Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оқу мен дамудың ара- қатынасы

ГЛОССАРИЙ | Педагогикалық психологиясының жалпы ғылыми сипаттамасы | Дәстүрлі және дамыта оқытуды салыстыру кестесі. | Тақырып. Қазіргі замандағы білім берудегі оқытудың негізгі бағыттары | Оқыту анықтамасының жан - жақтылығы | Педагог позициясынан тұлғалық-іс-әрекеттік бағыт | Оқушының позициясынан тұлғалық—іс-әрекеттік бағыт. | Занков жүйесімен дамыта оқыту | Эмпирикалық білім Теориялық білім | Субьект дәрежесінің жалпы сипаттамасы |


Читайте также:
  1. курс студенттеріне арналған «Регламентация» элективтік пәнінен тест тапсырмаларының тізімі 2014-2015 оқу жылы 1 страница
  2. курс студенттеріне арналған «Регламентация» элективтік пәнінен тест тапсырмаларының тізімі 2014-2015 оқу жылы 2 страница
  3. курс студенттеріне арналған «Регламентация» элективтік пәнінен тест тапсырмаларының тізімі 2014-2015 оқу жылы 3 страница
  4. курс студенттеріне арналған «Регламентация» элективтік пәнінен тест тапсырмаларының тізімі 2014-2015 оқу жылы 4 страница
  5. курс студенттеріне арналған «Регламентация» элективтік пәнінен тест тапсырмаларының тізімі 2014-2015 оқу жылы 5 страница
  6. курс студенттеріне арналған «Регламентация» элективтік пәнінен тест тапсырмаларының тізімі 2014-2015 оқу жылы 6 страница
  7. Оқу әрекеттерін меңгеру кезеңдері мен түрлері

Бұл сұрақтың шешіміне түрлі көзқарастар бар.Оның бірінде, оқудың өзі даму (У.Джемс,Э.Торндайк, Дж.Уотсон, К.Коффка), бірақ,оқу табиғаты (оқу, үйрету) әркім әрқалай түсінеді. Басқа бірінде,оқу – тек жетілудің, дамудың сыртқы шарттары. «Даму мүмкіндік туғызады – оқу іске асырады», немесе, басқа сөзбен, «оқу дамудың соңынан жүреді»[47, с.225-226]. Ж.Пиаже, «баланың ойы белгілі саты мен кезеңдерден өту қажеттілігі, бала оқысын, оқымасын тәуелді емес»[ 47-ден, с. 227]

Отандық психологияда Л.С.Выготский мен басқа көптеген зерттеушілердің қалыптасқан көзқарастары бекітілген.Бұл көзқарастарға сәйкес, баланың психикалық дамуында оқу мен тәрбие жетекші рөл атқарады. «Оқу дамуда қашықтық, тек жақын салдар емес,оқу тек дамудың соңынан жүрмей,дамудың алдында да жүруі мүмкін,онда жаңа білімді қалыптастыра алға жылжиды» [47, с.231].Бұл жағдай тек қана отандық педагогикалық психологияға ғана көкейкесті емес, оны когнитивті психология ретінде қабылдаған АҚШ тағы Дж.Брунер үшін де маңызды. Брунер айтуынша, «... ғылым негіздерін оқыту, қарапайым деңгейде де бала дамуының танымына көз жұма қарамау керек.Оқыту бұл дамудың жетекші шарты болуы да мүмкін,оқушыға өз дамуын өзі қалыптастыратын қызығарлықтай,іске асырмалы мүмкіндіктер туғызу арқылы» [47, с.251]. Бұл жағдай жалпы педагогика үшін де, оқу ұйымдары үшін де мақсатты болады.

Даму мәселесін қарастыру бірнеше сұраққа жауап беру болып табылады: тұлғаның психикалық дамуының жалпы бағыты қандай,оның қозғаушы күштері не,ол қандай негізгі бағыттармен жүреді.Оқу,кез келген түрмен ұйымдастырылады,ол барлық сәттерді ескере алмайды,егер ол негізгі мақсатқа жеткісі келсе оның мақсаты - оқушының жекелей және психикалық дамуы.

 

Қазіргі оқытудың негізгі бағыттары.

1. Оқытушы мен оқушының біріккен іс- әрекеті бірізділікпен қаланбай қарым-қатынастың және оқытудың дистанциондық формаларын белгілеу мүмкін. І- түрге барлық дәстүрлі оқытудың бағыттары жатады, ал ІІ- түрге – қазіргі замандағы аралық оқытудың арнайы техникалық құралдарымен бірлесіп әрекет жасайды.

2. Сана принцип негізінен оқыту пайда болуда тәжірибе игеріп, Л.С. Виготскийдің «астыдан – үстіге» жолы сияқты және сана принципінде қалыптасқан оқыту. Объектісіне не жатады деген сұраққа өте маңызды жауап керек Н.Ф. Талызинаның оқытуы бойынша. Егер оқушымен тек қана ереже, құрал ұғынылса, онда бұл форма дәстүрлі, «хабарлы», «догтатикалық» аталып, егер өз іс-әрекетьеріне саналылықпен қарау, анықталған ережелерге бағыныңқы болуы, бұл яғни ойдың іс-әрекеттерін құрылған теориясы (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина). Егре программаны алгоритмдық іс-әрекетті саналықпен қарауды оқытуды жоспарлаунемесе алгоритмизациялық теория деп аталады.

3. Білім беру процесінде оқытудың басқару негізгі мынадай бапқа бөлінеді:

А. Негізделмеген (дәстүрлі емес)

Б. басқаруды қарастыратын негізгі механикасын қабылдануы (ой, іс-әрекеті, прграммалау, алгаритмицириалық оқыту.

4. Білім және тәрбие бірлестік ара қатынасының негізінің бөлінуі:

А. Білімде мәдениетті болуы және оқушылардың жоспарлы іс-әрекеттердің құрылуы, оқытудың негізгі болып табылады.

Б. Пәнаралық – тәрбиелік ұстанымының негізі – оқыту (дәстүрлі оқыту).

5. Мазмұндалған оқыту және дәстүрлі оқытудыңнегізі болашақ мамандығына байланысты оқыту.

6. Ұйымдасқан оқыту тәсілдің негізі – оқытуөзінің құрамында активтік түрлер мен әдістерді және дәстүрлі оқыту ерекшелейді. Аталып кеткен негіздердегі дәстүрлі оқыту қарым-қатынас сияқты бейнеленіп, сана ұстанымдарында негізделіп, мақсатталған тәрбиелік – пәндік ұстанымына байланысты.Дәстүрлі оқытудың құрамына кіретіннегізгі білімділік қағиданы қабылдау, көп фантазияларды анықтауарқылы нәтижені болуы шарт. Я.К. Набардовтың зерттеулерінде көрсетілгендей аналитикалық түрінің сипаттаған интелектуалдың қызметілігі бар, мысалы, ағылшын тіліндегі дәстүрлі оқыту.

Педагогикалық жүйедегі жаңашылдық

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамдаы қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;...оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан да әр мұғалім өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдірді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Еліміздің экономикалық, саяси-мәдени дамуына үлес қосатын, әлеуметтік өркениетке көтерілетін, парасатты, денсаулығы мықты азаматын тәрбиелеу-ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы мерейлі міндеті.

Жас ұрпаққа білім-тәрбие беретін бала жанының бағбаны- мұғалімдер қандай болуы керек және олардың еңбегі қалай өлшенуі керек дегенді ой елегінен өткізіп көрелік.

Біріншіден, мұғалімнің ары таза, адал, әдепті, инабатты, сыпайы, парасатты, байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы ләзім.

Екіншіден, мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын оқушы-шәкірттеріне анық, тұжырымды, дәл айтып түсіндіре білуі шарт.

Үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы тиіс. Әрдайым оқушылармен әдептілік қарым-қатынаста болғаны жөн.

Төртіншіден, мұғалім теорияны өмірмен байланыстырып, ғылым мен тәжірибені әрдайым өзі беретін күнделікті сабағына кеңінен пайдалануы қажет.

Бесіншіден, мұғалім үнемі өз бетімен оқып, педагогика, әдістеме жаңалықтарымен танысып, өзінің ой-өрісін кеңейтіп, білімін толықтырып отыруы керек.

Осы қағидаларды әрбір мұғалім тұрақты ұстанып отырса, мұғалімнің күш-қуаты, көңіл күйі әрдайым жоғары болады да сабақ беру сапасы арта түседі, еңбегі жанады.

Ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін еске алсақ, олардың жемісті, әсерлі жұмыс істеуі үшін үкімет тарапынан үнемі жеңілдіктер жасалынып отыруы керек. Сонымен қатар мұғалімдер сапалы, құнды оқулықтармен, көрнекті дидактикалық, техникалық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілуі тиіс.

Мұғалімдерге көптеген қосымша жұмыс атқаруына тыйым салу, заңды түрде аптасына 2 күн демалыс берілуі тиіс. Мұғалім сонда ғана шәкірттерінің өз бетімен білім алуына ықпал етіп, ынталы оқушыға әрдайым ақыл-кеңес бере алады.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі- маңызды мәселелердің бірі.

Бүгінгі таңда П.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Л.Занков, Д.Эльконин мен В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.Амонашвилидің ізгілікті тұлғалық технологиясы, В.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба түрлері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, В.Монаховтың, В.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал. Ал қазақстандық Ш.Қаланова, Ж.Қараев, Ш.Таубаева, Қ.Қабдықайыров, С.Лактионова, М.Жанпейісова, Ә.Жүнісбек, Қ.Нағымжанова, т.б ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады.

Инновациялық үрдісті жүйенің бір жағдайдан екінші бір жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу үрдісіне басшылық жасау мәселелерінің маңыздылығы Н.Горбунова, М.Кларин, А.Лоренсов, М.Поташник, П.Пидкасистый, Л.Романова, В.Загвязинский, А.Найн, Т.Шамова, О.Хомерики, Н.Юсуфбекова және т.б зерттеулерінде қарастырылған. Осыларға сүйене келе, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көрсететін әдіс-тәсілдері мен түрлерін көбіне жаңашылдық не инновациялық деп атайды.

«Инновация» ұғымын анықтайтын нақтылы анықтама әлі де жасалмаған. Ш.Таубаева мен К.Құдайбергенова берген анықтама бойынша «инновация» - бұл нақты қойылған мақсатқа ойға алынған жаңа нәтиже. Нақты мақсат дегеніміз не? Нақты мақсатқа қандай әдіс-тәсілдердің көмегімен жетуге болады? Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже- жаңалыққа бет бұрудың кілті.

Инновациялық үрдістің негізі- жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді. ХVII ғасырда Я.Коменскийдің жасаған сабақ жүйесі, А.Макаренко және В.Сухомлинскийдің іс-тәжірибелері, сондай-ақ В.Шаталовтың қолданған тірек-конспектілері, С.Лысенкованыңоза отырып оқыту әдістері, М.Жанпейісованың модулдік оқыту технологиясы, т.б жаңалықтары, ой-идеялары қазірде қолдануға тиімді болып отыр.

Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін, жазған анықтамаларын қарастырып, талдау жасасақ бұл ұғымның түп-төркінін белгілі бір уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау деп айтуға болады. Сәл ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып жүрген идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзі инновациялы деп аталған. Осыларды негізге ала отырып инновцияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады.

Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселелерін қарастырады. Н.Апатова, М.Поташник, В.Ляудис, т.б ғалымдар мұғалімнің жаңалыққа қабылеттілігіне ерекше көңіл бөледі. Авторлардың көбі педагогикалық инновацияның негізгі міндеті- енгізіліп отырған жаңалықтарды топтау, жіктеу деп санайды. Ол үшін ең бастысы- мектеп жұмысын дамытудың аймағын қарастыру керек дейді. Енгізіліп отырған жаңа әдістеменің ерекше жағын көре білу, түсіне білу және оның басқа әдістемелермен қандай байланыста екенін білу керек. Сонымен мұғалімнің инновациялық әрекетке көшуі бірден-бір көкейкесті мәселе деп есептеуге болады. Білімнің ағартушылық жүйесінде нысанның динамикалық үрдісі мұғалімнен шығармашылықты, инновациялық әрекетті талап етеді. Мұндай талап мұғалімнің дәстүрлі деңгейі, қазіргі мектеп, қоғам қажет ететін шығармашыл, жаңашыл мұғалім арасында қарама-қайшылық туындатады.

Қазіргі кезеңдегі педагогикалық инновация білім беру жүйесіндегі жаңалықтарды топтастырады. Қысқасы, еліміздегі атаулы мектептерде / лицей, гимназия, т.б/ жекелеген инновациялық ізденістер бар болғанымен ғылыми негізде жүйеге түспеген. Олай дегеніміз, көптеген жерлерде жаңашылдықтың атын өзгерту, яғни педагогикалық қызметтің берілу мазмұны мен формасына аздап өзгеріс енгізу деп түсіну салдарынан оның негізгі ішкі мәнінің ашылмауы көрініс тауып отыр, Ал инновация дегеніміз: белгілі бір жүйедегі ішкі өзгеріс емес пе.

 


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 791 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Оқудан оқу қызметіне ауысу| Жаңа педагогикалық технологиялар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)