Читайте также:
|
|
Қосылыстар, біріншіден, оздерінің ішіне байланысты, тік бүйірлі, үш бұрышты, эвольвента болып бірнеше түрге бөлінеді. (8.7- сурет).
а – тік бүйірлі; б – эвольвентті; в –үш бұрышты.
8.7-сурет. Шлицті қосылыстың негізгі түрлері
Екіншіден, білікке отырғызылған бөлшектерді центрлеу амалдарына байланысты бөлінеді. Центрлеу бүйір қырлары, тістердің ішкі және сыртқы диаметрі арқылы іске асырылады.
Шлицтердің бүйір қырлары арқылы центрлегенде, оларды тістеріне әсер етуші күштер, центрлеудің басқа түрлеріне қарағанда бірқалыпты тарайды. (15.8- сурет).
а – бүйірінен; б – сыртқы диаметрмен; в – ішкі диаметрмен; г – күпшек оймасының қимасы; д және е – білік оймаларының қимасы
15.8-сурет. Шлицті қосылыстарды центрлеу
Бұл амал үлкен күштер әсер еткенде және шлиц тістерінің саны оннан аспағанда, ал диаметрі 25-90 мм арасында болғанда қолданылады.
Дәлдікті қажет ететін талаптарға сай шлицті қосылысты тістердің ішкі және сырткы диаметрлері арқылы центрлеуге болады.
Егер төлке материалының Бренелль шкаласының көрсетуі бойынша НВ 350-ден кем болса, сыртқы диаметрі арқылы центрлеген жөн. Бұл жағдайда тек біліктің жоғарғы беткейі ғана өңделеді. Ал егер Бренелль шкаласының көрсетуі бойынша НВ 350-ден артық болса, онда центрлеу ішкі диаметрарқылы орындалады. Бұл жағдайда қосылыс беткейініңекеуі де өнделеді.
Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 254 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Фрикциялық кілтектер | | | Шлицті қосылыстарды есептеу |