Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Зуртханалық жұмыс №2. Кесте құрылымы.

Тапсырма №1 | Ескерту | Ескертпе | Ескертпе | Зертханалық жұмыс №5. Өрістер параметрлері. | Зертханалық жұмыс №6. Индекстер. | Бақылау жаттығулары. | Зертханалық жұмыс №7. Сұраныстар шебері. | Ескерту | Зертханалық жұмыс №8. Сұраныстар құрастырушысы. |


Читайте также:
  1. ақылау жұмысы. Кеден ісі. Өткен грамматикалық тақырыптарды қайталау.
  2. ауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулардың есебі.
  3. Басқа жұмысқа ауыстыру болып табылмайды-қызметкерді уақытша басқа жұмыс орнына ауыстыру
  4. В) жұмыс орны мен тұрғын жайы белгілі мұрагерлерді хабарландыруға
  5. Денсаулық жағдайы бойынша басқа жұмысқа уақытша ауыстыру мерзімі -бір ай
  6. Департаментінің статистикалық ақпараттарды тарату кестесі
  7. ертханалық жұмыс № 2

Тапсырма 1-де сіз байланыс жасайтын адамдардың деректерін сақтау үшін кесте құрылған болатын. Енді құрастырушы көмегімен деректер қорына бірінші кестедегі адамдармен байланыстың барлық жағдайларын көрсететін жазбалар үшін арналған тағы да бір кестені қосайық.

1. Деректер қорының терезесі (Database Window) батырмасына шерту арқылы деректер қорындағы кестелер тізіміне өтіңіз.

2. Құрастырушы режимінде кесте құру (Create Table In Design View) белгісіне екі рет шертіңіз. Құрастырушы терезесі сурет 1.4.-те көрсетілгендей екі бөлімнен тұрады. Жөғарғы бөлігінде кесте өрістерінің тізімі, ал төменгі бөлікте белгіленген өрістің қасиеті көрсетіледі.

3. Жаңа өріс атының рөлін ойнайтын Дата сөзін енгізіңіз.

4. Өрістер тізімінің бірінші жолындағы деректер типі (Data Type) ұяшығына шертіңіз. Мұнда деректердің құрлымын және өлшемін анықтайтын өріс типін таңдау қажет.

Сурет 1.4. Кестелер құрастырушысы.

5. Деректер типі ұяшығының жинақталған тізім көрсеткішіне шертіп уақыт/мерзім (Date/Time) бөлімін таңдаңыз.

6. Tab пернесін басып, байланыс мерзімі өрісінің тағайындамасын ашудың шифрін енгізіңіз. Мұндай түсіндірмелерді енгізу міндетті емес, оларды жазып отыру кесте құрлымын тез түсінуге көмектеседі.

7. Өріс аты (Field Name) бағанының екінші ұяшығына шертіп суреттеу атын енгізіңіз.

8. Екінші өріс үшін мәтіндік (Text) типін беріңіз.

9. Сурет 1.4. –пен сәйкесінше өріс тағайындамасын көрсетіңіз.

Деректер кестесі мерзіммен байланыс анықтамасынан басқа сіз кіммен байланыста болғаныңыз туралы ақпаратты да қамтуы тиіс. Адамдар тізімі Контактілер кестесінде сақталады, жаңа кестеге олардың тегімен атын қайта толтырудың қажеті жоқ, Бар болғаны Контактілер кестесінің бір жазбасына сілтеме қосу жеткілікті. Бұл сілтеме контактілер кестесінің жазбаларына сәйкес келетін Код_Контактілер өрісінің мәніне тең санды құрайтын сандық тип болады.

10. Типі сандық (Number) болатын Код_Контактілері атымен тағы да бір өрісті қосыңыз.

Енді кесте жазбаларын бірмәнді идентификациялайтын индекстелген өріс қосып, оны кілттік ету қажет. Индекстелген өрістер немесе индекстер қарапайым өрістерден ерекшеленеді, Access оларға тез сұыптауды орындауға және индекстелген өрістер мазмұны бойынша іздеуге мүмкіндік беретін арнайы тізімдер құрады. Кестеде бірнеше индекс болуы мүмкін. Кілт — бұл жазбаларды идентификациялайтын арнайы индекс. Бұндай өрістің мәндері бірегей болуы қажет. Кілттік өрістің болуы міндетті емес, бірақ кілттік өріс болмаған жағдайда Access ол туралы хабарлап, автоматты түрде оны қосуды ұсынады.

11. Өріске Кілт қосып, оған санауыш (AutoNumber) типін беріңіз. Деректердің мұндай типі пайдаланушыларды кілттік өріс мәндерін енгізу қажеттілігінен құтқарады және бірдей мәндердің генерациясын көрсетеді.

12. Кілт жолының екпінділігін сақтай отырып, кілттік өріс (Primary Key) батырмасына шертіңіз. Осы жолдың батырмасында өрістің ерекше статусын көрсететін кілт белгісі пайда болады.

13. Құрастырушы терезесінің жабу батырмасына шертіңіз.

14. Access кесте құрылымын сақтау қажеттілігін сұрайды. Жауап ретінде ИЯ батырмасына шертіңіз.

15. Ашылған сұхбат терезеге Тізім атын енгізіңіз (сурет 1.5.).

Сурет 1.5. Кесте атын енгізу

16. ОК батырмасына шертіңіз.


Дата добавления: 2015-08-02; просмотров: 93 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тапсырма №2| Ескерту

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)