
әдәстеме мәселелері.-Алматы,1990.
4 Балғымбаев А.С. Субъектінің ғылыми танымдағы белсенділігі.-Алматы, 1997.
5 Философия және мәдениеттану.Оқу құралы.- Алматы,1998.
6 Нысанбаев Ә., Әбжанов Т.Ойлау тарихының белестері.- Алматы 1994.
7 Кішібеков Д.,Сыдықов Ұ.Философия.-Алматы, 1994.
8 Философиялық сөздік. – Алматы, 1996 ж.
9 Қ.Әбішев Философия. – Алматы, 1998 ж.
10 Есім Ғарифолла. Сана болмысы.(Саясат пен мәдениет туралы ойлар). – Алматы, 1997 ж.
11 Ә.Нысанбаев., Т.Әбжанов. Ойлау тарихының белестері. – Алматы, 1994 ж. 12 К.Юнг. Архетип и символ. – М, 1991 г.
13 А.С. Балғымбаев. Субъектінің ғылыми танымдағы белсенділігі. – Алматы, 1997 ж.
Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 2140 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ХХ-XXI ғ.ғ. Классикалық емес философияның негізгі бағыттары | | | Тұлға және қоғам |