Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты

Комаров В.Ф. Аренда. Лизинг. Фирменный сервис. Новосибирск, 1991. | Мельников С.С. Страхование по законодательству РФ. М., 1998. | Білім бағалау критерийлері | Тақырып. «Айырбас және сыйға тарту шарты». | СОӨЖ ОРЫНДАУ КЕСТЕСІ | Кафедра меңгерушісі Өміржанов Е.Т. | Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері | Бөлшектеп сатып алу-сату шарты | Бөлшектеп сатып алу-сату шартының мазмүны | Тауар жеткізілімі шарты |


Читайте также:
  1. A) ол сыйға тарту шарты деп танылмайды, оған қулықпен жасалған мәмілелер туралы заң ережелері қолданылады
  2. A) тауар жеткізілімі шарты туралы ережелер
  3. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты
  4. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының мазмүны
  5. В) кәсіпорынды жалдау шарты
  6. В) мүлікті тегін пайдалану шарты
  7. Еңбек шарты жарамсыз деп танылады -сотпен

Кәсіпорынды сатып алу-сату шартының бір түрі болып табылады. Оның мазмұнының ерекшелігі кәсіпорынның мүліктік кешен ретіндегі ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Кәсіпорынды сату тәртібі Қазақстан Республикасы АК 493–500-баптарында белгіленеді, одан басқа кәсіпорындарды сату қатынастарына жекешелендіру туралы заңнама қолданылады.

Кәсіпорынды сату шарты бойынша сатушы тұтас алғанда кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алушының меншігіне беруге міндеттенеді, бұған сатушы басқа тұлғаларға беруге құқығы болмайтын құқықтар мен міндеттер косылмайды.

Кәсіпорынды сату шартының элементтері. Кәсіпорынды сатып алу-сату шартының тараптары болып сатушы және сатып алушы табылады, оларға азаматтық-құқықтық қатынастардың кез келген субъектілері - жеке және заңды тұлғалар жатады. Кәсіпорын кәсіпкерлік мақсаттарда пайдаланатын мүліктік кешен болатындығы осы құқықтық қатынастар қаты-сушыларының құрамына белгілі әсерін тигізу керек. Мысалы, жалпы тәртіп бойынша коммерциялық емес заңды тұлға кәсіпорын сатып алушы болмауы керек. Бұрын заңнамада кәсіпорынды сатып алушылар бір немесс өзге субъектілерге қатысты тікелей шектеу қойылмаған еді.

Кәсіпорынды мемлекет мүлкіне айналдыру жағдайында, мемлекеттік кәсіпорынды сатып алушы рөлінде болуы мүмкін. Осы жағдайда азаматтық құқықтар мен міндеттер күрделі заңдық құрамнан пайда болады. Теориялық көзқарастан мемлекеттік кәсіпорынның оған қажетті өндірісті (кәсіпорынды) жеке кәсіп-керлерден сатып алу мүмкіншілігі жоққа шығарылмайды. Сол сияқты, уәкілетті орган – мемлекеттің өкілі белгілі салада мемлекеттік кәсіпкерлікті ұйымдастыру мақсатында осындай тең құқықтылыққа, тепе-теңдікке негізделгсн құқықтық қатынастарға кірісе алады.

Кәсіпорынды сату шартының нысанасы (заты) сатып алу-сату шарттарындай кәсіпорынды сату шартының нысанасы оның елеулі жағдайы болады. Олар негізінде нысана (кәсіпорынды сату шартында) анықтамайтын тәртіптердің кейбір ерекшеліктері бар. Кәсіпорын күрделі зат болып табылғандықтан, оған ҚР АК 121-бабында көзделген күрделі зат құрамын анықтаудың тәртібі қолданылады. Шарттың тараптары қандай мүлік кәсіпорынның құрамына кіретіндігін өздері белгілеуге құқылы. Бірақ ақырында (анықтау нәтижесінде) мүлік кейбір заттар алынғанына қарамастан кешен болып қала беруі керек.

Кәсіпорын – дегеніміз жұмыс істеп тұрған өндіріс, немесе ол кішкентай жөндеуден, жинақтаудан кейін және т.б. жұмысқа қосылуы мүмкін болады. Егер тараптар жасалған сұрыптау нәтижесінде заттардың жиынтығы бөлшектенген мүлікке айналып кетсе, онда оған сатып алу-сатудың жалпы нормаларын қолдануға болады. Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына оның қызмет етуіне арналған мүліктің барлық түрлері, соның ішінде үйлер, ғимараттар, жабдықтар, құрал-саймандар, шикізат, өнімдер, жер учаскесі құқығы енеді, барлық аталған кәсіпорынньщ материалдык активтерін құрайды.

Мүліктік игіліктер болатын материалдық емес активтер (ҚР АК 115-бабы, 2-та.рмағы) дегеніміз – фирмалық атаулар, тауар белгілері қызмет көрсету белгілері және сатушыны оның өнімін дараландырудың өзге де құралдары. Осымен бірге оларға сатушының лицензия негізінде пайда болған құқықтары да жатады. Қазіргі жағдайларда кәсіпорынның құрамында шығармашылық (интеллектуалдық) қызметтің нәтижелеріне құқықтар (өнеркәсіптік меншік) және басқа да айрықша құқықтар маңызды орын алуы мүмкін.

Тиісті қызметпен айналысуға арнайы рұқсат (лицензия) беру негізінде алынған құқықтар, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, кәсіпорынды сатып алушыға ауыспауы тиіс. Кәсіпорынның құрамына борыштар кіруі мүмкін. Сондықтан кәсіпорынды сатуда дәстүрлі сатып алу-сатумен бірге өзінде борыш ауысуының элементі де бар. Әрине, бұүл айтылған шартты жасасу тәртібіне де әсерін тигізеді (ҚР АК 496-бабы).

Тараптар шарт арқылы міндеттерін орындау және құқықтарын жүзеге асыру үшін кез келген мерзімдерін бекітуі мүмкін. Кәсіпорынды сату шарты жазбаша түрде жасалуы тиіс. Кәсіпорынды сату шарты мемлекеттік тіркелуге тиіс, тіркелген кезінен бастап жасалған болып есептеледі. Мемлекеттік тіркеудің талабын орындамау кәсіпорынды сату шартының жарамсыздығына әкеп соғады.

Сатушы кәсіпорынның құрамына кіретін мүліктің барлығын, әрбір жеке заттарға немесе мүліктік объектілерге заңмен немесе шартпен койылатын талаптарын сақтап беруге міндетті. Сондықтан, кәсіпорынның жиынтығына қойылатын талаптар бар болатынын айта аламыз.

 

 


Дата добавления: 2015-08-02; просмотров: 1209 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Энергиямен жабдықтау шарты| Рента және өмір бойы асырауда ұстау шарттарының жалпы ережелері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)