Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Зертханалық жұмыс №6. Индекстер.

Тапсырма №1 | Тапсырма №2 | Зуртханалық жұмыс №2. Кесте құрылымы. | Ескерту | Ескерту | Ескертпе | Ескертпе | Зертханалық жұмыс №7. Сұраныстар шебері. | Ескерту | Зертханалық жұмыс №8. Сұраныстар құрастырушысы. |


Читайте также:
  1. ақылау жұмысы. Кеден ісі. Өткен грамматикалық тақырыптарды қайталау.
  2. ауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулардың есебі.
  3. Басқа жұмысқа ауыстыру болып табылмайды-қызметкерді уақытша басқа жұмыс орнына ауыстыру
  4. В) жұмыс орны мен тұрғын жайы белгілі мұрагерлерді хабарландыруға
  5. Денсаулық жағдайы бойынша басқа жұмысқа уақытша ауыстыру мерзімі -бір ай
  6. ертханалық жұмыс № 2
  7. ертханалық жұмыс № 3

Контактілер кестесіндегі нақты адам туралы деректерді іздеуді тездету үшін жазбаларды алфавит бойынша сұрыптау ыңғайлы. Сұрыптауды фамилия өрісі бойынша орналастыру үшін келесі қадамдарды орындаңыз.

1. Деректер қоры терезесіндегі контактілер кестесінің белгісіне шертіңіз.

2. Ашу батырмасын шерту арқылы кестені редакторлау режимінде ашыңыз.

3. Кесте терезесінде бағанды белгілеу үшін фамилия тақырыбына шертіңіз.

Сурет 1.15. Фамилияларды алфавит бойынша сұрыптау.

4. Өсуі бойынша сұрыптау (Sort Ascending) батырмасына шерту арқылы кестенің фамилия бағанының жазбаларын алфавит бойынша реттейсіңіз (сурет 1.15).

5. Кестеге Петров фамилиясымен тағы бірнеше адамды толтырыңыз. Мысалы, Петров Василий, Петров Николай және Петров Игорь. Жазбаларды көрсетілген ретпен қосыңыз.

6. Сұрыптауды жаңарту үшін контактілер кестесінің терезесін жауып кестені қайта ашыңыз. Жазбалар 1.16.-суретте көрсетілгендей орналасады.

Сурет 1.16. Бірдей фамилиялы бірнеше адам.

Фамилиялар алфавит бойынша орналасқан, бірақ адамдар аттары тәртіпсіз орналасқан. Егер кестеде Петров фамилиясымен бірнеше жүздеген адам болғанда, онда қажетті адамды іздеу күрделенген болар еді. Сұрыптауды бірден бірнеше өрістер бойынша орындау үшін күрделі индекстерді қолдану қажет болады. Оны баптау келесі әрекеттер арқылы орындалады.

7. Түр батырмасына шерту арқылы құрастырушы режиміне өтіңіз.

8. 1.17.-суретте көрсетілгендей контактілер кестесінің индекстер терезесін ашу үшін құрал-саймандар панеліндегі Индекстер (Indexes) батырмасына шкртіңіз. Индекстер терезесінде индекстеу орындалатын индекс аты, өріс аты бағандарымен тізім және сұрыптау режимі (өсуі немесе кемуі бойынша) бар. Кестелер шебері өнеркәсіп аты, фамилия және PrimaryKey аттарына сәйкес индекстер қосып, контактілер кестесін құру барысында үш өріс: өнеркәсіп аты, фамилиясы, код_контактілері бойынша индекстеген болатын. Соңғы үш индекс кестенің жазбаларын индентификациялайтын кілт болып табылады. Барлық индекстер тек бір өріс бойынша сұрыптау жүргізетін қарапайым индекстер. Бірдей фамилиялы жазбаларды алфавит бойынша орналастыру үшін имя өрісі бойынша сұрыптау шартына қосып, фамилия индексін модификациялау қажет. Ол үшін келесі қадамдарды орындаңыз.

Сурет 1.17. Индекстер

9. Фамилия индексінің төменгі жолында орналасқан жолға тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз.

10. Бір бос жолды қосу үшін жанама мәзірден жолдар қосу (Insert Rows) бұйрығын таңдаңыз.

11. Жаңа жолдағы өріс аты ұяшығының ашылмалы тізім батырмасына шертіңіз.

12. Имя бөлімін таңдаңыз. Реттеп сұрыптау (Sort Order) бағанында өсуі бойынша (Ascending) нұсқасы автоматты түрде пайда болады.

Сурет 1.18. Екі өріс бойынша сұрыптау.

Өріс аттарының берілген индексте реттеу жүргізілетін индекстерді баптау терезесінде индекс атымен және оның төменгі жолында Индекс (Index Name) бос ұяшығымен жолдардың кему бойынша реттелуі орналасады. Яғни бірінші берілген индекстен жоғары орналасқан өрісі бойынша сұрыптау орындалады. Бір индексте 10 өріске дейін қолдауға болады. Осылайша, енді фамилия индексі жазбаларды бірінші фамилия бойынша сосын аты бойынша алфавитпен реттестіреді.

13. Индекстер терезесін жабыңыз.

14. Кестелерді редакторлау режиміне өту үшін Түр батырмасына шертіңіз.

15. Кестені сақтау қажеттілігі туралы сұранысқа ИЯ деп жауап беріңіз. Енді аттар 1.19-суретте көрсетілгендей алфавит бойынша тұрғызылды. Бұған дейін фамилия өрісі бойынша сұрыптау бапталған болатын (яғни фамилия индексі бойынша, нгізгі өріс фамилия болып табылады), сізге оны қайта баптаудың да қажеті жоқ. Индекстерді түрлендіру автоматты түрде аттарды реттеуге әкеледі.


Дата добавления: 2015-08-02; просмотров: 124 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Зертханалық жұмыс №5. Өрістер параметрлері.| Бақылау жаттығулары.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)