Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс. Мердігерлік

Білім бағалау критерийлері | Тақырып. «Айырбас және сыйға тарту шарты». | СОӨЖ ОРЫНДАУ КЕСТЕСІ | Кафедра меңгерушісі Өміржанов Е.Т. | Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері | Бөлшектеп сатып алу-сату шарты | Бөлшектеп сатып алу-сату шартының мазмүны | Тауар жеткізілімі шарты | Энергиямен жабдықтау шарты | Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты |


Читайте также:
  1. Дәріс. БАНКІЛІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТТАРЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ
  2. Дәріс. БАСҚАНЫҢ МҮДДЕСІНЕ ТАПСЫРМАСЫЗ ІС-ӘРЕКЕТ ЖАСАУ. КОНКУРСТЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
  3. Дәріс. МҮЛІКТІ СЕНІМГЕРЛІКПЕН БАСҚАРУ
  4. Дәріс. НЕСИЕ ЖӘНЕ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ҚАТЫНАСТАРЫ
  5. Дәріс. САҚТАУ
  6. Дәріс. ТАПСЫРМА

 

Мердігерлік шарты туралы жалпы ережелер

Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленіен мерзімде оның нәтижесін тапсырысшыға өткізуге міндетті, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндетті. Мердігерлік шарты консенсуалды ақылы және өзара шарт. Жұмысты орындау үшін белгілі уақыт керек, сондықтан мердігерлік шарт бойынша шарт жасалу кезі және онын орындалу кезі сәйкес келмеуі мүмкін.

Мердігерлік шартының түрлі сипаттамасына мыналар кіреді: 1) тұрмыстық мердігерлік; 2) құрылыс мердігерлігі; 3) жобалау немесе іздестіру жұмыстарына мердігерлік; 4) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік.

Мердігерлік шартының элементтері. Мердігерлік шартының тараптары болып мердігер және тапсырысшы табылады. Тапсырысшы екінші тарапқа – мердігерге шарт бойынша келісілген белгілі бір жұмысты орындауды тапсыратын тұлға. Тапсырысшы ретінде азаматтық-құқықтық қатынастарының кез келген тұлғасы бола алады.

Мердігер – шарт бойынша белгілі жұмысты орындауға міндеттенетін тұлға, көбінесе кәсіпкерлік қызметінің субъектісі, жеке тұлға немесе жеке кәсіпкер, коммерциялық заңды тұлға. Бір ретті (жүйелі емес) негізде мердігерлік жұмысты кез келген әрекет қабілеттілігі бар жеке тұлға атқара алады.

Бірнеше мердігерлер өзара қосымша (акцессорлық) келі-сімдер жасауы мүмкін және олардың мәні де төмен емес, өйтке-ні оларсыз жұмыстарды орындау тәртібінде түсініспеушіліктер пайда болуы мүмкін. Басқа жағынан, акцессорлык (қосымша) келісімдер, олар аталғандай мәселелерді шешуге көмектесетініне қарамастан, өзге тұрғыдағы мәселелердің пайда болуына әкелуі мүмкін.

Мердігерлік шартыньщ нысанасы – бұл мердігер мен орындаған жұмыстың нәтижесі. Мердігерліктің нәтижесі әрқашан олармен жұмыс жүргізілетін белгілі заттармен, материалдармен байланысты, оларда өзінің бейнеленуін табады.

Шарттың бағасы орындалған жұмыстың құнына сәйкес келуі керек. Баға әр кезде ақша сомасымен белгіленеді, бірақ тө-леудің нысандары әртүрлі болуы мүмкін. Мердігерлік шартында орындалатын жұмыстың бағасы немесе оны анықтау тәсілдері көрсетіледі.

Смета бұл мердігерлік шарты бойынша орындалатын барлық жұмыстың құнын жұмсалатын материалдарды (олардың құнын) анықтайтын құжат.

Смета шамалас және тұрақты болуы мүмкін. Мердігер тұрақты сметаны көбейтуді талап ете алмайды, ал тапсырысшы оның азайтылуын талап ете алмайды. Тұрақты сметаны бір жақ-ты өзгертуге құқық шартты жасау кезінде орындалуға тиіс жұ-мыстардың толық көлемін немесе бұл үшін қажетті шығындар-ды анықтау мүмкін болмаса да пайда болмайды. Шарт жасас-қаннан кейін мердігер беруге тиісті материалдар мен жабдық-тардың, сондай-ақ оған үшінші тұлғалар көрсететін қызметтер-дің құны едәуір өскен кезде мердігердің белгіленген бағаны (сметаны) көбейтуді талап ету құқығына иеленеді. Егер тапсы-рысшы осымен байланысты талаптарды орындаудан бас тартса, онда мердігердің шартты бұзуды талап ету құқығы пайда болады.

Шамалас сметаның ерекшелігі, оны қарастырған жағдайда мердігер өзі шығындарының көлемін оларды аздап көбейту жа-ғына өзгерте алады. Жұмыстың шамамен белгіленген бағасын (шамалас сметаны) елеулі өсіру қажеттілігі туындаса, мердігер бұл туралы тапсырысшыға уақытылы ескертуге және жұмысты тоқтата тұруға міндетті. Мердігерлік шарттың мерзімдері мердігердің және тапсырысшының олардың шарт бойынша міндеттерін атқаруға байланысты қызметінің (іс әрекеттерінің) уакыттық өлшемдерін анықтайды. Мысалы, тапсырысшы белгілі мерзімге мердігерге материалдарды және жабдықтарды беруге міндетті. Ең жоғары мән жұмыстың орындалуының мерзімдерінде болады, себебі бұл да шарттың нысанасы болып тек жұмыстың нәтижесі келмейтінін, нысана құрамына ол жұмыстың (кызметтің) өзі де кіретінін көрсетеді. Мердігерлік шарттарының ақырында орындалуы сол мерзімдерге тікелей тәуелді болады. Оның аралығында жұмыс толығымен жасалып бітуі тиіс уақыт кезеңі мердігерлік шартының жалпы мерзімін құрайды. Онымен қатар шартта жұмыстар орындалуы үшін қарастырылған ақырғы мерзімдер де бекітіледі (ҚР АК 628-бабы 1-тармақ). Жұмыстың жекелеген кезеңдерінің аяқталу мерзімдері – аралық мерзімдер де көзделуі мүмкін.

Аралық мерзімдер екі жақты қызмет атқарады. Бірінші жағынан, жұмыстың орындалуына байланысты мердігердің қыз-метінің бірдей етіп бөлінуін қамтамасыз етеді. Екінші жағынан, олар тапсырысшыға жұмысты орындалуын, бақылауын қамтамасыз етеді. Егер жұмыс жай, уақытылы емес орындалса және оны белгіленген мерзімінде аяқтау мүмкін еместігі айқын болса тапсырысшы шарттан бас тартуға және келтірілген шығындарды өтеуді талап етуге құқылы. Егер мердігерлік шартта мердігер бастапқы мерзімін бұзса, оны орындауға уақытылы кіріспесе де осы нәтиже орын алады.

Тараптардың құқықтары мен міндеттері. Мердігер шартта келісілген жұмысты өзінің тәуекелімен орындауға міндетті. Яғни мердігердің мойнында ол кәсіби субъект болған соң, оның жұмысты орындамағандығына байланысты қолайсыз салдар болып келеді. Мердігердің осы міндетінің мазмұны тапсырысшының орын алған заңсыз мінез-құлығы ескеріліп тиісті дәрежеде өзгертілуі мүмкін. Оған жұмысты орындамағаны үшін немесе дұрыс орындамағаны үшін мердігерді жауапкершіліктен босататын жағдайлар да әсер етеді. Мердігер жұмысты өз материалдарымен, күштерімен және құралдарымен орындауға міндетті.

Мердігер пайдаланып жатқан жабдықтардың тиісті күйінде (түзеу) болуын қамтамасыз етуге міндетті. Ол өзі жұмысты ұйымдастырады және тапсырысшының оның күнделікті шаруашылық қызметіне кірісуіне құқығы жоқ. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердігер үшінші тұлғалар құқықтарының ауыртпалығы жоқ материалдар мен құралдарды беруге міндетті.

Мердігер:

§ тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың, техникалық құжаттаманың немесе өңдеуге берілген заттың жарамсыздығы немесе сапасыздығы;

§ оның жұмысты атқару әдісі туралы нұсқаулармен орындаудан тапсырысшы үшін болуы ықтимал қолайсыз салдарлар;

§ орындалатын жұмыс нәтижелерінің жарамдылығына не беріктігіне қауіп туғызатын не оны мерзімінде аяқтауға бермейтін мердігерге қатысты емес өзге де мән-жайлар аяқталған жағдайда тапсырысшыға дереу ескертіп, одан нұсқау алғанға дейін жұмысты тоқтата туруға міндетті.

Тапсырысшы мердігер жасаған жұмысты қабылдап оған ақы төлеуге міндетті. Тапсырысшы жұмысты нашарлатқан шарттан ауытқуларды немесе жұмыстағы өзге кемшіліктерді анықтаса, онда ол бұл туралы дереу мердігерге хабарлауы тиіс. Болашақта тапсырыс беруші қабылдау сәтінде анықталған кемістіктерді жою туралы талап қоймақ болса, онда кемшіліктер қабылдауды куәландыратын актіде немесе өзге құжаттарда көрсетілсе ғана, ол соларға сілтеме жасай алады.

Тапсырысшы белгіленген бағаны немесе шартпен белгі-ленген өзге соманы төлеу міндетін орындамаса, мердігер шарт нысанасын (жұмыс нәтижесін) орындамағанымен байланысты ұстап қалумен қатар тапсырысшыға тиесілі құрал-жабдықтарын да, жұмысты орындау үшін берілген пайдаланылмаған материалдар қалдығын да және тапсырысшының өзге мүліктерін тапсырысшы керекті ақша соммасын төлегенше бермеуге құқылы.

Тапсырысшы өз тандауы бойынша мердігерден:

- қисынды мерзімде жұмыстың кемшіліктерін өтемсіз жоюды;

- жұмыс үшін белгіленген бағаны тиісті мөлшерде азайтуды талап етуге құқылы.

Осымен бірге тапсырысшы кемшіліктерді өзінің қаражаттарымен мысалы, басқа мердігерді жалдау жолымен жоюы мүмкін. Бұл үшін мердігерлік шартында тапсырысшының жұмыстың кемшілігін өз іс-әрекеттерімен жою құқығы көзделуі керек.

Мердігер өзі жауап беретін жұмыстың кемшіліктерін жоюдың орнына, тапсырысшыға орындаудың мерзімін өткізіп алу арқылы келтірген зиянды өтей отырып, жұмысты тегін қайта орындауға құқылы. Бұл жағдайда тапсырысшы, егер жұмыс сипаты бойынша ондай қайтарып беру мүмкін болса, оған бұрын тапсырылған жұмыс нәтижесін мердігерге қайтарып беруге міндетті. Сонымен қатар, егер жұмыста шарттың талаптарынан ауытқу немесс жұмыстың өзге де кемшіліктері елеулі болғанда және жоюға келмейтін болса не анықталған кемшіліктер тапсырысшы белгілеген қисынды мерзімде жойылмаса, тапсырысшы шарттан бас тартуға және келтірілген залалдарды өтеуді талап етуге құқылы.


Дата добавления: 2015-08-02; просмотров: 570 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Рента және өмір бойы асырауда ұстау шарттарының жалпы ережелері| Мердігерлік шартының жекелеген түрлері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)