Читайте также: |
|
Басқару еңбегінің өрісінде іс-әрекет жағдайына талдау жасау, жоспарлау, іс-әрекетті ұйымдастыру, қабылданған шешімдердің орындалу барысын бақылау мен реттеу сияқты қызметтер бар. Тиімді де нәтижелі басқару үшін аталған қызметтердің барлығының үйлесімді өз ара әрекеттестігін қамтамасыз ету қажет, олардың біреуін орындамау тұтастай ұжым іс-әрекетінің нәтижелеріне әсер етеді. Барлық басқару қызметтерінің үйлесімді өз ара байланысы жоспарлауға негізделеді. Жоспарлау /іс-әрекет жоспарын құру/ дегеніміз іс-әрекеттің негізгі түрлері мен тұтас іс-әрекеттің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды анықтау. Тиімді жоспарлау дегеніміз:
-жұмыс жай-күйін жан-жақты және мақсатты есепке алу және іс-әрекеттің қол жеткізген нәтижелеріне объективті баға беру;
-алдағы уақыттағы іс-әрекеттің негізгі мақсаттары мен міндеттерін анықтау;
-алға қойылған міндеттерді шешетін тиімді жолдар мен тәсілдерді, құралдарды айқындау, оларды шешудің қолайлы жолдары мен құралдарын таңдау.
Бұлардың барлығы басқару жүйесіндегі істің жай-күйі туралы объективті ақпараттың болуын талап етеді. Ақпарат дегеніміз басқарылатын жүйенің жай-күйін сипатайтын, сондай-ақ оның дамыту жақсарту үшін қолданылатын пайдалы мағлұматтар, деректер, мәліметтер жиынтығы. Ақпараттың көлемі мен мазмұны жүйенің іс-әрекетінің мақсатымен, негізгі бағыттары мен аумағымен анықталады. Бағытына қарай олар төмен және жоғары бағытталған ақпарат болып бөлінеді. Төмен бағытталған ақпараттар басқару субъектісінің басқарушылық іс-әрекетін көрсететін ақпараттар / нормативті, жоғары тұрған органдардың, соның ішінде білім беру органдарының ұйымдастырушылық-бұйрықтық құжаттары/. Жоғары бағытталған ақпарат басқарылатын жүйенің жай-күйін сипаттайды / есеп берулер, тексеру нәтижелері бойынша анықтамалар, мектеп ішіндегі күнделікті ақпарат/. Басқарушылық іс-әрекеті үшін ақпараттың екі түрі де өте маңызды. «Басқарудың нәтижелі болуы, негізінен, қажетті аақпараттың болуына, басқарушылық шешімдерді дер кезінде және сапалы түрде қабылдай алынуына және тұтас білім беру жүйесінің мониторингін ұйымдастырылуына байланысты» / Қазақстан Республикасының орта білім беруді дамыту Концепциясы/
Жалпы білім беретін мектепті басқару, кез-келген басқарушылық іс-әрекет сияқты, барлық іс-әрекеттің негізді жоспарлануын талап етеді. Мектептегі ең маңызды жоспар мектептің жылдық жұмыс жоспары, ол жалпы мектеп өмірінің жетекші құжаты болып саналады. Онда мектеп іс-әрекетінің барлық жақтары қамтылып, олардың бірлігі, ішкі және сыртқы байланыстары мен өзара тәуелділігі есепке алынады. Жылдық жоспардың терең ойластырылуы, негізді және мақсатты болуы мектеп жұмысының нәтижелілігін анықтайды.
Мектептің жылдық жұмыс жоспары мына принциптер негізінде құрастырылады:
а/ Жоспарлаудың ғылымилығы. Жоспар іс-әрекеттің әлеуметтік және экономикалық шарттарын, педагогикалық процестің психологиялық-педагогикалық заңдылықтарын, жалпы білім беру жүйесі мен жекелеп алғандағы мектептің дамуының тенденциялары мен болашағын ескере отырып құрастырылуы қажет. Жоспар педагогикалықжағынан мақсатты болуы қажет.
ә/ Үйлесімді де қолайлы жоспардың құрамында алға қойылған мақсаттарға жету үшін іс-әрекеттің, нақты шаралардың қажетті және жеткілікті мөлшері болуы қажет. Бұл принцип жоспардың шынайы болуына, мектеп ұжымының іс-әрекетінің қолайлы жолдары мен құралдарын таңдауға, жоспардың құрамды бөліктерінің мақсатты түрде өзара қатынасын қамтамасыз етуге бағытталған.
б/Жоспардың нақтылығы. Жоспарда қандай шараларды жүргізу қажет, орындаушыларға берілетін тапсырмалар, шараларды өткізуге кім жауап беру керек, оның мерзімі, орны мен уақыты нақты көрсетілуі қажет. Белгілі бір міндеттерді табысты шешуге жағдай жасайтын нақтылы шарттар есепке алыну қажет. Нақтылық принципін жүзеге асыра отырып жоспардың қажетті нақтылығын қамтамасыз етеді.
в/ Жоспардың перспективтілігі. Жоспарда жуық арадағы мақсаттар мен міндеттерге қоса, мекиеп іс-әрекетінің болашағы да көрініс табуы қажет. Жоспарда мектеп жұмысының келер жылдары да алдына қойылатын оқу-тәрбие міндеттері ескерілуі қажет.
г/Ұжымдық принципі мұғалімдердің, тәрбиешілердің, мектептің басқа да қызметкерлерінің жоспарды талдау мен құруға белсенді түрде қатысуын қарастырады. Мектеп жоспары ұжымдық шығармашылықтың жемісі болуы қажет, алайда ол ұжымның әрбір мүшесінің жеке дара жауапкершілігін талап етеді.
Мектеп жұмысының жылдық жоспарын дайындаудың бағдар жолы:
Бұл бағдаржолдың тармақтары бір-бірімен тығыз байланысты, олар бірінен соң бірі орындалуы тиіс. Жоспарды дұрыс жасау үшін қажетті әдебиеттерді оқып зерттеу қажет. Мақсат пен міндеттерді, жолдар мен құралдарды таңдап, бекіту де осылайша жүзеге асады.
Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 493 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Білім беру қызметінің жиынтық субьектісі | | | Жоспардың сараптамалық бөлімін дайындау. |