Читайте также: |
|
Ақтау 2013 жыл
Зертханалық жұмыс №1. Кестелер шебері.
Жұмыс мақсаты: деректер қорында кестелерді шебер көмегімен құруды, олардың құрлымын беруді, өрістер типін таңдауды және олардың қасиеттерін басқаруды үйрену.
Кестелер шебері көмегімен деректердің көп кездесетін құрлымын құруға болады. Кестелердің құрлымын жаңадан құрмас бұрын кестелер шеберінің стандартты шаблонының бірін қолдануға болатынын ойлаңыз. Бұл уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, сіз байланыста жүрген адамдар тізімін сақтауға арналған деректер кестесін құру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз.
Тапсырма №1
1. Келесі бұйрықтар көмегімен Microsoft Access бағдарламасын іске қосыңыз, Пуск > Программы (Start > Programs).
2. Пайда болған тапсырмалар аумағы қосымшасының Создание файл (New File) терезесіндегі Создание (New) бөліміндегі Новая база данных (Blank Access Database) пунктіне шертіңіз (сурет 1.1).
Жаңа деректер қоры сұқбат терезесі ашылады (File New Database).
Сурет 1.1. Microsoft Access терезесі
3. Жаңа деректер қорын орналастыру үшін Мои документы (My Documents) бумасын таңдаңыз. Имя файла (File Name) өрісіне Контактілер атын енгізіңіз. Сосын Создать (Create) батырмасын шертіңіз.
4. Кестелер (Tables) батырмасын шертіңіз.
5. Кестелер шеберін іске қосу үшін Шебер көмегімен кесте құру (Create Table By Using Wizard) белгісін екі рет шертіңіз.
Шебердің бірінші терезесінде, сурет 1.2. көрсетілгендей, сәйкес келетін құрылымды көрсетіп, ондағы қажетті өрістер жиынын таңдау қажет.
6. Іскер (Business) қосқыш күйін таңдаңыз.
7. Кестелер үлгісі (Sample Tables) тізімінен Контактілер (Contacts) пунктін таңдаңыз.
8. Аты (FirstName) пунктіндегі тізімнен Өрістер үлгісі (Sample Fields)-не шертіңіз.
9. Оңға қарай бағыттауыш көрсетілген батырманы шертіп таңдалған өрістерді құрылып жатқан кесте құрлымына қосыңыз.
10. 8 және 9 қадамдарды қайталай отырып, Жаңа кесте өрістері (Fields In My New Table) тізіміне мынаөрістерді қосыңыз: Тегі (LastName), Мекен-жайы (Address), Өнеркәсіп аты (Company Name) және Жұмыс телефоны (WorkPhone).
11. Әріқарай (Next) батырмасын шертіңіз.
12. Шебердің екінші терезесіндегі өрісте кесте атының ролін атқаратын Контактілер сөзін енгізіңіз. Сосын Әріқарай батырмасын шертіңіз.
Сурет 1.2. Кестелер құру шебері.
13. Шебердің үшінші терзесінде Дайын (Finish) батырмасына шертіңіз. Шебер кестені құрып, оны деректерді енгізу режимінде ашады.
Назар аударыңыз: шебердің екінші терезесінде Microsoft Access қосқышы кілтті атоматты түрде анықтау (Yes, Set A Primary Key For Me) күйінде қалғандықтан Access кестеге жазбалар идентификаторының қызметін атқаратын қосымша Код_ Контактілер кілттік өрісін қосады.
Деректер кестесі электрондық кесте парағына ұқсас, бірақ өлшемі шектелген. Оның жолдар жазбалар санына қарағанда бір бірлікке көп (соңғы бос жол жаңа жазба енгізу үшін арналған), ал бағандар саны жазбадағы өрістер санына тең. Кесте бағандарының тақырыптары кестелерді құруда шеберді пайдалану арқылы түрлендірілген өрістер аттарымен сәйкес келеді.
Дата добавления: 2015-08-02; просмотров: 112 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
у фашизма? | | | Тапсырма №2 |