Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

5 страница

1 страница | 2 страница | 3 страница | 7 страница | 8 страница | 9 страница | 10 страница | 11 страница | 12 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

* +Көптеген перифериялық нервтердің зақымдалуы

* Перифериялық нервтердің зақымдалуы

* Бұлшықеттің зақымдалуы

* Жұлынның зақымдалуы

* Сүйек және буындардың зақымдалуы

278. Қабылдауға 9 жасар бала жылдам ретсіз қимылдарға, ол оны бақылай алмауына шағымданып қаралды. Объективті: қарауға адекватты жауап береді, жүктемесіз жүретін және стереотиптіліктен айырылған жылдам ретсіз қимылдар анықталады. Оған бет және аяқ қолдардың бұлшықеттері қатысады. Бұлшықет тонусы төмендеген. Қандай гиперкинез ең ықтимал?

* Атетоз

* Гемибаллизм

* +Хореялық гиперкинез

* Миоклониялар

* Торсионды дистония

279. Бала 8 жаста. 3-күн бойы дене қызуының 39°С жоғарылауы анықталады. Одан кейін білезік пен табанында ауру сезімі мен әлсіздігі пайда болған. Қабылдау бөлімшесіне жеткізілді, қарау кезінде объективті жағдайы қанағаттанарлық. Соматикалық статусы өзгеріссіз. Неврологиялық статусында менингеальды белгілер жоқ, бас ми иннервациясы өзгеріссіз. Аяқ қолдың дистальды бөлімінің күшінің төмендеуі, ондағы қимыл шектелген, бұлшықет гипотониясы, аяқ қолдағы сіңірлік және периостальды рефлекстер төмендеген. Дистальды тип бойынша аяқ пен қолдағы гипестезия. Нервттік баған пальпация кезінде ауру сезімімен. Білек пен табанның әлсіз гипергидрозы. Келесі диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

* +Инфекционно-токсикалық полиневрит (тұмаудан кейін);

* Инфекционды полиневрит

* Токсикалық полиневрит (тұмаудан кейін);

* Полимиозит

* Миопатия

280. 12 жасар қыз, бетінің оң жартысындағы күйдіретін ауру сезіміне, басымырақ жоғарғы және төменгі жақ аймағында. Тұмаудан кейін сол жағының төменгі аймағында ұстама тәрізді ауру сезімі пайда болған, ұзақтығы 2-3 сек. Ұстамалар сөйлеу кезінде, шайнау кезінде, жуынғанда күшейеді. Неврологиялық статусында: ауру сезімі оң жақты ІІ нервтің III бұтағының шығу нүктесінде, мұрын қанатының қуысында(курковая зона),оң жақты ауыз шырышында. Басқа неврологиялық симптоматика жоқ.

Қандай топикалық диагноз ең ықтимал?

* +Үшкіл нервтің оң жақты II және III тармақтарының тітіркенуі;

* Үшкіл нервтің оң жақты I және III тармақтарының тітіркенуі;

* Үшкіл нервтің оң жақты III тармағының тітіркенуі;

* Үшкіл нервтің оң жақты II тармағының тітіркенуі;

* Үшкіл нервтің оң жақты I тармағының тітіркенуі;

281. Бала 11 жаста құлақ маңының аймағындағы ауру сезіміне, жас ағуға, оң жақты дыбыстарды қабылдаудың күшеюіне, беттің асимметриясына шағымдалып қаралды. Анамнезінен: Ауруы кенеттен басталған, суықтанумен байланыстырады. Объективті: көз қатпары симметриясыз D>S, оң жақты «қоянкөз» симптомы, оң жақты «кірпік» симптомы, маңдайы қатпарланбаған, оң жақты қасын тұнжырата алмайды. Оң жақты мұрын ерін қатпары тегістелген, ауыз бұрышын аша алмайды, оң жағын үрлей алмайды. Оң жақты қасүстілік және корнеальды рефлекстер төмендеген. Оң жақ көзінен жас ағудың күшеюі.

Қандай нерв зақымдалған?

* Үшкіл нерві

* Тіласты нерві

* +Бет нерві

* Тілжұтқыншақ нерві

* Шүйде нерві

282. Қыз 14 жаста. Анасының айтуы бойынша, қызда 6 жасынан бастап есінің тануымен ұстамалар пайда болған, тілін тістеуімен, тонико-клоникалық тырысулар еріксіз зәршығаруымен. Бұл үстамалар айына 1,5-2 рет қайталанады. Науқастың әкесінде аналогиялық ұстамалар байқалады. Неврологиялық статусында ошақты симптоматика анықталады. Соматикалық сау. Бас рентгенограммасы патологиясыз. Көз түбі қалыпты. Көрсетілген ұстамалардың қайсысы науқаста ең дұрыс болып табылады?

* +Генерализденген

* Тырысу ұстамалары

* Абсанстар

* Кіші ұстама

* Истерия

283. Қабылдау бөліміне 9жасар бала солға және тіке қарау кезіндегі екі еселенуге шағымданып қаралды.

Объективті: қарашықтың жарыққа реакциясы жойылған (тікелей және қосарланған) және аккомодация, мидриаз, айқаспалы қылилық, ішке және жоғары, төмен қарағандағы көз алмасының қозғалысының шектелуі анықталады. Қандай нервтің зақымдалуы ең ықтимал?

* Оң көру нерві

* +Оң көзқозғалтқыш нерв

* Сол көзқозғалтқыш нерв

* Сол көру нерві

* Сол алып кетуші нерв

284. 10 жасар баланы қабылдауға алып келді. Анасының айтуы бойынша, қызда 6 жасынан бастап есінің тануымен ұстамалар пайда болған, тілін тістеуімен, тонико-клоникалық тырысулар еріксіз зәршығаруымен. Бұл үстамалар айына 1,5-2 рет қайталанады. Науқастың әкесінде аналогиялық ұстамалар байқалады. Неврологиялық статусында ошақты симптоматика анықталады. Соматикалық сау. Бас рентгенограммасы патологиясыз. Көз түбі қалыпты. Патологиялық ошақ қайда орналасқан?

* +Самай және маңдай аймағының медио-базальды бөлімдерінде

* Самай бөлімінде

* Маңдай бөлімінде

* Төбе бөлімінде

* Шүйде бөлімінде

285. Қыз 9 жаста. Анасының айтуы бойынша, қызда 6 жасынан бастап есінің тануымен ұстамалар пайда болған, тілін тістеуімен, тонико-клоникалық тырысулар еріксіз зәршығаруымен. Бұл үстамалар айына 1,5-2 рет қайталанады. Науқастың әкесінде аналогиялық ұстамалар байқалады. Неврологиялық статусында ошақты симптоматика анықталады. Соматикалық сау. Бас рентгенограммасы патологиясыз. Көз түбі қалыпты. Сіздің ең ықтимал клиникалық диагнозыңыз қандай?

* Эпилепстикалық статус

* Тырысу синдром

* +Эпилепсия, тырысу ұстамасы

* Абсанс

* Талма

286. Қабылдау бөліміне 8 жасар бала қаралды, жыл бойына бас ауруына шағымданады. 3 ай бұрын бетінің оң жақ жартысында және оң қолында тырысу ұстамалары пайда болған. Неврологиялық статусында: науқас тежелген, әлсіз. Мұрын ерін қатпарй оң жақты тегістелген, тілі оңға қисайған, оң қолының жеңіл центральды салдануы. Көз түбінде көру нервінің емізікшесінің бастапқы тоқыраулық көріністері анықталады. Көрсетілген ұстамалардың қайсысы балада анықталады?

* +Моторлы

* Екіншілік –жайылмалы сенсорлы

* Парциальды джексондық моторлы

* Сенсорлы

* Роландиялық

287. Қабылдау бөлімшесіне 10 жасар бала даусының өзгерісіне шағымданып қаралды (даусы мұрын реңкімен), тек ботқа тәрізді тамақты жұтынады, өйткені сұйық тамақ ішу қинайтын жөтел мен шашалуға алып келеді. Анамнезінен: дене қызуының 40о градусқа жоғарылаған . 3 аптадан кейін жоғарыда келтірілген симптомдар пайда болған.

Объективті: сөйлеуі қатаң, түсініксіз мұрнымен сөйлеу. Тілдің қозғалысы жедел шектелген, тіл бұлшықетінің атрофиясы мен фибриллярлы дірілдеуі анықталады. Жұмсақ таңдайы қимылсыз, тамақты жұту кезінде шашалады. Жұмсақ таңдайдан төменжақты, жұту рефлекстері анықталмайды. Қандай топикалық диагноз ең ықтимал?

* +Тілжұтқыншақ, кезбе және тіласты нервтердің ядроларының зақымдалуы

* Үшкіл және бет нервінің ядроларының зақымдалуы

* Бет, тіласты және тілжұтқыншақ нервтерінің ядроларының зақымдалуы

* Кезбе, диафрагмальды және қосымша нервтердің ядроларының зақымдалуы

* Көзқимылдатқыш, кезбе және бет нервінің ядроларының зақымдалуы

288. Бала 6 жаста, жыл бойына бас ауруына шағымданады. 3 ай бұрын бетінің оң жақ жартысында және оң қолында тырысу ұстамалары пайда болған. Неврологиялық статусында: науқас тежелген, әлсіз. Мұрын ерін қатпарй оң жақты тегістелген, тілі оңға қисайған, оң қолының жеңіл орталық салдануы. Көз түбінде көру нервінің емізікшесінің бастапқы тоқыраулық көріністері анықталады. Патологиялық ошақ қайда орналасқан?

* Сол жақты алдыңғы орталық иірілімде

* +Сол жақты алдыңғы орталық иірімнің төменгі бөлімінде

* Артқы сол постцентральды иірілімде

* Медибазальды иірілімде

* Маңдай иірілімінде

289.Бала 10 жаста, жыл бойына бас ауруына шағымданады. 3 ай бұрын бетінің оң жақ жартысында және оң қолында тырысу ұстамалары пайда болған. Неврологиялық статусында: науқас тежелген, әлсіз. Мұрын ерін қатпары оң жақты тегістелген, тілі оңға қисайған, оң қолының жеңіл орталық салдануы. Көз түбінде көру нервінің емізікшесінің бастапқы тоқыраулық көріністері анықталады. Қандай клиникалық диагноз ең ықтимал?

* +Бас миының ісігі

* Эпилепсия

* Бас миының гематомасы

* Аневризма

* Энцефалит

290. Науқас 12 жаста, дәрігерге бас ауруына, оның ертеңгілік уақытта күшеюіне, кейде құсумен кездесетініне шағымданып қаралды. Соңғы уақыттарда көруінің нашарлауы жүрісінің тұрақсыздығы пайда болған. Анамнезінен белгілі болғандай, бас ауруы бірнеше ай бойы мазалайды, күшейіп және соңғы аптада тұрақты болған. Неврологиялық статусында: солға қарағанда ірі керілген горизонтальды нистагм; сол аяқ қолының гипотониясы мен дизметриясы. Көз түбінде: көру нервтерінің шекараларының бұлыңғырлығы. Қандай клиникалық диагноз ең ықтимал?

* Оң мишық жартышарының ісігі

* Мишық ісігі

* Көпір- мишық бұрышының ісігі

* +Сол мишық жартысының ісігі

* Бас миының ісігі

291. 5 жасар қыз, бетінің оң жартысындағы күйдіретін ауру сезіміне, жоғарғы және төменгі жақ аймағында басымырақ. Тұмаудан кейін сол жағының төменгі аймағында ұстама тәрізді ауру сезімі пайда болған, ұзақтығы 2-3 сек. Ұстамалар сөйлеу кезінде, шайнау кезінде, жуынғанда күшейеді.

Неврологиялық статусында: ауру сезімі оң жақты II нервтің III бұтағының шығу нүктесінде, мұрын қанатының қуысында(курковая зона) оң жақты ауыз шырышында. Басқа неврологиялық симптоматика жоқ.

Қандай клиникалық диагноз ең ықтимал?

* +Үшкіл нервтің оң жақты II және III тармақтарының тітіркенуі;

* Үшкіл нервтің оң жақты I және III тармақтарының тітіркенуі;

* Үшкіл нервтің оң жақты III тармағының тітіркенуі;

* Үшкіл нервтің оң жақты II тармағының тітіркенуі;

* Үшкіл нервтің оң жақты I тармағының тітіркенуі;

292. 5 жасар бала, түнгі және таңғы уақытта болатын басының әлсіз ауру сезіміне шағымданады. Туыстарының айтуы бойынша, әлсіреген, лас, үйінде көңіл бөлуі төмендеген. Неврологиялық статусында: моторлы афазия элементтері, оң бет нервінің жеңіл әлсіздігі, оң жақты ұстау симптомы. Көз түбінде:сол жақты көру нервінің ісінуі және оң жақты бұлыңғырлануы. ЭЭГ: сол маңдай әкетуінде баяу дизритмия акценті. Қандай диагноз ең ықтимал?

* +Сол маңдай бөлігінің ісігі

* Мишықтың ісігі

* Бағана ісігі

* Ми жартышарының ісігі

* Жұлынның ісігі

293. Бала, 7 жаста, тамаққа байланысты емес кеуде аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. Біртіндеп ауру сезімі анық айналмалы сипатқа ауысты. 4—5 айдан кейін ауру сезіміне оң табанның жансыздануы, одан кейін сол аяғының әлсіздігі қосылған. Бір жолы бойында бұл көріністер балтырға және санға берілген. Неврологиялық статусында аяғындағы қимылы кенет шектелген, оң жағында басымырақ. Тізе және ахиллов рефлекстері жоғарылаған S=D. Бұлшықет тонусы спастикалық тип бойынша жоғарылаған. Бабинский және Россолимо симптомдары оң жақты оң нәтижелі. Сол аяғындағы бұлшықет-буын сезімінің төмендеуі анықталады. Оң аяғының және кіндікке дейінгі денедегі гипестезия. Сіздің ең ықтимал диагнозыңыз?

* Жұлын миының экстрамедуллярлы ісігі

* Жұлынның интрамедуллярлы ісігі

* +Д7 — Д9 деңгейіндегі жұлын мының, сегменттердің экстрамедулярлы ісігі;

* Жұлынның ісігі

* Жұлынның жарақаты

294. Бала 9 жаста, тамаққа байланысты емес кеуде аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. Біртіндеп ауру сезімі анық айналмалы сипатқа ауысты. 2—3 айдан кейін ауру сезіміне оң табанның жансыздануы, одан кейін сол аяғының әлсіздігі қосылған. Бір жолы бойында бұл көріністер балтырға және санға берілген. Неврологиялық статусында аяғындағы қимылы кенет шектелген, оң жағында басымырақ. Тізе және ахиллов рефлекстері жоғарылаған S=D. Бұлшықет тонусы спастикалық тип бойынша жоғарылаған. Бабинский және Россолимо симптомдары оң жақты оң нәтижелі. Сол аяғындағы бұлшықет-буын сезімінің төмендеуі анықталады. Оң аяғының және кіндікке дейінгі денедегі гипестезия. Осы ауруда қандай синдром ең ықтимал?

* +Броун — Секар синдромы

* Алдыңғы бағандық синдром

* Артқыбағандық синдром

* Жұлынның көлденең зақымдалу синдромы

* Омыртқа артериясының синдромы

295. Бала 12 жаста. 2 жыл бұрын бірінші рет, қолымен ыстықты және суықты ажырата алмайтынын байқаған. Соңғы жылдары білектің бұлшықеттерінің жүдеуін, саусақпен майда жұмыстарды орындау кезіндегі ебедейсіздікті аңғарған.

Неврологиялық статусында оң жақты Клод Бернар Горнер синдромы, екі жақ саусақтардың сүйек аралық бұлшықеттерінің атрофиясы. Қолында сіңірлік және периостальды рефлекстер анықталмайды. Тізе және ахиллов рефлекстері жоғарылаған SD. Клонустар. Екіжақты Бабинский симптомы оң. Құрсақ рефлекстері жоғарылаған. Қолындағы ауру сезімі мен температуралық сезімталдықтың түсуі анықталады. Терең сезімталдық сақталған. Патологиялық ошақ қайда орналасқан?

* +Патологиялық процесс жұлынның артқы, алдыңғы және бүйірлі С4-Д1 сегменттерінде орналасқан

* Патологиялық процесс жұлынның артқы, алдыңғы және бүйірлі сегменттерінде орналасқан

* Патологиялық процесс жұлында орналасқан

* Патологиялық процесс бас миында орналасқан

* Патологиялық процесс ішкі ағзаларда орналасқан

296. Бала 13 жаста. Соңғы жылдары білектің бұлшықеттерінің жүдеуін, саусақпен майда жұмыстарды орындау кезіндегі ебедейсіздікті аңғарған. Білегінде ауру сезімсіз күйген іздері анықталады.

Неврологиялық статусында оң жақты Клод Бернар Горнер синдромы, екі жақ саусақтардың сүйек аралық бұлшықеттерінің атрофиясы. Қолында сіңірлік және периостальды рефлекстер анықталмайды. Тізе және ахиллов рефлекстері жоғарылаған SD. Клонустар. Екіжақты Бабинский симптомы оң. Құрсақ рефлекстері жоғарылаған. Қолындағы ауру сезімі мен температуралық сезімталдықтың түсуі анықталады. Терең сезімталдық сақталған. Қандай диагноз ең ықтимал?

* +Сирингомиелия

* Жұлынның ісігі

* Миелит

* Васкулит

* Полиневрит

297. Қабылдауда 10 жасар бала, бір ай көлемінде оң аяғының төменгі бөлігіндегі алдыңғы латеральды аймағындағы және табан, саусақтың сыртқы беткейіндегі ауру сезімі және жүрісінің қиындауы мазалайды. Анамнезінен: ауру сезімі тізеасты шұңқырының жарақатынан кейін пайда болған.

Объективті: оң аяғының балтыр-табан буынының бүгілуі мен жазылуы қиын, балтыртабан буынын айналдыруы және саусақтарды жазуының шектелуі (артқа қарай бүгу және жазуы). Алдыңғы сыртқы балтыр беткейінің бұлшықетінің атрофиясы анықталады. Оң жақты тізе және ахиллов рефлекстерінің гипорефлексиясы. Жүрісі «стэлаж» типті.

Қандай нерв зақымдалуы ең ықтимал?

* Тоқпан жілік нерв

* +Асық жілік нерв

* Құйымшақ нерві

* Сыртқы жыныс нерві

* Ішкі сан

298. Бөлімшеге 12 жасар қыз жүрісіндегі теңселуге, бұрылғанда күшеюіне шағымданады. Жазуының өзгерісі. Объективті: шеткері әкетуінде горизонтальды нистагм, оң аяқ қолының бұлшықеттерінің тонусының төмендеуі. Буын – бұлшықет сезімі сақталған, аяқ қолдың салданулары жоқ. Жүрісі теңселген («мас») науқас жүреді, аяғын кең ашады, бұрылғанда теңселу күшейеді, әсіресе оң жақ басымдылығыман. Ромберг қалпында оң жағына құлайды. Оң жақты саусақ-мұрын сынамасын орындау кезінде интенционды діріл және тигізе алмауы, өкше-тізелік сынамасын орындай алмауы анықталады. Оң жақ адиадохокинезі, мегалография.

Қандай топикалық диагноз ең ықтимал?

* +Оң мишық жартышары

* Сол мишық жартышары

* Оң самай бөлімі

* Шүйде бөлігі

* Сопақша ми

299. Қабылдауға 11 жасар бала жазуының өзгеруіне, қимылының ыңғайсыздығына, оң қолының діріліне, жүру кезіндегі теңселуге шағымданып қаралды. Анамнезінен: осы симптомдар бір жыл бұрын пайда болып, біртіндеп күшейген. Объективті: қарауға адекватты жауап береді, оң қолында интенционды тремор, оң аяқ қолы мен аяғының бұлшықет тонусының төмендеуі, оң білегінің гиперметриясы, адиадохокинез, саусақ-мұрын және тізе-өкшелік сынамасы оң нәтижелі, жүру кезінде оңға құлайды. Қандай атаксияның түрі ең ықтимал?

* Маңдай

* +Мишықтық

* Самайлық

* Вестибулярлы

* Артқыбағандық

300. Бала 13 жаста. 2-күн бұрын дене қызуының 39°С жоғарылауымен әлсіздік пайда болды. Одан кейін емізікше деңгейінде кенеттен айналмалы ауру сезімі дамыған. Осымен біруақытта аяғындағы әлсіздік, ондағы шаншып ауруы, оның жансыздануға ауысуы байқалған. Аяғындағы әлсіздік және жансыздану жылдам күшейген. Неврологиялық статусында аяғында белсенді қимыл жоқ. Аяқтағы бұлшықет тонусы спастикалық типте жоғарылаған. Тізе және ахиллов рефлекстері жоғарылаған S=D. Табан клонусы. Екі жақты Бабинский, Россолимо симптомдары оң нәтижелі. Д5 сегментінде барлық сезімталдықтың гипестезиясы. Зәр шығаруы мен дефекация қиындаған. Қандай диагноз ең ықтимал?

* Жедел көлденең миелит

* Жеделдеу көлденең миелит

* +Созылмалы миелит

* Спинальды миелопатия

* Дорсопатия

301. Бала 14 жаста. 7 жасынан аяғындағы әлсіздікті, әсіресе баспалдақпен түсу және көтерілу кезінде байқалатынын аңғарған. Бірнеше жылдар бойы біртіндеп аяғындағы әлсіздік күшейіп және иық белдеуінің әлсіздігі қосылған. Науқастың анасында және үлкен әпкесінде осындай симптомдар анықталады. Неврологиялық статусында: көз қатпары кеңейген, ерні қалыңдаған, иық және жамбас белдеулерінің бұлшықеттерінің гипотрофиясы, иық және жамбас белдеуіндегі белсенді қимыл кенет шектелген, «қанаттәрізді жауырындар», еденнен, санына қолын тіреп тұрады, балтыр бұлшықеттерінің гипертрофиясы. Қандай клиникалық диагноз ең ықтимал?

* +Үдемелі бұлшықет дистрофиясы

* Миопатия Томсона

* Спинальды амиотрофия

* Невральды амиотрофия

* Гепато-церебелярлы дистрофия

302.Қабылдау бөлімшесіне 8 жасар бала жүрек айну және құсу ұстамаларымен жүретін бас айналуына, жүрген кездегі теңселуге шағымданып түсті.

Анамнезінен: бала 3 жыл көлемінде созылмалы отитпен зардап шегеді. Объективті: төсектегі басы мен денесінің қалпы мәжбүрлі, оң жақ сау құлақ жағымен жатады. Бас айналуы айналмалы сипатта, басының қалпын өзгерткенде және тұруға ұмтылғанда күшейеді, жүрек айнуы мен құсумен қатарласып жүреді. Спонтанды нистагм, сол жаққа қарағанда айқындалады. Ромберг қалпында тұрақсыз, алға және солға құлайды. Қандай нерв зақымдалған?

* Бет нерві

* +Вестибулярлы нерв

* Шүйде нерві

* Қосымша нерв

* Үшкіл нерв

303. Қарауда 6 жасар бала қылилық, көз қатпарының асимметриялығымен шағымданып келді.

Объективті: көз қатпары S>D, оң жағында – жоғарғы қабақтың птозы, мидриаз, айырылысқан қылилық. Жоғары және төмен қарағандағы көз алмасының қимылы шектелген.

Қандай нервтің зақымдалуы ең ықтимал?

* Шүйде нерві

* Қосымша нерв

* Үшкіл нерв

* Көру нерв

* +Көзқозғалтқыш нерв

304. Қарауда 7 жасар бала көз қатпарының асимметриялығына, қылилық, қарашығының диаметрінің әртүрлілігіне шағымданып қаралды. Объективті: көз қатпары S>D, оң көзінің жоғарғы қабағының птозы, жоғары, ішке және төмен қарағандағы көз алмасының қимылы шектелген, айырылысқан қылилық, оң қарашығы кеңейген және жарыққа реакциясы жоқ. Сол аяқ қолының бұлшықеттерінің гипертонусы. Сол аяқ қолының рефлексогенді зонасының кеңеюімен сіңірлік рефлекстердің гиперрефлексиясы. Бабинский, Россолимо және Бехтерев патологиялық табандық белгілері айқын.

Төменде келтірілген синдромдардың қайсысы ең ықтимал?

* Аргайла-Робертсон синдромы

* Фовилл синдромы

* +Вебер синдромы

* Фостера-Кеннеди синдромы

* Шмидт синдромы

305. Қарауда 9 жасар бала тіл бұлшықетінің дірілдеуіне, сол қолы мен аяғының бұлшықетінің күшінің төмендеуіне шағымданып қаралды. Объективті: беті симметриялы, оң жақ тілінің жартысының атрофиясы мен фибриллярлық дірілдеуі. Тілін шығарғанда оңға ығысуы. Сол аяқ қолының бұлшықет тонусы спастикалық тип бойынша жоғарылаған. Сол аяқ қолының рефлексогенді зонасының кеңеюімен сіңірлік рефлекстердің гиперрефлексиясы, сол жақты патологиялық табандық белгілер оң нәтижелі (Бабинский, Россолимо).

Төменде келтірілген синдромдардың қайсысы ең ықтимал?


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 135 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
4 страница| 6 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.028 сек.)