Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мердігерлік шартының жекелеген түрлері

Тақырып. «Айырбас және сыйға тарту шарты». | СОӨЖ ОРЫНДАУ КЕСТЕСІ | Кафедра меңгерушісі Өміржанов Е.Т. | Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері | Бөлшектеп сатып алу-сату шарты | Бөлшектеп сатып алу-сату шартының мазмүны | Тауар жеткізілімі шарты | Энергиямен жабдықтау шарты | Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты | Рента және өмір бойы асырауда ұстау шарттарының жалпы ережелері |


Читайте также:
  1. Азаматтық құқықтың субъектісі және оның түрлері
  2. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының мазмүны
  3. Дәріс. БАНКІЛІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТТАРЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ
  4. Дәріс. МЕРДІГЕРЛІК
  5. Демалыс уақытының ұғымы мен оның түрлері.
  6. Жазаның түрлері
  7. Жолаушылар мен теңдеме жүкті тасымалдау шарты және тасымалдау шартының басқа да түрлері

Тұрмыстық мердігерлік. Тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша, кәсіпкерлік кызметті жүзеге асырушы мердігер тапсырысшының тапсырмасы бойынша, тапсырысшының тұрмыстық немесе басқа да жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған белгілі бір жұмысты орындауға міндеттенеді, ал тапсырысшы жұмыстың нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге міндеттенеді.

Тұрмыстық мердігерлік шарты жария шарттарға жатады. Сонымен бірге бұл шарт консенсуалды, өзара және қайтарымды болады.

Тұрмыстық мердігерлік шартының нысаны. Жалпы ереже бойынша сгер заң актілерінде немесе шартта, оның ішінде формулярлар ережелерінде немесе тапсырысшы қосатын өзге де стандартты нысандарда басқаша көзделмесе, тұрмыстық мердігерлік шарты мердігердің тапсырысшыға түбіртек немесе шарттың жасалғандығын растайтын өзге құжат берген кезден бастап тиісті нысанда жасалған болып есептеледі.

Жұмысты орындауға берілген тапсырыста (шартқа немесе нысандағы құжатта) мыналар көрсетілуі тиіс: орындаушының заңды мекен-жайы; тапсырысшының тегі және аты, оның мекен-жайы және телефоны; тапсырыс қабылданған мерзім, тапсырысты орындаудың басталу және аяқталу мерзімі, аванс сомасы (толық сомасы), тапсырысты қабылдаған және өткізген тұлғалардың қолы, қызмет көрсету (жұмыс) түрлері, орындаушы меы тұтынушының материалдарының (заттарының) толық тізімі, бағасы жөне саны (қанша материалдар жұмыс орындау үшін қажет екені көрсетіледі), жөндеуге берілген заттың зауыттық нөмірі және өзге де реквизиттер. Түбіртектегі бұндай толық ақпарат болуына талаптар тұрмыстық мердігерлік шарты жазбаша нысанда жасалатынын білдіреді. Алайда тапсырысында аталған құжаттардың болмауы оны шарттың жасалу фактісін немесе оның ережелерін растауда куәгерлік айғақтарға сілтеме жасау құқығынан айырмайды.

Тұрмыстық мердігерлік шарттары ауызша нысанда да жасалуы мүмкін. Және жетон, талон, кассалық түбіртек және тағы басқаларды берумен расталуы мүмкін. Барлық жағдайда да затты дайындауға тапсырыс, тұтынушының немесе мердігердің эскизі бойынша немссе үлгілері бойынша қабылданады.

Тапсырысшы өзіне жұмыс нәтижелерін өткізгенге дейін кез келген уақытта шарттан бас тартуға құқығы бар. Бас тартуы алдында ол орындалған жұмыс үшін мердігерге белгіленген бағаның бір бөлігін төлеуі керек. Бұл міндет мердігер жұмысты тапсырысшыдан ол шартты бұзатыны туралы хабарлама алғанға орындалса ғана келеді. Тапсырысшы мердігердің мәлімдеме жасау сәтіне дейін орын алған өзге де шығындарын өтеуге міндетті. Ал негізінен тапсырысшының әрқашан шартты бір жақты бұзуға құқығы бар және одан айыратын тұрмыстық мердігерлік шартының жағдайлары жарамсыз болып келеді.

Мердігердің негізгі міндеті шарт талаптарына және міндетті талап етілген стандарттарға сай жұмысты орындау. Кейбір жағдайларда жұмыс мердігердің материалдарымен орындалады. Мұндай жағдайда ол материалдар сапасының стандарттар мен шарт талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге міндетті. Мердігер жұмысты шартта қарастырылған мерзімде бітіруге тиіс. Тапсырысты орындау мерзімі азаматтық құқықтағы мерзімдерді есептеудің жалпы ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Мерзім жұмыстың орындалып біту уақытымен және жұмысты орындауға кірісу уақытымен анықталынады.

Мердігер, егер төтенше және бой бермейтін (дүлей) күш жағдайлары орын алса, осының себебінен материалдардың бүлі-нуі, жұмыстың тиісінше орындалмағаны үшін жауапкершілікті көтермейді.

Жиһаздарды жөндеу және дайындау, құрылыстарды салу, жөндеу, аяқ киімдерді, тігін және тоқыма бұйымдарды ірі жөндеу, жаңарту мердігерлік шарттары бойынша, тапсырысшы көрсетілген мөлшерде аванс төлеуі мүмкін.

Тапсырысшы орындалған жұмыс нәтижесін алуға келмеген немесе тапсырысшы оларды қабылдаудан жалтарған жағдайда, мердігер тапсырысшыға жазбаша түрде ескерте отырып, сол ескерткен күннен бастап 2 ай өткен соң мердігерлік нысанасын қисынды бағаға сатады. Одан түскен соманы мердігер өзіне тиесілі барлық төлемді шегеріп, қалғанын тапсырысшының атына нотариустың депозитіне салуға құқылы. Мердігер өзінің таңдауы бойынша мердігерлік нысанасын сатудың орнына, оны ұстап қалу немесе тапсырысшыдан келтірілген залалды өндіріп алу құқығын пайдалана алады.

Тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдаған сәтте анықталған кемшіліктер 7 күн ішінде жойылуы тиіс, шартпен бұдан қысқалау мерзім қарастырылуы мүмкін. Шарттың тоқтатылу салдары тиісті тараптың құқықтық мирасқоры мен оның келісімшарт жасасушы агентінің арасындағы келісім бойынша, ал олар келісімге келмесе орындалған жұмыстың мөлшері мен бағасы, жұмсалған және сақталған материалдың құны, сондай-ақ басқа да елеулі жағдайлар ескеріле отырып сот арқылы айқындалады.

 

Құрылыс мердігерлігі. Құрылыс мердігерлігі шарты бойынша мердігер тапсырысшының тапсырмасы бойынша шартта белгіленген мерзімде белгілі бір объектіні салуға не өзге де құрылыс жұмысын орындауға міндеттенеді, ал тапсырысшы мердігерге жұмысты орындауы үшін қажетті жағдайлар жасауға, оның нәтижесін кабылдап алуға және ол үшін келісілген бағаны төлеуге міндеттеледі.

Көрсетілген шарттың субъектілік құрамының ерекшеліктері бар, яғни шартта әрқашан мердігер жағынан кәсіпкерлік қызметінің субъектілері, әртүрлі лицензияланатын құрылыстық жұмыстарды жүргізу үшін рұқсаты (лицензиясы) бар құрылыстық ұйымдар немесе жеке кәсіпкерлер қатысады.

Тараптардың құқықтары мен міндеттері. Объектінің салынуы, салынатын жер учаскесін белгілеуден басталады. Қазіргі заңға сәйкес, салынатын объектінің болашақ иесі жер учаскесін бөліп керек. Ол құрылыс салу үшін жер учаскесін шартта көрсетілген көлемде және сондай күйде уақытылы беруге міндетті.

Шартта мұндай нұсқау болмаған жағдайда, жер учаскесінің көлемі мен күйі жұмыстың уақытылы басталуын, оның қалыпты жүргізілуін және мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етуге тиіс. Шартпен жер учаскесін алу және құрылыс үшін керекті дайындық жұмыстарын, кіріс жолдарын тазалау және т.б. міндеттер мердігерге жүктелуі мүмкін. Бірақ, бұл жағдайда, мердігерлік шарт тапсырма шартының элементтерімен күрделенеді немесе мердігер жеке тапсырма шартының негізінде мұндай қызметті орындайды.

Шартта құрылыс ұйымы өз күшімен тұрғын үйді, ғима-ратты салатындығы қарастырылуы мүмкін. Мұндай шарт құры-лысты толық аяқтау туралы шарт деп аталады. Шарт ережелеріне сәйкес тапсырысшыға пайдалануға дайын объекті тапсырылады. Мұндай шартта сатып алу-сату шартының тиісті мазмұны басым болады, мердігерлік (құрылыс мердігерлік) туралы нормалар тек керекті мөлшерде пайдаланылады. Құрылысты толық аяқтау туралы шартта құрылыста болуы ықтимал барлық тәуекелді мердігердің көтеретіндігі көзделеді. Егер өзгешелік шартында қарастырылмаса құрылысты толық аяқтағанға, тапсырысшыға жұмыстың нәтижесін тапсырғанға және жұмысқа ақы төлеуге дейін салынып жатқан объектінің иесі мердігер болып саналады. Құрылыстың материалдық жағынан қамтамасыз етілуін жартылай немесе толығынан тапсырысшы жүзеге асыратын құрылыс мердігерлік шартында қарастырылуы мүмкін.

Құрылыс мердігерлік шарты бойынша, бір немесе өзге саладағы міндетті талаптарға сәйкес келуі тиіс күрделі жұмыстар жүргізілуіне байланысты, мердігер жұмысты өзінің қамқорлығымен орындауымен бірге, құрылысты және онымен байланысты жұмыстарды жобалау құжаттамасына да сәйкес жүргізуге міндетті.

Қазақстан Республикасында архитектуралық, қала құры-лысы және құрылыс қызметі туралы «Қазақстан Республика-сының Заңындағы» 7-баптың 1-тармағына сәйкес жобалау құжат-тамаға мыналар кіреді: қала құрылыстық жобалар; архитектуралық жоба; құрылыс жобасы (құрылыстық жоба): көлем-жоспарлық, конструкциялық, технологиялық, инженерлік, табиғат сақтау, экономикалық және тағы басқа шешімдерден тұратын жобалық (жобалау-сметалық) құжаттама және құрылысты ұйымдастыру мен жүргізу, аумақты нженерлік даярлау, жайластырушылыққа байланысты сметалық есептер.

Құрылыс жобаларға аяқталмаған объектілердің құрылысын тоқтатып қою жобалары және өзінің
мүмкіншілігін тауысқан объектілерді бұзу (таратудың) жобалары жатады.

Тапсырысшы қосымша жұмысқа және оған ақы төлеуге келісім берген кезде, жұмыс мердігердің кәсіби қызмет аясына кірмейтін не мердігерге байланыссыз себептермен орындал-майтын болған жағдайларда ғана мердігердің аталған жұмысты орындаудан бас тартута құқығы бар.

Тапсырысшы жобалау-сметалық құжаттамаға мердігер үшін қосымша шығындарға не (немесе) жұмыстың орындалу мерзімін үзартута байланысы жоқ өзгерістер енгізуді талап етуге құқылы. Мердігер үшін қосымша шығындарды керек ететін жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізу тараптардың келісілген қосымша сметасының негізінде тапсырысшының есебінен жүзеге асырылады. Егер мердігерге байланыссыз себептермен жұмыс құны сметадан кемінде он процентке асып кетсе, ол сметаны қайта қарауды талап етуге құқылы.

Жобалау-сметалық құжаттамадағы, мұндай құжаттама өзінің тапсырысы бойынша жасалған жағдайларды қоспағанда, мердігер жобалау-сметалық құжаттамада жаңсақтықтарды анықтауға және жоюға байланысты шығарған қисынды (керекті) шығындарды өтеуді талап етуге құқылы. Мердігер құрылыс барысында тапсырысшыдан алған нұсқауларды, егер ондай нұсқаулар шарттың талаптарына қайшы келмесе және мердігердің жедел-шаруашылық қызметіне залалы болмаса, орындауға міндетті. Тапсырысшы шартта көрсетілген мақсат үшін жұмыс нәтижелерін пайдалана алмайтындай кемшіліктер анықталған жағдайда және оларды мердігер, тапсырысшы немесе үшінші тұлға жоя алмайтын болса, жұмыс нәтижелерін қабылдаудан бас тартуға құқылы.

Кемшіліктер анықталған жағдайларда олар жөнінде актіде көрсетілуге тиіс. Кейбір жағдайларда, егер олар заң актілерінде көзделсе, салынған объектілерді мемлекеттік комиссия кабылдауға тиіс, салынған объектілерді мемлекеттік қабылдаудың тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеу қажет және онымен мемлекеттік органдардың аралық қабылдауларға қатысу мүмкіндігі айқындалуы керек.

Құрылыс мердігерлігі шартымен әдетте орындалған жұмыс нәтижелері сапасының кепілдіктері қарастырылады. Мердігер, егер өзгешелік шартпен қарастырылмаса, бүкіл кепілдік мерзімі ішіндс құрылыс объектісінің жобалық-сметалық құжаттамасында көрсетілген көрсеткіштерге ие болуына және объектіні пайдалану мүмкіндігіне кепілдік береді. Егер заңнама актілерімен немесе шартпен кепілдік мерзімі көзделмесе, АК 665-бабының 1-тармағына сәйкес, кепілдік мерзімі тапсырысшы объектіні қабылдаған күннен бастап он жылды құрайды.

Кепілдік мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер үшін, егер кемшіліктер объектінің немесе оның бөліктерінің қалыпты то-зуының, оны дұрыс пайдаланбаудың немесе тапсырысшы өзі не-месе ол тартқан үшінші тұлғалар жасаған пайдалану жөніндегі нұсқаулықтардың дұрыс болмауының салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, мердігер жауапты болады.

Шартпен тапсырысшының талап етуі бойынша және тапсырысшының есебінен мердігер жауапты болмайтын кемшіліктерді (ақаулар мен шала істелген жұмыстарды) мердігердің жою міндеті көзделуі мүмкін. Кемшіліктер шарттың нысанасымен байланысты болмаған немесе жұмыстар өзіне қа-тысы жоқ себептермен мердігермен орындалуы мүмкін болмайтын жағдайларда мердігер кемшіліктерді жоюдан бас тартуға құқылы.

Жобалау және іздестіру жұмыстарында мердігерлік шарт. Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарт бойынша мердігер (жобалаушы, іздестіруші) тапсырысшыньщ тапсырмасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және (немесе) іздестіру жұмыстарын жүргізуге міндеттенеді, ал тапсырысшы оларды қабылдап алуға және ақы төлеуге міндеттенеді.

Тараптардың құқықтары мен міндеттері. Тапсырысшы мердігерге жобалауға тапсырманы, сонымен қатар жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау үшін қажетті өзге алғашқы мәліметтерді беруге міндетті.

Тапсырысшы шарт бойынша тапсырманы дайындауды мердігерге тапсыруға өкілденуі мүмкін. Мұндай жағдайда тапсырма жобасы әзірленгеннен кейін тапсырысшы қисынды немесе шартта белгіленген мерзімде тапсырманы (жобаны) бекітуге немесе оны қайтаруға міндетті. Тапсырысшымен бекітілген тапсырма, мердігерге міндетті болып табылады.

Жобалау және іздестіру жұмыстарын орындау кезінде, тап-сырысшы мердігерге шартта карастырылған көлемде және жағ-дайларда қызмет көрсетіп тұруы керек.

Жобалау және іздестіру жұмыстарын жүргізуді реттейтін нормалардың мағынасы бойынша тапсырысшы өзінің берілген тапсырмасын алғашқы берілген мәліметтерді жағдайлардың өзгеруіне сәйкес өзгертіп тұруға құқылы.

Мердігердің құқықтары мен міндеттері. Мердігердің негізгі міндеті жұмыстарды шарт жасасу кезінде жобалауға берілген бастапқы деректерге сәйкес орындау. Әрине, мердігер бұл жұмыстарды тиісті түрде мамандығына сәйкес орындауға міндетті. Мердігер дайын жобалау-сметалық құжаттаманы тапсырыс-шымен келістіруі қажет. Қажет болса ол тапсырысшымен бірге жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекет органдарымен және жергілікті басқару органдарымен келістіруде қатысуы керек. Бұл міндетті мердігерге жүктеудің өз себебі бар, мердігер маман болған соң оған жобалау-сметалық құжаттаманы құзыретті мемлекеттік органдармен жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен келістіру, оның бөлек тармақтарының, құрамаларының негізділігін көрсету жеңілдеу болады. Мердігердің мемлекеттік органдарымен жобалау-сметалық құжаттама туралы келісуіне қатысуы белгілі бір дәрежеде жобалау жұмыстарының тиісті орындалғанына бақылауды жүзеге асыруға мүмкіншілік береді.

Жобалау және іздестіру жұмыстарының нәтижелерін беру мердігердің біртұтас (бөлінбейтін) міндеті болып келмегенімен міндеттеменің мәнісінен олардың бірге орындалып, олардың нәтижелерінің бірге берілгенінің тиімділігі көрініс табады, өйткені бұл жұмыстар (олардың нәтижелері) өзара тығыз байланысты. Сондықтан, егер шартта басқаша көзделмесе, мердігер тапсырысшыға дайын жобалау-сметалық құжаттаманы және іздестіру жұмыстарының нәтижелерін бірге беруге міндетті.

Мердігер тапсырысшының келісімінсіз жобалау-сметалық құжаттаманы үшінші тұлғаларға бермеуі керек.

Мердігерден орындалатын жұмыстың сапасының кепілдіктері мердігерлік туралы жалпы ережелерге сәйкес белгіленеді. (ҚР АК 630-633-б.). Жобалау және Іздестіру жұмыстарының өзгешелігі, олардың кемшіліктері жобаны іске асырғанда, іздестіру жұмыстарының деректерін пайдалану кезінде ғана табылуы мүмкін. Немесе сараптама (маман қорытындысы) қажет болады. Бірақ сараптама негізсіз тағайындалмайтыны түсінікті. Сондықтан, біздің ойымызша, мердігерге мердігерліктің бұл түрі бойынша нәтиже саласына қойылатын талаптың мерзімі жобаларды жүзеге асыру, іздестіру жұмыстарының мәліметтерін пайдалану басталған соң ағымын бастайтыны бекітілуі керек.

ҚР АК-ның мердігерлік кепілдіктері деп аталатын арнайы нормасы бар (617-б.), оның мазмұны өте тар, ол әрине тапсырысшының құқықтарының кепілдіктерінің бәрін қамти алмайды.

Аталған нормада жобалау және іздестіру жұмыстарында мердігерліктің өзгешелігі тікелей ескеріледі. Мердігер жобалау және іздестіру жұмыстарына арналған мердігерлік шарты бойынша тапсырысшыға мердігер әзірлеген жобалау-сметалық құжаттаманың негізінде оның жұмысты орындауына үшінші тұлғалардың бөгет жасау немесе шектеу қою құқығының жоқтығына кепілдік беруге міндетті.

Мердігер тапсырысшыдан оның заңда немесе шартта көзделген барлық міндеттерін орындауды талап етуге құқылы.

Тараптардың жауапкершілігі. Тапсырысшының жауапкершілігі жалпы тәртіп бойынша белгіленеді. Жобалау және Іздестіру жұмыстарына мердігерлікті реттейтін нормаларда жобалау-сметалық құжаттаманың кемшіліктері үшін мердігердің жауапкершілігі бөлек қарастырылған. Мердігер жобалау және іздестіру жұмыстарының кез келген кемшіліктері үшін жауапты болады. Одан басқа, мердігер құрылысты салу барысынан кейін, сондай-ақ орындалған жобалау-сметалық құжаттама және іздсстіру жұмыстарының деректерінің негізінде салынған объектіні пайдалану барысында анықталған кемшіліктерді қоса алғанда, жобалау-сметалық құжаттаманың және іздестіру жұмыстарының кемшіліктері үшін жауапкершілікті көтереді.


Дата добавления: 2015-08-02; просмотров: 1256 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріс. МЕРДІГЕРЛІК| Ылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың мердігерлік шарты.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)