Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Энергиямен жабдықтау шарты

Постановление Пленума Верховного суда РК №10 «О некоторых вопросах применения законода-тельства о праве собственности на жилище» от 9 июля 1999 г. | Комаров В.Ф. Аренда. Лизинг. Фирменный сервис. Новосибирск, 1991. | Мельников С.С. Страхование по законодательству РФ. М., 1998. | Білім бағалау критерийлері | Тақырып. «Айырбас және сыйға тарту шарты». | СОӨЖ ОРЫНДАУ КЕСТЕСІ | Кафедра меңгерушісі Өміржанов Е.Т. | Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері | Бөлшектеп сатып алу-сату шарты | Бөлшектеп сатып алу-сату шартының мазмүны |


Читайте также:
  1. A) абонентте энергиямен жабдықтаушы ұйымның желілеріне жалғанған қажетті жабдық болған жағдайда
  2. A) ол сыйға тарту шарты деп танылмайды, оған қулықпен жасалған мәмілелер туралы заң ережелері қолданылады
  3. A) тауар жеткізілімі шарты туралы ережелер
  4. ауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулардың есебі.
  5. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты
  6. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының мазмүны
  7. В) кәсіпорынды жалдау шарты

Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентке (тұтынушыға) жалғанған желі арқылы энергия беруге міндеттенеді, ал абонент алынған энергия үшін ақы төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартта көзделген режимін сақтауға, өзінің карауындағы энергетика желілерін пайдалану қауіпсіздігін және энергияны тұтынуға байланысты пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтардың ақаусыздығын қамтамасыз етуте міндеттенеді (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 482-бабы).

Энергия айналымы ерекшелігінің түбінде екі себеп жатыр. Біріншіден, энергия тек шектеулі уақытқа сақталынады. Осыған байланысты энергияны өндіру, бөлу және тарату бір-бірімен өзара тығыз байланысты, бұл шарт бойынша екі тараптың міндеттері мен құқықтарын бөлуге өз әсерін тигізеді. Екіншіден, энергияны тарату қазіргі жағдайда күрделі болып табылатын жабдықтар көмегімен қалыптасады. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдарда инженерлік коммуникацияның, бақылау өлшеу аспаптарының, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құралдардың болуы міндетті. Электрмен жабдықтау шарты консенсуалды, екі жақты, өтемді (ақылы) болып табылады. Энергиямен жабдықтайтын ұйымның құқықтарын заттық құқықтар механизмі де қамтамасыз ете алады. Желілердің иесі белгіленген мерзім бойы энергиямен жабдықтайтын ұйым үшін қажетті мөлшердегі энергияны өткізу қабілеттілікті сақтап (камтамасыз етіп) тұруға міндетті. Бұл желілер иесі өзіне энергияны өткізу шарты негізінде жүктеген ауыртпалық болып бағалануы мүмкін.

Қазақстан Республикасында Біртұтас энергетикалық жүйе қалыптасқан. Тауар ретіндегі электр энергиясын пайдалану ерекшелігі шарт міндеттерін орындау жүрісін бақылайтын құрылымды құруды, оның айналымының айрықша ережесін қалыптастыруды талап етеді.

Энергиямен жабдықтау шартының нысаны. Тұтынушыларды энергиямен жабдықтау энергиямен жабдықтау шарты негізінде гана қалыптасады. Бұл шарттың нысаны мәміле нысанына қатысты жалпы ережелерге бағынады. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері арасындағы энергиямен жабдықтау шарты жай жазбаша нысанда бекітілуі мүмкін. Тұрмыстық тұтыну шарты ауызша нысанда бекітілуі мүмкін, тұтынушы электр энергиясын пайдалану, және электр құралдары мен электр желілерінің пайдалану техникалық жағдайын сақтау ережелерімен танысуы қажет. Келісімшартты бекіту айғағы ретінде аталған шарттың жағдайы келтірілген есеп кітапшасын алу қажет. Шарт тарптар арасында кез келген мерзімге (жыл, ай, тәуліктер, сағат ж.т.б.) екі жақты мерзімді шарттар жасалуы мүмкін.

Тәжірибеде энергиямен жабдықтау шарты бір жылға жасалады. Мерзім аяқталғаннан кейін энергиямен жабдықтау шартын тоқтату немесе өзгерту туралы тараптардың біреуінің өтініші болмаған жағдайда ол шартта көзделген дәл сондай мерзімге және нақ сондай талаптар бойынша ұзартылған болып есептеледі.

Энергиямен жабдықтау шартының элементтері. Энергиямен жабдықтау шартының тараптары жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін. Аталған саладағы құқықтық реттеу ерекшелігі оның субъективтік қатарына, әсіресе электр энергиясын сатушы тарапынан елеулі әсер етеді. Жылу энергиясын жабдықтау ерекшелігі электр энергиясын пайдалану ережелерімен бірге бекітілген жылу энергиясын пайдалану ережелерімен анықталады. Сатып алушы (абонент) – бұл электрмен жабдықтау шартына отырған, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар желісіне электр қондырғыларын қосқан тұлға. Энергиямен жабдықтау шарты сатып алушыларға осындай ерекше талаптары арқылы сатып алу-сатудың басқа шарттарынан ажыратылады. Абонент (сатып алушы) болып жеке, сонымен катар заңды тұлғалар табылады.

Энергиямен жабдықтау-шартының нысанасы. Сатып алу-сату шартының нысанасы болып, электр немесе жылу қуаты табылады. Жалғанған желі арқылы тұтынушыларға берілетін кез келген заттар энергиямен жабдықтау шартының нысанасы болуы мүмкін деп есептейтін кейбір авторлар мен келісуге болмайды. Жекелеп алсақ, мұнай, мұнай өнімдері, су және басқа өнімдері болады.

Баға. Қазақстан Республикасында баға белгілеу бостандығы электр және жылу энергиясы нарығына да таралады. Мемлекеттік реттеуге монополиялық қызмет субъектілеріне баға белгілеу жатады. Бірқатар жағдайларда электр энергиясын жабдықтаушылар (таратушылар) және өндірушілерге Қазақстан Республикасының Табиғи монополия туралы Заңы қолданылуы мүмкін. Атап өткендей, электр энергиясынан алынатын (тұтынылатын) қуатқа байланысты бағалар екі ставкалық немесе бір ставкалық тариф бойынша анықталады. Екі ставкалық тариф энергиямен жабдықтаушы ұйым желісінің ең жоғары жүктемесіне қатысатын шарттық ең жоғары (максималды) қуаттың 1 кВт үшін төлемінен - негізгі ставкадан, тұтынушыға босатылған белсенді электр энергиясын 1 кВТ сағаты үшін төлем, яғни қосымша ставкадан тұрады. Шартта электр энергиясына жеңілдіктер (үстеме) белгіленуі мүмкін. Көтерме тұтынушылар-қайта сатушылар энергиямен жабдықтаушы ұйымдар және энергия көздерімен олардан сатып алынған барлық электр энергиясы үшін шартқа сәйкес қайта сатушылар үшін белгіленген ортақ бір ставкалык тариф бойынша есептеседі.

Энергиямен жабдықтау шартыныц мазмұны. Сатушы (энергиямен жабдықтаушы ұйым) абонентке энергия беруге міндетті. Бұл міндет жеткізілетін энергияның саны (қуаты), сапасы, сонымен бірге оны тарату тәртібі бойынша сұраныс арқылы нақтыланады. Жеткізілетін энергия саны электр энергиясын тұрмыстық тұтыну үшін тапсырмаған жағдайда мәнді болады, мұндай жағдайда ол тікелей шартпен анықталады. Энергиямен жабдықтаушы ұйыммен берілген және абонентпен қабылданған энергия саны оның нақты тұтынуымен сәйкес анықталады. Анықтау есеп аспаптарына сәйкес, ал ол болмағанда есептеу жолымен жүргізіледі.

Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергияны тұрмыстық тұтыну үшін пайдаланатын азамат абонент болған жағдайларда ол энергияны өзіне қажетті мөлшерде пайдалануға құқылы. Тауар өндірумен айналыспайтын электр энергиясын өндірістік тұтынуды талап ететін құрал-жабдықтарды пайдаланбайтын электр энергиясын тек әртүрлі ұйымдастыру техникаларының жұмысын жарақтандыру үшін пайдаланатын ұйымдар тұтынатын энергия саны бойынша тұрмыстық тұтынушылар құқығымен теңестірілуі қажет.

Энергиямен жабдықтау бойынша міндеттеме мәні энергияның абонентке үздіксіз берілу қажеттілігіне негізделеді. Толық мөлшерде бұл электр энергиясын тұрмыстық тұтыну шартына үйлесімді болып табылады. Тұтынушының өзіне қажетті көлемде электр энергиясын пайдалануға мүмкіндігі болатын болса, онда ол уақыт кезеңіне тәуелсіз тәулік бойы берілуі қажет. Энергия жабдықтаушы ұйымға кәсіпкерлік шарттың құқықтық тәртібінен бірқатар ерекше болып табылатын құқық беріледі. Егер сатушыда электр энергиясының қажетті саны болмаса, онда ол оны тарату тәртібін ұстап тұра алмайды. Электр энергиясын босатудың талап етілетін қуатының болмауы, сатушының шарт жағдайының сапасы бойынша сәйкес келмейтін энергияны таратуға мәжбүр болуына әкеледі. Электр энергиясын тұтынудың тәуліктік нормасының болуы оны таратудың тәртібіне әсер етеді ж.б.

Энергияны беру төмендегі жағдайлар бойынша тоқтатылуы мүмкін:

а) шартпен бекітілген мерзімге электр энергиясы үшін төлемнің болмауынан;

б) электрді тұтынудың шарттық мөлшерінде электр энергиясын жұмсаудың артуы немесе бекітілген электр тұтыну тәртібін бұзу;

в) электрмен жабдықтаушы ұйым желісіне тоқ қабылдағышты өз бетімен жалғау немесе қуатты бекітілген шарттан жоғары арттыру;

г) тоқ қабылдағыштарды есеп аспаптарынан қатыссыз жалғау немесе электр энергиясы есебінің схемасын бұзу;

д) электрмен жабдықтаушы ұйымдар және басқа тұтынушылардың электр қондырғыларының қалыпты жұмысын бұзушы мәнге дейін тұтынушы кінәсінен электр энергиясының сапа көрсеткіштерінің төмендеуі;

е) энергиямен жабдықтаушы ұйымның өкілдерін электр энергия есебі аспаптарына жібермеу.


Дата добавления: 2015-08-02; просмотров: 1458 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тауар жеткізілімі шарты| Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)