Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Зертханалық жұмыс №5. Өрістер параметрлері.

Тапсырма №1 | Тапсырма №2 | Зуртханалық жұмыс №2. Кесте құрылымы. | Ескерту | Ескерту | Ескертпе | Бақылау жаттығулары. | Зертханалық жұмыс №7. Сұраныстар шебері. | Ескерту | Зертханалық жұмыс №8. Сұраныстар құрастырушысы. |


Читайте также:
  1. ақылау жұмысы. Кеден ісі. Өткен грамматикалық тақырыптарды қайталау.
  2. ауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулардың есебі.
  3. Басқа жұмысқа ауыстыру болып табылмайды-қызметкерді уақытша басқа жұмыс орнына ауыстыру
  4. В) жұмыс орны мен тұрғын жайы белгілі мұрагерлерді хабарландыруға
  5. Денсаулық жағдайы бойынша басқа жұмысқа уақытша ауыстыру мерзімі -бір ай
  6. ертханалық жұмыс № 2
  7. ертханалық жұмыс № 3

Деректер қорында әртүрлі ақпараттарды сақтауды қамтамасыз ету үшін Access 1.1-кестеде келтірілгендей деректер типінің үлкен жиынын ұсынады.

КЕСТЕ 1.1. Деректер типі

Тип аты Тағайындамасы
Мәтіндік (Text) Ұзындығы 255 символға дейінгі мәтін.
MEMO өрісі (Memo) Ұзындығы 65 000 символға дейінгі мәтін.
Сандық (Number) Әртүрлі форматтаға сандар.
Мерзім/уақыт (Date/Time) Мерзім және/немес уақыт.
Ақшалай (Currency) Әртүрлі форматтағы ақшалай мәндер.
Санауыш (AutoNumber) Әрбір жаңа жазба қосылғанда автоматты түрде бір бірлікке өсіп отыратын санауыш.
Логикалық (Yes/No) Тек екі мәнді қабылдайтын ұзындықтар: ия/жоқ немесе 1/0.
OLE объектісінің өрісі (OLE Object) Сурет, дауыс және басқа типтегі деректерді қоюға мүмкіндік беретін өрістер.
Гиперсілтеме (Hyperlink) Web-бетшелерді, басқа қосымша файлын немесе Access объектілерін (кесте, форма, сұраныс және т.б.) ашуға мүмкіндік беретін сілтемелер.

Контактілер тізімімен жұмысты барынша өнімді ету үшін кейбір өрістердің типтерін өзгерту қажет.

1. Деректер қорының терезесіндегі Тізім кестесін ерекшелеп терезенің жоғарғы бөлігінде орналасқан Құрастырушы (Design) батырмасына шертіңіз. Таңдалған кесте құрастырушы режимінде ашылады.

2. Контактілерді суреттеу айтарлықтай ұзын болуы мүмкін, ал мәтіндік өрістің ұзындығы 256 символмен шектеледі. Сондықтан суреттеу өрісінің типін МЕМО өрісіне өзгертіңіз.

3. Мерзім өрісіне шертіңіз.

Сурет 1.13. Форматты таңдау.

4. Контактілер мерзімдерін оқу ыңғайлы болу үшін 1.13-суретте көрсетілгендей формат (Format) өрісінің ашылмалы тізімінен мерзімнің ұзын форматын (Long Date) таңдап, оның бейнелену форматын өзгертіңіз.

Құрастырушы терезесінің жалпы (General) жапсырмасында деректер типінен және бейнелену форматынан басқа деректерді енгізу әдісіне әсер ететін өрістің бірнеше қосымша параметрлерін баптауға болады. Егер пайдаланушы бұл өріске ешқандай дерек жазбаса, суреттелген өріс жаңа жазбаға жазыла беретін үнсіздік бойынша келісім мәндер (Default Value) параметрін береді. Егер сіз контактілер тізімін жиі жаңартып тұратын болсаңыз, онда контактілер мерзімі ағымдағы мерзіммен сәйкес келетін болады. Ақпаратты енгізуді сұрайтын болсақ, мерзім өрісі үшін үнсіздік бойынша мәнге ағымдағы мерзімді беруге болады.

5. Ағымдағы мерзімді қайтаратын Date() функциясын үнсіздік бойынша мәнді (Default Value) өріске енгізіңіз. Кейбір жағдайда өрістің деректер типін ғана беруді талап етіп қоймай, сонымен бірге кейбір интервалдар немесе таңдаудың күрделірек ережелерінің мүмкін мәндерін шектеу қажет болады. Мұндай ереже мәндерге шарт қою (Validation Rule) өрісіне енгізіледі. Айталық, сіз 1999 жылдың 1-қаңтарынан кейінгі құралған контактілердің барлығы тізімге енгізілетінін анық білесіз. Қателіктен сақтану үшін Access-ке қате мерзімнің енгізілгені туралы сізге хабарлап тұруын беріп қоюға болады. Ол үшін келесі қадамдарды орындаңыз.

6. Мәндерге қойылатын шарт өрісіндегі өрнек құрастырушы батырмасына шертіңіз. Сұхбат терезесі ашылады. Анықталған параметрлер мәндеріне немесе тапсырма шарты үшін Access математикалық амалдардың және функциялардың үлкен жиынын ұсынады. Өрнек құрастырушы Access функцияларының көп түрлілігіне бейімделуіне көмектеседі. Өрнек құрастырушының жоғарғы айналмалы өрісі құрастырмалы мәндерден тұрады. Оны мәтінді редакторлау жолымен, құрастырушылар тізімінен және басқа да батырмалар көмегімен өзгертуге болады.

7. Мерзім жазбасы 1999 жылдың 1-қаңтарынан үлкен болуы қажет. Сондықтан, қажетті шартты қосу үшін > батырмасына шертіңіз.

Енді салыстыру орындалатын мерзімді көрсету қажет. Ол үшін Access форматындағы жолдық тұрақтыны мерзімге түрлендіретін арнайы функцияны пайдалану қажет.

8. Өрнек құрастырушының сол жақ тізіміндегі Функциялар (Functions) бумасына екі рет шертіңіз.

9. Access-тің стандартты функцияларын шығару үшін құрама функциялары (Built-in Function) бумасына шертіңіз.

10. Орташа тізімнен Мерзім/уақыт категориясын таңдаңыз.

11. Функция атына DateValue екі рет шерту арқылы оны мәндер өрісіне қосыңыз. «stringexpr» аргументінің «толтырылу орны» орнына нақты мерзімді жолдық форматта енгізу керек.

12. Мәндер өрісіне шерту арқылы «stringexpr» мәтінін ерекшелеңіз, сосын «1.1.99» теріңіз.

13. ОК батырмасына шертіңіз.

Сурет 1.14. Мерзім өрісінің параметрлері.

14. Қателік туралы хабарлама (Validation Text) өрісіне 1999 жылдың 1-қаңтарынан бұрынғы мерзімді енгізу барысында шығатын «дұрыс емес мерзім» мәтінін енгізіңіз. Мерзім өрісінің нәтижелік параметрлер жиынтығы сурет 1.14. көрсетілген.

15. Құрастырушы терезесін жабу батырмасын шертіңіз. Кесте құрылымын жаңартуға сұраныс терезесіндегі ИЯ батырмасына шертіңіз. Мерзім өрісінің мәндеріне шарттар қосуына байланысты Access кесте жазбаларында осы өрістің құрамының бар екенін тексерудің қажеттілігін сұрайды. Тексеруді орындамау үшін Жоқ (No) батырмасына шертіңіз.

Енді деректер қорының жұмыс тәртібіне орнатылған параметрлердің әсерін үйренейік.

16. Деректер қорының терезесіндегі тізім кестесні ерекшелеп ашу (Open) батырмасына шертіңіз. Енді барлық мерзімдер ұзын форматта бейнеленіп, ал жаңа жазба жолында ғы мерзім ұяшығында ағымдағы мерзім автоматты түрде шығатын болады.

17. Мерзім ұяшығының екінші жолына шертіп, оның құрамын 19.11.95-ке өзгертіңіз және келесі өріске өту үшін Tab пернесін басыңыз. Қойылған шартқа қайшылық келтіретін модификацияланған мерзім 1999 жыл 1-қаңтардан асып кететін болғандықтан Access ағымдағы ұяшықтан меңзерді алып тастатпайды және сіз енгізген хабарлама өрісінде 14 қадамдағы кесте құрастырушысының қателігі туралы мәтіндік хабарлама терезесін ашады. Мұндай хабарлама сіз мерзімді жөндегеніңізше шыға беретін болады.

18. ОК батырмасына шертіңіз.

19. Мерзімді 19.11.00 өзгертіңіз.

20. Тізім кестесін жабыңыз.


Дата добавления: 2015-08-02; просмотров: 113 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ескертпе| Зертханалық жұмыс №6. Индекстер.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)