Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Неркәсіпті энергетика мен сауданы басқарудың ұйымдастырушылық құқықтық жүйесі

Читайте также:
  1. Ақшалық қанағат жүйесі.
  2. Азақстан Республикасындағы мемлекттік билік органдарының жүйесі
  3. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  4. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.
  5. Азаматтық заңдар және олардың жүйесі.
  6. Ан айналым жүйесінің оң қарынша мен сол жүрекшені жалғастыратын бөлігін қалай атайды?
  7. Атқарушы биліктің органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі және түрлері

Негізгі ұғымдар: Ауыл шаруашылығы миинстрлігі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

1. Ауыл шаруашылығын басқару органдарының жүйесі: ҚР Үкіметі; ҚР ауыл шаруашылық министрлігі- облыстардағы, астана жәнге Алматы қалаларындағы, қалалар мен аудандардағы аумақтық органдары – шаруа қожалықтары, ауыл шаруашылық кооперативтері және т.б.; Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті, Су ресурстары комитеті, Балық шаруашылығы комитеті – облыстық және аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдары;Әкімшілік аумақтық бөлімдері.

ҚР Ауыл шаруашылығы миинстрлігі министрліктің реттелетін саладағы негізгі міндеттері мыналар болып табылады: мемлекеттің аграрлық және өңірлік саясатын, реттелетін салалардағы стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру; бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы тауары өндірісін құрудың негіздерін жасау, Қазақстан Республикасының азық-түліктік қауіпсіздігі мен жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету; агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-консультациялық қамтамасыз ету; реттелетін салаларда салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру; өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру; өз құзыреті шегінде Министрлікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің қызметі ҚР Конституциясына, заңдарына, ҚР Президентінің және ҚР Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативті-құқықтық актілерге, сондай-ақ Министрлік туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіпте бұйрықтар шығарады.

Министрлікке мынадай міндеттер жүктелген:

1) ауыл шаруашылығы өндірісінде, мал дәрігерлігі, фитосанитария, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мелиорация, суландыру салаларында мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру;

2) ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік және өзге де бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

3) маркетингтік қызметтерді дамытуға және агротехникалық кешенді ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыруға жәрдем көрсету;

4) ауыл шаруашылығы өндірісі саласымен тікелей айналысатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік қызметін реформалауға және заңдарға сай оларды қаржылай сауықтыруға әдістемелік басшылық жасау;

5) ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерді техникалық және энергетикалық қамтамасыз ету, химияландыру, ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау, мелиорация, сервистік қызмет көрсету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

6) жер қатынастарын дамыту, әртүрлі ауыл шаруашылығы ұйымдарының тиімді жұмыс істеуі үшін құқықтық және әлеуметтік -экономикалық жағдайларды жетілдіру, жердің құнарлылығын сақтау мен арттыруға және оларды ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру және министрлік туралы ережедегі басқа да міндеттерді атқарады.

2. Қоршаған ортаны қорғау органдарының жүйесі: ҚР Үкіметі - ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі – Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің облыстық, Астана және Алматы қалалық қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқармалары.

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану және қоғамның экологиялық орнықты дамуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.

Министрліктің қызметі ҚР Конституциясы мен заңдарына, ҚР Президентінің, Үкіметінің актілеріне және өзге де актілеріне, сондай-ақ министрлік туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

Өз құзыретіндегі мәселелері бойынша заңдарда белгіленген тәртіпте ҚР бүкіл аумағында міндетті күші болатын бұйрықтар шығарады.

Министрлікке мынадай міндеттер жүктелген: айналадағы ортаның жай-күйін жақсартуды қамтамасыз ету;айналадағы ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану саласында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру;өз құзыретінің шегінде айналадағы ортаны қорғау мен табиғатты пайдаланудың экономикалық әдістерін жетілдіру;айналадағы ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану саласында оқу-ағарту жүйелерін дамыту.

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қоршаған ортаны және табиғат ресурстары қорғау саласындағы реттеу функцияларын және мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.

3. Қаржыны басқару органдарының жүйесі: ҚР Үкімет - ҚР қаржы министрлігі (Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүліктік және жекешелендіру жөніндегі комитеті, облыстардағы, Астана, Алматы қаласындағы басқармалары; Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті, облыстардағы, Астана, Алматы қалаларындағы басқармалары, департаменттері; Қаржы министрлігінің жергілікті жерлердегі басқармалары, департаменттері)– Қаржы министрлігінің Қазыналық комитеті (қазынашылық комитеттің аумақтық органдары); - Салық комитеті, - Қаржылық мониторинг комитеті, - Кедендік бақылау комитеті, - Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет.

ҚР Қаржы Министрлігі — өзіне берліген саланы басқаратаын, сондай-ақ заңда көзделген шктерде -мемлекеттік қаржыларды басқару мен бақылау саласында сала аралық үйлестіруді, мемлекеттік меншікті есепке алуды және оның пайдалануын бақылауды жүзеге асыратын ҚР орталық атқару органы.

Өз қызметін ҚР Конституциясына және заңдарына, ҚР Президентінің, Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативті-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

Өз құзыретінің мәселелері бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен бұйрық түрінде актілер шығарады, оның ҚР барлық аумағында міндетті күші болады.

Министрліктің негізгі міндеттері салық, кеден және бюджет саясатының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу республикалық бюджетті және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттерді, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебі негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын атқару жөнінде бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен мемлекеттік қаржылық статистиканы жасау бюджеттік есептілікті жасау, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеудің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының салық саясатын іске асыруға қатысу, өз құзыреті шегінде экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, этил спирті мен алкоголь өнімдерінің өндірісі мен айналымын, темекі бұйымдарының өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу, кеден ісі, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу, бюджеттік кредит беру, республикалық мемлекеттік меншікке иелік ету, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару, ішкі қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) банкроттау рәсімдерінің жүргізілуін бақылау, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеу, аудиторлық қызмет саласындағы реттеу және аудиторлық пен кәсіби ұйымдардың қызметін бақылау, меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу, заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында қаржы мониторингін жүзеге асыру болып табылады

 

4. Өнеркәсіпті басқару органдарының жүйесі: ҚР Үкіметі; ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі – Министрліктің Атом энергиясы комитеті

– Министрліктің Инвестиция комитеті – Министрліктің Құрылыс істері жөніндегі комитеті- Министрліктің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті - Министрліктің Техникалық реттеу және метрология комитеті - министрліктің Өнеркәсіп комитеті - министрліктің геология және жер қойнауларын пайдалану комитеті.

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі индустрия және елді индустриялық-инновациялық, ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургиялық кешен, машина жасау, химия, фармацевтика, жеңіл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдары өндірісі, инвестицияларды мемлекеттік қолдау, салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі және химия өнімінің қауіпсіздігі; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату, экспорттық бақылау; техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету; электр энергетикасы; көмірсутегі шикізатын қоспағанда, минералдық ресурстар; мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын ұдайы өндіру, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану, жер қойнауын пайдалануды қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары мен емдік балшық бөлігінде мемлекеттік басқару; көмір өнеркәсібі; атом энергетикасын пайдалану, жаңартылған энергия көздерін пайдалануды қолдау, энергия үнемдеу саласында басшылық етуді, сондай-ақ оның құзыретіне жатқызылған қызмет саласында мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Өз қызметін ҚР Конституциясына, заңдарына, ҚР Президентінің және Үкіметінің актілеріне, Министрлік туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Өз құзырындағы мәселелер бойынша заңда белгіленген тәртіпте бұйрықтар шығарады.

Министрлікке мынадай міндеттер жүктелген:

1) мемлекеттік әлеуметтік — экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингін жүзеге асыру;

2) экономикалық дамудың мемлекеттік саясатын, инвестициялық, сыртқы экономика, өнеркәсіптік (атом, тау-кен металлургиясы, химия және мұнай химиясы өнеркәсібінен басқа) сауда, аймақтық және іске асыруға қатысу және әлеуметтік саясат әзірлеуге қатысу;

3) ҚР Үкіметінің іс-шара бағдарламасын, оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және олардың орындалуын бақылау;

4) ҚР Әлеуметтік — экономикалық дамуын экономикалық талдау, болжау және реформалардың барысын бақылау және т.б.


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 446 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)