Читайте также: |
|
ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Педагогикалық психология»
Психология» мамандығына арналған
ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей 2010
Алғысөз
1.ЖАСАЛЫНДЫ
Құрастырушы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің “ Психология” кафедрасының доценті Ш.С.Сатиева
“______” __________ 2010ж
2.ҚАРАЛДЫ
2.1.Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің “Психология” кафедрасының отырысында
Хаттама №______”__»________ 2010 жыл
Кафедра меңгерушісі: Ш.С.Сатиева
2.2.ГФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында
Хаттама №______”__»________ 2010 жыл
Төрағасы _______ Г.Б.Колмогорова
3.БЕКІТІЛДІ
ОӘК төрағасы, бірінші проректор_________ А.А.Молдажанова
4.АЛҒАШ ЕНГІЗІЛДІ
Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық және лабораториялық сабақтар
4 Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау
5 Студенттің өздік жұмысы
ГЛОССАРИЙ
№ | Термин атауы | Термин мазмұны |
Ақыл-ой әрекеті | Сананың ішкі жоспарында орындалатын адам әрекеті. | |
Ақыл-ой іс-әрекеті | Адамның танымдық жан қуаттарының жалпылама атаулары | |
Аналогиялық экспермиент | Грек тілінен аударғанда ұқсас, тура деген мағынада қолданылады, эксперименттік зерттеуге алынған объектілердің ұқсастығы. | |
Анализатор, талдағыш | Организмнің сыртқы және ішкі ортасынан келетін тіріркендіргіштерді талдау және синтездеу қызметін атқаратын жүйке аппараты. | |
Анкета | Зертетудің негізгі міндетімен логикалық түрде байланысты сұрақтар жүйесінен тұратын алғашқы әлеуметтік-психологиялық ақпараттарды алудың әдістемелік құралы. | |
Ассоциация | (лат.)1) неғұрлым жалпы мағынасы – екі (не одан да көп) элементтердің арасындағы анықталған кез келген функциялық байланыс. 5) Психологияда - сыртқы және ішкі тітіркендіргіштердің әсер етуінен туатын адамның психикалық процестері мен қимыл- әрекеттерінің байланысы. | |
Әлеуметтік мотивтер | Оқушының басқа адамдармен әр түрлі өзара әрекеттерге түсуі. | |
Әлеуметтік ынтымақтасу мотиві | Оқушы басқа адамдармен қарым-қатынас жасап және өзара әрекеттескісі ғана келмей, сонымен қатар, сынып бойынша жолдастарымен немесе мұғаліммен өзінің ынтымақтастығының және өзара әрекетінің формасын сапалауға, талдауға, бұл формаларды әрқашан жетілдіруге ұмтылады. | |
Әлеуметтік ұстаным | Субъектінің мінез-құлық стилін анықтайтын топ ішіндегі орны. | |
Әрекеттің бағдарлаушы негізі | Орындалатын немесе жүзеге асатын әрекеттің мақсаты, жоспары және құралдары жайлы адамның түсініктерінің жүйесі. Бұл терминді П.Я.Гальперин енгізді (ақыл-ой әрекетін сатылап қалыптастыру теориясы). | |
Бағдар | Белгілі бір объектінің қайта жаңғыртлуы жағдайында соған бағытталған әрекетке дайындық күйі. | |
Бақылау | Жұмыстың басталуы алдында болатын бақылау | |
Бихевиоризм | ХХ ғасырдың басында АҚШ-та қалыптасқан психологияның пәні ретінде сырттай бақыланатын, мінез-құлықты түсінетін механикалық түсініктегі психологияның классикалық бағыттарының бірі. | |
Өзін-өзі болжаушы, перспективалы, жоспарлаушы генетикалық әдіс | Грек тілінде туылуға, шығу тегіне тқатысты айтылады. Психогенетика адамның жеке психологиялық ерекшеліктерінің пайда болуын, олардың қалыптасуында орта мен генотип рөлін анықтау болып табылады. | |
Елес | Бұрын қабылданған заттардың мидағы жалпылама бейнелері | |
Жастық дағдарыстар | Шұғыл психологиялық өзгерістермен сипатталатын онтогенездің салыстырмалы қысқа мерзімді (шамамен бір жылға дейін) айырқша кезеңі. | |
Жасөспірімдік кезең | Балалық шақтан балаң жасқа өту кезеңі (11-15 жас аралығын қамтиды). | |
Жетекші іс-әрекет | Тұлға дамуының берілген кезңінде оның психикалық қасиеттерінде мәнді өзгерістер тудырып, психологиялық жаңа түзілістердің пайда болуын шарттандыратын іс-әрекет түрі. | |
Иллюстративтік рөл | Жаңа материалдарды меңгерту кезінде көрнекілікті рөлді пайдалану. | |
Индивид | 1)жеке табиғи мақұлық ретінде Адам, Homo sapiens өкілі, филогенетикалық және онтогенетикалық дамудың өкілі; 2)адамзат қауымының жеке өкілі. | |
Индукция | Білімнің жеке-жеке пайымдаулардан жалпы қағидаларға қарай ілгерілеуі. Индукция дедукциямен тығыз байланысты. | |
Интериоризация | Сыртқы әлеуметтік қызметтің игеруі арқасында адам психикасының ішкі құрылымындарының қалыптасуы.И.ұғымын француз психологтары П.Жане,Ж.Пиаже, А.Валлон т.б. енгізді. | |
Кең әлеуметтік мотивтер | Білім алуға ұмтылу. Отанға, қоғмға қажетті болу, өзінің міндеттерін орындауға ықылас, оқудың қажеттілігін және жауапкершілік сезімін түсіну. | |
Кинестезиялық түйсік | (грек)дененің жеке мүшелерінің бір күдегі қалпын, қозғалысын білдіреді. К.т.кейде қозғалыс түйсігі деп атайды. | |
Қадамдық, операциялық өзін-өзі бақылау | Жұмыстың барысын бақылау | |
Қарым-қатынас | Бірлескен іс-әрекет қажеттілігімен және ақпарат алмасумен тудрылатын адамдар арасындағы байланыс орнатудың күрделі, көпсатылы процесі. | |
Қорытынды өзін-өзі бақылау | Жұмыстың нәтижісі бойынша бақылау | |
Қызығушылық | Тұлғаның іс-әрекет мақсатын саналауға бағыттылығын қамтамасыз ететін танымдық қажеттіліктердің көрініс табу түрі. | |
Логика | (гр) – философияның нормативті саласы; ойлаудағы сәйкестік критерийіне, дұрыс предикация заңдарына, ой тұжырымдау принциптеріне қатысты. | |
Мақсат | Бұл оқу іс-әрекетіне кіретін жекелеген әрекеттерді орындауға оқушының бағыттылығы. | |
Манипуляция | (гр) жануарлардың кеңістіктегі орта компоненттерінің барлық формаларымен белсенді араласуын қамтитын қимыл-қозғалыс белсенділігінің туындауы. | |
Мотивация | Тұлғаның мотивтер жүйесі | |
Өзін-өзі бағалау | Оқушының оқу кезеңдерінің өзі үшін тең өлшемін бағалау. | |
34. | Оқу іс-әрекеті | Ғылыми түсініктерді меңгеруде әрекеттің қорытынды тәсілдерін игерудің өзінің мазмұнына кіретін, бағытталған іс-әрекет (Д.Б.Эльконин). |
Психикалық жаңа құрылымдар | әрбір жас кезеңінде психикалық даму нәтижісінде қалыптасатын оның бүкіл алдыңғы дамуын анықтайтын сапалы өзгерістер. | |
Разряд | Ондық бөлшектердің өлшемдік дәрежесі | |
Рефлексия | (лат) субъектінің психикалық акты мен күйлерді өзінше талдау және тану процесі. | |
Тест | Сынақ. | |
Топ | әлеуметтік ортадан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы бірлестігі. | |
Тұлға | өзіне-өзі тұтас дүниемен өзара қатынастарын ылғи баяндайтын және ойдағы әңгімелесушімен ішкі полемика барысында өзін-өзі анықтайтын, кінәлайтын, қоғайтын, өзін-өзі жетілдіріп, өзгертетін адам. | |
Ұғым | Заттар мен құбылыстардың мәнді белгілері мен ерекшеліктерін бейнелейтін жалпылаушы ойлау формасы. | |
Ұстаным | Ақиқаттың белгілі бір жақтарына тұрақты қатынастар жүйесі |
Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 895 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Гендер в разных культурах | | | Педагогикалық психологиясының жалпы ғылыми сипаттамасы |