Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Темелі Қызмет кӨрсету

Кафедра меңгерушісі Өміржанов Е.Т. | Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері | Бөлшектеп сатып алу-сату шарты | Бөлшектеп сатып алу-сату шартының мазмүны | Тауар жеткізілімі шарты | Энергиямен жабдықтау шарты | Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты | Рента және өмір бойы асырауда ұстау шарттарының жалпы ережелері | Дәріс. МЕРДІГЕРЛІК | Мердігерлік шартының жекелеген түрлері |


Читайте также:
  1. Дәріс. БАНКІЛІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТТАРЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ
  2. ертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар_________________
  3. Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
  4. Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
  5. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
  6. тақырып Қызмет көрсету саласындағы стандартизациялау мен сертификаттау түсінігі.

Мүлікті тегін пайдалану шарты (несие шарты) бойынша бір тарап (несие беруші) мүлікті екінші тарапқа (несие алушыға) тегін уакытша пайдалануға береді, ал соңгысы сол мүлікті алған күйінде, қалыпты тозуын ескере отырып, немесе шартта көрсетілген күйінде қайтаруға міндеттенеді (ҚР АК 604-бабының 1-тармағы).

Несие шарты, оның реалды немесе консенсуалды болатынына қарамастан, екі жакты шарт болып табылады. Несие шартының бұл белгісі тараптардың құқықтар мен міндеттерді өзара алдын ала келісіп алуынан айқын көрінеді.

Несие шартының нысаны. Заңнама мәміле нысанына катысты арнайы талаптар туралы ескертпейді. Оның реалды сипаты мен мазмұнының ерекшеліктері ешқандай жазбаша шарт жасалмаған кездің өзінде де, даулы жағдайларда несие берушіге мүліктің өзіне заңды түрде тиесілі екендігін мүлікті несие алушыға беру фактісін дәлелдеу жеткілікті және тікелей Азаматтық кодекстегі нормаларды толық көлемде басшылыққа алуға болады.

Несие шартындағы мерзімдер. Мүлікті тегін пайдалану шарты мүлікті уакытша пайдалануға беру мәселесін шешетіндіктен, ол осы шарт бойынша мерзімдер категорияларын пайдалануды талап етеді. Бірақ оларды қолдану мүлікті жалға алу (аренда) шарты бойынша мерзімдерді колданумен салыстырғанда. кейбір ерекшеліктерге ие. Шарттың реалды сипаты мүлікті беру мерзімінің маңызын жояды. Сондай-ақ, жалға алу ақысын тану мерзімдері де болмайды. Несие шарты бойынша. мулікті кайтару мерзіміне бара-бар келетін шарт.

Несие шартының элементтері. Мүлікті тегін пайдалану шартының пәні ретінде жылжитын және жылжымайтын заттар бола алады. Мүлікті жалға алу шартындағыдай несие шартының пәні болып жеке белгілі бір тұтынылмайтын заттар табылады.

Шарттың тараптары - несие беруші мен несие алушы ҚР Азаматтық кодексінің 605-бабы несие беруші түсінігінің кейбір қырларын анықтайды. Несие берушінің берілетін мүліктің меншік иесі болуы маңызды заң шығарушылық талап болып табылады. Бірақ бұл айтылған сөз басқа заттық құқық иелерінін де несие беруші бола алу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Алайда бұл субъектілер бұған заңнамамен немесе меншік иесінің өзімен уәкілетті болуға тиіс.

Несие беруші – азамат шеттетілгенде не несие беруші заңды тұлға болғанда немесе қайта құрылғанда мүлікті тегін пайдалану шарты бойынша несие берушінің құқықтары мен міндеттері мұрагерге (құқық мирасқорына) немесе мүлікке меншік құқығы, не мүлікті тегін пайдалануға беруге негіз болған басқа кұқык, берілген баска тұлғаға өтеді.

Несие алушы жеке тұлғалар қайтыс болғанда құқық мирасқорлығына жол берілмейді (тек жеке өздеріне арналған міндеттемелерге катысты). Сондай-ақ, заңды тұлға жойылған кезде несие алушының құқықтарына қатысты әмбебап құқық мирасқорлығы мүмкін емес. Егер несие алушы заңды тұлға қайта құрылса, оның құқықтары мен міндеттері, егер шартпен өзгеше көзделмесе, өзінің құқық мирасқорына (заңды тұлғаға) өтеді.

Мүлікті тегін пайдалану шартының мазмұны.

Құжаттар мен керек жарақтарды беру шартпен жоққа шығарылмаған, бірақ олар мүдделері шектелген несие алушыға берілмеген жағдайларда белгілі бір құқықтар беріледі. Егер мүлік құжаттар мен керек-жарақтарсыз мақсатына сай пайдаланыла алмайтын болса не оны пайдалану несие алушы үшін қомақты түрде құндылығын жоятын болса, онда ол өзіне керек жарақтарды және (немесе) құжаттарды беруді не шартты бұзып, өзіне келтірілген нақты шығынды өтеуді талап етуге құқылы. Біз несиеберушінің жауапкершілігі белгіленгенін көріп отырмыз, бірақ ол мүліктің тегін берілетіні ескеріле отырып нақты шығын келтірумен шектелген, бұл өз кезегінде несие шарты мазмұнының жалға алу шарты мазмұнынан бір ерекшелігі болып табылады. Несие беруші сауда алушыны берілетін мүліктің кемшіліктері туралы ескертуге тиіс (ҚР Азаматтық кодексінің 607-бабы, 1-тармағы).

Несие алушыға мүлікті ұстау жөніндегі барлық ауыртпалық жүктеледі. Ол тегін пайдалануға алған мүлікті дұрыс күйінде ұстауға міндетті. Оның міндетіне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу кіреді. Сонымен қатар, ол мүлікті ұстау жөніндегі барлык ағымдағы шығындарды көтеруге тиіс (ҚР Азаматтык кодекс, 609-бап). Шартпен несие алушы бұл міндеттен босатылуы да мүмкін.

ҚР Азаматтық кодексінің 610-бабы "Мүліктің кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупі" деп аталады. Алайда оның мазмұны атауына толық сәйкес келмейтіндігін атап өту қажет. Оның мазмұнына сәйкес несие алушы тегін пайдалануға алған мүліктің кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупін өз мойнына алады, егер ол тегін пайдалану шартына сәйкес емес немесе мақсатына сай емес пайдаланудың не несие берушінің келісімінің оны үшінші тұлғаға берудің нәтижесінде мүлік жойылса немесе бүлінсе.

Несие шарты бойынша жауапкершілік. Несие алушының жауапкершілігі туралы айтқанда оны міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін көзделген жалпы нормаларға сәйкес анықтауға болады. Сондай-ақ оның құқық бұзушылықтары оларды бағалау, осыдан туындайтын несие алушының міндеттерін жалға алушының жауапкершілігін көздейтін нормаларға сүйене отырып бағалауға болады. Алайда, бұған қатысты тікелей заңнамалық нормалар болмаса да несие алушының жауапкершілігін анықтауда соттың қарап шешуі көзделетін кезде оның жауапкершілігінің мөлшері, егер жауапкершілік туындауының тең жағдайы орын алып отырса, жалға алушы жауапкершілігінің мөлшеріне карағанда біршама артық болуға тиіс.

Мүлікті тегін пайдалануға берген несие беруші мүлікті беру кезінде қасақана немесе абайсызда айтпаған болса осы мүліктің кемшіліктері үшін, егер ол несие алушыға нақты шығын келтірсе, жауап береді.

Несие беруші мүліктің шартын бекіту барысында ескертілмеген немесе несие алушыға алдын ала белгілі болған, не мүлікті қарау барысында немесе шартты бекіту кезінде оның дұрыстығын тексеру барысында немесе затты беру кезінде несие салушы анықтауға тиіс болған кемшіліктері үшін жауап бермейді.

Несие шартының күші. Әрине, несие шарты талаптар үшін міндетті күшке ие. Оның күші мүлікті беруде көзделген мерзімдер мен шарттарға байланысты. Оған шартты тоқтатудың азаматтық заңнамамен көзделген жалпы негіздері таралады. Олар: шартты тараптардың келісімімен және оны бұзу салдарынан бір жақты тәртіпте тоқтату. Несие беруші төмендегі жағдайларда мүлікті тегін пайдалану шартын мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге құқылы, егер несие алушы: а) мүлікті шартқа немесе мақсатына сай емес пайдаланса; б) мүлікті сол күйінде ұстап тұру немесе оны ұстау жөніндегі міндеттерін орындамаса; в) мүліктің күйін елеулі түрде нашарлатса; г) несие берушінің келісімінсіз мүлікті үшінші тулғаға берсе.

Несие алшы мүлікті тегңн пайдалану шартын мерзімінен бұрын тоқтатуды мына жағдайларда талап етуге құқылы: а) мүлікті қалыпты пайдалануға мүмкіндік бермейтін немесе ол үшін аса ауыртпалық жүктейтін кемшіліктер анықталса; б) егер мүлік ол жауап бермейтін жағдайлардың әсерінен пайдалануға жарамсыз күйге түссе; в) егер шартты бекіту кезінде несие беруші оны берілетін мүлікке қатысты үшінші тұлғалардың құқықтары туралы ескертпесе; г) несие беруші мулікті немесе оның керек-жарақтары мен қатысты кұжаттарды беру міндетін орындамаса.

Әрбір тарап мерзімі көрсетілмей бекітілген несие шартынан кез келген уақытта бас тартуға құқылы. Тек бұл туралы екінші тарапты егер шартпен баска мерзім көзделмесе, бір ай бұрын хабарландыруғ тиіс. Мерзімі көрсетіле отырып бекітілген шартпен бір жақты түрд еркін бас тарту құқығы тек несие алушыға берілген. Ол да бұл туралы несие берушіні бір ай бұрын хабарландыруға тиіс.

Өтемелі (ақылы) қызмет көрсету. Өтелмелі қызмет көрсету шарты бойынша орындаушы тапсырысшының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге (белгілі бір іс-әрекет жасауға немесе белгілі бір кызметті жүзеге асыруға) міндеттенеді, ал тапсырысшы бұл қызметті көрсетушіге ақы төлеуге міндеттенеді.

Өтелмелі қызмет көрсету шарты оның субъектілеріне, бағасына қарай жазбаша нысанда бекітілуге тиіс, не ауызша нысанда да бекітілуі мүмкін. Бұл шартты реттейтін нормалардың мағынасынан байқағанымыздай, шарттың мәнді жағдайлары болып оның пәні мен бағасы туралы жағдайлар табылады.

Шарттың тараптары – атқарушы мен тапсырысшы. Мұнда мердігерлік шарттармен белгілі бір аналогия байқалады. Бір тарапқа атқарушы мәртебесін беру оның алдағы әрекетінің шарт аясындағы тапсырысшыдан түсетін тапсырмамен алдын ала келісіліп қоятындығын білдіреді.

Атқарушылар ретінде кез келген жеке немесе заңды тұлғалар болуы мүмкін. Сонымен бірге біз "арнайы" субъектімен байланысып отырмыз. Егер атқарушы жеткілікті дайындықта болмаса, онда оның шартқа отыруы құқықтық маңызға ие болмайды. Тиісті емес субъектінің қатысуымен жасалған мәміле орын алған нақты жағдайларға карай сол немесе басқа бір негіздер бойынша жарамсыз деп танылуға тиіс. Мысалы, біреу тапсырысты орындау үшін талап етілетін білімдер, дағдылар және т.б. бар екендігі туралы тапсырысшыны қасақана жаңылыстыруы мүмкін, онда мәміле (өтелмелі кызмет көрсету шарты) алдау салдарынан жасалғандықтан жарамсыз деп танылуға тиіс. Жоғарыда айткандай өтелмелі кызмет көрсету шарты жаңа институт болғандықтан оның субъектілік құрамының өзекті мәселелері әлі жан-жақты ұғынылған жоқ. Кейбір жағдайларда қызмет көрсету жөніндегі кызмет кәсіпкерлік қызметтің белгілеріне кіріп кетеді, сол себепті атқарушының қатысуы мүмкін болу үшін шартта, оны бекіту сәтінде, оның кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болуы талап етіледі.

Өтелмелі қызмет көрсету шартының пәні – шарт бойынша атқарушы жүзеге асыратын қандай да бір әрекеттер. Өтелмелі қызмет көрсету шартының пәні болып заттандырылған көрініс табылмайды. Қызмет көрсетудің нәтижесін реттеу құқықтық маңызға ие емес. Өтелмелі қызмет көрсету туралы шарттың мердігерлік шарттан түбірлі ерекшелігі осында. Соңғысында белгілі бір шамада мердігер қызметінің өзі реттеледі, бірақ негізгі құқықтық маңызға мердігер қызметінің нәтижееі ие болады, ол салынған ғимараттан. Жазылған кітаптан, шаштаразға жүгінгенде сәнді бапталған шаштан және т.с.с. көрінуі мүмкін.

Білім беру қызметін көрсету (басқа да қызмет түрлеріндегідей) шартта қызмет көрсету нәтижесіне кепілдік беру мүмкін емес. Жоғары оқу орны студентті барлық талаптарға сай оқытуы мүмкін, бірақ студенттің өзі тиісті деңгейде білімді менгере алмауы да мүмкін. Соған қарамастан жоғары оқу орны білім беру қызметтерін тиісті түрде көрсетті деп танылады. Яғни, кейбір жағдайларда қызмет көрсету нәтижесі тікелей атқарушы қызмет арқылы бағаланады. Егер ол шартқа, қалыптасқан әдеттегі талаптарга сай болса, және атқарушы тарапынан қателіктер орын алмаса, онда нәтижеге (жалпы түрде) кол жеткізілді деп есептеледі немесе тапсырысшы белгілі бір нәтижеге кол жеткізу немесе жеткізбеу қаупін өз мойнына алады.

Өтелмелі қызмет көрсету туралы шарттың мазмұны. Атқарушы тапсырысшының тапсырмасына яғни шарт жағдайларына сәйкес қызмет көрсетуге міндетті. Сондай-ақ қызмет мазмұны заңнамамен, анықталуы қалыптаскан жағдайдан, іскерлік айналым әдетінен туындауы мүмкін. Әдетте, атқарушы қызметті өзі көрсетуге міндетті. Яғни, мұнда мердігерлік шарты бойынша (қосалқы мердігерлік катынастарға қатысты) сияқты, қызмет көрсетуді басқа тұлғаға қайта тапсыру мүмкіндігі туралы жалпы сипаттағы нормалар жоқ. Бірақ, өтелмелі кызмет көрсету туралы шартта атқарушының қызмет көрсетуді басқа тұлғаға жүктеу туралы құқығы көзделуі мүмкін. Мұндай жағдайларда субмердігерлік туралы ережелер қолданылуға тиіс.

Өтелмелі қызмет көрсетуді реттеуде атқарушының кызмет көрсетуден бір жақты түрде бас тарту құқығын шектейтін норманың аса зор маңызы бар. Заңнама тараптардың нақты жай-күйін, олардың құқықтық мүдделерін ескереді. Өйткені кызмет көрсету кезінде, бір жағынан, әдетте кәсіпкерлік қызметтің субъектісі немесе кәсіби субъект (біздің ұсынған түсіндірмемізге сәйкес) шығады, ал екінші жағында, тұтынушы тұрады, сондықтан оның құқықтарын қамтамасыз ету кажеттілігі болады. ҚР Азаматтық кодексінің 686-бабының 2-тармағына сәйкес атқарушы, тапсырысшының кінәсінен болған жағдайларды қоспағанда, өтелмелі қызмет көрсету шарты бойынша міндеттемелерді орындаудан тапсырысшыға шартты бұзудан келтірілген залалды толық өтегенде ғана бас тартуға құқылы.

Тапсырысшының тапсырмасына сәйкес қызмет көрсету міндетінің болуы, егер шартты бекіту кезінде, ол жалпы түрде берілсе, соңғысына атқарушының тапсырмасын нақтылау міндеті жүктелуі мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Тапсырысшының өз міндеттерін орындамауы оның жауапкершілігіне және аткарушымен шартты бұзу мүмкіндігіне алып келуге тиіс.

Өтелмелі қызмет көрсетудің ерекшелігі тапсырысшы тапсырмасының көп жағдайда, мердігерлік шарт бойынша берілетін тапсырысшының тапсырмасына қарағанда, нақтырақ болмауында. Тапсырманы нақтылау дәрежесі атқарушыға өзі жүзеге асыруға тиіс әрекеттерді олардың көлемін бірізділігін және т.с.с. жеке дара анықтауға мүмкіндік беруге тиіс.

Өтелмелі қызмет көрсету шарты бойынша, мердігерлік шартында көзделетіндей, атқарушының нәтижені тапсырысшыға тапсыру міндеті және тапсырысшының оны сондай күйде қабылдап алу міндеті белгіленбейді.

Тапсырысшы аткарушының қызметіне, өтелмелі кызмет көрсету шартында көзделген мерзімдер мен тәртіпте, ақы төлеуге міндетті. Ақы төлеу нысанының тәсілі мен тәртібінің жолдары көп болуы мүмкін. Мәселен, қызмет көрсету шарты бойынша алдын ала қаржыландыру аванстық төлемдер және т.б. жүргізу жоққа шығарылмайды.

Жалпы ереже бойынша тапсырысшы көрсетілген (нақты жүзеге асырылған) қызметтерге ақы төлеуге міндетті. Бірқатар жағдайларда өтелмелі қызмет керсету шарттары тұтынушы шарттар қосылу шарттары болып табылады. Солар бойынша көзделетін сыйақының мөлшері атқарушының тарифтері, ставкаларына сәйкес, ал кей жағдайларда, антимонопольді органмен келісіл-ген тарифтер, ставкалар бойынша анықталады. Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындармен қызмет көрсетілгенде тарифтердің орталықтандырыла белгіленген ставкаларын қолдану да жоққа шығарылмайды.

Өтелмелі қызмет көрсету шартын тапсырысшының кінәсінен орындау мүмкін болмаған жағдайларда, егер заң актілерінде немесе шарттың өзінде өзгеше көзделмесе, көрсетілген қызметке акы толық көлемінде төленуге жатады. Орындаудың мүмкін болмауы тараптардың ешқайсысы жауап бермейтін мән-жайлар бойынша туындаған жағдайда, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшы атқарушыға оның іс жүзінде шыққан шығындарын өтейді.


Дата добавления: 2015-08-02; просмотров: 807 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың мердігерлік шарты.| ЭКСПИДИЦИЯСЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)