Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Ежелгi Шығыстағы саяси және құқықтық ойлар

Оқу сабақтарының түрлері бойынша сағаттарды бөлудің тақырыптық жоспары | Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің өздік жұмыстарын (СОӨЖ) кесімді бақылау графигі мен тақырыптары | Ескертпе: СОӨЖ бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. | Студенттердің ағымдағы үлгерімін бағалау белгілері | Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні және әдістері. | Тақырып. Ежелгi Рим өркениетiнiң саяси-құқықтық iлiмi | Тақырып. Араб Шығысы мен мұсылман елдерiндегi саяси-құқықтық ойлар | Тақырып. Қайта өрлеу мен Реформация дәуiрiндегi саяси-құқықтық iлiмдер 1 страница | Тақырып. Қайта өрлеу мен Реформация дәуiрiндегi саяси-құқықтық iлiмдер 2 страница | Тақырып. Қайта өрлеу мен Реформация дәуiрiндегi саяси-құқықтық iлiмдер 3 страница |


Читайте также:
  1. D. Бірөлшемді және көпөлшемді
  2. Lt;variant> азаматтық іс қозғау және іс бойынша қорытынды беру үшін
  3. Lt;variant> ол басқа дәлелдермен бірге тексерілуі және бағалануы керек
  4. Lt;variant> сот және іске қатысушы тұлғалар
  5. Lt;variant>өтінішті қайтарады және талапкерге оның қай сотқа жүгіну керектігін түсіндіреді
  6. Lt;variant>басқа тұлғалардың мүдделері үшін өтініш бере алады және іс бойынша қорытынды беру үшін
  7. Lt;variant>ие болмайды және жатпайды

2.1 Шығыстағы саяси-құқықтық ойдың бастаулары

2.2 Ежелгi Үндiстандағы саяси-құқықтық ойлар

2.3 Ежелгi Қытайдағы саяси-құқықтық ойдың қалыптасуы және оның ерекшелiктерi

2.1 Саяси және құқықтық iлiмдер қалай пайда болды? Оның қайнар көздерi неде? Қайдан шықты? Олардың алғашқы авторлары кiмдер? Олардың көзқарастары мен ойлары ненi бiлдiредi? Және кiмнiң мүддесiн қорғайды? Осы тәрiздi сұрақтарға Ежелгi Шығыс елдерiндегi саяси және құқықтық iлiм тарихын оқи бастағанда–ақ тап боламыз және оның адамзат дамуының тарихында ұзақ қайшылықты жолдан өтетiнiн байқаймыз. Оның пайда болуы рулық қауымның ыдырап, ертедегi таптық мемлекеттердiң пайда болуы мен өмiр сүрген кезеңiне сәйкес келедi. Саяси-құқықтық iлiмдер алғашқы кезеңде адамдардың алғашқы мифтiк көзқарастары негiзiнде пайда болды. Адамдардың қоғам мен табиғаттағы орны туралы мәселе ежелгi Шығыс және Батыс халықтарында, египеттiктерде, үндiстерде, вавилондықтарда, парсыларда, еврейлерде, гректерде, қытайларда, римдiктерде және т.б. халықтардың мифтiк аңыздарында көрiнiс табады.Мифология - ежелгi адамдардың өзiн қоршаған әлемге, дүниеге қатынасы. Бұл кездегi өндiрiс қатынастары мен өндiргiш күштердiң жетiлмегендiгiнен, бүкiл әлемдi, оның заңдылықтарын түсiну өте қиынға соқты. Сондықтан да ежелгi дүние адамдары әлемдi екiге бөлiп қарады. Оның бiрi - өздерi өмiр сүрiп, тiршiлiк етiп отырған көз алдындағы дүние болса, оның екiншiсi – олардан тыс жатқан, сыры белгiсiз, өздерi көрiп тани алмайтын басқа дүние едi. Мифтiк көзқарастардың сипаты, негiзiнен, болған оқиғалардың қарапайым хабарламалары және бұл оқиғаларға адамдардың бағыныштылығы туралы болып келедi. Яғни, табиғаттан тыс, адамдардың еркi мен әрекетiнен жоғары тұратын күш туралы айтылады. Жердегi өмiр мен адамдардың iс-әрекетi - құдай iсi деп көрсетiледi. Қоғамдық және мемлекеттiк құрылыс, ел билеу мәселесi, адамдардың, адамдар мен құдайлардың өзара қарым-қатынастары, олардың мiндеттерi мен құқықтары құдай бұйырған әрекеттер ретiнде айтылады. Не iстеу керек немесе не iстеуге болмайтындығы алдын-ала шешiлген. Оған қарсы тұруға болмайды, ол адамның тағдыры ретiнде адамдарды патшалар мен құдайларға бағынышты ретiнде көрсетедi. Мифтiк көзқарастарда сонымен бiрге болашақ iлiмдердiң элементтерi де кездесетiнiн, оларды алғашқы адамдар өздерiнiң тiршiлiгi мен қызметiне қажеттi түрде пайдалана бiлгенiн де айта кеткен жөн. Мифтiк аңыздарда адамдарды алғашқыда құдайлардың билегендiгi, кейiннен құдайлар адамдарды ел билеу әдiстерiне үйретiп, ел билеудi олардың өз қолдарына бергендiгi туралы айтылады. Мысалы, Герадот өзiнiң шығармасында алғашқы Египет патшасынан б.з.д. V ғасырға дейiн Египетте 341 патша мен абыздар ұрпағының өткендiгiн және оның 11340 жылға созылғандығын жазады. Египет абыздарының айтуынша, елдi құдайлар билеген, олар адамдармен бiрге өмiр сүрген. Ежелгi еврей халқында адамдарды алғашында құдайлардың билегендiгi, ежелгi Қытайда Аспан астындағы билеушiнiң болғандығы туралы айтылады. Ежелгi Египеттiң дiни және мифтiк аңыздарында әдiлдiк пен заңдылықты, шындық пен жақсылықты құдай-ана Ма-ат жiберiп отыратындығы баяндалады. Египеттiктердегi ² ма-ат² ұғымы сияқты ежелгi үндiстерде ² рта², ежелгi Қытайда ² дао², ежелгi гректерде ² дике² ұғымдары бар және бұлардың барлығында олар шындық пен әдiлдiктiң елшiсi ретiнде көрсетiледi. Ежелгi Египетте ² Птахотеп өсиетi² (б.з.д. XXVIII ғ.), ² Өлiлер кiтабы² (б.з.д. XXV-XXIV ғғ.) және т.б. жердегi әлеуметтiк-саяси тәртiптер мен заңдар, адамдардың iс-әрекеттерi мен өзара қарым-қатынастары құдайдың әдiл iстерi ретiнде мақталады. ²Птахотеп өсиетi² кiтабында барлық адамдардың табиғи еркiндiгi, туа бiткен данышпандар мен оқымыстылардың болмағандығы туралы көзқарастар кездеседi. Бұнда адамдардың мiнез-құлқы ² ка² принципiне - iзгiлiктi де қайырымды және әдiлеттi мiнез-құлық өлшемiне сәйкес келу қажеттiлiгi негiзге алынады. ²Гераклеопольдық патшаның өзiнiң ұлына айтқан өсиетiнде² (б.з.д. XXII ғ.) құдайларға айтылған мақтаулар мен перғауынның құдайлық билiгi туралы сөздермен қатар, заң мен әдiлдiкке қарсы ешқандай iс-әрекет жасамау керектiгi, өйтпеген жағдайда адамдардың құдайдың қаһарына ұшырап, қайыршылық пен азапты өмiр кешетiндiгi туралы үндеулер кездеседi. Бұл өсиет кiтапта патша сонымен бiрге ² әдiлдiктi жасаушы және қорғаушы² ретiнде дәрiптеледi. Өсиет кiтаптың авторы патша Ахтой өзiнiң ұлына, яғни мұрагерiне ² Өзiңнiң билiгiңдi жоғары ұста және оны одан әрi көтере түс, ол сенiң заңдарыңды күштi етедi және мемлекетiңдi қорғайды² деп, өсиет айтады. ²Өлiлер кiтабында² адамдардың өлгеннен кейiнгi тiршiлiгi өлiлер патшалығына ауысатындығы туралы баяндалады. Бұл патшалықта жылу мен жарық және адамдар тұрмысына қажеттi нәрсенiң бәрi бар. Бұл патшалыққа келгендердi Осирис құдайдың әдiл соты олардың жер үстiндегi өмiрiнде әдiл де қайырымды немесе қатыгез де сұрқия болғандығын таразылайды. Шындық құдайы – Ма-ат мүсiнi жанында Осиристiң әдiл соты олардың барлық iс-әрекетiн сұрайды. Сот алдына келгендер ² Мен ешкiмге қастық жасаған жоқпын, мен ұрлық жасаған жоқпын, мен ешкiмдi алдаған жоқпын, мен ешкiмдi жылатқан жоқпын, мен ешкiмге қарыздар емеспiн, мен құдайларды сөккен жоқпын² - деп, ант-су iшедi. Египеттiктердiң түсiнiгiнше, адамдар жер бетiндегi сот жазасынан құтылғанымен, өлiлер патшалығындағы Осирис құдайдың әдiл сотынан құтыла алмайды. Жер бетiндегi өмiрде әдiлдiк пен шындық бола бермейдi, бiрақ түбiнде оған жауап беруге тура келедi. Жер бетiндегi патшалықтағы теңсiздiк пен заңсыздыққа адамдардың өзi жол берген. Мемлекет билеушiсi – перғауын - құдайлар патшасы - күн құдайының ұлы. Сондықтан да ол адамдар патшасы болып тағайындалған. Ол жер бетiндегi барлық әрекеттi, жамандық пен жақсылықты, қатыгездiк пен әдiлдiктi бүтiндей бақылай алмайды, адамдар арасындағы келiспеушiлiктердiң орын алуы да осыдан пайда болады. Билiк пен заңның белгiлi бiр топтың ғана мүддесiн қорғағандығы және оған мүдделi топтардың осы заңдар мен нормаларды да өз мақсаттары үшiн пайдаланғандығы, оны қызғыштай қорғағандығы әдiлдiк пен билiк туралы жоғарыда айтылған ережелерден айқын көрiнедi. Мақтанышпен айтылған әдiл билiк пен әдiлеттi заңға халық бұқарасының наразылық бiлдiргендiгi, қарулы күреске шыққандығы туралы мәлiметтер де кездеседi. Осындай халық қозғалыстарының бiрi туралы (б.з.д. 1750 жылдар шамасы) ² Ипусердiң сөздерiнде² айтылады. Ол бұл қозғалысты ² заң мен билiкке қарсы әрекет етушiлер² ретiнде көрсетедi, бұл кезде елде адам айтқысыз өзгерiстердiң болғандығын, билiк органдары мен сот палаталарының қиратылғандығын, билеушi сарайындағы сақтаулы заңдардың көшеге шығарылып, аяққа тапталғандығын және жойылғандығын баяндайды. Ежелгi Вавилон билеушiлерi өздерiнiң билiгi мен заңдарының құдайлық сипатта екендiгiн дәлелдеуге тырысты. Б.з.д. XVIII ғ. Хаммурапи заңдарының кiрiспесiнде ² Аннуактардың мәртебелi патшасы Анум мен ел тағдырын шешушi көк пен жердiң әмiршiсi!… бүкiл адамзатты билеудi маған берiп, елге әдiлеттiлiктi орнату үшiн, қылмыс пен жауыздықты құртып, әлдi әлсiзге қысым жасамау үшiн және елге жарық беруге Анум мен Энлиль игiлiгiне халық менi шақырды, жерде әдiлдiк пен тәртiп орнату үшiн менi Шаман құдай жiбердi, менiң бұйрықтарым мен заңдарымды ешкiмнiң де өзгертуге құқы жоқ² деп айтылады. Хаммурапи бiрiншi Вавилон әулетiнiң алтыншы патшасы (б.з.д. 1792-1750 жж.) Бұл уақыт Вавилонның бүкiл Қос өзен аралығында экономикалық, саяси және мәдени орталығына айналу және оның гүлдену мен дәуiрлеу кезеңi. Вавилонның саяси және әлеуметтiк құрылымы туралы бағалы және жан-жақты мәлiметтер қалдырған Хаммурапи заңдары жазылған биiк базальт бағана 1901-1902 жылдары француздың археологиялық экспедициясының Сузы қаласын қазуы кезiнде табылды. Бағананың жоғары жағында тақта отырған күн тәңiрiсi Шаман құдай және оның алдында iлтипатты тұрған әйел патша Хаммурапи салынған. Бағананың қалған бөлiктерiнде заңдар сыналап ойып жазылған. Әдiлдiктiң қорғаушысы ретiнде баяндалған бұл заң еркiн адамдар мен құлдардың құқықтық жағдайын заң жүзiнде бекiтедi. Олардың әлеуметтiк жағдайы мен тұрмысын өзгертуге жатпайтын норма ретiнде бағалайды, билеушi топтың мүддесiн және жеке меншiктi қызғыштай қорғайды. Ежелгi парсылардың дүниетаным туралы көзқарастары зароастризмде көрiнiс тапты және дамытылды. Дiни-этникалық бұл ағымның негiзiн қалаушы б.з.д. VIII ғасырда өмiр сүрген Заратустра болып саналады. Кейбiр тарихшылар оның туып өскен жерi Сыр бойы деп те есептейдi. Қалай болғанда да бұл ағым дiни сипатта дамып, кейiннен едәуiр территорияға ықпалын тигiздi. Таяу Шығыс, Алдыңғы Азия, Үндiстан, Греция, Орта Азия елдерiне кең тарады. Зороастризмнiң негiзгi қағидасы бiр-бiрiне қарама-қарсы екi күш -жақсылық пен жамандықтың өзара күресi мазмұнында өрбидi. Қайырымдылық пен жақсылықты жасаушы жарық дүние патшалығы Ормузда құдай, жауыздық пен жамандықты жасаушы қараңғы дүние патшалығы Ариман құдай құдiретi деп көрсетiледi. Қайырымдылық пен жарық дүние адамдардың жауыздық пен қараңғы дүниеге қарсы күресiне көмектеседi. Адамдардың өмiрi мен тұрмысы да күрес нәтижесiнде айқындалады. Бұл күресте жауыздықтың уақытша билiгiнен кейiн әрдайым жақсылық жеңiске жетiп отырады. Зороастризм бойынша мемлекет аспан құдайы Ормузданың жердегi билiгi болып саналады. Мемлекет билеушiсi – монарх - жердегi Ормузданың әмiрiн орындаушы қызметкерi, ол халықты жауыздық пен жамандықтан қорғауға, мемлекетке қауiп төндiретiн әрекетке қарсы күресуге, қайырымдылық нәрiн себуге мiндеттi. Қоғамның әлеуметтiк құрылымы, зороастризм бойынша, әркiмнiң қандай кәсiппен шұғылдануы еркiн таңдауы бойынша жүзеге асырылады. Бұл әлеуметтiк топтың әрқайсысының басында жетекшiлiк ролдi атқаратын неғұрлым белсендi және беделдi адамдар тұрады. Заратустра Ормузда қызметшiлерiн өзара сүйiспеншiлiк пен сыйластыққа, бiр-бiрiн кешiре бiлуге және бiтiмге шақырады. Саяси-құқықтық ойлардың ежелгi шығыс халқында батысқа қарағанда неғұрлым ертерек пайда болуы да Ежелгi шығыс мәдениетiнiң ерекшелiктерiнiң бiрi болып саналады. Қазiргi заманда да бұл ерекшелiк өзiнiң көкейтестiлiк бағытымен елеулi күшке ие болып отыр. Бұған Иран, Ауғанстан елдерiндегi дiни бағыттағы әр түрлi “ағымдар” күштерi мысал бола алады. Қоғамның ерте даму сатысында саяси-құқықтық ойдың ғылымға негiзделе қоймаған кезiнде сана бүкiл әлемге мифтiк тұрғыда қалыптасты. Айтылған ойлар мен көзқарастар белгiлi бiр күшке, құдайға келiп тiрелдi және олар мiндеттi құқықтық нормалар ретiнде қабылданды. Сонымен бiрге Ежелгi Шығыстың саяси-қоғамдық және әлуметтiк-экономикалық даму өзгешелiктерiне қарай құқық саласында да олардың өзiндiк ерекшелiктерi болды. Олардың қатарына жеке меншiк құқығының әлсiз дамуы, патриархтық отбасының сақталуы, қылмысқа бүкiл ұжым болып жауап беруi, жазалаудың талион принципi және т.б. жатады. Қорыта айтқанда, саяси-құқықтық ойлар мифологиялық тұрғыдан болса да алғаш рет Ежелгi Шығыста қалыптасты, құқықтық қатынастар мен құқықтық түсiнiктер алғаш рет Шығыста пайда болды. Саяси-құқықтық ойлар Ежелгi Шығыста дiни сипатта қалыптасқанымен, онда таптық мүдденi қорғайтын белгiлер де басым болды, бұл ойлар белгiлi бiр топтың мүддесiн бiлдiрдi, солардың билiгiн қолдады және Ежелгi Шығыс заңдары қаталдығымен әйгiлендi. Жердегi тәртiп туралы мифтiк көзқарастар мен адамдардың қоғамдық өмiрдi мифтiк тұрғыдан ұйымдастыру тәжiрибесi саяси-құқықтық ойдың дамуына зор ықпал еттi, саясат, мемлекет және құқық туралы алғашқы ғылыми концепциялардың пайда болуының алғы шарттарын дайындады және саяси-құқықтық iлiмнiң одан кейiнгi кезеңдердегi дамуына серпiн бердi.

2.2 Ежелгi Үндiстандағы саяси-құқықтық ойлар

2.2 Ежелгi Үндiстандағы саяси және құқықтық iлiм мифтiк және дiни көзқарастар түрiнде қалыптасты. Бұның өзi ежелгi үндiс қоғамында ұзақ ғасырлар бойы олардың рухани және әлеуметтiк-саяси өмiрiнде үстем болған брахмандарға тiкелей байланысты болып келедi. Брахманизм идеяларының алғашқы көрiнiстерi б.з.д. екi мыңыншы жылдықтағы ²Beдa² ескерткiштерiнде кездеседi. ² Beдa² - “бiлiм, кiрiспе” (Санскрит тiлiнде) деген ұғымды бiлдiредi Бұл ведаларда адамдардың төрт варнаға (кастаға) бөлiнетiндiгi және олардың брахмандар – Пуруши құдайдың аузынан, кшатрийлер - құдайдың қолынан, вайшийлер - құдайдың санынан, шудралар - құдайдың табанынан жаратылды деп айтылады. Ману заңдарының 96- бабында ² Тiрi нәрселердiң iшiндегi ең қасиеттiсi – жандылар, ал жандылардың iшiнде адам, ал адамдардың iшiнде брахмандар² деп айтылады. Веда бойынша барлық варналар мен олардың мүшелерi құдай көрсетiп берген ² дхармаға² - заңдарға, мiндеттерге, құқықтар мен ережелерге бағынуы тиiс. Дхармадағы ережелер бойынша брахмандар қоғамда жоғары дәрежеде және үстемдiк жағдайда көрсетiледi. Оқу, бiлiм, дiн iлiмiн, құрбандық шалу, өзiне және өзгеге арнап садақа үлестiру, садақа алу iсiн құдай брахманға мiндеттеген. Брахманизм идеялары брахман мектебiнiң әртүрлi өкiлдерi жасаған ² дхармасутра² және ² дхармашастра² сияқты әртүрлi құқықтық жинақтарда кездеседi. Брахманизм ежелгi үндi ойының ескерткiшi ² Упанишадта² (б.э.д. IX-VI ғ.ғ.) одан әрi дамытылады және нақтылана түседi. ²Ману заңдарында² адамдардың варналарға бөлiнуi және олардың қоғамдағы орны мен әлеуметтiк теңсiздiгi қорғалады. Мұнда да брахмандардың жоғары дәрежедегi жағдайы мен үстемдiгi, артықшылығы туралы айтылады. Тiптi патшалар да брахмандарды құрметтеуге, олардың ақыл-кеңестерi мен талаптарын орындауға, олардан ² Beдa² iлiмiн оқып үйренуге тиiстi. Бұл заң бойынша патшаның басты мiндетi варна жүйесiн қорғау және оған қарсы келгендердi жазалау болып табылады. ²Ману заңдары² бойынша патшаның өкiлдiгi шектеулi, ол брахмандардың ақыл-кеңестерiн тыңдаумен қатар кейбiр талаптарға да сәйкес болуы керек. ² Ману заңдарының² 3-бабында ² ақылсыздықпен өз елiн азапқа салған патша уақыт күттiрместен өзiнiң ағайын-туыстарымен бiрге елден кетуi тиiс және ол өмiрден айрылады² деп айтылады. ² Ману заңдарында² жазаға көп көңiл бөлiнген, оның басты мақсаты варналарды сақтауға және қорғауға бағытталған. Құдай иелiгiнiң ұлы ретiнде жаза (данда) оның жердегi бейнесi ²таяқ² деген ұғымды бiлдiредi. Яғни, жаза өзiнiң бұл ұғымында ² басқару өнерi² (данданиттер) деген мағына бередi. ²Ману заңдарының² 7-тарауы бүтiндей жазаға арналған. Онда жазаның қуаттылығы мен күштiлiгi және қоғамға пайдасы туралы көп айтылады. “Жаза бүкiл адамды билейдi. Жаза адамдарды қорғайды, ол өзгелер ұйықтап жатқанда сергектiк танытады, данышпандар жазаны, данданы қорғаушы” деп жариялаған. Егер патша қылмысына қарай жаза тағайындауды үздiксiз жүзеге асырып отырмаса, онда күштiлер әлсiздердi қармақтағы балықтай қуырған болар едi. Жаза дұрыс қолданылмаса бүкiл варналар бұзылып, бөгеттер жойылып, бүкiл халық наразы болар едi² делiнедi. Әртүрлi варна мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiнiң тең болмауы олардың заң алдындағы қылмыс пен жазадағы әдiлетсiздiгiнен көрiнедi. Брахмандар заң алдында ерекше жеңiлдiктерге ие болған. ² Әлемдегi бар нәрсенiң бәрi брахмандардың меншiгi болып табылуымен бiрге² (100-бап), оларға ешқашан тән жазасы қолданылмайтын едi. Олар үшiн ең ауыр жаза - шашын алу болып саналды. Қылмыс үшiн айып төлеуде варналардың қоғамдағы теңсiздiгiнiң сипаты анық көрiнедi. Мысалы, брахманды тiлдеген кшатрийге 100 пан айып салынады, вайший екi жарым есе артық төлейдi, ал шудра дене жарақатымен жазаланады (267-бап). Ал ² брахман кшатрийдi тiлдесе 50 пан, вайшийдi тiлдесе, оған 12 пан айып салынады² (268-бап). Бұдан бiз жаза белгiлеуде қылмыстың ауыр немесе жеңiлдiгi емес, адамның қоғамдағы алатын орны назарға алынатынын байқаймыз. Б.з.д. VI ғасырда Будда (² данышпан² деген ұғымды бiлдiредi) деген атпен белгiлi болған Сиддхартха Гаутама ² Веда² iлiмiн сынға алады, құдайдың адамдар өмiрiне араласуын, олардың билiгi мен заңдарын жоққа шығарады. Оның айтуынша, адамзат iсi адамдардың өздерiнiң белсендi әрекеттерiне байланысты. Будда дiнi бойынша брахмандардың жоғары дәрежесi мен артықшылықтары жоққа шығарылады. Будда “ең бастысы – адамның атағы мен шыққан тегi емес, адамгершiлiгi” деп үйреттi. Буддистер үшiн брахмандар артықшылыққа ие болған варна мүшесi емес, қарапайым адамдардың бiрi. Будда iлiмiн жақтаушылар дхарманы табиғи заңдылықты басқарушы әлем ретiнде көредi. Саналы мiнез-құлық үшiн танымның қажеттiлiгi, табиғи заңдылықты қабылдау және мойындау туралы айтылады. Адам өмiрiнiң мәнi байлық пен атақта емес, әрқашан шындықты айтып, мейiрiмдiлiк пен қайырымдылыққа ұмтылуда екендiгi дәрiптеледi. Дхарма түсiндiрмелерiнде адамдардың бiр-бiрiне бауырмалдығы, қайырымдылығы, жамандыққа жамандықпен емес, жақсылықпен жауап беруi ғана бұл әлемде iзгiлiктi өмiрге қол жеткiзетiндiгi баяндалады. Буддизм iлiмi бойынша адамдардың барлығы тең дәрежеде. Олар қандай варнада немесе әлеуметтiк сатыда тұрса да, аурудан, қасiреттен және өлiмнен құтыла алмайды. Оған олардың лауазымдық шенi де, құдайға шалған құрбандығы да көмектесе алмайды. Б.з.д. IV-III ғасырларда жазылған ² Дхаммападе² жинағында брахманизмге қарағанда жазаның ролi мен көлемiнiң азайғандығы байқалады. Мұнда кiнә дәлелденбей жаза қолданбау туралы арнайы атап көрсетiледi. Будда iлiмiнде сонымен бiрге өмiрдiң заңды жолына, заңдылықтың қатаң сақталуы мен орындалуына үлкен мән берiледi. Б.з.д. III ғасырдан бастап буддизмнiң көптеген идеялары әлеуметтiк-саяси маңызға ие болып, мемлекеттiк саясат пен заңдылыққа да ықпалын тигiзе бастады. Үндiстанды бiр орталыққа бiрiктiрген Ашока патшаның билiгi кезiнде (б.з.д.268-232 жж.) буддизм мемлекеттiк дiн болып жарияланды. Буддизмнiң ықпалы кейiннен Қытай, Жапония, Бирма, Цейлон елдерiне де тарады. Брахманизм идеологиясынан едәуiр ауытқу б.з.д. IV-III ғасырларда өмiр сүрген Каутильяның ² Артхашастра² трактатында көрiнiс тапқан. Бұл шығармада философия логикалық дәлелдемелер арқылы Веда iлiмiнде - заңдылық пен заңсыздықты, шаруашылық iлiмiнде - пайда мен зиянды, мемлекеттiк басқару туралы iлiмде - дұрыс және қате саясатты зерттейтiндiгi туралы айтылады. Шығармада сонымен бiрге саясат пен заңдылық және билiк туралы айтылады. Онда билеушiнiң заңды бұзбай өз мүддесiн ойлауына құқық берiлген. Бiрақ оның ең басты мiндетi варна жүйесiн сақтау және мемлекет қауiпсiздiгiн қорғау болып табылады.

2.3 Ежелгi Қытайдағы саяси-құқықтық ойдың қалыптасуы және оның ерекшелiктерi

2.3 Ежелгi Қытай философиясы мен қоғамдық-саяси ойындағы ықпалды ағымдардың бiрi даосизм iлiмiнiң негiзiн салушы болып б.з.д. VI ғасырда өмiр сүрген Қытай оқымыстысы Лао-цзы болып саналады. Оның басты еңбегi ² Дао және дэ туралы кiтапта² (² Дао дэ цзин²) Аспан астындағы күштер туралы дәстүрлi дiни түсiнiктерден даосизмнiң айырмашылығы - аспан астындағы билеушiден тәуелсiз заттардың табиғи дамуы мен табиғи заңдылықтары туралы сипаттама берiлуiнде. Яғни, даосизм iлiмi ² дао² ұғымына негiзделедi, ал ² дао² “алғашқы түп негiз” дегендi бiлдiредi. Даосизм iлiмiнде аспан, табиғат және қоғам заңдылықтары анықталады. Бұл заңдылық жоғары қайырымдылық пен табиғи әдiлдiктi жақтайды. Дао iлiмi бойынша барлық адам тең. Өз дәуiрiндегi мәдени жетiмсiздiктер мен адамдардың әлеуметтiк-саяси теңсiздiгiн, халықтың қайыршылық жағдайын және т.б. Лао-цзы даодан ауытқу деп есептейдi. Сол кездегi халықтың ауыр жағдайына наразылық бiлдiрген Лао-цзы даоның әдiлдiктi қайта орнататынына сенедi. Лао-цзы даоны аспан және адам даосы деп екiге бөледi. Оның айтуынша, аспан даосы байлардың артық дүниелерiн алып, кедейлерге бередi, ал жердегi дао кедейлердiң керек затын алып, байларға бередi. Даосизм iлiмiнде адамдардың қанағатшылдығы мен белсендi әрекеттерден тартыну принципi көбiрек орын алған. Лао-цзы сонымен бiрге соғыстың барлық түрi мен армияны қатты сынға алады. Оның айтуынша, әскер жүрiп өткен жерде арам шөптер мен тiкенектер ғана өседi, үлкен соғыстардан кейiн ашаршылық жылдары басталады. Прогрестiк дамуды жақтырмаған Лао-цзы өткен дәуiрге қайта оралуды және бiлiм мен ғылымнан бас тартуды ұсынады. Оның айтуынша ақылды билеушi өзiнiң қол астындағыларға ² дао² жолымен (табиғи жолмен) жүруге жағдай жасайды. Ондай билеушi халықтың жеке iсiне араласпайды. Оның басты мiндетi - елдегi тәртiп пен заңдылықты сақтау ғана. Қытайдағы саяси және философиялық iлiм тарихында конфуцизм iлiмi маңызды роль атқарады. Оның негiзiн қалаған б.з.д. 551-479 жылдары өмiр сүрген ұлы Қытай ойшылы Конфуций болды. Оның көзқарастары оның шәкiрттерi құрастырған ² Лунь юй² (² Әңгiмелер мен пiкiрлер²) кiтабында жинақталған. Бұл кiтап ғасырлар бойы Қытай халқының өмiрi мен көзқарасына, тәлiм-тәрбиесiне едәуiр ықпал еттi. Оны балалар жатқа айтты, отбасылық және саяси iстерде үлкендер беделге ие болды. Оның даналық туралы өсиеттерi әлi күнге дейiн мәнiн жойған жоқ. Ол ² даналыққа бiз үш түрлi жолмен жетемiз, ең iзгi жол – санамен саралау, ең оңай жол – елiктеу, ең қиын жол – тәжiрибеден тәлiм алу² дедi. Дәстүрлi көзқарастарға сүйенген Конфуций мемлекеттiң патриархалды- патерналистiк концепциясын дамытты. Оның айтуы бойынша, мемлекет - үлкен жанұя. Патшаның қол астындағыларға билiгi әкенiң балаға билiгi ретiнде көрсетiледi. Патшаның билiгi отбасындағы жасы кiшiлердiң ересектерге бағыныштылығымен теңестiрiледi. Конфуций суреттеген әлеуметтiк-саяси жүйедегi адамдар теңсiздiгi, ² қараңғы адамдар², ² төменгi адамдар², ² құрметтi адамдар², ²жоғары шендi адамдар², ²лауазымды адамдар² ретiнде көрсетiледi. Әлеуметтiк теңсiздiктi қалыпты жағдай ретiнде қарастырған Конфуций аристократиялық билiк концепциясын, яғни ақсүйектер тобының билiгiн жақтады. Билiктiң зорлықсыз тәсiлiн жақтаған Конфуций билеушiлердi өз бағыныштыларына қайырымды болуға шақырды. Билеушi қайырымды болса, төменгi адам да қайырымды болады. Билiктiң осы ережесiн жақтаған Конфуцийден ² Шөп жел соққан жаққа қисаяды² деген нақыл сөз қалған. Iшкi және сыртқы соғыстарға қарсы болған Конфуций Қытай жерiнен алыс тұратын басқа халықтарды бiлiмдiлiкпен және ақылмен жаулап алуды ұсынды. Конфуций барлық нәрсе үнемi өзгерiсте болады, уақыт тоқтамайды, әрбiр нәрсенiң басталуы мен аяқталуы болады дейдi. ² Адамның iсi де солай, бас-аяғынсыз бiрде-бiр iс жоқ. Оның басталуы мен аяқталуын анық түсiнген адам ақиқатқа жақын тұрады². Конфуцийдiң этикалық-құқықтық және мiнез-құлық нормалары мен принциптерi адам өмiрi мен тұрмысының барлық жағын қамтыған. Бұған дәстүр ережелерi (ли), ата-аналар мен үлкендерге құрмет (сяо), адамдық қасиет (жэнь), адамдар қамқорлығы (шу), билеушiге адалдық (чжун), парыз (и) және т.б. жатады. Конфуций iлiмiн одан әрi жалғастырған Сянь-цзы “әлем өзiнiң табиғи заңдылықтарымен өмiр сүредi, сондықтан да оны тiршiлiк қажетiне жарату үшiн оны зерттеу, құпия сырларын бiлу қажет” деп ой түйедi. Яғни адамдардың табиғаттан өз үлесiн алуы немесе бай және кедей болып өмiр сүруi олардың өздерiне байланысты. Сянь-цзының пiкiрiнше адам тумысынан қызғаншақ, дүниеқұмар, ашкөз болып келедi. Сондықтан да адамдардың мiнезiн жақсы тәрбие берiп қана табиғи қалпынан өзгертуге болады. Ол үшiн адамдардың өзi де өзiн-өзi тәрбиелеуге және бiр-бiрiнiң қателiгiн бетке басып айтуы тиiс. Бұл туралы ол былай дейдi: ² Менiң қателiгiмдi дұрыс көрсеткен адам – менiң ұстазым, менiң игi iсiмдi дұрыс байқаған кiсi – менiң досым, ал маған жағынып, жарамсақтанушылар – менiң жауым². Конфуцизм iлiмi, сонымен бiрге, ел билеушiлерi мен әкiмдерге де қол астындағыларға туған баласындай қарауға кеңес берiлдi. Конфуций бойынша ² ақылды билеушi ауыр жазамен адамдардың жанын қинамайды, оларды табандылықпен, ең алдымен өзi үлгi-өнеге көрсетiп жақсылыққа тәрбиелейдi². Конфуцизм iлiмi мемлекеттiк дiн ролiн атқара бастады. Ежелгi Қытайдағы легизм идеялары б.з.д. IV ғасырларда жарық көрген ² Шан цзюн шу² (² Шан облысы билеушiсiнiң кiтабы²) трактатында баяндалған. Бұл трактаттың негiзгi бөлiмдерiн Шан Ян деген атпен белгiлi болған Гунсунь Янь жазды. Легизм iлiмiнiң және заңшылдар мектебiнiң негiзiн қалаған ол Шан облысының билеушiсi болды. Шан Ян заңдар мен қатал жазаға сүйенген басқару жүйесiн қолдады. Сол кездегi үлкен ықпалға ие болған конфуцизмдi сынаған Шан Ян заң нормалары ғана елде тәртiп орната алады деп есептедi. Ел басқарудың негiзгi әдiсi ретiнде қатал заңдарды жақтаған ол мемлекет пен адамдар арасындағы қатынастарды оңай реттеуге болатындығын айтты. Бұл ² кiмдi кiмнiң жеңетiндiгi² туралы принципке негiзделген таптар күресiнiң қатынастарын көрсеттi. Оның айтынша, ² халық өз өкiметiнен күштiрек болса, мемлекет әлсiз, ал өкiмет өз халқынан күштiрек болса, армия күштi, әрi қуатты болады². Легистер қайырымдылық пен адамгершiлiк қылмысқа апаратын тура жол, ал нағыз қайырымдылық пен сүйiспеншiлiк өзiнiң бастауын жазалаудан алады деп дәрiптедi. Яғни олар мейiрiмдiлiктен бұрын қорқынышты алдыңғы орынға қояды. Олардың пiкiрiнше елде жаппай тәртiпсiздiк болмас үшiн, мейiрiмдiлiктен гөрi жазалау басым болуы керек. Аямай жазалау арқылы халық арасында үрей мен қорқыныш тудыру керек. Олардың бұл қағидасы үрей мен қорқыныш қана елде тәртiп пен заңдылық орната алады дегендi бiлдiредi.

Негізгі әдебиеттер:

1. Мұхамедов, Сатершинов Б. Сырымбетұлы Б. Саяси-құқықтық ілімдер тарихы, Алматы, 2003.

2. История политических и правовых учений (под ред. Мокичева, М., 1971 –т. 1; М., 197 –т.)

3. История политических и правовых учений (под ред. А. Лейтса) М., 1978

4. История политических и правовых учений. М., 1983 (под ред. Нерсесянца В.С.)

5. История политических и правовых учений. М., 1988 (под ред. Нерсесянца В.С.)

6. Источники по истории политических и правовых учений. Учебное пособие (сост. Золотухина Н.М., Плоткина С.Я., Розин Э.) М., ВЮЗИ, 1981

7. История политических и правовых учений (Домарксистский период) М.: Юрид. Литература 1991

8. История политических и правовых учений (Древний мир), Москва, Наука 1985

Қосымша әдебиеттер:

1. Акулов И.Б., Малюк О.П. Поль – Гольбах – критик религиозных догматов. М., 1975

2. Гуревич А.Я. Теория формаций и реальность истории. «Вопросы философии» № 11 1992

3. Графский В.Г., Бакунин (Из истории политической и правовой мысли) М., 1905

4. Реальный социализм и «азиатский» способ производства. ОН, 1993, № 3

5. Луковская Д.И. Политические и правовые учения: историко теоретический аспект. – Л.1985

6. Радхакришнан С. Индийская философия. В двух томах. – Спб., 1994

7. Синха Сурия Прокаш. Юриспруденция. Философия права. – М., 1996

8. Книга правителя области Шан. – М., 1993

9. Законы Ману –М., 1960

10. Малявин В. Конфуций. –М., 1992

11. Переломов Л.С. Конфуцианство и легизм В политической истории Китая. –М., 1981.

 


Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 1219 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы кезеңдері.| Тақырып. Ежелгi Грециядағы саяси және құқықтық iлiм

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)