Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1 страница. Тексеруде 1 айлық бала

3 страница | 4 страница | 5 страница | 6 страница | 7 страница | 8 страница | 9 страница | 10 страница | 11 страница | 12 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Тексеруде 1 айлық бала. Анасының айтуы бойынша бала белсенділігі төмен, емшекті дұрыс ембейді.Анамнезінен: жүктіліктің 1 триместрі ауыр токсикозбен өткен. Уақытында босанған, Апгар шкаласы бойынша 4-6 балл. Объективті: нәрестенің жағдайы орташа ауырлықта, әлсіз, нәрестені тітіркендіру кезіндегі спонтанды қозғалыс белсенділігі төмендеген. Үлкен еңбегі - 2,5-2,5см., кернелмеген. Грефе симптомы, көзі қылиланған. Бұлшықеттерінің диффузды гипотониясы, нәрестелердің физиологиялық рефлектері әлсіз шақырылады, тез өшеді. «Жүзуші саусақтары» симптомы. Емдеу жоспарына қай препаратты мақсатты түрде тағайындауға болады?

A. Фуросемид

B. Актовегин

C. +Пирацетам

D. Папаверин

E. глиатилин

140. Қабылдауда 4 айлық бала, анасының айтуы бойынша физикалық дамуы жағынан кешеуілдеген, басын 3 айдан бастап ұстайтын болған, айналмайды, ойыншықтарға қызықпайды. Анамнезінен: жүктіліктің 1 триместрі ауыр токсикозбен өткен, жүктіліктің үзілу қаупі үнемі болған. 36 аптада ЖРВИ мен ауырған, жүктілер патологиясы бөлімшесінде ем алған. 2 күннен кейін суы кеткен, босану басталған. Босану ұзақтығы 4 сағат 20 мин., нәресте салмағы 4800гр., үлкен еңбегі 2,0-2,0 см, кернелмеген., кіші еңбегі. 0,3-0,3 см. Бассүйек жіктері жабық. Көздері S=D, қылилық.Аяқ қолдарындағы бұлшықет тонусының төмендеуі.Емдеу жоспарына қай препаратты мақсатты түрде тағайындауға болады?

* +Энцефабол

* Мексидол

* Глицин

* Фенобарбитал

* актовегин

141. Қабылдауда 1 айлық нәресте. Анасының айтуы бойынша бала дұрыс ұйықтамайды, ұзақтығы 40 минут күндіз де, түнде де. Жиі және көп құсады. Объективті: қарау кезінде тынымсыз, жылайды. Үлкен еңбек - 2,0-2,0см кернелген, бассүйек жіктері жабылған.Көздері S=D, Грефе симптомы,қылилық.Аяқ қолдарының гипертонусы, аяқ қолдары бүгілген және денесіне жақын «эмбрион» позасы, Қолдары мен иегінің тума треморы. Келесі препараттардың қайсысын бірінші кезекте беру керек?

* Мексидол

* Диазепам

* Фенобарбитал

* +Диакарб

* церукал

142. Қабылдау бөліміне жүктілік кезінде тіркеуде тұрмаған, тексерілуде болмаған, үйде босанған баланы тексерілуге алып келді.Терісі қызарған, айқын қантамырлық сурет. Тынысы пуэрильді, жүрек тоны анық ритмді, пульс 120 минутына. Бассүйек симптомы «фетровой шляпы».Үлкен еңбегі - 3,0-3,0 см, кіші еңбегі 0,5-0,5 см, сагитальды жік бойынша 0,1см. Басының өлшемі 31 см., кеудесінің өлшемі 29см, бойы 46см, салмағы 1980гр. Көз түбі S= D. Аяқ - қолдардың бұлшықетінің гипотониясы. Нәрестенің физиологиялық рефлекстері әлсіз шақырылып, тез бітеді.

Қандай емдеу тактикасы тиімді?

* Нәрестелер бөліміне жатқызудан бас тарту

* +Нәрестелер бөліміне жатқызып ары қарай тексеру және емдеу

* Балалар инфекциялық ауруханасына жатқызу

* Поликлиникаға учетқа қойып және бақылау

* Алғашқы көмек көрсету және педиатрда динамикада бақылау

143. Жедел жәрдем дәрігерінің қарауында 7 айлық бала, анасының айтуынша тырыспалық ұстамаға, есінің тануына шағымданады. Бала жылап жатып бірден үндемей калды, кеудесі мен аяқ қолдарының тырысуы басталды, бала көгерді, басын лақтырды, осы кезде көздері ашық болды, жоғары және шетке қараған, бірнеше уақыттан кейін аяқ қолдарын қимылдата бастады. Анасы тырысумен өз бетінше емдеуге тырысты, бетіне су шашты, алақанын сылады, бірақ тырысу қайтпады. Дәрігерлер келгенде тырысу 15 минут бойы жалғасып жатты.

Төмендегі препараттардың ішінен қайсысын бірінші тағайындаймыз?

* +Диазепам

* Дицинон

* Карбамазепин

* Пирацетам

* глиатилин

144. Жедел жәрдем бригадасымен 9 жастағы бала жеткізілді, 2 сағат бұрын автокөлік апатына ұшыраған. Объективті жалпы жағдайы нашар. Киімінде құсық массасының іздері бар. Оң жақ маңдай аймағында теріастылық гематома бар, қолында, бетінде, денесінде жырылулар бар. Қарашық d=s жарыққа реакция жоқ. Менингеальды белгілер жоқ. Сол жақ мұрынеріндік қыртыс тегістелген. Қолдың және аяқтың бұлшықеттерінің айқын гипотониясы, бірақ S> D. Сіңірлік рефлекстер төмен, бірақ S> D. Бабинский симптомы сол жағынан.

Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын бірінші кезекте тағайындау керек?

* Глиатилин

* +Фуросемид

* Вазонат

* Преднизолон

* пенициллин

145. 13 жастағы бала суықтағаннан кейін 2 күннен кейін аузының сол жақ бұрышының түсуіне және ол сөйлегенде және тамақ ішкенде кедергі жасайтынын айтты. Дәрігерге қаралуға келді. Қарап тексеру кезінде: маңдай қыртыстарының сол бөлігінің тегістелуі, сол жақ қабағы көзін жапқанда қимылдамайды, мұрын –ерін қыртысы тегістелген.

Қай препаратты тағайындау тиімді?

* +Преднизолон

* Цефтриаксон

* Глицин

* Пирацетам

* актовегин

146. 9 жасар қыз бетінің оң жақ бөлімінің ауру сезіміне шағымданады. Айтуы бойынша ауру сезімі ұстағанда, жуынғанда өрши түседі, 2 күн бойы ауырғаннан тісін тазалай алмаған.

Осы этапта қандай препаратты тағайындаған тиімді?

* Винпоцетин

* Пентоксифиллин

* +Диклофенак

* но-шпа

* спазмалгон

147. 14 жастағы қыз балада мектептегі күйзелістен кейін, жүрек соғу ұстамалары, бас ауру, қан қысымының 150/100 мм сын.бағ. дейін көтерілуіне, тершеңдікке, қалтырау тәрізді дірілге, дене температурасының жоғарылауына, айқын қорқыныш және үрейге шағымданады. Ұстамадан кейін көп зәршығарумен бітеді. Науқастың есі бұзылмаған. Ұстама ұзақтығы 40 минуттан бір сағатқа дейін. Неврологиялық статус: органикалық симптомдар жоқ. Вегетативты бұзылыстар айқын: қарашық кеңейген D=S, ақ дермографизм, айқын жалпы гипергидроз, қабақ және қол саусақтарының треморы.

Осы этапта қандай препаратты тағайындаған тиімді?

* Антикоагулянт

* Антидепрессан

* +Ноотроп

* Транквилизатор

* Антибиотик

148. Балаға 8 жас. 5 күн ішінде балада жоғары температура байқалаады. Содан кейін табанында және саусақтарында ауру сезімі басталды. Жедел жәрдем бригадасымен қабылдау бөліміне жеткізілді. Неврологиялық статусында менингеальды белгілер жоқ, бассүйек иннервациясы ерекшеліксіз. Қолдың және аяқтың дистальды бөліктерінің күші төмендеген, қозғалысы шектелген, бұлшықеттердің гипотониясы, қолда және аяқта сіңір жәнее периостальды рефлекстердің төмендеуі.Қолдың гипестезиясы және аяқтың дистальді типі бойынша гипестезия. Жүйке бағанасы пальпацияда ауру сезімді. Айқын табан мен саусақтардың гипергидрозы.

Қандай емдеу әдісі тиімді?

* +қабынуға қарсы, аналгетикалық препараттар, «В» тобының витаминдері, физиотерапевтикалық процедура, массаж, ЛФК.

* аналгетические препараты, витамины группы «В», физиотерапевтикалық процедура, массаж, ЛФК.

* «В» тобының витаминдері, физиотерапевти процедуры, массаж, ЛФК.

* физиотерапевтикалық процедура, массаж, ЛФК.

* мануальды терапия, ЛФК.

149. Нәрестелер бөлімінде интенсивті терапия бөлмесінде бақылауда бала жатыр. Нәресте 2 ші жүктіліктен, 1 жедел босану. Босану ұзақтығы 2 сағат. Туылғандағы салмағы 3230гр. Апгар шкаласы бойынша 6-8 балл. Объективті: тері жабындылары және шырышты қабаты бозғылт. Тынысы сиреген, апноэны береді. Тахикардия, пульс аритмикалык. Нәрестенің жағдайы бірден төмендеген, үлкен еңбегі пульсирленген, көз түбі S=D, Грефе симптомы, корнеальды и коньюктивальды рефлекстер әлсіз, бұлшықеттердің диффузды гипотониясы. Қарап тексеру кезінде жайылмалы тонико-клоникалық тырыспа ұстамалары дамиды.

Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын бірінші кезекте тағайындау керек?

* +Фенобарбитал

* Вазонат

* Карбамазепин

* Пирацетам

* Энцефабол

150. Қабылдауда 9 айлық нәресте, анасының айтуынша нәресте көп жылайды, нашар ұйықтайды, физикалық артта қалуын яғни басын 5 айдан бастап басын ұстаған, 9 айлығында отырған. Ойыншықтарға қызықпайды, тек анасын ғана таниды. Объективті: тексеруді негативті қабылдайды, жылайды, көз түбі S=D, жеңіл өтпелі қыликөздік, төменгі бөліктердің әсіресе аяқтың бұлшықеттерінің гипертонусы. Аяқтарының сіңір рефлекстері жоғарылаған S= D. Токсоплазмоз және ЦМВқа тексерілді. ЦМВ қа жауап теріс. Токсоплазмоз РСК бойынша 1:16 титрі анықталды, 10 күннен кейін титрі 1:32 дейін өскенін, анасынан токсоплазминнің терілік сынамасы: ++++ болды.

Қандай емдеу әдісі тиімді?

* +Антибактериальды терапия

* Физиоемдеу

* Ноотропты терапия

* Хирургиялық емдеу

* Қантамырлық терапия

151. Бөлімшеге 9 жастағы бала қатты бас ауруына, жүрек айну мен көпреттік құсуға шағымданады. Дене температурасы 39° дейін көтерілген. Анамнезінен: ЖРВИ мент 5 күннен бері ауырады. Объективті: Есі анық. Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі айқын оң. Керниг симптомы екі жағынан 120° бұрышта оң,Брудзинский жоғарғы және ортаңғы оң. Аяғының сіңір рефлексі тірілген S= D. Бүкіл дененің гиперестезиясы. Ликвор талдауы: түссіз. Қысымы 250 мм. водн.ст., белок 400 мм/л, цитоз 460 (84% лимфоциттер, 16% нейтрофилдер), белок 400мг/л, хлорид 190 ммоль/л, реакция Панди+, Ноне-Аппельта+.

Қандай емдеу әдісі тиімді?

* Физио емдеу

* Гипотензивті терапия

* Антибактериальды терапия

* +Вирусқа қарсы терапия

* Қантамырлық терапия

152. Бөлімшеге 5 жасар бала түсті, анасының айтуынша ауырғанына 3 күн болды, дене температурасы 40° дейін көтеріліп, катаральды симптомдар.Бүгін бас айналуына, бас ауруына, жүрек айнумен жүретін көп реттік құсуға шағымданады. Жарыққа қарай алмайды, қараса бірден пайда болатын ауру сезіміне шағымданады. Объективті: жалпы жағдайы ауыр, сұрақтарға қиындықпен жауап береді, үзіп –үзіп. Беті симметриялық. Көз түбі S=D, анизокория, көзін жанына қимылдатқанда диплопия. Менингеальды белгілер: Керниг, Брудзинский (жоғарғы, ортаңғы және төменгі) симптомы оң.

Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын бірінші кезекте тағайындау керек?

* Актовегин

* +Левомецитин сульфат

* Магний сульфат

* Дексаметазон

* Бифидум бактерин

153. Қабылдау бөліміне 8 жасар бала түсті, анасының айтуы бойынша бүгін таңертеннен бастап ауырды, дене температурасы 40° дейін көтерілді, катаральды симптомдар пайда болды, бас ауруы мен жүрек айнуға және көпреттік құсуға шағымданады. Объективті:

Баланың жалпы жағдайы ауыр, сандырақтап жатыр. Бір жақ қырымен жатқан, басы артқа шалқайған,қолдарын жинап алған. АҚҚ 70/50 мм.сын.бағ., ТАЖ 86 минутына. Менингеальды симптомдар айқын көрінеді. Аяқ терісінде, бөкседе жұлдызша тәрізді әртүрлі көлемдегі геморрагиялық бөртпе, ұстағанда тығыз, тері бетіне шығып тұрады.

Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын бірінші кезекте тағайындау керек?

* +Цефтриаксон

* Гентамицин

* Магний сульфат

* Пирацетам

* Глиатилин

154. 12 жастағы бала бөлімшеге қатты бас ауруына, жүрек айну және құсуға шағымданады. Ауру сезімі жарыққа және шуға үдей түседі. Дене температурасы 40° дейін жоғарылаған. Анамнезінен: бала отоларингологта ортаңғы құлақтың іріңді отиті бойынша амбулаторлы емделіп, антибиотик қабылдап жүр.Объективті: Есі есеңгіреген. Көз түбі S= D. Бехтерев рефлексі екі жақтан да оң. Жалпы гиперестезия. Шүйде бұлшықетінің ригидтілігі 10 см. Керниг симптомы екі жағынан 110° бұрышта оң, Брудзинский (жоғарғы, ортаңғы және төменгі) симптомы оң.

Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын бірінші кезекте тағайындау керек?

* Гипотензивті терапия

* +Антибактериальды терапия

* Ноотропты терапия

* Вирусқа қарсы терапия

* Витаминотерапия

155. 10 жастағы қыз бала бөлімшеге қатты бас ауруына, жүрек айну және құсуға шағымданады. Ауру сезімі жарыққа және шуға үдей түседі. Дене температурасы 39° дейін жоғарылаған. Объективті: Есі есеңгіреген. Көз түбі S= D. Бехтерев рефлексі екі жақтан да оң. Жалпы гиперестезия. Шүйде бұлшықетінің ригидтілігі 10 см.: Кернинг симптомы екі жағынан 100° бұрышта оң, Брудзинский (жоғарғы, ортаңғы және төменгі) симптомы оң. Ликвор: плеоцитоз 27000 нейтрофилдердің әсерінен, түсі– мөлдір емес, сары, қысым 440 мм. су.бағ., белок - 3500 мм/л, реакция Панди++++, Ноне-Аппельта++++.

Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын бірінші кезекте тағайындау керек?

* +Цефтриаксон

* Манит

* Энцефабол

* Фуросемид

* гентамицин

156. Бөлімшеге 11 жастағы қыз дене температурасының 39° дейін көтерілуіне, қатты бас ауруына, жүрек айну мен құсуға шағымданады. Анамнезінен: анасының айтуы бойынша соңғы 2 күнде сыныпта 5 бала ЖРВИ мен ауырған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Гиперестезия белгілері жоқ. Менингеальды симптомдар айқын байқалады. Гепатомегалия. Қанда айқын лейкоцитоз, нейтрофиллез, лимфоцитозбен ауысады, ЭТЖ аздап жоғарылаған. Ликвор: мөлдір, түссіз, тамшылап тамады. Айқын плеоцитоз 1 мкл де 390 кл, цитоз лимфоцитарлы, белок айқын жоғарылаған 0,8 г/л, қант және хлорид құрамы қалыпты.

Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын бірінші кезекте тағайындау керек?

* Пенициллин

* Дексаметазон

* Рибоксин

* +Интерферон

* актовегин

157. Бөлімшеге 9 жастағы қыз дене температурасының 39° дейін көтерілуіне, қатты бас ауруына, жүрек айну мен құсуға шағымданады. Анамнезінен: анасының айтуы бойынша соңғы 2 күнде сыныпта 10 бала ЖРВИ мен ауырған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Гиперестезия белгілері жоқ. Менингеальды симптомдар айқын байқалады. Гепатомегалия. Қанда айқын лейкоцитоз, нейтрофиллез, лимфоцитозбен ауысады, ЭТЖ аздап жоғарылаған. Ликвор: мөлдір, түссіз, тамшылап тамады. Айқын плеоцитоз 1 мкл де 390 кл, цитоз лимфоцитарлы, белок айқын жоғарылаған 0,8 г/л, қант және хлорид құрамы қалыпты.

Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын бірінші кезекте тағайындау керек?

* Глицин

* Фраксипарин

* Дексаметазон

* +Виферон

* актовегин

158. Бөлімшеге 9 жастағы бала дене температурасының 39° көтерілуіне, катаральды бөліністерге, бас айналуға, бас ауруға бір реттік құсуға шағымданады. Анамнезінен: ауырғанына 2 күн, екі рет сұйық нәжіс болды. Объективті: Есі анық, уақытта және кеңістікте бағдары сақталған, өзін нашар сезінеді. Кернинг, Брудзинский (жоғарғы, ортаңғы) симптомы айқын анықталады.

Ликвор: мөлдір, түссіз, тамшылап ағады. Айқын плеоцитоз 1мкл де 300 кл, цитоз лимфоцитарлы, белок айқын жоғарылаған 0,8 г/л, қант және хлоридтердің мөлшері қалыпты.

Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын бірінші кезекте тағайындау керек?

* гормональды терапия

* антибактериальды терапия

* қантамырлық терапия

* +вирусқа қарсы терапия

* гипотензивті терапия

159. Жедел жәрдем бригадасымен бөлімшеге 9 жастағы бала жеткізілді, дене температурасының 38-39° көтерілуіне, катаральды бөліністерге, бас айналуға, бас ауруға бір реттік құсуға шағымданады. Анамнезінен: ауырғанына 1 күн, екі рет сұйық нәжіс болды. Объективті: Есі анық, уақытта және кеңістікте бағдары сақталған, өзін нашар сезінеді. Кернинг симптомы айқын анықталады.

Ликвор: мөлдір, түссіз, тамшылап ағады. Айқын плеоцитоз 1мкл де 280 кл, цитоз лимфоцитарлы, белок айқын жоғарылаған 0,9 г/л.

Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын бірінші кезекте тағайындау керек?

* пирацетам

* фраксипарин

* дексаметазон

* +интерферон

* актовегин

160. 14 жастағы туберкулездік диспансерде ем қабылдап жатқан бала өзінің жағдайының нашарлауын сезінген. Бас ауру, жүрек айну мен құсуды байқаған, әлсіздік, жанына қарағанда екеу болып көрінуі болған. Дене температурасы 39°. Объективті: есі анық, тері жабындылары бозғылт. Көз түбі S<D, сол жақтық қылилық, оң жақтық птоз. Естуі оң жақтан төмендеген. Тілдің солға девиациясы. Тілдің сол жақ бұлшықеттерінің гипотрофиясы мен фибриллярлы жыбырлауы. Аяқ және қолдың сіңір рефлекстері төмендеген. Менингеальды белгілер айқын (Керниг симптомы, жоғарғы және ортаңғы Брудзинский шүйде бұлшықетінің ригидтілігі) және тері жабындыларының гиперестезиясы.

Қандай препараттарды емдеуде қосу тиімді болады?

* Гентамицин және интерферон

* +Изониазид және рифампицин

* Ципролет және тетрациклин

* Пенициллин және изониазид

* Левомецитин және гентамицин

161. 9 жастағы бала дене температурасының 39°-40° дейін көтерілуіне, құсу және жүрек айну мен бас ауруы шағымдарымен қабылдау бөліміне жеткізілді. Өзін нашар сезінеді, жалпы әлсіздік, барлық уақытта ұйықтай бергісі келеді.Эпигастрий аймағында ауру сезімі байқалады. Анамнезінен: екі апта бұрын паротитпен ауырған.Объективті: баланың жағдайы орташа ауырлықта, солғын, мүлдем қозғалмайды. Қолдың және аяқтың сіңір рефлекстері жоғарылаған S=D. Ахилл рефлекстерінің клонусы S=D. Менингеальды симптомдар айқын. Ликвор: түссіз, цитоз 1 мм де 270 лимфоцитарлы. Белок 0,8%. Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын емдеу жоспарына қосу тиімді?

* Пеницилин

* Пирацетам

* Тетрациклин

* +Иммуноглобулин

* Пентоксифиллин

162. Қабылдау бөліміне жазғы лагерінен дене температурасы 39° жоғарылауымен, катаральды белгілермен және көп рет құсу мен бас ауруына шағымданып келді. Анамнезінен: бір тәулік ішінде ауырған, кеше шикі көкөністен салат жеген. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, жағдайы нашарланған. Менингеальды симптомдар, Керниг, Брудзинский оң. Ликвор: мөлдір,түссіз. Қысым 400 мм.сын.бағ., цитоз (лимфоцитарлы) 260- та 1 мм, белок 0,9.Емдеу тактикасы қандай?

* Вирусқа қарсы

* Антибиотикотерапия

* +Глюкокортикостероидтар

* Ноотроптар

* Гипотензивтілер

163. Қабылдау бөліміне 8 жасар бала жүрек айну,бас ауру шағыммен әкелінді.Ауру сезімі жарық пен шу кезінде күшейеді.Дене температурасы 40°-қа жоғарылаған. Анамнезінен: бала амбулаторлы отоларингологта синуситтің себебінен ем қабылдауда, антибиотикті 3күн бойы қабылдаған.

Объективті:есі анық емес. Үштік нервінде ауру сезімі бар. Көзінің түбі S=D, көз алмасы сыртқа шығарылмаған. Горизонтальды майда нистагм. Жалпы гиперестезия. Шүйде бұлшыкет ригидтілігі 8 см. Жоғарғы, ортаңғы Брудзинский симптомы айқын. Кернинг симптомы екі жақты 100°.Ем жоспарына қай препараты қосқанымыз жөн?

* Пирацетам

* Ацикловир

* +Дексаметазон

* Иммуноглобулин

* Актовегин

164. Қабылдау бөліміне 11 жасар бала жүрек айну,бас ауруына шағыммен әкелінді. Дене температурасы 40°. Объективті: есі анық емес. Үштік нервінде ауру сезімі бар. Көзінің түбі S=D, көз алмасы сыртқа шығарылмаған. Горизонтальды майда нистагм. Жалпы гиперестезия. Шүйде бұлшыкет ригидтілігі 9 см. Жоғарғы, ортаңғы Брудзинский симптомы айқын. Керниг симптомы екі жақты 100°.Ем жоспарына қай препараты қосқанымыз жөн?

* мануальды терапия

* +антибактериальды терапия

* қантамырлық терапия

* инерефлексотерапия

* гипотензивті терапия

165. Жедел жәрдеммен қабылдау бөліміне 10 жасар бала 39° дене қызуына,бұлшықеттегі ауру сезіміне, құсусыз бас ауруына, саусақтарының ұю сезіміне шағыммен әкелінді. Анамнезінен: 1ай бұрын жылыжайда кене шаққан, оны өзі алған, дәрігерге қаралмаған. Объективті:жағдайы орташа ауырлықта. Бел, қол бұлшықеттерінің фибриллярлы жыбыры. Басын бұра алмайды, бір қалыпта ұстай алмай, алға қарай салбырап кете береді,жауырыны қанат тәрізді, сыртқа шығыңқы, жоғары бағытталған, қолын көтеруі және сыртқа қарай бұрауы қиын. Қолының сіңір рефлекстері шақырылмайды. Ем жоспарына қай препараты қосқанымыз жөн?

* Маннит

* Ацикловир

* Пирацетам

* +Иммуноглобулин

* Энцефабол

166. Жедел жәрдеммен қабылдау бөліміне 14 жасар бала 40° дене қызуына,бұлшықеттегі ауру сезімі,құсусыз бас ауруына, саусақтарының ұю сезіміне шағыммен әкелінді. Анамнезі: 2 апта бұрын тауда кене шаққаноны өзі алған, дәрігерге қаралмаған. Объективті:жағдайы орташа ауырлықта. Бел, қол бұлшықеттерінің фибриллярлы жыбыры. Басын бұра алмайды, бір қалыпта ұстай алмай, алға қарай салбырап кете береді,жауырыны қанат тәрізді, сыртқа шығыңқы, жоғары бағытталған, қолын көтеруі және сыртқа қарай бұрауы қиын. Қолының сіңір рефлекстері шақырылмайды. Ем жоспарына қай препараты қосқанымыз жөн?

* +Рибонуклеаза

* Ацикловир

* Виферон

* Пирацетам

* Актовегин

167. Бөлімшеге 13 жасар бала сол қолындағы әлсіздікке, белсенді қозғалыс жасай алмауына және сол қолының қалтырауына шағымданып түсті. Тырыспалар саусақтарының ұшының ұюынан басталып, шынтақ қол бұлшықетінің жыбырлауы пайда болып, қолымен жоғары көтеріледі. Апта бұрын қолының қалтырау фонында бет дірілі пайда болған. Анамнезі: 3 ай бұрын кенелік энцефалиттің полиомиелиттік формасымен ауырған. Объективті: сол қолының орталық салдануының көрінісі бар.Қол сіңір рефлексінің асимметриясы S≥D, сол қолы бұлшықетінің гипертонусы, қол мен саусағының патологиялық симптомдары. Ем жоспарына қай препараты қосқанымыз жөн?

* +Рибонуклеаза

* Ацикловир

* Церобролизин

* Пентоксифиллин

* Эрготамин

168. Жедел жәрдеммен қабылдау бөліміне 8 жасар бала,жүрек айнуы,таңертең пайда болатын шүйде бөліміндегі бас ауруына, саусақтарының ұю сезіміне шағыммен әкелінді. Анамнезі:сол қолы мен аяғында әлсіздік пайда болуымен екі жыл бұрын қызылшамен ауырған. Объективті: қарау кезінде адекватты, уақыт пен кеңістік бағдары дұрыс. Диплопия басқа жаққа қараған кезде байқалады, горизонтальды нистагм, тіл девиациясы солға қарай.Сол жақ қол мен аяқ әлсіреген. Сол жақ қол мен аяқ гипертонусы бар. Сол жақ қол мен аяқ сіңірінің гиперрефлексиясы. Сол жағында табан патологиялық белгілері. Профилактика үшін ем жоспарына қай препараты қосқанымыз жөн?


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 227 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Органов дыхания| 2 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.031 сек.)