Читайте также: |
|
Берілген байланыс қарапайым және кілттік өрістерді байланыстырып тұр. Бұл байланыс «бірі-көбіне» түріндегі ьайланыс, яғни контактілер кестесінің бір жазбасына тізім кестесінің бірнеше жазбасы сәйкес келуі мүмкін, керісінше емес.
Сурет 1.10. Деректер схемасы.
Тәжірибе жүргізу үшін байланысты жойып, оны қайта құрып көрейік.
2. Байланыс сызығына шерту арқылы белгілеңіз.
3. Delete пернесін басыңыз. Жауап ретінде пайда болған сұраққа ия батырмасына шертіңіз. Байланыс жойылады.
4. Тышқан көрсеткішін контактілер кестесінің Код_Контактілер бөліміне орнатыңыз.
5. Тышқан батырмасын басып тұрып тышқан көрсеткішін тізім кестесінің Код_Контактілер өрісіне тасымалдаңыз.
6. Ашылған сұқбат терезедегі Құру батырмасына шертіңіз. Байланыс қайта пайда болады.
Байланыс параметрлерін орнату үшін келесі қадамдарды орындаңыз.
7. Байланыс сызығына екі рет шертіңіз. Сурет 1.11. көрсетілгендей сұқбат терезе ашылады.
Сурет 1.11. Байланыс параметрлері.
Дата добавления: 2015-08-02; просмотров: 89 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Ескерту | | | Ескертпе |