Читайте также: |
|
Мектептің оқу-тәрбие процесі туралы, оның тиімділігінің деңгейі туралы ақпарат талдауы / мектеп жұмысының талдауы/ жоспар құрудың маңызды кезеңі болып табылады. В.А.Сухомлинский: «Мектептің өткен жылғы жұмысына терең талдау жасамай келер жылға жоспар құру мүмкін емес. Кемшіліктерді түзету өткен жылғы жұмысқа қаншалықты терең әрі жан-жақты талдау жасалғанына байланысты», -деп санаған. Жұмыстың талдауы мектеп ұжымының алдағы іс-әрекетіндегі себеп-салдарлық және қызметтік байланыстар мен өзара тәуелділікті айқындауы қажет. Талдау оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің нақты нәтижелері қандай, педагогикалық мақсаттарға жетудің жолдары мен құралдары қаншалықты мақсатты болғанын, қандай жалпы кемшіліктер болғанын анықтауы қажет. Қысқаша айтқанда, мектеп жұмысын талдауы «мұғалімдер ұжымын оқушылардың мықты білімі мен өте жақсы үлгерімі үшін, кемшіліктерді тез және дер кезінде жою үшін күреске жұмылдыру сияқты мақсат негізінде» /Ю.А.Конаржевский/ жүргізілуі қажет.
Мектептің өткен оқу жылындағы жұмысына талдау жасаудың көптеген әдістері бар. Ю.А.Конаржевскийдің әдісі бойынша талдауда мектеп іс-әрекетінің мынандай тараулары туралы қажетті ақпараттар болу қажет:
- мектепті басқару бойынша әкімшіліктің іс-әрекеті;
- мектептегі әдістемелік жұмыстың жай-күйі;
- білім берудің жай-күйі, білім беру деңгейін көтеру бойынша мұғалімдер ұжымының жұмысы;
- мұғалімдер ұжымының оқушылар ата-аналарымен жұмысының жай-күйі;
- қоғамдық оқушылар ұйымдары жұмысының нәтижесін жақсарту үшін мұғалімдердің көмегі;
- оқушылардың тәрбиелілік деңгейі;
- оқушылардың сабақтарға қатысуының жай-күйі;
- оқушылардың білім, білік және дағдаларының жай-күйі;
- жалпыға міндетті оқуды жүзеге асырудағы ұжымның іс-әрекеті.
Мектеп жұмысына талдау жасау кезінде оқушылардың тәрбиелелік пен білімділігінің деңгейін, сондай-ақ жалпы міндетті орта білім алу туралы ережелердің орындалуын бірінші орынға қою қажет.
Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 315 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Жоспарлау басқару қызметінің бір ретінде | | | Талаптар |