Читайте также: |
|
И.И.Ильясовтың жүргізген [ 79, с. 5-27] оқудың негізгі тұжырымдамаларының жүйелі жалғаспалы талдауы оның құрылымдық ұйымдарының ерекшеліктерін анықтау және оның түрлі тұжырымдардағы ерекшеліктерін, сондай-ақ бұл үрдістің өз интерпретациясының алуан түрлілігін айқындау, ең әуелі жалпыпсихологилық әрекет пен автордың ерекшеліктері ескеріледі. И.И.Ильясовтың айтуы бойынша, оқу: 1) білім алу және түрлі тапсырмаларды шеше білу (Я.А.Коменский); 2) білім, білік және дамуды меңгеру - жалпы танымдық үрдістерді жетілдіру (И. Гербарт); 3) білім, білік, дағдыны белгілі тәртіппен қабылдау (А.Дистервег), сонымен қатар А.Дистервег оқу мен дамуды ажыратқан; 4) белсенді ойлау үрдісі, қиындықтарды жеңумен байланысты - мәселелік жағдайдың пайда болуы (Дж. Дьюи); 5) сыртқы қозғалыстардың қатысуымен қажетті сезім мен ойлау мазмұны элементтерінің жаңа білімнің белсенді үрдісі (В.Лай) [79, с.9]; 6) білім алу және мәселені шешу (К.Д.Ушинский); 7) оқушының өзін - өзі ішкі баксқаруының белсенді үрдісі, педагогикалық үрдістің ішкі жағы (П.Ф.Кафтерев); 8)әрекеттің өзгеруі, ішкі реакциялардың өзгермелі ынтаға «ынта – реакция» сызбасымен өзгеруі (Дж.Уотсон) және «жағдай – жауапты реакция»сызбасы арқылы міндетті бекітумен (Э.Торндайк, Б.Скиннер,К.Халл); жаңа жоспарлардың пайда болуы, мәселелік жағдайда «ынта – аралық өзгеріс (образ, карта, жоспар) – реакция»(Э.Толмен); 9) мағынасын меңгеру, кейбір қоздырғыштарды сол реакциялармен шақыру, аспапты реакциялады меңгеру (Ч.Осгуд) [79, с.14]; 10) алдыңғы құрылымдарды қайта құру тәжірибесі, екі фазалы - қызметтің жаңа түрінің ұйымдастыруы және сақталуы, және оның қайта өңделуі (ес) (К.Коффка) [ 79,С.14]; 11) үш негізде тәжірибе жинаудың түрлері:біртіндеп – шабыс; сезіну – сезінбеу; айқын және айқын емес байланыстарды сезіну(Ж.Пиаже) [79, с.16]; 12)үш түрде обьектілердің қызметінің мазмұны өзгеруінің бейнеленуі, адамда бар: сыртқы-қозғаушы,сезім – бейнелік және бейнелеме(Д.Брунер); 13)кодтауды алу үрдісін реттеу,ақпаратты сақтау және қолдану (Р.Гегни);14)қызмет түрі,субьект сыртқы шарттардың әсерінен өзгереді және меншікті қызмет нәтижесіне де байланысты, өз әрекеті мен психикалық үрдісін құрады,өзінің ақпараттық сенімсіздік деңгейін төмендетіп жәнедұрыс жауап немесе әрекеттің дәл ережесін табу (Й.Лингарт) [79, с.22.]
Л.С.Выгоскийдің, А.Н.Леонтьевтың, С.Л.Рубинштейннің жұмыстарында оқу білім, білік, дағдыны қалыптастыру ретінде қарастырылады. П.Я.Гальперин оқуды субьект жасайтын әрекеттер негінде меңгеретін білім деп анықтайды. Д.Б.Эльконин және В.В.Давыдовтың айтуынша, оқу оқу қызметінің спецификалық түрін көрсетеді,ал теория бойынша А.Н.Леонтьев оқу – басқарушы қызмет түрі,ол тек көп уақытты алып қоймай, сонымен қатар оқушының жеке тұлғасы,жеке қызмет түрі мен интеллектісі қалыптасатын арна. Оқу көп себепті және көп ойлы қызмет ретінде қарастырылады. [205, с.140-152].
Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 158 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тақырып. Қазіргі замандағы білім берудегі оқытудың негізгі бағыттары | | | Оқудан оқу қызметіне ауысу |