Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 243 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 232 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 233 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 234 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 235 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 236 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 237 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 238 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 239 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 240 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 241 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 242

 

Стр. 244

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Жоқ, бара беріңдер...

Төбенің басына басқалардан бұрын Ревякин шықты. Қырандарым, сұңқарларым деп,

қатты айғайлап келеді. Жарқын жүзі күлгенмен көзінде жас бар... Ревякин қасына келіп

тұрған Вася мен Володяны бір-бір құшақтап:

Өзгелерің қайда? —деді.

Володя мені нұсқады.

Ревякин балапанының үстіне келіп қонған ақиықтай қарғып кеп қасыма түсті де қанатын

жая құшақтай алды:

Қырандарым! Ерлерім!..

Ревякиннің көзі әлдекімдерді іздеп, айнала қарайды. Бұл минутта кезіңе ілікпеген

жолдастарың жоқ болғаны да, капитан... Мирошник, Самед, Петр, Егор, Зонин тағы

басқаларымыз жоқ енді... Қалғанымыз осы-ақ, үшеу-ақпыз, жолдас капитан...

Қай жерің, Костя? —деді Ревякин.

Аяғым...

Ештеңе етпейді!

Өзім де солай ойлаймын...

Өзге жаралыларың қайда? —деді Ревякин, көзіне түспей тұрған жолдастардың

жайын сұрамауға шыдай алмай.

Басқа жаралымыз жоқ... Жаралы жалғыз мен ғана...— дедім.

Ревякин біресе туымызға, біресе өзімізге қарап тұрып:

Отан бұйрығын орындадыңдар. Рахмет, достарым! Төбенің айналасы неміс бейітіне

айналыпты. Рахмет, ерлерім! — деді.

Біз келіп бекінген төбенің айналасы бірте-бірте өзіміздің қолға ауа бастады. Біздің жаяу

әскерлер алғашқы кезде төбенің етегіндегі окоптарда еді, қазір жылжып әрірек кетті.

Кейбір түндерде отыз метр, кейбір түндерде елу метр әрірек барып қонады. Совет жерінің

өз иесі келіп, күн санап іргесін бекіте түсіп жатыр.

Босанған жері әлі де кең емес. Кей күндері кеміп те қалады. Бірақ қазығымыз берік

қағылып, орныға түсеміз. Қазір біздің екі қорған бар. Бірінде десант дивизиясының

штабы, бірінде біздің полктың штабы. Екі қорғанның арасы да біздікі. Теңіз бетіне

кемелерін тізіп, су жолын немістер бекітіп тастағанмен жаға біздің қолда. «Егор бұлағы»

әлдеқашан ішкі аудан болып қалды.

Азық-түлікті аспаннан күтетін күндер де өтіп барады. Теңіз кемелері жау шебін бұзып-

жарып келіп, әскер де түсіріп кетеді, азық-түлік, қару-құрал да түсіреді. Теңіздегі «темір

қақпа» біздің кемелер келе жатқанда оңай ашылып кететін болды.

Төбенің айналасына жеңіл самолеттер де келіп қонып жүр. Ұзақ отыра алмаса да, тал

түсте қонып, тал түсте ұшып кетеді.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 33 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 242 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 244 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)