Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

4 страница. 249. Хирургия бөлімшесіне 10 жасар бала ЦРБ дан, соңғы 35 күнде пайда болған

1 страница | 2 страница | 6 страница | 7 страница | 8 страница | 9 страница | 10 страница | 11 страница | 12 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

249. Хирургия бөлімшесіне 10 жасар бала ЦРБ дан, соңғы 35 күнде пайда болған бірінші рет байқалған жайылмалы тырыспаларға, бас ауруына, жүрек айнуына және құсуға шағымданып қаралды. Ата анасы жарақатты жоқтады. Неврологиялық статусында БМН 3 жұбының салдануы және оң жақты пирамидты гемисиндром анықталады. Бала ата анасымен мал шаруашылығында бірге тұрады. КТ бас миының сол гемисферасында ірі кистозды сұйықтықпен дөңгелек формалы, ми құрылымын 7 мм ығыстыратын ликворлық тығыздықтағы түзіліс анықталды. Қандай диагноз ең ықтимал?

* +Эхинококкоз. Бас миының сол гемисферасының миішілік эхинококкты кистасы.

* Бас миының сол гемисферасының порэнцефалиттік кистасы.

* Үдемелі асимметриялық ішкі окклюзионды гидроцефалия.

* Бас миының сол гемисферасының кистозды ісігі.

* ЖБМЖ. Бас миының соғылуы. Бас миының сол гемисферасының миішілік гематомасы.

250. 7 жасар бала автожарақаттан кейін ППЭХ түсті. Жағдайы ауыр, есінің дәрежесі 2 дәрежелі кома. Неврологиялық статусында: сол жақ 6 жұп БМН салдануы және оң жақты пирамидты гемисиндром. Қарау кезінде сол жақ төбе бөлігінде массивті сүйекасты гематома және төбе сүйегіндегі дөңгелек формалы ақау пальпацияланады. Ақау төбе сүйегінде терең енумен 1,5 см дейін, 3 проекциядағы краниограммамен дәлелденеді. Қандай клиникалық диагноз ең ықтимал?

* +ЖБМЖ. Жаншылумен бас миының соғылуы. Сол төбе сүйегінің сығылған сынығы. Сол төбе бөлігінің сүйек асты гематомасы.

* ЖБМЖ. Жаншылумен бас миының соғылуы. Бас миының сол гемисферасының миішілік гематомасы.

* ЖБМЖ. Бас миының шайқалуы.

* ЖБМЖ. Бас миының соққысы. Бас негізінің сынуы.

* ЖБМЖ. Бас миының соққысы. Бас миының диффузно-аксональды зақымдалуы.

251. Балаға 12 жас. Бір ай көлемінде хирургиялық клиникаға түспес бұрын инфекциялық ауруханада іріңді менингоэнцефалитпен жатқан. Аурудың динамикасы торпидті. Апта соңында бас ауруы, жүреу айнуы және күнделікті құсу пайда болған. Бүгін невропатологпен ошақтық гемисимптоматика анықталды. КТ бас миының сол жақ маңдай бөлімінің паренхимасында көлемді сұйықтықты дөңгелек формалы капсуламен шектелген масс эффектпен жүретін түзіліс анықталды. Қандай клиникалық диагноз ең ықтимал?

* +Іріңді менингоэнцефалит. Бас миының сол маңдай бқлігінің абсцессі. Бас миының ісінуі

* Бас миының сол гемисферасының порэнцефалиттік кистасы.

* Үдемелі асимметриялық ішкі окклюзионды гидроцефалия

* Бас миының сол гемисферасының кистозды ісігі.

* Іріңді менингоэнцефалит. Бас миының сол гемисферасының субдуральды эмпиемасы. Бас миының ісінуі.

252. Клиникаға 12 жасар бала авто жарақаттан кейін жеткізілді. Баланың жағдайы өте ауыр, өміріне қауіп төндіреді. Неврологиялық статусында: есінің деңгейі 3 дәрежелі кома. Диффузды атония және арефлексия. КТ айқын генерализденген ісіну және бас миының ісінген кебуі. Бас миының бағаналық құрылым проекциясында майда нүктелі қанқұйылулар анықталады. Қандай клиникалық диагноз ең ықтимал?

* +Ауыр ЖБМЖ. Бас миының ауыр дәрежелі соғылуы. 3 дәрежелі кома

* ЖБМЖ. Бас миының шайқалуы.

* ЖБМЖ. Бас миының соғылуы. Бас миының миішілік гематомасы

* Нейротоксикоз. Нейродистрофия.

* Балалар церебральды салдануы

253. Нейрохирургиялық клиникаға 8 жастағы бала жеткізілді. 1,5 ай бұрын ауыр нейротравма алған. Облыстық аурухананың реанимациялық бөлімшесінде консервативті ем алған. Баланың жағдайы ауыр, есінің деңгейі 1 дәрежелі кома Қарау кезінде бруксизм, спастикалық тетрапарез, полиморфты позно-тоникалық қимылдар анықталады. Айқын гипертонус, аяқ қолдардың патологиялық орнатылуымен спастикалылық. КТ бас миының айқын диффузды атрофиясы анықталады. Қандай клиникалық диагноз ең ықтимал?

* +Бас миының жарақаттық ауруы, жедел қалпына келу кезеңі. Бас миының диффузды атрофиялық процессі. Апалликалық синдром. Спастикалық тетрапарез.

* Ауыр жабық бас-ми жарақаты. Бас миының ауыр дәрежелі соғылуы. Бас миының диффузно-аксональды зақымдалуы. Бас миының жайылмалы ісінуі. Церебральды кома

* Балалар церебральды салдануы.

* Нейротоксикоз. Нейродистрофия.

* Реанимациядан кейінгі ауру.

254. Клиникаға автожарақаттан кейін 13 жасар бала жеткізілді. Баланың жағдайы өте ауыр, өміріне қауіп төндіреді. Неврологиялық статусында: есінің деңгейі 2 дәрежелі кома. Диффузды гипотония және гипорефлексия, вегетативті бұзылыстар және горметониялық тырысулар. КТ айқын жайылмалы бас миының ісінуі. Бас миының ликвор өткізгіштік жүйесін бөгейтін қан ұйындылары және ликвордың бөгелуімен бүйірлік қарыншалардың кеңеюі анықталады. Қандай клиникалық диагноз ең ықтимал?

* +Ауыр жабық бас-ми жарақаты. Бас миының ауыр дәрежелі соғылуы. Жедел массивті қарыншаішілік қанқұйылу. Жедел үдемелі гидроцефалия. Бас миының жайылмалы ісінуі. Кома 3 дәрежелі.

* Ауыр жабық бас-ми жарақаты. Бас миының ауыр дәрежелі соғылуы. Бас миының диффузно-аксональды зақымдалуы. Бас миының жайылмалы ісінуі. Церебральды кома

* Балалар церебральды параличі.

* Нейротоксикоз. Нейродистрофия.

* Реанимациядан кейінгі ауру.

255. Бала 13 жаста. Көктемде, далада ойнап жүргенінде, кене шағып алған, оған ата анасы мән бермеген. 10 күннен кейін кенеттен бас ауруы, жүрек айнуы және құсу пайда болған. Дене қызуының 39°градусқа жоғарылауы, қалтырау, мойын аймағында ауру сезімі байқалған. Науқасты тұмау деп есептеп, амбулаторлы ем жүргізген. Баланың жағдайы нашарлап, 2—3 күннен кейін қолының және мойын бұлшықетінің әлсіздігі дамыған. Неврологиялық статусында: қол және мойын бұлшықеттерінің әлсіз салдануы пайда болған. Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша зерттеу әдістері ең ықтимал?

* +Жұлын сұйықтығының клиникалық және серологиялық зерттеуі;

* Клиникалық зерттеу

* Серологиялық зерттеу

* Жұлын сұйықтығын зерттеу

* ЭМГ;

256. Клиникаға 10 жасар бала авто жарақаттан кейін жеткізілді. Баланың жағдайы ауыр. Неврологиялық статусында: есінің дәрежесі - сопор. Горизонтальды тоникалық нистагммен көз алмасының құбылмалы қимылы анықталады. Бұлшықет гипотониясы, латерализациясыз гиперрефлексия. Екі жақты Бабинский симптомы. КТ оң жақты шүйде сүйегінің сынуы анықталады, сол мишық гемисферасы паренхимасында сыныққа жақын маңында жоғары тығыздықты гомогенді емес дұрыс емес формалы ошақ анықталады, көлемі 2,0 х 1,5 см. Қандай клиникалық диагноз ең ықтимал?

* +Ауыр жабық бас-ми жарақаты. Бас миының ауыр дәрежелі соғылуы. Мишықтың сол жақ гемисферасының контузионды ошағы. Шүйде сүйегінің сызықты сынуы.

* Ауыр жабық бас-ми жарақаты. Бас миының ауыр дәрежелі соғылуы. Сол жақ мишықтың миішілік гематомасы. Шүйде сүйегінің сызықты сынуы.

* Ауыр жабық бас-ми жарақаты. Бас миының ауыр дәрежелі соғылуы. Артқы бас шұңқырының эпидуральды гематомасы. Шүйде сүйегінің сызықты сынуы.

* Ауыр жабық бас-ми жарақаты. Бас миының ауыр дәрежелі соғылуы. Артқы бас шұңқырының субдуральды гематомасы. Шүйде сүйегінің сызықты сынуы.

* Жеңіл ми жарақаты. Бас миының жеңіл дәрежелі соғылуы.

 

257. ППЭХ-ға 8 жасар бала қаралды. Басының мәжбүрлі қалпына, басы еңкейген және сол жаққа бұрылған, осы жағдай замандасымен күрестен кейін пайда болған. Айқын ауру сезімі және мойын аймағындағы қозғалыстың шектелуі анықталады. Рентгенограммада 1-2 мойын омыртқасының дисконгруэнтті атлантты-аксиальды буындасуы, оң жақты буын қатпарының кеңеюі, тіс тәрізді өсіндінің оңға девиациясы анықталады. Неврологиялық бұзылыстар анықталмады. Қандай клиникалық диагноз ең ықтимал?

* +Атланттың ротационды таюы.

* ОРВИ фарингит.

* Мойын миозиті.

* Мойын лимфадениті.

* Жұмсақ тіндердің соғылуы, мойын аймағы байламдарының созылуы.


258. ППЭХ-ға 6 жасар бала жеткізілді. Ата анасының айтуы бойынша бас ауруына, жүрек айнуына және құсуға шағымданады. Бір ай бойы ауырады, апта соңында күнделікті құсу мазалайды. Неврологияылық статусында: тоникалық нистагм, бұлшықеттердің диффузды гипотониясы, координацияның бұзылысы. Офтальмоскопияда тоқыраулық көріністер. КТ мишық құрты аймағында ірі дөңгелек көлемді майда тіндік түзіліс және екіншілік вентрикуломегалия анықталады. Қандай клиникалық диагноз ең ықтимал?

* +Мишық құртының ісігі. Екіншілік үдемелі окклюзионды ішкі гидроцефалия.

* Ауыр жабық бас-ми жарақаты. Бас миының ауыр дәрежелі соғылуы. Мишық құртының контузионды ошағы.

* ВПР ЦНС. Үдемелі ішкі окклюзионды гидроцефалия.

* Балалар церебральды параличі.

* Ауыр жабық бас-ми жарақаты. Бас миының ауыр дәрежелі соғылуы. Бас миының диффузно-аксональды зақымдалуы. Бас миының жайылмалы ісінуі.

259. Травматологиялық бөлімшеде 13 жасар бала иықтың жоғарғы үштен бір бөлігінің кесілген жарасымен қаралды. Қарау кезінде «маймыл білезігі» көрінісі, білектің пронациялық қызметі бұзылысы, 1-2-3 саусақтарды бүгілуі, бірінші саусақты басқаларына қарсы қою мүмкін емес. Алақанның бүйірлі беткейінің, 3 ½ саусақтардың алақандық беткейінің және саусақ фалангаларының сыртқы беткейінің сезімталдығының төмендеуі анықталады, вегетативті бұзылыстармен. Қандай клиникалық диагноз ең ықтимал?

* +Иық аймағының кесілген жарасы. Иық аймағының жоғарғы үштен бірінің ортаңғы нервтің жарақаттық зақымдалуы.

* Иық аймағының кесілген жарасы. Иық аймағының жоғарғы үштен бірінің білек нервінің жарақаттық зақымдалуы.

* Иық аймағының кесілген жарасы. Иық аймағының жоғарғы үштен бірінің кәрі жілік нервінің жарақаттық зақымдалуы.

* Мойын остеохондрозы. Грыжа дискі. Түбіршектік синдром.

* Посттравматикалық мойын плекситі.


260. Травматологиялық бөлімшеге 12 жасар бала қаралды. 7 күн бұрын шынтақ буыны аймағының кесілген жарасы бойынша хирургиялық тазалау жасалған. Қарау кезінде «когтеобразная кисть» көрінісі, 4-5 саусақтарды бүгу, алып келуі, қозғалысы қызметіның шектелуі анықталады. Алақанның шынтақ жартысының, 5 және 4 саусақтың жартысының алақандық беткейінің сезімталдығының төмендеуі, вегетативті бұзылыстармен. Қандай клиникалық диагноз ең ықтимал?

* +Шынтақ буынының аймағының кесілген жарасы. Шынтақ буыны аймағының шынтақ нервінің жарақаттық зақымдалуы.

* Мойын остеохондрозы. Диск жарығы. Түбіршектік синдром.

* Шынтақ буынының аймағының кесілген жарасы. Шынтақ буыны аймағының кәрі жілік нервінің нервінің жарақаттық зақымдалуы.

* Шынтақ буынының аймағының кесілген жарасы. Шынтақ буыны аймағының ортаңғы нервінің жарақаттық зақымдалуы.

* Жарақаттан кейінгі мойын плекситі


261.Травматологиялық бөлімшеге 12 жасар бала қаралды. Бір ай бұрын балтыр аймағының кесілген жарасы бойынша ПХО жүргізілген. Қарау кезінде табан және саусақтарды жазу қызметі және табанның ішкі бөлімін алып кетуі және сырт жағынан көтеру шектелген. Ахилл рефлексі сақталған. Табаны салбыраған, жеңіл ішке әкетілген, саусақтары кішкене бүгілген. Жүрісі «әтеш тәрізді». Вегетативті бұзылуларсыз балтырдың сыртқы беткейінің, табанның және саусақтардың сыртқы беткейінің сезімталдығының төмендеуі анықталады. Қандай клиникалық диагноз ең ықтимал?

* +Ортаңғы балтырдың ортаңғы үштен бір бөлігінің асық жілік нервінің жарақаттық зақымдалуы.

* Бел остеохондрозы. Диск жарығы. Түбіршектік синдром.

* Ортаңғы балтырдың ортаңғы үштен бір бөлігінің тоқпан жілік нервінің жарақаттық зақымдалуы.

* Сан нервісінің сирақтың үштен бір бөлігінің травматикалық жарақаты.

* Жарақаттан кейінгі бел-сегізкөз плекситі.

262. Бала 10 жаста. Жарақаттан кейін түсті – велосипедтен арқасымен құлаған. Омыртқаның кеуде аймағындағы ауру сезіміне қимылдың шектелуімен және жүктемесімен шағымданып қаралды. «Жүктемелі ротация» симптомы оң нәтижелі. Спондилограммада 6-7кеуде омыртқаларының клиновидті деформациясы және биіктігінің төмендеуі анықталады. КТ жараланған және интактты омыртқалардың тығыздығының арасындағы айырмашылық 100 ЕД Хаунсфильд бойынша басымырақ. Қандай клиникалық диагноз ең ықтимал?

* +Тh 6-7 омыртқа денелерінің компрессионды сынуы.

* Кальве ауруы.

* Шермана-Мау ауруы.

* Омыртқаның соғылуы

* L1-L2 омыртқа денесінің компрессионды сынуы

263. 8 жасар балада эпилептикалық ұстамадан кейін оң қолында әлсіздік байқалған. ЭКГ – жыпылықтаушы аритмиия көріністері. Неврологиялық статусында оң жақты симптоматика: 7 және 12 жұп БМН орталық типі бойынша парезі, назараның салдануы. Дистальды бөлімінің акцентімен қолында дөрекі салдану, аяғында Барре бойынша әлсіздік. Әлсіз моторлы афазия. Қай тамырлық бассейнде жедел ми қанайналымының бұзылуының болуы ең ықтимал (эмболия)?

* +Ортаңғы ми артериясы қыртыстық талшықтар

* Ортаңғы ми артериясы

* Алдыңғы ми артериясы

* Артқы ми артерия

* Негізгі артерия

264.

265. Кезекшілікте дәрігерді 12 жасар ауыр науқастың палатасына шақыртты. Кезекші медбикенің айтуы бойынша бала тырыспалы керілуімен есінен таныған, басын артқа шалқайтқан, қолдары ішке әкелінген, қатайған және аяқтары созылған, тоникалық кернелген. Қарау кезінде терең кома, бұлшықет гипотониясы, қарашықтары тарылған айырылысатын қылилық, екіжақты Бабинский симптомы. Науқас сырхатнамасынан сіз вертебро-базилярлы жеткіліксіздіктен зардап шегетінін білдіңіз. Жүйелі түрде бас ауруына, бас айналуына және көзінің қарауытуына шағымданады. Люмбальды пункция мәліметтері – сұйықтық түссіз, мөлдір, қысымы 130 мм с.б.б. қандай тамырлық бассейнде ми қанайналымының бұзылуы ең ықтимал?

* +Негізгі артерия

* Алдыңғы ми артериясы

* Омыртқа артериясы

* Ортаңғы ми артериясы

* Артқы ми артериясы

266. 13 жасар қыз, дене шынықтыру сабағы уақытына физикалық жүктемеден кейін пайда болған «басына соққы» сезіміне, құсуға, қысқа уақытты есінен тануына шағымданып қаралды. Психомоторлы қозғыштық, неврологиялық статусында: менингеальды синдром. Шүйде бұлшықетінің регидтілігі 6 көлденең саусақпен. Қандай клиникалық диагноз ықтимал?

* +Субарахноидальды қанқұйылу

* Миішілік қанқұйылу

* Паренхиматозды қанқұйылу

* Паренхиматозды- субарахноидальды қанқұйылу

* Субарахноидальды- паренхиматозды қанқұйылу

267. Науқас 13 жаста, ревматизммен зардап шегеді, жеңіл физикалық жүктемеден кейін кенеттен есінен танған, ошақты симптоматика пайда болған. Қандай диагноз ең ықтимал?

* +Ми тамырларының эмболиясы

* Коронарлы тамырлардың эмболиясы

* Ірі тамырлардың эмболиясы

* Майда тамырлардың эмболиясы

* Шеткі тамырлардың эмболиясы

268. Бала 13 жаста. Көктемде, далада ойнап жүргенінде, кене шағып алған, оған ата анасы мән бермеген. 10 күннен кейін кенеттен бас ауруы, жүрек айнуы және құсу пайда болған. Дене қызуының 39°С жоғарылауы, қалтырау, мойын аймағында ауру сезімі байқалған. Науқасты тұмау деп амбулаторлы ем жүргізген. Баланың жағдайы нашарлап, 2—3 күннен кейін қолының және мойын бұлшықетінің әлсіздігі дамыған. Неврологиялық статусында: қол және мойын бұлшықеттерінің әлсіз салдануы пайда болған. Патологиялық процестің орналасуы ең ықтимал?

* +Жұлын миының мойын- кеуде сегментінің алдыңғы мүйізінде;

* Жұлын миының кеуде сегменттернің алдыңғы мүйізінде;

* Жұлын миының мойын сегменттерінің алдыңғы мүйізінде;

* Жұлын миының алдыңғы мүйізінде;

* Мидың бүйірлі қарыншаларының алдыңғы мүйізінде

269. Бала 8 жаста. Көктемде, далада ойнап жүргенінде, кене шағып алған, оған ата анасы мән бермеген. 10 күннен кейін кенеттен бас ауруы, жүрек айнуы және құсу пайда болған. Дене қызуының 39°С жоғарылауы, қалтырау, мойын аймағында ауру сезімі байқалған. Науқасты тұмау деп амбулаторлы ем жүргізген. Баланың жағдайы нашарлап, 2—3 күннен кейін қолының және мойын бұлшықетінің әлсіздігі дамыған. Неврологиялық статусында: қол және мойын бұлшықеттерінің әлсіз салдануы пайда болған. Қандай клиникалық диагноз ең ықтимал?

* +Кенелік энцефалит.

* Ревматикалық энцефалит

* Вирусты менингоэнцефалит

* Іріңді менингит

* Энцефаломенингополирадикулоневрит

270. 14 жасар жасөспірімде ақпан айының соңында катаральды көріністер фонында кенеттен дене қызуының 40°С жоғарылауы, қатты бас ауруы, құсу, жарықтан қорқу, дөрекі менингеальды синдром және сопорозды жағдай дамыған. 2 күннен кейін дене қызуының жоғарылау күнінен бастап бет және сан терісінде геморрагиялық бөртпелер пайда болған. Патологиялық процестің орналасуының ең ықтималы?

* +Бас миының қабығында

* Ми затында

* Жұлын миының қабығында

* Ми бағанында

* Тері қатпарында

271. 13жасар қызда қыстың соңғы айында катаральды көріністер фонында кенеттен дене қызуының 40°С жоғарылауы, қатты бас ауруы, құсу, жарықтан қорқу, дөрекі менингеальды синдром және сопорозды жағдай дамыған. 2 күннен кейін дене қызуының жоғарылау күнінен бастап бет және сан терісінде геморрагиялық бөртпелер пайда болған. Қандай клиникалық диагноз ең ықтимал?

A. +Эпидемиялық менингококкты менингит.

B. Жедел менингит

C. Екіншілік іріңді менингит

D. Біріншілік серозды менингит

E. Екіншілік менингоэнцефалит

272. 3 жасар балада диспептикалық және катаральды көріністер фонында, субфебрильды температура, бас ауруы және қайталамалы құсу, ауру басталғаннан бастап бесінші күні менингеальды синдром дамыған. Аурудың біртіндеп үдеу процессінде III, VI, VII жұп бас ми нервтерінің салданулары, симптоматиканың одан әрі үдемелілігімен. Патологиялық процестің ең ықтимал орналасуы?

* +Бас миы қабығы

* Бас миы затында

* Ми қарыншаларында

* Бас миы тамырлары

* Асқазан -ішек тракты

273. 4 жасар балада катаральды көріністер фонында, субфебрильды температура, бас ауруы және қайталамалы құсу, ауру басталғаннан бастап бесінші күні менингеальды синдром дамыған. Аурудың біртіндеп үдеу процессінде III, VI, VII жұп бас ми нервтерінің салданулары, симптоматиканың одан әрі үдемелілігімен. Қандай диагноз ең ықтимал?

* +Туберкулезды менингит.

* Серозды менингит

* Іріңді менингит

* Менингоэнцефалит

* Энцефалит

274. Қабылдау бөлімшесіне 7 жасар бала қаралды. Анамнезінде тұмаудан кейін, 2 аптадан соң бас ауруы, жүру кезіндегі теңселу, оң құлағындағы шуыл, одан кейін естуінің төмендеуі пайда болған. Неврологиялық статусында оң есту өткелінде және бет нервісінің зақымдалу симптомдары, горизонтальды нистагм және оң жақты мишықтық атаксия анықталады. Патологиялық процесстің орналасуының ең ықтималдысы?

* +Шырмаулы және басқа ми қабығы

* Ми заты

* Мишық

* Ми бағанасы

* Перифериялық нервтер

275. Бөлімшеге 3жасар бала түсті, анасының айтуы бойынша дене қызуының 39,5°С дейін жоғарылау фонында бірінші рет жайылмалы тонико-клоникалық тырыспа ұстамалары пайда болған, ұстама 1 минутқа созылады, өздігімен жойылған.

Анамнезінде: бала 1 жүктіліктен, 1 туыттан. Жасына сәйкес дамыған. ЖРВИ 4 күн бойы ауырады. Тұқымқуалаушылық анамнезі эпилепсия бойынша теріс. Кейін ұстамалар қайталанбады. Объективті: ЖРВИ фонындағы жалпы интоксикацияның әсерінен өзін сезінуі нашар. Ошақты және жалпымилық симптоматика анықталмады.

Қандай клиникалық диагноз ең ықтимал?

* Нейроинфекция, Симптоматикалық эпилепсия

* +ЖРВИ, фебрильды тырысулар

* Поствакцинальды энцефалит тырысу синдромымен

* Ісік, симтоматикалық эпилепсия

* Менингит, тырысу синдром

276. Бөлімшеге 7жасар бала аяғындағы әлсіздікке, жүру кезіндегі қиыншылдыққа шағымданады. Анамнезінен:4 жасқа дейін қалыпты дамыды. Біртіндеп мамасы баласының жиі құлауын, тегіс жерде шалынатынын байқаған. Үрісі өзгерген, оқуда қиыншылықтары пайда болған, өлең жаттай алмайтынын байқаған. Объективті: аяқтың проксимальды бөлімінің, жамбас бөлімінің бұлшықеттерінің әлсіздігі, балтыр бұлшықеттерінің псевдогипертрофиясы. Кифосколиоз, гиперлордоз. Айналмалы жүріс, отырған қалпынан тұруының қиындауы, «баспалдақ» симптомы. Эхо-КГ дилятационды кардиомиопатия көріністері. Қандай клиникалық диагноз ең ықтимал?

* Шарко-Мари амиотрофиясы

* Томпсен миотониясы

* +Дюшен миопатиясы

* Эрба-Рота бұлшықет дистрофиясы

* Беккер бұлшықет дистрофиясы

277. Бала 6 жаста. 3-күн бойы дене қызуының жоғарылауы анықталады. Одан кейін білезік пен табанында ауру сезімі мен әлсіздігі пайда болған. Қабылдау бөлімшесіне жеткізілді, қарау кезінде объективті жағдайы қанағаттанарлық. Соматикалық статусы өзгеріссіз. Неврологиялық статусында менингеальды белгілер жоқ, бас ми иннервациясы өзгеріссіз. Аяқ қолдың дистальды бөлімінің күшінің төмендеуі, ондағы қимыл шектелген, бұлшықет гипотониясы, аяқ қолдағы сіңірлік және периостальды рефлекстер төмендеген. Дистальды тип бойынша аяқ пен қолдағы гипестезия. Нервттік баған пальпация кезінде ауру сезімімен. Білек пен табанның әлсіз гипергидрозы. Қандай топикалық диагноз ең ықтимал?


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 199 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
3 страница| 5 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.029 сек.)