Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Глоссарий. Ұңғы – тереңдігі 100-950-ден 5000-6000 м-ға дейін және одан да көп болатын

Модуль 3. Ұңғымаларды жөндеуге арналған құрал, жабдықтар және машиналар | Ocirc;ÇÂ (ИТФ) òèïiíäåãi èiëãåí түптік ôðåçåði | Дәріс 11. Ұңғыларды іргелі жөндеу. | Дәріс 12. Қабат қысымын ұстап тұру үшін арналған жабыдқтар. | ППД жүйесінің сағалық және ұңғылық жабдықтар. | Дәріс 13. Термиялық әсер үшін жабдықтар. | Ыма өнімін жикаудың жоллы жүйелік схемасы. | Практикалық сабақтың жоспары | Аудиториядағы студенттерді оқутышымен өзіндік жұмысының (СОӨЖ) шеңберіндегі сабақ жобалары. | Студенттердің өздік жұмысының (СӨЖ) оқу жоспары. |


Читайте также:
  1. VI. ГЛОССАРИЙ
  2. Глоссарий
  3. Глоссарий
  4. Глоссарий
  5. Глоссарий
  6. Глоссарий
  7. Глоссарий

Ұңғы – тереңдігі 100-950-ден 5000-6000 м-ға дейін және одан да көп болатын, көлденең немесе көлбеген-көлденең дөңгелек қималы аз диаметрлі тау қазбасы. Ұңғыла көденең немесе көлбеген-көлденең болады.

Өндіруші (қолданылатын) ұңғы – мұнайды, газды немесе конденсатты өндіру үшін арналған ұңғы.

Айдаушы ұңғы – қабатқа суды (сығылған газды, ауаны) немесе басқа сұйықтарды айдау үшін арналған ұңғы, және де көтергіш құбырларда газды сақтау үшін арналған.

Барлаушы ұңғы – мұнайгаз беруші немесе басқа кен орынды (қабат, горизонт) аңықтау үшін арналған ұңғы.

Бақылау ұңғысы – бақылау жүргізу үшін және қабат және қабат сұйықтарын зерттеу үшін арналған ұңғы.

Пьезометриялық ұңғы – қабат қысымын ұстап тұру процесін және әсерлердің басқа әдістерінің жүргізілуін бақылау үшін арналған ұңғы.

Бағалау ұңғы – мұнай-қандырғыш қабаттарды бағалау үшін және мұнайлылық контурларының орналасуын дәлдеу үшін арналған ұңғы.

Су алғыш ұңғы – бұрғылау қондырғыларды және суды өнімділік қабаттарға айдау жүйесін сумен қамтамасыз ету үшін арналған ұңғы.

Жұтушы ұңғы – терең жатқан қабаттарға ағын суларды түсіру ұңғысы.

Тұтандыру (жандандырушы) ұңғы – игерудің жылулық әдістерін қолданғанда мұнайдың жер асты жану ошақтарының пайда болу ұңғылары.

Атылып шыққан тау жыныстары – жер қабатында магманың және вулкан лаваларының жер бетінде ұйып қалуынан пайда болған жыныстар.

Тұндырма жыныстар – минералды және органикалық заттардың тұндырылуы және келешекте тығыздалуы нәтижесіде пайда болған жыныстар.

Кен – бір немесе бірнеше гидродинамикалық байланысқан қабаттардың (коллекторлардың) ловушкасында (мұнайдың бір жерінде жиналуы) мұнай мен газдың жиналуы.

Кен орны – бір территорияда орналасқан бір кен немесе кендер тобы.

Қабат қысымы – қабаттағы сұйық және газға әсер ететін қысым.

Кендерді игеру жүйесі – кендердің игеру процесіне әсер етуге болатын және онымен басқаруға болатын шаралар жиынтығы.

Игеру жүйесін реттеу – бұл жүйені жақсартатын оперативті шаралардың комплексі.

Торпедттеу - пробойлы соннаны (пробойная сонна) бөтен заттардан босату және ұңғы түбінде мұнай мен газдың ағындарын көбейту үшін жарылу заттардың зарядын жару.

Дросселдеу – ағындағы қысымды төмендету процесі кезінде жергілікті гидравликалық кедергіні өткен кездегі сыртқы жұмыстың жасалуынсыз және жылуды жеткізіп алу және бұрып жіберу.

Абсолютті ылғалдылық – қалыпты жағдайдағы газдың м3-дағы су булардың құрамы.

Абсорбация – газдың сұйық жұтушының массасы (абсорбент) арқылы өткенде

Адгезия – жабысу, беттік созылудың күштерін пайдалану және оларды газдан тамшылы сұйықты және механикалық бөлшектерді шығарып жіберуге қолдану.

Шлам – кішкентай қатты бөлшектер түріндегі тұнба, ол сұйықтың фильтрациясы немесе тұрып қалу кезінде бөлінеді.

Сепарация – фазалардың бөлінуі, мұнайлы ұңғылардың өнімінің газдық және сұйық фазаларына бөліну процессі.

Ұңғылық өнім – ұңғыдан шығатын көпқұрамды зат, ол мұнайдан, қабат судан, әр түрлі қоспалардан және ерітілген газдан тұрады.

Тұрақтану (стабилизация) – тұрақты мұнайды алу процессі, олар атмосфераға буланбайды.

Шикі мұнай – ұңғыдан дайындау қондырғысына түсетін мұнай.

Тауарлы мұнай – нормаларға сәйкес сапасына дейін жеткізілген, дайындалған мұнай.

Окклюдталған газ – мұнайда бөлек көпіршек түрінде шашылған газ.

Мұнайлы эмульсия – бір-бірінде ерімейтін және кішкентай дисперлі жағдайда болатын мұнай және қабат судың механикалық қоспасы.

Ньютондық емес сұйықтар – тұтқырлығы жылдамдық градиентіне және қозғаудың кедергісіне байланысты өзгеретін сұйық. Оларға парафинді мұнай және эмульсиялар жатады.

Кондиция – тауар сәйкес келетін норма, стандарт, сапа (мұнай, газ).

Коррозия – сыртқы және ішкі ортамен әсерлескенінен жабдықтар және құбырлар металдарының бірте-бірте өздігінен бұзылуы.

Конденсат – будың сұйыққа айналуы кезінде пайда болатын өнім.

Конденсация – заттың газ күйінен сұйыққа айналуы.

Конвекция – жылудың сұйық немесе газ күйіндегі бөлшектерімен кеңістіктің бір нүктесінен екінші нүктесіне тасымалдануы.

Коагуляция – дисперстелген бөлшектердің үлкеюі, бұл молекулярлы жабысу күштер әсерінен болатын жабысуымен қамтамасыз етіледі.

Коагулянттар – бұл дисперсты жүйелерге қосылғанда дисперсты фазаның диффузиялы қабатын разрядтайтын, және олардың қақтығысуы кезінде бөлшектердің жабысуын қамтамасыз ететін заттар.

Инверсия – фазалардың айналуы (эмульсияның бір түрінің екінші түрге айналуы).

Дроссель – тарылғыш құрылғы.

Д иффузор – құбырдың кеңейткіш бөлігі, бұл жерде сұйық ағынының немесе газдың жылдамдығы азаяды және кинетикалық энергия потенциалдық энергияға айналады, және бұл кезде қысым артуы болады.

Дисперсті орта – құрамында сұйықтың кішкентай тамшылары орналасатын сұйық.

Дисперсті фаза – дисперсті ортада кішкентай тамшылар түрінде болатын сұйық.

 

Шығарушы мәліметер

ОӘҚ “Мұнай және газ кәсіпшілігінің

машиналары және жабдықтары”

кафедрасының отырысында талқыланған

Хаттама №_____ «_____»_____2008ж

ОӘҚ мұнай және газ институтының

оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында

бекітілген

 

 

“Мұнай кәсіпшілік жабдықтары” пәні бойынша

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

050708 –Мұнай - газ ісі мамандығына арналған

 

 

Джексенбаев Е.К.

 

Басуға ______________ 2008ж. қол қойылды. Пішімі 60х84 1/16. Кітапты-журнал қағазы. Көлемі ______________ес.-б.т. Таралымы __________ дана. Тапсырыс №________

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ баспаханасында шығарылды.

Алматы қаласы, Ладыгин көшесі, 32.


Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 286 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Зіндік жұмыстардың тестілік сұрақтары| Введение

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)