Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

3 страница

1 страница | 5 страница | 6 страница | 7 страница | 8 страница | 9 страница | 10 страница | 11 страница | 12 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

* Сирдалуд

* Церуллин

203. Қабылдау бөлімшесіне 10 жастағы ұл бала келіп түсті. Шағымдары: қол мен табанның саусақтарының дистальды бөлігіндегі ұю сезімі, қол басы мен табанда әлсіздік, жүрістің бұзылуы. Анамнезінен апта бұрын шаңғы тепкен. Келесі күндері аяқтағы әлсіздік күшейген, жүрісі өзгерген. Объективті қарағанда: аяқ пен қолдың дистальды бөлігінің күші 4-4,5 баллға дейін төмендеген.Қолдың сіңір рефлекстері кенет төмендеген,ахилл рефлекс abs. Қол басы мен табанының дистальды бөлігіндегі сезімталдықтың барлық түрінің төмендеуі. Төмендегі дәрілік заттардың қайсысын бірінші орында тағайындау маңызды?

* +Кетопрофен

* Энцефабол

* Цераксон

* Фуросемид

* Пантокальцин

204. Ұл бала 8 ж кенет ауырды. Тұмаудан кейін төменгі жақастының оң жағында ауыру сезімі пайда болды ұстама тәрізді сипатта, ұзақтығы 2–3 секунд. Ұстама сөйлесу кезінде,түшкіргенде, шайнағанда,жуынғанда дамиды.Неврологиялық статус: оң жақ V нервтің III бұтағының шығу нүктесінде,оң жақ ауыз үшбұрышында ауыру сезімі.Төмендегі дәрілік заттың қайсысын тағайындау маңызды?

* +Финлепсин

* Глицин

* Фенозепам

* Пантокальцин

* Церобролизин

205. Қабылдау бөліміне 13 жасар қыз бала келіп түсті. Отитпен ауырғаннан кейін беті қисайып, сол құлақасты аймағында ауыру сезімі пайда болды.Бұрын ешқандай аурулармен ауырмаған. Неврологиялық сатаус: маңдай қатпарлары сол жақта тегістелген көз қабаттары S>D, сол ауыз бұрышы салбыраған. Сол көзден жас ағады. Басқа неврологиялық симптоматика байқалмайды. Төмендегі дәрілік заттың қайсысын тағайындау маңызды?

* Пирацетам

* Маннитол

* +Преднизолон

* Ценаризин

* Мадопар

206. Қабылдау бөліміне 14 жасар қыз бала келіп түсті.Кенет ауырған,суықтағаннан кейін беті қисайған,сол көзін жұма алмайды,сол құлақасты аймағында ауыру сезімі пайда болған.Неврологиялық статус: маңдай қатпары сол жағында тегістелген,лагофтальм,Белл симптомы,сол көзінен жас ағады. Беттің сол жағының бұлшықеттернің қимылдары жоғалған(маңдай,қас,бет),ауыз үшбұрышының сол жағы салбыраған. Емдеу жоспарына төмендегі әдістің қайсысын бірінші орында тағайындаған маңызды?

* В тобының витаминдері

* +Кортикостероидтар

* Қантамырлық дәрілік заттар

* Вирусқа қарсы

* Стероидты емес вирусқа қарсы дәрілік заттар

207. Қабылдау бөліміне 12 жасар ұл бала түсті. Шағымдары: оң жақтан арқадан іштің алдыңғы бетіне берілген шаншыған,белдемелі ауыру сезімі.Объективті қарағанда:ауыру сезімі, дененің кіндік аймағынан шапқа берілетін сезімталдықтың барлық түрінің бұзылысы. Ортаңғы және төменгі құрсақ рефлекстері оң жақта жоғалған. Емдеу жоспарына төмендегі дәрілік заттың қайсысын бірінші орында тағайындаған маңызды?

* В тобының витаминдері

* Кортикостероидтар

* Қантамырлық дәрілік заттар

* +Антиконвулсанттар

* СЕҚҚЗ

208. Ұл бала 10 жаста, клиникаға беттің оң жағындағы ұстама тәрізді ауру сезімімен келіп түсті. Ауыру сезімі кенет күйдірген тәрізде ұзақтығы бірнеше секундтан минутқа дейін.Ауыру сезімі оң жақ жоғарғы ерін аймағынан басталады.Шайнағанда,жуынғанда,қырынғанда күшейеді. Ауыру сезімі гиперемиямен және оң жақтағы көздің жас ағуымен жүреді. Емдеу жоспарына төмендегі дәрілік заттың қайсысын бірінші орында тағайындаған маңызды?

* +Карбамазепин

* Церебролизин

* Пантокальцин

* Вазонат

* Прозерин

209. Қыз бала 13 жаста,периодты түрде бас ауыруына шағымданып келді. Күндіз дене шынықтыру сабағы кезінде басынан соққы алғандай сезім болды,құсу және қысқа уақытқа есін жоғалтты.Неврологиялық статус психомоторлы қозған,аяқ қолда салданулары жоқ,менингеальды белгілер анықталады: Жарыққа және дыбысқа гиперестезия,шүйде бұлшықеттерінің регидтілігі 4 см,Керниг симптомдары екі жақты 1000 бұрышпен,жоғарғы және төменгі Брудзинский симптомы оң. Емдеу жоспарына төмендегі дәрілік заттың қайсысын бірінші орында тағайындаған маңызды?

* +Нимотоп

* Церебролизин

* Актовегин

* Кавинтон

* Сермион

210. Жедел жәрдем бригадасымен 10 жастағы бала келіп түсті.Жоғары АҚҚ 160/100мм.с.б.б. кенет қатты бас ауыру пайда болды,құсу,психомоторлы қозу,адекватты емес әрекеттер жасаған. Неврологиялық статус: Есі есеңгіреген,птоз. Сол көздің сыртқа қарай қитарлығы,менингеалды белгілер. Емдеу жоспарына төмендегі дәрілік заттың қайсысын бірінші орында тағайындаған маңызды?

* +Дицинон

* Гепарин

* Медокалм

* Трентал

* Глицин

211. Жедел жәрдем бригадасымен қабылдау бөліміне 13 жасар бала келіп түсті. Жедел ауырған,маусым айының басында тауда демалғаннан кейін дене қызуы 380 көтерілген,бас ауыруы пайда болған. Қол және иық белдеуінің бұлшықеттеріндегі ауыру сезімі және әлсіздік, сөйлеу мен жұтыну қиындаған.Неврологиялық статуста дизартрия,дисфония,дисфагия,қол және мойын бұлшықеттерінің әлсіз парезі (симптом свисающей головой) анықталады,рефлекстер төмендеген. ИФА КЭ вирусына антидене титры: 20 маусымда Ig М – 1:6200. Қандай емдеу әдісі маңызды?

* Антиробикалық иммуноглобулин,церебролизин

* Антирезустты иммуноглобулин,тиамин

* +Энцефалитке қарсы иммуноглобулин,рибонуклеаза

* Сіреспеге қарсы иммуноглобулин, актовегин

* Стафилококкқа қары иммуноглобулин,пентоксифилин

212. Бала 7 жаста. Іріңді этмоидитпен ауырғаннан кейін 2 аптадан кейін,кенет дене температурасы 390 көтерілген,қатты бас ауыруы пайда болған,бас айналу,құсу,сандырақ.Неврологиялық статус:науқас тежелген, есеңгіреген,уақыт пен кеңістікте шатасқан. Шүйде бұлшықеттерінің регидтілігі 4 см,Керниг симптомы 90° бұрышта, сіңір рефлекстері біркелкі. Ликвор: 370мм. су бағанасы қысыммен ағады,лайлы,плеоцитоз 2340 жасуша 1 мкл нейтрофиль санынан,белок 3,07г/л, қант 35 г/л. Ликвор бактериоскопиясында грамм оң диплококктар табылған. Емінде қандай дәрілік зат қолдануға болады?

* Эрготамин

* +Пенициллин

* Азитромицин

* Дексаметазон

* Церебролизин

213. 8 жасар балада дене температурасы 39 көтерілген,ауыру кенеттен басталған.Буындардағы ауыру сезімі мазалайды,бас ауыруы,бас айналу,жүрек айну және құсумен. Оң жақ аяқ қолдағы хореоатетоидты түрдегі гиперкинездер анықталады,эмоциональды лабильділік байқалады. ЖҚА: лейкоцитоз,ЭТЖ жоғарлаған. Осы аурудың емінда қандай дәрілік затты пайдалану маңызды?

* +Пенициллин тобының антибиотиктері,антигистаминар

* Цефалоспориндер тобының антибиотктері,кортикостероидтар

* Антигистаминдер,қабынуға қарсы дәрілік заттар

* Макролидтер,диуретиктер

* Макролидтер, седативті заттар

214. 12 жастағы бала қолдағы әлсіздік және аяқтағы шаршағыштықпен келіп түсті. 8 жасқа дейін қалыпты дамиды. Кейіннен біртіндеп қолдағы әлсіздік пайда болып,күшейе бастады,қолын жоғары көтеруі қиындады. Соңғы кездері қолдағы әлсіздік айқын күшейіп, сөмкесін ұстау қиындыққа соқты. Тексеру кезінде амимия байқалады,қабағын жиыра алмайды.Көзді жұмған кезде екі жақты лагофтальм. Иық белдеуі бұлшықеттерінің айқын атрофиясы,белдік лордоз күшейген. Аяқ қолдың проксимальды бөлігінің бұлшықеттері және арқаның жалпақ бұлшықеттерінің күші төмендеген. Қолдың сіңір рефлекстері төмендеген,аяқта сіңір рефлексі сақталған.Төмендегі терапияның қайсысын қолдану маңызды?

* Антибиотикотерапия

* Дегидратациялықтерапия

* Гипотензивтітерапия

* +Симптоматикалықтерапия

* Физиоем

215. 9 жастағы бала мектепке бара жатқан кезде жолда жол апатына түсті. Жедел жәрдем көмегімен қаралды. Науқастың есі анық. Жарақатты сол жағынан. 30 минуттан кейін анизокория пайда болған. Көздің жарыққа реакциясы сақталған. Науқас зақымдалған жаққа қарама қарсы жақтағы қимылдың қиындағанын айтады. Осы жағдайда қандай іс әрекет қолдану қажет?

* +Нейрохирургия бөлімшесіне госпитализациялау

* Анальгетиктер енгізу(анальгин,баралгин)

* Мануальды терапия жүргізу

* Жедел көмектің қажеті жоқ

* СЕҚҚП енгізу

216. 6 жастағы балада ата анасы баладағы үйрек жүрісін,отырған қалыптан қолдың көмегінсіз қиналып тұратынын, ақыл ойдың дамуының артта қалуын байқаған. Неврологиялық статуста: Жамбас белдеуі мен аяқтың проксимальды бұлшықеттерінің әлсіздігі анықталады, айқын гиперлордоз,бөксе бұлшықеттерінің гипотониясы және гипотрофиясы,тізе рефлекстерінің төмендеуі.Төмендегі терапияның қайсысын қолдану маңызды?

* Хирургиялық ем

* Дегидратациялық терапия

* +Симптоматикалық терапия

* Стероидты терапия

* Қабынуға қарсы терапия

217. Қыз бала 12 жаста. Көшеден жедел жәрдеммен жеткізілді. Науқастың айтуынша аяғы тайып басымен жерге құлаған,ары қарай не болғаны есінде жоқ. Жедел жәрдем көлігінде есін жинаған. Шүйде бөлігіндегі қатты бас ауыру сезіміне, жүрек айнуына,бас айналуына шағымданады. Бір рет құсу болған. Объективті қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта,тежелген, сөйлеу кезінде тез шаршайды,АҚҚ 120/70 мм.с.б.б. пульс 84 рет минутына,ырғақты. Пальпация кезінде шүйде аймағындағы ауыру сезімі.Аяқ қолда парездер жоқ. Жалпы бұлшықеттік гипотония. Төмендегі дәрілік заттардың қайсысын емдеу жоспарына енгізу маңызды?

* Пирацетам

* Пантогам

* Глицин

* +Фуросемид

* Пенициллин

218. Туу жарақатынан кейін қандай асқыну ең ықтимал?

* Микроцефалия

* Бас-ми жарығы

* +Психосөйлеу дамуының іркілу синдромы

* Макроцефалия

* Гидроцефалия

219. Балалардағы алып кетуші нервтің зақымдалуы кезінде бұлшықет салдануының дамуының анықталуы ең ықтимал?

* жоғарғы тік

* +сыртқы тік

* төменгі тік

* төменгі қиғаш

* дұрыс жауабы жоқ

220. Қандай нервтің зақымдалуы кезінде балалардағы мидриаздың дамуы ең ықтимал?

* көзқозғалтқыш нервтің іріклеткалы жоғарғы порциясыверхней порциясы

* көзқозғалтқыш нервтің іріклеткалы төменгі порциясыверхней порциясы

* +көзғозғалтқыш нервтің майдаклеткалы қосымша ядросы

* ортаңғы жұп емес ядролар

* бойламалы шоғырдың медиальды ядросы

221. 10 жасар балада Т10 дерматома деңгейінде өткізгіштікті ауру сезімталдығының бұзылысы анықталады. Жұлын миының зақымдалуының қандай деңгейі ықтимал?

* Т6 немесе Т7

* +Т8 немесе Т9

* Т9 немесе Т10

* Т10 немесе Т11

* Т12 немесе Д1

222. Балада қандай құрылымның зақымдалуы кезінде хореялық гиперкинез анықталады?

* Палеостриатумның

* +Неостриатумның

* Медиальды бозғылт шардың

* Латеральды бозғылт шардың

* Құйрықты ядроның

223. БЦС (ДЦП) ке тән формасы?

* Көзқозғалтқыш
* псевдобульбарлы
* + атоникалы–астатикалық,
* паралитикалық

* менингоэнцефалды

224. Туу жарақатының жеңіл формасы немен көрінеді?

* Брадикардиямен

* Тахикардиямен

* Тіл треморымен

* +Қолдың треморымен

* Коматоздық жағдай

225. Емшек жасындағы балалардағы ауру сезімі және температуралық сезімталдықтың (латеральды ілмек) терең және тактильді сезімталдық (медиальды ілмек) қайда жалғасады?
* Сопақша мида

* +Ми көпірінде

* Ми аяқшасында

* Көру төмпешігінде

* Бас миы қыртысында

226. Балаларда тежеу медиаторының ең ықтималдысы?

* Ацетилхолин

* +ГАМК

* Норадреналин

* Адреналин

* Серотонин

227. Балаларда стриопаллидарлы жүйенің барлық афференттерінің жолдары қай бөлімінде аяқталады?

* Бозғылт шардың латеральды ядросында

* +Жолақ денесінде

* Бозғылт шардың медиальды ядросында

* Субталамиялық ядросында

* Ретикулярлы формацияда

228. Балаларда пирамидалық қиылысы аймағында пирамидалық жолдың зақымдалуы кезінде не анықталады?

* +Ошақ жағындағы қолдың салдануы және ошаққа қарама қарсы жақтағы аяқтың салдануы

* Ошақ жағына қарама қарсы жақтағы қолдың салдануы

* Екі аяқтың да салдануы

* Ошақ жағындағы аяқтың салдануы

* Ошақ жағындағы аяқ және қол салдануы

229. Шала туылған балалардағы нерв жүйесінің зақымының ауыр ағымы немен байланысты?

* Тыныс жүйесінің жетілмеуі

* Аз салмақ

* Қосымша аурулары

* Бас миының аномалиялары

* +Қан өндіру жүйесінің жетілмеуі

230. Балаларда алдыңғы орталық қатпардың зақымдалуының көрінісі қандай симптоммен жүреді?

* +Моноплегиямен

* Параплегиямен

* Тетраплегиямен

* Гемиплегиямен

* Салданулармен

231. Балада айналма түріндегі симметриялық диссоцирленген сезімталдықтың бұзылысы. Ең ықтимал зақым?

* Артқы мүйіз

* Спинноталамиялық жол

* Артқы түбіршек

* Алдыңғы сұр спайка

* +Артқы бағаналар

232. Балада жұлын миының мойын бөлімінде (С6-С8) голлевский және бурдах жолдарының өзгерісі анықталады. Балада сезімталдық типінің бұзылысының ең ықтималдысы?

* Мононевритикалық

* Сегментарлы

* Сегментарлы-диссоциирленген

* Өткізгішті

* +Полиневритикалық

233. Омыртқаның мойын бөлімінің зақымдалуы кезіндегі миотониялық синдром немен байланысты?

* Перифериялық қимыл нейронының зақымдалуы

* Жұлын миының ретикулярлы формациясының ишемиясы

* +Басішілік қысымның жоғарылауымен

* Пирамидалық жолдың зақымдалуымен

* Экстрапирамидті жүйенің зақымдалуымен

234. Балада терең сезімталдықтың оң аяғында өткізгіштік тип бойынша бұзылысы анықталады. Осы симптоматика қандай құрылымның зақымында ең ықтимал?

* Перифериялық нервтер

* Артқы түбіршек

* Артқы мүйіз

* +Спинноталамикалық жолдар

* Голля шоғыры

235. Бірінші ай өміріндегі менигококкты менингит үшін сәйкес симптомы?

* +Гиперестезия, көпретті құсу

* Диарея, метеоризм

* Жөтел, сарғыштық

* Үлкен еңбегінің түсуі

* Параличтер мен парездер

236. 5 жасар бала қабылдау бөлімшесіне еріксіз жүктемелікке, одан кейін түнгі ұйқысынан оянғанда қолында дірілдің пайда болу шағымдарымен жеткізілді. 3 айдан кейін бұл көріністер күн бойына байқалып және барлық денесін қамтыған. Бұл кезде есін жоғалтпаған, бірақ аяғында тұра алмайды.

Көрсетілген ұмтамалардың қайсысы ең ықтимал?

* Жайылмалы тонико-клоникалық

* Абсанс

* +Күрделі парциальды

* Жай парциальды сенсорлы

* Күрделі абсанс

237. 7 жасар балада сабақ уақытысында, қатып қалу ұстамасы, баланың көзқарасының жойылуы және құлаусыз ернімен шолпылдатуы, осы уақытта көзі жоғарыға әкетілуі пайда болған. Бұл жағдай күн бойына бірнеше рет қайталанған. Ол өзінің есімін атынғанда жауап бермейді, оқу үлгерімі нашарлады.

Балада ұстаманың қандай түрі анықталады?

* Жайылмалы тонико-клоникалық

* Күрделі абсанс

* +Күрделі парциальды

* Жай парциальды моторлы

* Жай парциальды сенсорлы

238. 10 жасар бала, көшеде жалпы тырысулар пайда болып, осы себептен ауруханаға жатқызылды. Анамнезінің мәліметтері жоқ. Ұстамадан кейін жұлын-ми сұйықтығының зерттеуі жасалды: қысымы жоғары, цитоз қалыпты. Бас миы КТ патологиясы жоқ. Қан биохимиясында айтарлықтай емес ацидоз. ЭЭГ- де 2,5 Гц жиілікпен баяу толқынды белсенділік анықталды. Қандай клиникалық диагноз ең ықтимал?

* Бас-ми жарақаты

* Ми қанайналымының бұзылысы

* Эпилепсия

* +Гипогликемия

* Невротикалық реакция

239. 5-жасар балада катаральды көріністерден кейін 7 ші күні аяғында әлсіздік, одан кейін қолында пайда болды, сезімталдық сақталған, жамбас қуысыны ағзаларының зақымданулары жоқ. Аурудың 10-шы күні ИВЛ қолдануды қажет ететін тыныс алуының бұзылуы пайда болды. Қандай клиникалық диагноз ең ықтимал?

* ЖРВИ

* +Жедел полирадикулоневрит Гиена-Барре

* Жедел миелит

* Полиомиелит

* Цереброастеникалық синдром

240. 10 жасар балада қатты бас ауруы, есінің есеңгіреуге дейін бұзылуы анықталады. Дәрігер мойын бұлшықетінің ригидтілігін, жарықтан қорқуы және диплопия анықталды. Сонымен қоса диплопия күн бойына бірнеше ретке қайталанады. Контрастты ангиография тағайындалды. Сіз қандай нәтиже күтесіз?

* +Артериовенозды даму ақауы

* Шүйде астроцитомасын

* Ілмектәрізді сүйек аймағындағы менингиома

* Гипофиз аденомасы

* Мешковидті аневризма

241. 10 жасар бала алдын ала қойылған жедел полирадикулоневрит диагнозымен түсті. Неврологиялық бөлімшеде қайта қарау кезінде науқаста аяқ қолының әлсіздігі, қозғалысының шектелуі, шап қатпарына дейінгі гипестезия анықталады. Ликвородинамикалық сынамалармен люмбальды пункция жасалды. Ликвородинамикалық сынамалар оң нәтижелі. Ликвордың құрамы: лимфоцитарлы цитоз 10 клетка көру алаңында. Панди және Ноне- Аппельт реакциялары теріс. Сіздің ең ықтимал диагнозыңыз?

* +Полиомиелит

* Полиневрит

* Полирадикулоневрит

* Көлденең миелит

* Шашыранды склероз

242. 13 жасар балада арқасының, құрсақ және сандарының терісінің беткейінде шықпайтын бірдей шеттерімен ашық кофе түсіндегі 6 ірі пигментті дақтар анықталады. 10 жастан кейін – айқын үдемелі сколиоз, 12 кейін– бет терісі мен денесінің жоғарғы беткейінде жұмсақ эластикалық консистенциялы терілік ісіктер пайда болған. Қандай диагноз ең ықтимал?

* +Туберозды склероз

* Реклингхаузен нейрофиброматозы

* Нейротерілік меланоз

* Штурге-Вебер синдромы

* Пигментті ксеродерма

243. Жана туылған нәрестеде бел аймағында терісі және жұмсақ тіндерінің дефектісі анықталды. 1-2 бел омыртқасы денесінің ажырауы жартылай мөлдір эмбриональды дифференцирленбеген қабықша және жұлын миының түбіршектерімен керіліп жайылуы анықталады. Неврологиялық статусында төменгі параплегия, энурез және энкопрез түріндегі жамбас ағзаларының дисфункциясы анықталады. Қандай клиникалық диагноз ең ықтимал?

* +ВПР. ЦНС. Рахишизис.

* Бел сегізкөз аймағындағы жұлын-ми жарығы.

* Бел-сегізкөз аймағының тератомасы.

* Құйымшақтың сынығы -таюы.

* Сезізкөз құйымшақ аймағының скальпирленген жарасы.

244. 2 айлық балада басының өлшемі 48,0 см. Бала қозғалыссыз, арықтаған, боз, тамағын қорыта алмайды, үлкен еңбегі шығыңқы, керілген. Қандай клиникалық диагноз ең ықтимал?

* +ВПР. ЦНС. Үдемелі окклюзионды ішкі гидроцефалия.

* ВПР ЦНС. Анэнцефалия

* Бас миының ісігі. Гипофиз аденомасы.

* Туу жарақаты. Басішілік жеделдеу гематомасы.

* Менингоэнцефалит, бас миының екі гемисферасының субдуральды эмпиемасы;

245. Қабылдау бөліміне 2 жасар бала, ата анасының айтуы бойынша бетінің асммметриялығына және оң аяқ қолының қозғалысының шектеліне шағымдалып қаралды. Бұл жағдай бүгін бала түнгі ұйқысынан оянғанда пайда болған. Бала әлсіз, жүйелі түрде мазасызданады. Бір апта бұрын жедел респираторлы-вирусты инфекциямен ауырған. Қандай клиникалық диагноз ең ықтимал?

* +Жедел ми қанайналымының бұзылысы. Бас миының сол гемисферасының базальды ядролары аймағындағы ишемиялық инсульт. Оң жақты пирамидты гемисиндром.

* Менингоэнцефалит, бас миының сол гемисферасының субдуральды эмпиемасы;

* ЖБМЖ. Бас миының соғылуы. Бас миының сол гемисферасының миішілік гематомасы;

* Бас миының сол гемисферасының ісігі;

* Жедел ми қанайналымының бұзылысы. Паренхиматозды-вентрикулярлы қанқұйылу. Оң жақты пирамидты синдром.

246. Бала 8 жаста. 2 метрлік биіктіктен құлап, баспен соғылған. Қысқа уақытты есінен тану, бас ауруы, бас айналуы, жүрек айнуы, 3-ретті құсу анықталған. Неврологиялық статусында горизонтальды клоникалық нистагм, бұлшықет гипотониясы, асимметриясыз гиперрефлексия. Краниограмма патологиясыз. Қандай клиникалық диагноз ең ықтимал?

* +ЖБМЖ. Бас миының шайқалуы.

* ЖБМЖ. Бас миының соғылуы.

* Гипотониялық типтегі вегето- тамырлық дистония. Синкопальды синдром.

* Бас миының резидуально-органикалық жеткіліксіздігі. Гипертензионды синдром.

* Эпилепсия. Абсанстар

247. Нәрестелер бөлімшесінде 10 күндік бала: «Гипоксиялық-жарақатты генезді перинатальды энцефалопатия» диагнозымен жатыр. Ертеңгілік қарау уақытысында оң төбе аймағындағы ісік тәрізді түзілісті байқаған. Пальпациясы ауырсынусыз, жұмсақ-эластикалық консистенцияда, периферия бойынша сақина тәрізді тығыздалу анықталады. Қандай клиникалық диагноз ең ықтимал?

* +Гипоксиялық-жарақатты генезді перинатальды энцефалопатия. Оң төбе аймағындағы кефалогематома

* ЖБМЖ. Бас миының соғылуы. Оң жақ төбе сүйегінің ұзыннан сынуы. Төбе аймағының сүйек асты гематомасы;

* Бас миының ісігі. Краниофарингиома

* Абсцедирлену фазасындағы оң төбе аймағындағы фурункул.

* ВПР ЦНС. Бас –ми жарығы.

248. 8 айлық балада ата анасы ауру сезімімен сол төбе аймағындағы жұмсақ эластикалық консистенциялы ісік тәрізді түзілісті байқаған. 2 күн бұрын бала кереуеттен құлаған, есін жоғалтпаған. Невролог қарау кезінде жалпымилық және ошақты неврологиялық симптоматиканы анықтады. Краниограммада сол төбе сүйегінің ұзыннан сынуы анықталады. Қандай диагноз ең ықтимал?
* + ЖБМЖ. Бас миы соққысы. Сол жақ төбе аймағының ұзыннан сынуы. Сол төбе аймағының сүйек асты гематомасы;
* ЖБМЖ. Бас миының шайқалуы. Сол төбе аймағындағы жұмсақ тіндердің соққысы.
* Гипоксиялық-жарақатты генезді перинатальды энцефалопатия. Оң төбе аймағындағы кефалогематома
* ВПР ЦНС. Бас -ми жарығы.
* Абсцедирлену фазасындағы оң төбе аймағындағы фурункул.


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 278 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
2 страница| 4 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.067 сек.)