Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Ежелгi Грециядағы саяси және құқықтық iлiм

Оқу сабақтарының түрлері бойынша сағаттарды бөлудің тақырыптық жоспары | Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің өздік жұмыстарын (СОӨЖ) кесімді бақылау графигі мен тақырыптары | Ескертпе: СОӨЖ бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. | Студенттердің ағымдағы үлгерімін бағалау белгілері | Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні және әдістері. | Саяси және құқықтық ілімдер тарихы кезеңдері. | Тақырып. Араб Шығысы мен мұсылман елдерiндегi саяси-құқықтық ойлар | Тақырып. Қайта өрлеу мен Реформация дәуiрiндегi саяси-құқықтық iлiмдер 1 страница | Тақырып. Қайта өрлеу мен Реформация дәуiрiндегi саяси-құқықтық iлiмдер 2 страница | Тақырып. Қайта өрлеу мен Реформация дәуiрiндегi саяси-құқықтық iлiмдер 3 страница |


Читайте также:
  1. D. Бірөлшемді және көпөлшемді
  2. Lt;variant> азаматтық іс қозғау және іс бойынша қорытынды беру үшін
  3. Lt;variant> ол басқа дәлелдермен бірге тексерілуі және бағалануы керек
  4. Lt;variant> сот және іске қатысушы тұлғалар
  5. Lt;variant>өтінішті қайтарады және талапкерге оның қай сотқа жүгіну керектігін түсіндіреді
  6. Lt;variant>басқа тұлғалардың мүдделері үшін өтініш бере алады және іс бойынша қорытынды беру үшін
  7. Lt;variant>ие болмайды және жатпайды

3.1 Ежелгi грек өркениетiнiң даму кезеңдерi және оның философиялық-құқықтық iлiмi

3.2 Ерте дәуiрдегi саяси-құқықтық ойлар (б.з.д. IX-VI ғғ.)

3.3 Ежелгi грек саяси-құқықтық ойының гүлденген дәуiрi (б.з.д. V-IV ғасырлардың бiрiншi жартысы)

3.1 Б.з.д. мыңжылдықтың басында Ежелгi Грецияда жеке және тәуелсiз полистер формасы түрiнде бiрнеше қала-мемлекеттер пайда болды. Алғашқы қауымдық құрылыстан қоғамдық өмiрдiң ерте таптық және қоғамдық формасына көшу халықтың әлеуметтiк жiктелу процесiн одан әрi күшейтiп ру ақсүйектерi мен қайыршыланған қауым мүшелерiнiң, байлар мен кедейлердiң, ерiктiлер мен құлдардың арасындағы күрестi шиеленiстiре түстi. Осындай жағдайда ежелгi грек полистерiнде басқару формасының өздерi жақтаған түрiн орнату жолында әртүрлi әлеуметтiк топтар арасында аяусыз күрес жүрдi. Ол кездегi басқару формасының негiзгi түрлерi мынадай едi: аристократия (ескi немесе жаңа ақсүйектер тобы), олигархия (байлар мен дәулеттiлер тобы) және демократия (халық билiгi). Осындай күрес нәтижесiнде б.з.д. VI-V ғғ. әртүрлi полистерде басқарудың өзiндiк формалары пайда болып, одан әрi дамыды. Афиныда демократия, Фивыда олиграхия, Спарта мемлекетiнде аристократия пайда болды. Осы процесс Ежелгi Грецияның саяси және құқықтық iлiмiнде көрiнiс тапты. Ежелгi грек полистерiнде саяси-құқықтық көзқарастың пайда болуы мен дамуында үш кезең айқын байқалады. Ерте кезең- (б.з.д. IX-VI ғғ.) ежелгi грек мемлекеттiлiгiнiң пайда болуына сәйкес келедi. Бұл кезеңде саяси-құқықтық көзқараста рационациялау (Гомер, Гесиод, атақты ² жетi данышпан²) байқалады және мемлекет пен құқық проблемаларына философиялық тұрғыдан қарау (Пифагор, Гераклит) қалыптасады. Екiншi кезең - (б.з.д. V және IV ғасырдың бiрiншi жартысы) ежелгi грек философиясы мен саяси-құқықтық ойларының гүлденген кезеңi (Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель және т.б.) Үшiншi кезең - (б.з.д. IV ғасырдың екiншi жартысы мен II ғасырлары) эллинизм кезеңi, ежелгi грек мемлекеттiгiнiң құлдырауы, грек полистерiнiң алғашқыда Македония, кейiннен Рим билiгiне көшуi (Эпикур, стоиктер, Полибий және т.б.). Адамдардың ерiктiлерге және құлдарға бөлiну жағдайында қалыптасқан антикалық саяси-құқықтық ой еркiндiк идеологиясы ретiнде бекiдi және дамыды. Бостандық - басты құндылық, ежелгi гректiк саяси - теориялық iлiмнiң негiзгi мәселесi және мақсаты болды. Бiрақ бұл жалпыға бiрдей бостандық емес, шектелген бостандық едi. Құлдар бостандық мәселесiнде есепке де алынбады, олар туралы сөз де болмады. Грециядағы құлдық демократия азаматтардың қоғамдағы алатын орнын олардың шығу тегiне қарап емес, мүлiктiк жағдайларымен байланыстырды. Бұл жағдай ақыл-ой еңбегiмен айналысатын адамдардың бөлiнiп шығуына әкелдi. Құл еңбегi олардың ғылыммен, бiлiммен, ағартушылықпен және өнермен кәсiби тұрғыда шұғылдануына мүмкiндiк бердi. Осының нәтижесiнде таза зиялылар мен ойшылдар қауымы пайда болып, саяси-құқықтық және әлеуметтiк философиялық жаңа көзқарастардың қоғамдық пiкiрi мен санасы қалыптасты. Саяси ой мен оған қатысты практикалық және рухани iс бостандық ретiнде қарастырылып, ол ерiктi адамдардың қызмет аясы, ал еңбек, оның iшiнде ауыр қол жұмыстары, құлдардың үлесi ретiнде қарастырылды. Барлық өндiрiстiк – еңбек және отбасы ортасы, сол кездегi ұғым бойынша, бостандықтан тыс аймақ принципi, яғни бостандық тұрғысынан алғанда саясаттан тыс болып есептеледi. Қожайын мен құлдың, отбасы иесi мен оның басқа мүшелерiнiң билiк және бағыныштылық жөнiндегi қатынасы саяси емес қарым-қатынас түрiнде түсiндiрiлдi. Дәстүрлi, эллиндiк саяси өмiр формасының варварлық деспоттық билiгiне қарсы қойылуы да осыған байланысты болып келдi. Мемлекет пен құқықты зерттеудегi ежелгi грек саяси-құқықтық ойының ерте кезеңiнде оның мифологиялық түсiнiктерi (Гомер, Гесиод) қоғамдық ойдың даму барысында өзiнен кейiнгi қалыптасқан жаңа көзқарастарға, атап айтқанда философиялық тұрғыдан түсiндiруге (² Жетi данышпан², Пифагор, Гераклит, Демокрит) одан кейiнгi рационалистiк интерпретацияға (софистер), логикалық-танымдық талдауға (Сократ, Платон) және ақыр соңында эмпирикалық - ғылыми (Аристотель) және тарихи-саяси (Полибий) iлiмге орын бердi. Ежелгi грек полистерiнiң тәуелсiздiгiн жоғалтқан эллиндiк дәуiрiнде бұрынғы құндылықтарды қайта бағалауда бұрынғы ұжымдық полистiк өмiр күмән тудырып, адамдарды ерiктiлер мен құлдарға бөлу принципi сынға ұшырайды. Бұл кезде бостандық әлеуметтiк-саяси құбылыс ретiнде емес, рухани құбылыс ретiнде түсiндiрiледi. Осы принцип негiзiнде адамдардың жалпыға бiрдей бостандығы мен еркiндiгi табиғат заңдылығы мен табиғи құқықтар қағидасы тұрғысында паш етiледi.

3.2 Ерте дәуiрдегi саяси-құқықтық ойлар (б.з.д. IX-VI ғғ.)

3.2 Б.з.д. IX-VIII ғасырларда ежелгi мифтiк көзқарастар архаистiк поэзияда, одан кейiн Гомер мен Гесиодтың поэмаларында өзiнiң алғашқы сипатын жоғалтып, этикалық және саяси-құқықтық өзгерiске ұшырайды. Олардың түсiндiруi бойынша, құдайлардың билiк үшiн күресi және бас құдайдың ауысуы (Уран-Крон-Зевс) билiк пен басқару принциптерiнiң алмасуымен қатар жүрдi. Гректердiң түсiнiгi бойынша, құдайлардың үш ұрпағы болған. Аға ұрпақтарды кiшi ұрпақтар тақтан түсiрiп, жойып отырған. Бұл өзгерiстер құдайлардың өзара қарым-қатынастары ғана емес, жердегi қоғамдық өмiрдiң тәртiптерiне, адамдар арасындағы қатынастарға да ықпалын тигiздi. Осындай өзгерiстер жағдайында ежелгi гректердiң сана-сезiмiнде ертедегi жаугершiлiктер мен тайпааралық күрес фантастикалық түрде көрiнiп отырды. Көптеген грек ойшылдарында әдiлдiктiң бастауы мен заңдылық және ежелгi полистiк өмiр Зевстiң атымен байланыстырылады. Құдайлардың үшiншi ұрпағының басшысы Зевс – күн күркiреу мен найзағайдың, табиғаттың дүлей күшiнiң және адамдардың құдайы болып саналды. Мифтiк түсiнiк бойынша, олимптiк құдайлар құл иеленушiлердiң қамқоршысына айналды, ал Зевс басқа олимптiк құдайлармен ақылдаса отырып, басты базилев ретiнде бүкiл грек әлемiне билiк еттi және оның пiкiрi шешушi маңызға ие болды. Гомердiң ² Илиада² және ² Одиссея² поэмаларындағы оқиғалар (б.з.д. VIII ғ.) гректердiң әскери және қоғамдық өмiрiнен көптеген құнды мәлiметтер бередi. Поэмаларда б.з.д. II-I мың жылдар шамасында тепе-тең жер пайдалану және әрдайым белгiлi бiр уақытта жердi бөлiп отыру негiзiнде құрылған жер қауымдарының болғандығы туралы деректер кездеседi. Қауым мүшелерi жердi жеребе тарту бойынша алған. Жерге қауымдық меншiк сақталғанымен, қауым мүшелерi арасында дүние-мүлiктiң жiктелуi басталғанын поэмалар оқиғасынан байқау қиын емес. Тайпа көсемдерi - базилевтер өздерiнiң туыстарына қауым жерлерiнен үлкен және ең шұрайлы жерлердi бөлiп берген. Поэмалардың мазмұнына қарағанда, сонымен бiрге басқа да әлеуметтiк топтардың өздерiнiң қауымдарымен байланыстарын үзiп алған жолкезбе қолөнершiлердiң де болғанын аңғаруға болады. ²Одиссея² поэмасында халық жиналысының ролi мен маңызы анық суреттелген. Бұл өкiлдiк органның қызметi туралы грек жауынгерлерiнiң Троя түбiндегi жиналысынан, ² Илиада² поэмасындағы мысалдан, ² Одиссеяда² Итака аралының тұрғындары жиналысының баяндалуынан бiлуге болады. Троя түбiндегi жиналыста қатардағы жауынгер Терситтiң жауынгерлердiң мүддесiн қорғап, базилевтерге қарсы айтқан айыптау сөздерiн лауазымды басшылардың терiске шығара алмауы халық жиналысының ролiн айқындай түседi. Ал халық жиналысы маңызының төмендеуi ² Одиссеяда² айқын көрсетiлген. Итака аралында Одиссей болмаған жиырма жылда халық жиналысы бiрде-бiр рет шақырылмаған. Ал Одиссейдiң ұлы Телемак жиналыс шақырғанда, тұрғындардың көпшiлiгi бұл жиналысқа мән бермеген. Поэмада Гомер қолданған ² дике² (әдiлдiк) және ² темис² (әдет, әдет-құрыптық құқық) ұғымдары Гомер дәуiрiндегi саяси-құқықтық жағдайды түсiнуге жәрдемiн тигiзедi. Гомердiң әдiлдiгi (дике) қалыптасқан дәстүр мен әдет-ғұрыптың құқықтық (темис) негiзi мен принципi түрiнде көрiнедi, ал әдет-ғұрыптық құқық (темис) өмiрлiк әдiлдiктiң, оның адамдар арасындағы қарым-қатынастарда сақталуының нақты көрiнiсiн бiлдiредi. Б.з.д. VII ғасырдағы ежелгi Грецияның саяси және қоғамдық өмiрiндегi қатынастар Гесиодтың ² Еңбек және күндер² мен ² Теогония² поэмаларында баяндалады. Беотияда туып өскен Гесиодтың бұл поэмаларында құдайлар мен дүниенiң пайда болуындағы гректердiң көзқарастары және адамгершiлiк-құқықтық принциптер сипатталады. ²Теогония² поэмасы бойынша Зевстiң Фемидамен (мәңгi табиғи тәртiп пен әдiлдiктi жаратушы) неке одағынан екi қыз-құдай Дике (әдiлдiк) және Эвномия (iзгi заңдылық) өмiрге келедi. Дике табиғи әдiлдiктi күзетедi және әдiлетсiздiктi жазалайды. Эвномия болса, қоғамдық құрылымдағы заңдылық бастауының құдайлық сипатын және полистiк құрылымдағы заңдылықтың терең iшкi байланысын бiлдiредi. ²Еңбек және күндер² поэмасында Гесиод мемлекетке дейiнгi патриархалды құрылыс идеалдарын қорғай отырып, ² бес ғасырдың² - (² алтын², ² күмiс², ² мыс², ² жартылай құдай - батырлар² және ² темiр² ғасырлары) алмасуы кезiндегi адамдар өмiрi мен тiршiлiгiн суреттейдi. Крон құдайдың ² алтын ғасырында² адамдар ешқандай жоқшылық көрмей, бақытты өмiр сүрдi, ² күмiс ғасырында² құдайға бағынбағандарды Зевс жойды, ² мыс ғасырында² жауынгер адамдар өзара соғыста бiрiн-бiрiн құртып тынды, ² төртiншi ғасырдағы² қантөгiс соғыстарда жартылай құдай-батырлардың әйгiлi әулетi жойылды. ² Темiр ғасырында² Гесиод адамдардың ауыр тұрмысын, зорлық пен жауыздықтың үстемдiгiн, әдет-ғұрыптық нормалардың бұзылуын, әдiлдiктiң жоқтығын, табиғи құқықтың күш және зорлықпен алмасуын күйiне отырып баяндайды. Поэмада Гесиод егiншiлiк еңбегiне, тiптi қандай да болсын еңбек қызметiне өте зор құрметпен қарайды. Аристократтар iстеп отырған әдiлетсiздiк пен заңсыздыққа қарсы өзiнiң дәрменсiз наразылығын көркем дәрежеде қаршыға мен тоты құс туралы мысалында суреттейдi. Гомер мен Гесиод поэмаларына тән адамдар әрекетi мен олардың өзара қарым-қатынастарындағы адамгершiлiк-құқықтық тәртiптер туралы көзқарастар Ежелгi Грециядағы ² Жетi данышпан² деп аталғандардың шығармашылығында одан әрi жалғасын табады. Оларға әдетте Фалес, Питтак, Периандр, Биант, Солон, Клеобул және Хилон енгiзiлдi. Олар полистiк өмiрде әдiлеттi заңдардың үстем болуын батыл жақтады. Олардың кейбiреулерi билiк және заң шығару қызметтерiнде өздерiнiң саяси-құқықтық идеяларын жүзеге асыруға әрекеттендi. Биант, Солон, Хилон сияқты грек ойшылдарының пiкiрiнше, iзгiлiктi полистiк қоғамдағы заңның сақталуы және салтанат құруы оның айрықша белгiсi болып табылады. Азаматтардың тираннан қорқатындай заңы қалыптасқан мемлекеттi Биант ең үлгiлi мемлекет деп есептедi. ² Өзiңдi-өзiң таны² қағидасының авторы спартандық Хилонның ² Заңға табын² деген шақыруы Дельфадағы Апаллон храмына ойылып жазылды. Ең игiлiктi полис деп Хилон азаматтары шешендерден гөрi заңдарды көбiрек тыңдайтын полистi санады. ²Жетi ғұламаның² қатарына қосылған Солон (б.з.д. 638-559 жж.) тарихта атақты реформатор, мемлекеттiк қайраткер және заң шығарушы ретiнде де белгiлi. Б.з.д. 621 жылы орхонт Драконт жазған заң нормалары демос пен евпатридтер арасындағы қайшылықтарды жоя алмады, өйткенi ол демостың экономикалық жағдайын қандай да болмасын дәрежеде өзгертпедi. Драконт заңдары сонымен бiрге шектен тыс қаталдығымен де әйгiлi болды. Сондықтан да Афины халқы полистi басқаруды және жаңа заңдар шығаруды елге ақындылығымен белгiлi болған Солонға тапсырды. Архонт болып сайланған ол б.з.д. 594 жылы жаңа заңдар шығарды. Оның реформаларын экономикалық және саяси деп бөлуге болады. Заң шығарушы ретiнде Солон селолық және қалалық демостың және оған қосылған евпатридтердiң мүддесiн қорғады. Оның ең басты реформасы ² сисахфия² -(² ауыр жүктi сiлкiп тастау²), яғни кедейлердiң кепiлдiкке алынған жер учаскесiндегi қарыз тастарды жою едi. Бұл қарыз тастар бойынша қарызын өтей алмаған адамдар өзiнiң жеке бостандығын кепiлдiкке салған, яғни қарызын өтей алмағандар құлға айналдырылған. Солон ² сисахфияны² (құлдық борыш) жойып, шаруалардың кепiлдiкке алынған жерiн қайтарды. Солонның саяси реформаларындағы ең бастысы, сол кезге дейiн өмiр сүрiп келген генократияны (² генос² - ру) жойып (рулық аристократтар билiгi), оны тимократиямен (² тиме² - ² баға², ² мүлiк²) дүние-мүлiк цензiсiне негiзделген билiкпен алмастыруы едi. Ол бұл жарлықтарымен аристократтарды рулық құрылыстың ерекше артықшылықтарынан айырды. Аттиканың барлық азаматтары дүние-мүлiк цензiсiне қарай төрт топқа бөлiндi. Олар: пентакосиомедимндер (бес жүздiктер), салт аттылар, зевчиттер және феттер. Жаңадан құрылған төрт жүздiк кеңес аристократтардың тiрегi болып келген ареопагтың ролiн кемiттi. Солон сонымен бiрге ант берген жаңа жоғарғы сот – гериэяны құрды. Азаматтарды шыққан тегiне қарай бағалау дүние-мүлкiне қарай бағалаумен алмастырылды. ²Ұлы iстерде жұрттың бәрiне жағу қиын² деп Солонның өзi айтқандай, оның ² сисахфия² және басқа да реформаларына азаматтардың барлығы бiрдей риза болған жоқ. Сондықтан да ол өзi шығарған заңдарды жүзеге асыру үшiн әртүрлi айла-шарғыларды қолданды. Билiк тiзгiнiн қолға алған Солон ² саясаткерлiк деген – алдампаздық² деп, реформаларды iске асыруда ештеңеден тайынбады, өтiрiк уәде де бердi, екi жақтың мүддесiн де қорғай бiлдi. Сол кездегi ел билеу саясатынан ² тепе-теңдiк жанжал болдырмайды² деген қанатты сөзi елге кең тарады. Ол өзiнiң осындай тепе-теңдiк саясаты туралы ² мен өзiмдi төбеттер арасына түскен бөрiдей сезiндiм² деп жазды. Солон өзi шығарған заңын өзi орындамаған мемлекет түбiнде күйреп тынады деп есептеп, заңдарды халыққа жететiндей етiп бағаналарға ойып жаздыруды ұмытпады. Б.з.д. VI-V ғасырларда Пифагор, Архит, Филолай, Гераклит және тағы басқалар қоғамдық және саяси-құқықтық тәртiптердi философиялық негiзде қайта құру қажеттiгi туралы идеялар ұсынды. Олар демократияны сынай отырып, ақыл және адамгершiлiк элитасының ² озықтары² билiгi - аристократиялық идеалды жақтады. Самос аралында туып өскен Пифагор Поликрат тиранның билiгiнен кейiн туған жерiн тастап, Египетте, Вавилонда, Үндiстанда болып, ең соңында ² Ұлы Элладаның² Критон қаласында өмiр кешедi. Ол осы қалада, кейiннен басқа да полистерде өзiнiң мектебiн ашады. Оның iлiмi негiзiнде пайда болған пифагоршылдық гетерийлер рухы жөнiнен аристократиялық құпия философиялық-саяси одақтар Грецияның көп бөлiгi мен Оңтүстiк Италияда үлкен ықпалға ие болады. Пифагоршылардың дүниетанымдық көзқарастарында олардың сандар туралы iлiмi елеулi роль атқарды. Бұл iлiмi бойынша, сандар – барлық заттардың және әлемнiң негiзi. Сандарды әлемдiк үйлесiмдiлiктiң бейнесi етiп қарастырған олар саяси-құқықтық құбылыстардың сандық /математикалық/ сипатын анықтауға тырысты, ² теңдiк² ұғымының теориялық негiзiн ашуға ұмтылды. Олардың айтуы бойынша, ² әдiлдiк дегенiмiз тепе-теңдiк болып табылады². Яғни олар адамдар арасындағы теңдiктi математикалық тәсiлмен түсiндiредi. Философтардың iшiнде бiрiншi болып сан категориясын жан-жақты қарастырған Пифагор iлiмi Платон және тағы басқалардың шығармашылығында одан әрi дамытылды.

3.3 Ежелгi грек саяси-құқықтық ойының гүлденген дәуiрi (б.з.д. V-IV ғасырлардың бiрiншi жартысы)

3.3 Б.з.д. V ғасырда саяси-құқықтық ойлардың дамуына қоғам, мемлекет, саясат және құқық туралы проблемаларға философиялық және әлеуметтiк талдаулардың тереңдеуi едәуiр ықпал еттi. Гректiң ұлы ойшылы Демокрит б.з.д. IV ғасырдың бiрiншi жартысының алғашқы жылдарында адамның, адам қауымдастығының және қоғамның пайда болуы мен тұрақтануын әлемдiк дамудың табиғи процесiндегi бiр бөлшек ретiнде қарастыруға талпынды. Дамудың осы процесi барысында адамдар қажеттiлiк әсерiнен, табиғат пен оның ерекшелiктерiне бақылау жасай отырып қоғамдық өмiрге қажеттi негiзгi бiлiм мен қабiлеттi қалыптастырды. Адамзат қоғамы табиғаттың алғашқы жағдайынан прогрессивтi өзгерiске дейiн ұзақ эволюциялық жолдан өттi. Яғни қоғам, мемлекет, заң шығару, билiк табиғаттың берген дайын нәтижесi емес, адамдардың қолдан жасалған iс-әрекетi болып табылады. Табиғи дамуға өзiндiк баға берген Демокриттiң айтуынша, табиғатқа қайшы келгендердiң бәрi әдiл болып табылмайды. Оның ойынша, мемлекетте жалпы игiлiк пен әдiлдiк жоғары тұруы тиiс. Сондықтан да ол адамдардың iс-әрекетi мемлекет және оның жақсы ұйымдасқан құрылымы мен басқаруына қамқорлық жасауға бағытталуға тиiс деп санайды. Мемлекеттiк билiктi сақтау үшiн Демокрит азаматтардың бiрлiгiн, олардың өзара сыйластығын, бiр-бiрiне көмектесуiн, бiрлесiп қорғануын және бауырмалдықты талап етедi. Азамат соғысы жауласушы жақтардың қайсысына болса да қасiрет болып саналады. Мемлекеттiк басқаруда халық билiгi – демократияны жақтаған Демокрит сонымен бiрге аристократияның пайдалы жақтары бар екендiгiн айтады. Оның пайымдауынша, ² Ақымақтардың ел басқарғанынан бағынғаны артық. Табиғатты да үздiктер мен саналылардың басқаратыны мәлiм, сондықтан да жоғары ақыл мен адамгершiлiк қасиеттерi бар адамдардың билiгi дұрыс болып табылады². Демокриттiң айтуы бойынша, заңдар адамдардың қоғамдағы қалыпты өмiрiн қамтамасыз етуге және сондай нәтижеге жетуге қажеттi жағдай жасауы тиiс. Саяси-құқықтық тақырыпты көпшiлiк назарына талқылауға ұсыну б.з.д. V ғасырда антикалық демократияның нығаю және гүлдену жағдайындағы софистердiң атымен тығыз байланысты - ² Софист² атауы ² софос² (² данышпан²) деген сөзден шыққан. Софистер өз заманында данышпандықтың және мемлекет пен құқық мәселелерi жөнiндегi ақылы жұмыс iстейтiн мұғалiмдер болды. Белгiлi бiр тақырыптар бойынша сөз сайысын өткiзген софистер сөздiң дәлдiгi мен сөйлеу шешендiгi арқылы жеңiске жетуге тырысты. Олардың көпшiлiгi философия, логика, этика, риторика, саясат және құқық салалары бойынша өз дәуiрiнiң ұлы ағартушылары мен ойшылдары едi. Софистер қандай да бiр бiрыңғай мектеп бола алған жоқ, олар әртүрлi философиялық, саяси және құқықтық көзқарастарды дамытты. Ежелгi дәуiрдiң өзiнде-ақ софистердiң екi ұрпағы: аға ұрпақ (Протагор, Горгий, Продик, Гиппий, Антифонт және т.б.) және кiшi ұрпақ (Фрасимах, Калликл, Ликофон, Алкидам Элейский және т.б.) ерекшелендi. Аға ұрпақ софистерiнiң көпшiлiгi демократиялық көзқараста болса, кiшi ұрпақ софистерiнiң едәуiр бөлiгi аристократия мен тиранияны жақтады. Б.з.д. 481-411 жылдары өмiр сүрген Протагор өзiнiң асқан бiлiмдiлiгiмен, үздiк сөз сайыскерлiгiмен және тамаша шешендiгiмен әйгiлi болды. ² Бардың бар екендiгiн, ал жоқтың жоқ екендiгiн бiлдiретiн барлық заттың өлшемi - адам² деп айтқан Протагордың бұл негiзгi қағидасын көптеген софистер де жақтады. Осы жағдаяттан Протагор демократиялық құрылыстың әдiлеттiлiгi мен қажеттiлiгi туралы ой түйедi. Адам мен адам қауымдастығының пайда болуы туралы мифтiк идеяны оның қолдамауы бұған дәлел бола алады. Протагордың болжамы бойынша, Зевс пен Прометей берген сыйлар бүкiл адамға тиесiлi. Сондықтан да Протагор барлық адамның теңдiгi және мемлекеттiк өмiрдегi өнерi мен игiлiгi туралы принциптi мойындайды. Тұрмыстағы және мемлекеттегi игi iстерге қол жеткiзу үшiн Протагор iзденiс пен бiлiм қажет деп санайды. Б.з.д. 483-375 жылдары өмiр сүрген Горгий Протагормен қатар сол дәуiрдегi атақты софистердiң бiрi болды. Адамзат мәдениетiнiң табыстарын жоғары бағалаған Горгий, солардың қатарына ² әдiлдiк қорғаншылары ретiнде жазылған заңдарды² да жатқызады. ² Жазылған заң - адамзат ашқан жасанды жаңалық². Горгий ² жазылған заңнан² құдайлық және жалпыға бiрдей заңдар болып табылатын жазылмаған әдiлеттiлiктi айыра бiлу керектiгiн айтады. Бiрақ бұл олардың арасында түбiрлi айырмашылық пен қарама-қайшылықтың бар екендiгiн бiлдiрмейдi. Горгий сонымен бiрге құндылығы жағынан әдiлдiктi олардан жоғары қояды. Табиғи- құқықтық көзқарастарды (б.з.д. 400 жылдар шамасында) софист Антифонт дамытты. Адамдардың табиғи теңдiгi туралы қағиданы негiзге алған ол адамдардың барлығы да эллиндiктер мен варварлар да, дәулеттiлер мен қарапайым адамдар да табиғи қажеттiлiктi тұтынады дейдi. Адамдардың теңсiздiгi табиғаттан емес, (бұл теңсiздiк) адамдардың өздерi шығарған заңдардан пайда болды деген қорытынды жасайды. ² Табиғат бойынша бiз барлық қарым-қатынаста теңбiз² деп жазады Антифонт. Ол бұл жерде барлық адамның табиғаттан қажеттiлiгi бiрдей екенiне ерекше көңiл бөлу керектiгiн айтады. ² Полис заңдары² мен ² табиғат заңдарын² бөле отырып, ол негiзгi басымдықты табиғат заңдарына² бередi. Халкедон қаласынан шыққан Фрасимах софистердiң кiшi ұрпағының ең таңдаулы және әйгiлi ойшылдарының бiрi болып саналды. Фрасимахтың айтуынша, саясат - құдайдың iс-әрекетi емес, ол адам күштерi мен мүддесiнiң әрқилы болуынан. Билiк принципi мен саясатты жүзеге асырудың нағыз өлшемi ретiнде Фрасимах күштiнiң пайдалылығы туралы қағиданы жақтады. Оның айтуынша күш бар жерде ғана әдiлдiк болады, өйткенi әдiлдiктi күштiлер ғана орната алады. Өзiнiң бұл ойын Фрасимах әр мемлекет заңдарды өз мүддесiне қарай жасайды деп түсiндiрдi. Заңдарды осылай бекiткен олар бұл заңдарды әдiлеттi деп жариялайды. Билiкке ие болу үлкен артықшылық бередi. Фрасимах осылайша мемлекеттiк қызметте күштеу мен зорлықтың ролiн және саясат пен заңның авторитарлық сипатын атап көрсеттi. Кiшi ұрпақтан шыққан софист Алкидам Элейский құлдармен қоса барлық адамдардың теңдiгi туралы ойды дамытты. Оның ² Құдай барлық адамды еркiн етiп жаратты, ал табиғат ешкiмдi де құл етiп жаратқан жоқ² деген атақты сөзi тарихта қалды. Әлемдiк ақыл-ой тарихындағы ұлы адамдар қатарынан көрнектi орын алған Сократ софистердiң кейбiр көзқарастарын сынға алғанымен, олардың көптеген идеяларын одан әрi дамытты. Өзiн ² даналыққа құштар² философпын деп есептеген ол алғашқы философиялық бiлiмдi ұстазы Продиктан алады. Ол басқалар сияқты өз мектебiн құрған жоқ. Оның замандастары мен шәкiрттерiнiң айтуына қарағанда ол сабақты кез-келген жерде, ел аралап, көпшiлiк жерде берген. Ол өзiнiң сабақтарын сұрақ-жауап түрiндегi диалог арқылы өткiзген. Қарастырып отырған мәселенi әңгiмелесу, сұрақ беру, сұраққа жауап қайтару арқылы түсiндiруге, оның ақиқатына жетуге тырысты. ² Мен өзiмнiң түк бiлмейтiндiгiмдi бiлемiн, ал басқалар тiптi мұны да бiлмейдi² деген ұлағатты сөзiн өз философиясының басты қағидаларының бiрi ретiнде ұстанды. “Басқаны бiлу үшiн алдымен ² өзiңдi-өзiң таны² деген қағида оның ² мемлекеттi басқарғың келсе, алдымен өзiңдi-өзiң басқаруды үйрен² деген тұжырымына сәйкес келедi. Софистер сияқты Сократ та полис заңдары мен табиғи құқықтарды бөлiп қарады, бiрақ оның софистерден айырмашылығы табиғи құқықтар мен полис заңдарының алғашқы танымдық негiзi бар деп есептедi. Заңдылықтың белсендi жақтаушысы болған ол әдiлеттiлiк пен заңдылықтың бiр-бiрiне сәйкес келуiн батыл қорғады. Заңды бұзбау керек деген қағидадан ол өмiрiнiң соңғы сәтiнде де танбады. Б.з.д. 399 жылы билiк басына келген демократтар 70 жастағы Сократқа құдайға тiл тигiздi, жастарға терiс тәрбие бердi деген айыппен өлiм жазасына бұйырады. Заңды бұзбау және әдiлетсiздiкке әдiлетсiздiкпен жауап бермеу деген принципiне адал болған Сократтың достарының көмегiмен түрмеден қашып шығуға мүмкiндiгi болады. Алайда өлiмге өзi мойынсұнады. Сократтың бұл әрекетi оның iлiмiнiң қалай iске асқандығын көрсеткен ғажайып ерлiк едi. Сократ әдiлетсiздiкке негiзделген басқару формаларының бәрiн – монархиялық тиранияны, аристократияны, тiптi демократияны да сынға алды. Әдiлеттiлiкке негiзделген мемлекеттiң қажеттiгiн мойындаған ол мұндай мемлекеттердi ойы озық, бiлiмi терең, алысты болжай бiлетiн, халықтың қамын ойлайтын даналар басқару керек деп санады. Оның даналық туралы философиялық iлiмдерiмен қатар саясат, мемлекет, заңдылық пен әдiлеттiлiк туралы ойлары Платонның, Аристотельдiң және тағы басқалардың көзқарастарына едәуiр ықпал етiп, саяси-құқықтық iлiмнiң дамуына зор мұра болып қосылды. Платон - антикалық заманның ғана емес, бүкiл философия, саяси және құқықтық iлiмдер тарихындағы ұлы ойшылдардың бiрi. Ол iрi ақсүйек отбасында дүниеге келдi. Жас кезiнде ол (б.з.д. 407-399 жж.) Сократтың шәкiртi және тыңдаушысы болды. Сократтың қазасынан кейiн, Платон басқа шәкiрттермен бiрге Афиныдан кетедi. Алдымен Мегораға келген жас ойшыл кейiн талай ел мен жерге, Египетке, Парсы елдерiне, Ассирияға, Финикияға, Италия мен Сицилияға барады. Б.з.д. 387 жылы грек батыры Академның атымен аталған Академиядан өзiнiң философиялық мектебiн ашады. Бұл мектептiң өмiрi ұзақ болып, өзiнiң өмiр сүрген мың жылдай тарихында философтар мен математиктердiң ғылыми ордасы ретiнде жұмыс iстедi. Өзiнiң еңбектерi мен шығармаларында ұлы ойшыл абсолюттiк идеализмдi жақтады. Оның айтуынша, әрбiр идея жеке заттың немесе барша заттың абсолюттiк мәнiн бiлдiретiн ерекше идеялар әлемiн құрайды, яғни идеялар мәңгiлiк, олар жоғалып кетпейдi, жаңадан пайда болмайды. Бүкiл әлем, табиғат пен қоғам - сол идеялардың жүзеге асқан бейнесi. Платон идеалды мемлекет туралы еңбегiнде әдiлдiктi әркiмнiң өз iсiмен айналысуынан және басқаның iсiне араласпауынан көредi. Адамдардың әлеуметтiк топқа бөлiнуi мен олардың арасындағы мүлiк теңсiздiгiн қалыпты жағдай ретiнде қарастырады және олардың бiр топтан екiншi топқа өту мүмкiндiгiн жоққа шығармайды. Платон идеалды мемлекет құру туралы жобасында аристократиялық мемлекеттiк құрылымды жақтайды және өз жобасының қиындықпен болса да жүзеге асатынына сенедi. Идеалды мемлекеттiң өзi де, Платонның ойынша, мәңгi өмiр сүре алмайды. Өйткенi, билiк басына келгендердiң бәрi де қайырымды бола бермейдi, адамдық қасиетке зорлық-зомбылық қасиеттерi де қосылады. Сондықтан да басқа мемлекеттiк құрылым түрi келедi. Платон адамдардың жан дүниесiне мемлекеттiк құрылымның бес түрiнiң сәйкес келетiндiгi туралы (аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания) айтады. Олардың әрқайсысы билiктерiн өз мүдделерiне қарай iске асырады. Тимократияда әскери адамдар билiкте болады, олар жиi соғысады, соғыс мемлекеттiң басты байлығы болып есептелiнедi. Олигархияда байлар билiкке ие болғандықтан, өздерiне дұшпандық ниеттегi кедейлермен үнемi қақтығыста болады. Бұл мемлекетте кедейлердiң наразылығы нәтижесiнде кез-келген уақытта мемлекеттiк төңкерiс болуы мүмкiн. Тирания – мемлекеттiк құрылымның заңсыздық пен зорлық-зомбылық үстемдiк еткен ең нашар түрi. ²Заң² деген шығармасында Платон мемлекеттiк құрылымның екiншi жобасын ұсынады. Екiншi мемлекеттiң бiрiншi мемлекеттен басты айырмашылығы оның 5040 азаматы жеребе бойынша жер учаскелерiн алады. Бұл жер оларға жеке меншiк түрiнде емес, пайдалану құқығы түрiнде ғана берiледi де, мемлекеттiң жалпы меншiгi болып саналады. Мүлiк санына қарай барлық азаматтар төрт топқа бөлiнедi. Қайыршылық пен байлықтың заң шеңберiндегi шегi анықталады. Жеке меншiк иелерiнiң ешқайсы да алтынға немесе күмiске ие бола алмайды. Азаматтар қатарына (5040) құлдар мен шет елдiктер жатқызылмайды. Тұтыну теңдiгiн жақтаған Платон құлдар мен шет жерлiктерден басқаларында мүлiк артықшылығы болмауы тиiс деп санайды. Жеке отбасылар мойындалғанымен, тәрбие iсi түгелдей заңдастырылған арнайы лауазымды адамдар қолына берiлдi. Әйелдер ерлермен тең құқылы болғанымен, олар жоғары билiк қатарына ене алмады. Платон мемлекетiнiң басында көп сатылы сайлау жолымен сайланған 37 билеушi тұрды. Билеушiлер жасы 50-ден 70-ке дейiн шектелдi. Билiк басында бiр билеушiнiң 20 жыл тұруға мүмкiндiгi болды. 360 мүшеден тұратын (әр топтан 90 адамнан) сайланбалы кеңес едәуiр билiкке ие бола алды. Халық жиналысына бiрiншi және екiншi топ азаматтарының қатысуы мiндеттi едi, ал үшiншi және төртiншi топ азаматтарының халық жиналысына қатысуы мiндеттi болмады. Заңдылықтың сақталуына әдiл сот жауап бердi, жекелеген және қатал заңдар азаматтардың бұқаралық және жеке өмiрiн реттеп отырды. Сотта қаралған iстердi қорғау мүмкiндiгi қарастырылды. Антикалық саяси-құқықтық ойдың одан әрi дамуы және тереңдеуi Платонның шәкiртi және сыншысы Аристотельдiң (б.з.д. 384-322жж.) есiмiмен тiкелей байланысты. Кейбiр деректер бойынша, ол саны 400-ден 1000-ға дейiн жететiн ғылыми еңбектердiң авторы болып табылады. Оның ² Саясат², ² Афины политиясы², ²Никомах этикасы² және т.б. еңбектерi әлi күнге дейiн құндылығын жоймаған ғылыми шығармалар болып саналады. Ол өзi өмiр сүрген замандағы құл иеленушi мемлекеттiң әртүрлi формаларын зерттеп, оның үш түрiн көрсеттi. Аристотель тұңғыш рет саясат ғылымы туралы талдау жасауға талпыныс жасады. Аритотельде саясат ғылым ретiнде этикамен тығыз байланысты. Оның көзқарасы, бойынша саясатты ғылыми тұрғыдан түсiну адамгершiлiк пен этиканың дамыған ұғымы болып табылады. Этика саясаттың бастауы, оның кiрiспесi ретiнде көрiнедi. Аристотель әдiлдiктiң екi түрiн - теңестiретiн және үлестiретiн түрлерiн анықтайды. Теңестiретiн әдiлдiктiң өлшемi ретiнде ² арифметикалық теңдiк² қарастырылады. Бұл принциптiң қолданылу аясы – азаматтық-құқықтық мәмiлелер, шығынды қалпына келтiру, жаза және т.б., ал үлестiру әдiлдiгi ² геометриялық теңдiк² принципi түрiнде ұсынылады және бұл принцип ортақ игiлiктердi еңбегi мен қоғамдағы орнына қарай бөлуге негiзделедi. Мемлекет формасын Аристотель мемлекеттегi жоғары билiктi бiлдiретiн саяси жүйе ретiнде сипаттайды. Бұл жерде мемлекет формасы билеушiлердiң санымен (бiреу, аз ғана топ, көпшiлiк) анықталады. Бұдан басқа мемлекеттiң дұрыс және бұрыс формалары туралы да айтылады. Дұрыс формадағы билеушiлер көпшiлiктiң мүддесiн қорғаса, бұрыс формадағы билеушiлер тек қана өздерiнiң жеке басының мүдделерiн көздейдi. Аристотель пiкiрiнше, дұрыс формадағы мемлекеттерге монархиялық, аристократиялық және полития, ал екiншi формаға тирания, олигархия және демократия жатады. Мемлекеттiң ең дұрыс формасы ретiнде Аристотель политияны айтады. Политияда жалпының мүддесi үшiн көпшiлiк билiк құрады. Мемлекеттiң басқа формалары политиядан әрi немесе керi ауытқуы ретiнде айтылады. Екiншi жағынан қарастырғанда, Аристотельдiң түсiнiгiнше, полития демократия мен олигархияның аралас түрi ретiнде қарастырылады. Жоғарғы билiк заңның емес, демостың қолында деп есептеген Аристотель демократияны сынға алады. Ол мүлiктiк демократияны ғана мақұлдайды және демократияның екi түрiн - заңға негiзделген және жоғарғы үкiметке билiк жүргiзетiн демократияны анықтайды. Аристотельдiң саясат жөнiндегi ойлары да көңiл қоярлық. Оның айтуынша, саясаттың мәнi оның алдына қойған мақсатына қарай анықталады. Дұрыс саясаттың негiзi – адамдардың тәрбиелiгiнде болып табылады. Адамдар дұрыс тәрбиенiң нәтижесiнде ғана жақсы қасиеттердi бойларына сiңiрiп, саяси мақсаттарын игiлiкке қарай бұрады, осының арқасында ғана әдiлдiк орнайды.

Негізгі әдебиеттер:

1. Мұхамедов, Сатершинов Б. Сырымбетұлы Б. Саяси-құқықтық ілімдер тарихы, Алматы, 2003.

2. История политических и правовых учений (под ред. Мокичева, М., 1971 –т. 1; М., 197 –т.)

3. История политических и правовых учений (под ред. А. Лейтса) М., 1978

4. История политических и правовых учений. М., 1983 (под ред. Нерсесянца В.С.)

5. История политических и правовых учений. М., 1988 (под ред. Нерсесянца В.С.)

6. Источники по истории политических и правовых учений. Учебное пособие (сост. Золотухина Н.М., Плоткина С.Я., Розин Э.) М., ВЮЗИ, 1981

7. История политических и правовых учений (Домарксистский период) М.: Юрид. Литература 1991

История политических и правовых учений (Древний мир), Москва, Наука

1985.

Қосымша әдебиеттер:

1. Аристотель. Политика. М., 1991.

2. Бачинин В.А. История философии и социологии права. – Санкт – Петербург, 2001

3. Графский В.Г., Бакунин (Из истории политической и правовой мысли) М., 1905

4. Мифы народов мира. Энциклопедия в 2 – томах. / Гл. ред. С.А. Токарев. – М., 1992

5. Кечекьян С.Ф. Учение Аристотеля о государстве и праве. М., 1960

6. Луковская Д.И. У истоков правовой мысли в Древней Греции. «Правоведение» 1977, № 1

7. Луковская Д.И. Политические и правовые учения: историко теоретический аспект. – Л.1985

8. Материалы Древней Греции. М., 1995

9. Политические учения Древней Греции. М., 1979

10. Социальные, этические и эстетические взгляды Аль – Фараби. (коллектив авторов: Бурабаев, Сагадиев А.В.) А-а, 1984.

11. Нерсесянц В.С. Платон. –М., 1984.

12. Нерсесянц В.С. Сократ. –М., 1996.

13. Полибий. Всеобщая история. Т.2. Кн.ҮІ. –Спб., 1995.

 


Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 865 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып. Ежелгi Шығыстағы саяси және құқықтық ойлар| Тақырып. Ежелгi Рим өркениетiнiң саяси-құқықтық iлiмi

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)