Читайте также:
|
|
БЕКІТЕМІН
Құқық жоғары мектебінің
Директоры з.ғ.д, профессор
_______________У Шапақ
Ж
ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Sillabus)
Пәннің атауы: « Саяси және құқықтық ілімдер тарихы» (IPPU 2214)
Мамандық: 5В030100- «Заңтану»
(шифр, атауы)
Оқу нысаны: күндізгі
№ | Оқу сабақтарының түрлері | Курс/семестр |
Дәріс - 30 сағат | ||
Семинар/практика - 15сағат | ||
Лаборатория- | ||
СӨЖ - 67 сағат | ||
СОӨЖ - 23 сағат | ||
Емтихан - 1 семестр | ||
Жиыны: 135 сағат |
Астана – 2014 ж.
1.1. Оқытушы туралы мәліметтер: Спанов Айбек Кабылбекович – мемлекеттік құқықтық пәндер кафедрасының доценті. Заңгер.
Қазақ гуманитарлық заң университеті, құқық жоғары мектебі, мемлекеттік құқықтық пәндер кафедрасы. каб.226. Жұмыс телефоны – 70-30-26
Ғылыми қызығушылығы: диссертациялық жұмыстың тақырыбы «Құқықтық тәртіп азаматтық қоғамды жетілдіру шарты ретінде».
Ғылыми мектебі: Қазақ гуманитарлық заң университеті, «Мемлекеттік құқықтық пәндер» кафедрасының ізденушісі. Ғылыми жетекшілер ҚР ҰҒА, з.ғ.д., профессор Баймаханов М.Т., з.ғ.д., доцент Шапақ У.
1.2. Пәннің сипаттамасы: Модульдік пәннің жалпы сипаттамасы:
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы – фундаменталдық теориялық және тарихи заңгерлік пәндердің бірі.
Саяси және құқықтық ілімдер тарихында теория доктриналары, саяси және құқықтық ойлардың негізгі бағыттары, құқық пен мемлекет теориясы мен философиясы саласындағы көрнекі ойшылдар мен ғалымдардың ілімдері, әлемдік ой тарихында көзге көрінер орын қалдырған құқық пен мемлекеттің жалпы мәселелері бойынша маңызды теориялық шығармалар игеріледі. Сондай-ақ, Қазақстан тарихындағы саяси және құқықтық ілімнің неғұрлым көрнекі өкілдерінің де ілімдері зерттеледі.
Саяси және құқықтық ілімдер тарихын меңгеру заңгерлер дайындығында ерекше танымдық, мәдени және тәрбиелік маңызға ие. Ол бұрынғы ұрпақтың ойшылдары мен ғалымдарының теориялық мұрасын сақтап, пайдалануға мүмкіндік береді. Саяси және құқықтық ілімдер тарихын игеруші тарихтағы мемлекет пен құқық туралы ойлар мен идеялардың плюрализмін жақсы түсінетін болады, өзінде басқаның ойына деген құрмет қалыптастырып, сонымен бірге өз позициясын, оның ішінде теориялық мәселелер бойынша, неғұрлым жақсы дәйектеуге үйренеді. Саяси және құқықтық ілімдер тарихы патриотизм мен әлемдік өркениет жетістіктеріне, жалпы адамдық құндылықтарға құрметтілікті тәрбиелеуге, саяси және құқықтық идеялар мен институттардың дамуындағы тенденцияларын анықтай алуға көмектеседі.
Курстың пререквизиттері:
Аталған курсты оқыту басталғанға дейін оқушылардың орта жалпы білім қажет. Беретін мектептерден алынуы тиісті құқықтық және тарихи білімдері болуы керек. Қазақстан тарихы, қоғамтану, философия, әлеуметтану, саясаттану, мемлекет және құқық теориясы, шет елдердің мемлекет және құқық тарихы, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәндерін оқып үйрену қажет
Курстың постреквизиттері:
Мемлекет және құқық мәселелері, халықаралық құқық пәндерін оқуда кеңінен қолданылады, терең білім алуға жағдай жасайды.
1.3. Пәннің мақсаты мен міндеттері.
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы мемлекет және құқық теориясы және мемлекет және құқық тарихы секілді бакалавриаттың жалпы теориялық және тарихы негізін қалап, студенттің заңи білім жүйесін меңгеруге септігін тигезеді. Бұл пәнді оқып, үйрену мемлекеттік құқықтық құбылыстардың экономикамен, идеологиямен, моральмен, дінмен ара-қатынасын түсінуге және бұл негізде мемлекет және құқық мәселелерінің пайда болуын, студентте атақты ойшылдардың еңбектерін және олардың идеяларын қазіргі кезеңнің талабымен талдауға үйрету.
Бұл пәнді меңгерген соң студент өткеннің қазіргі кезеңнің саяси және құқықтық доктриналарының маңыздыларын және кең таралғандарының мазмұнын, құқықтық және саяси ойдың даму кезеңдерін, адамзаттың атақты ойшылдарының аттарын және олардың шығармаларын, құқықтық және саяси ойдың негізгі ескерткіштерін және саяси және құқықтық ілімдер бойынша негізгі әдебиеттерді білуі қажет.
Студент әртүрлі кезеңдердің және атақты ойшылдардың саяси және құқықтық ойларын салыстыруға, қазіргі кезеңдегі және ертеректегі ілімдер мен доктриналардағы жалпы мен ерекшені айыруға, нақты саяси және құқықтық ілімге баға беруге үйрену қажет.
Типтік оқу бағдарламасы бойынша аталған пәнге берілетін 3 кредит 30 сағат дәріс, 15 сағат семинар, 10 сағат СОӨЖ,
Пән бойынша екі аралық бақылау емтихандары және қорытынды емтихан тапсырылады.
Заңгерлерді дайындауда саяси және құқықтық ілімдер тарихын оқытып-үйрету танымдық, мәдени және тәрбиелік мәнге ие. Бұл саяси және құқықтық ойлар тарихының теориялық мұрасын меңгеруге көмектеседі, тарих пен қазіргі кезеңнің ара байланысын танып білуге үйретеді. Саяси және құқықтық ілімдер тарихын зерттеуші тарихтағы мемлекет және құқық туралы идеялар мен пікірлердің көпжақтылығын жақсы түсінеді, өзіне басқаның көзқарасына деген құрметтеушілік қасиетті сіңіреді, сонымен қоса өз көзқарасын негіздеуге, соның ішінде теориялық мәселелер бойынша жақсы дәлелдеуге үйренеді. Саяси және құқықтық ілімдер тарихы патриотизмге және әлемдік өркениет жетістіктеріне деген, жалпы адамзаттық құндылықтарға деген құрметтеушілікке тәрбиелеуге ықпалын тигізеді және саяси және құқықтық идеялар мен институттардың даму тенденциясында бағдар алуға көмектеседі.
Саяси және құқықтық ілімдер тарихын оқып үйренген соң маман бұрынғы және қазіргі маңызды және қен таралған саяси және құқықтық доктриналардың мазмұнын білуге міндетті. Осы пәнді оқып үйренген кезде мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың экономикамен, идеологиямен, моральмен, дінмен ара байланысын және осы негізде туындайтын мемлекет және құқық проблемаларын түсінуге, студенттерде атақты ойшылдардың шығармаларын және олардың идеяларын қазіргі контексте талдау қабілеті қалптасуына көмектеседі.
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы теория мен доктриналарды, саяси және құқықтық ойлардың негізгі бағыттарын, мемлекет және құқық теориясы мен философиясы сферасындағы атақты ойшылдар мен ғалымдардың ілімдерін, мемлекет және құқықтың жалпы мәселелері бойынша әлемдік ойлар тарихында қомақты үлес қалдырған көрнекті теориялық шығармаларды, сонымен қоса Қазақстан тарихындағы саяси және құқықтық ойлар ірі өкілдерінің ілімдерін зерттейді.
Саяси және құқықтық ескерткіштер мен тарихи қайнар көздер және арнаулы әдебиеттер тізімі осы бағдарламада саяси және құқықтық ойлардың дамуының тарихи кезеңдеріне сәйкес берілген. «Саяси және құқықтық ілімдер тарихы» оқу бағдарламасының бөлімдерінің әр бір тақырыбы кредиттік технология жүйесінің әртүрлі үлгідегі бақылауында қолданыла алады.
Оқу сабақтарының түрлері бойынша сағаттарды бөлудің тақырыптық жоспары
№ | Бөлімдер / тақырыптар | Оқу сабақтарының түрлері (сағаттармен) | ||||
Дәріс | Семинар/практика | СОӨЖ | СӨЖ | Барлығы | ||
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні және әдістері. | ||||||
Ежелгі Шығыс елдеріндегі саяси және құқықтық ойлар | ||||||
Ежелгі Грециядағы саяси және құқықтық ілімдер. | ||||||
Ежелгі Рим өркениетінің саяси-құқықтық ілімі. | ||||||
Орта ғасырлық Батыс Еуропадағы саяси және құқықтық ілімдер | ||||||
Орта ғасырдағы Араб Шығысы мен мұсылман елдеріндегі саяси-құқықтық ойлар. | ||||||
Қайта өрлеу және Жаңғыру дәуіріндегі саяси және құқықтық ілімдер. | ||||||
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Батыс Еуропадағы саяси және құқықтық ілімдер. | ||||||
ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы АҚШ-ғы саяси және құқықтық ілімдер. | ||||||
ХҮІІІ ғасырдың соңында ХІХ ғасырдың басындағы Германиядағы саяси және құқықтық ілімдер. | ||||||
ХVIII-ХІХ ғғ. басындағы Франциядағы саяси және құқықтық ілімдер | ||||||
Ресейдегі саяси және құқықтық ілімдер дамуының тарихы (ХІ-ХІХ ғғ.) | ||||||
ХІХ - ХХ ғғ. басындағы Қазақстандағы саяси-құқықтық ойлар | ||||||
ХІХ- ғасырдағы Батыс Европадағы саяси және құқықтық ілімдер | ||||||
Барлығы: |
Семинар/практикалық сабақтарды жүргізу және студенттердің өзіндік жұмыстарын (СӨЖ) орындауы үшін тақырыптық жоспар
Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 254 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бессмертный бой 5 страница | | | Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің өздік жұмыстарын (СОӨЖ) кесімді бақылау графигі мен тақырыптары |