Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кімшілік құқықтық нормалардың түрлері.

Читайте также:
  1. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ
  2. Азаматтық құқық қатынастарының түрлері.
  3. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.
  4. Атқарушы биліктің органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі және түрлері
  5. Басқарудың құқықтық актілеріне қойылатын талаптар
  6. Былту, оның түрлері.
  7. Дәріс. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары.

Әкімшілік құқық нормалары мазмұны бойынша:

1. материалдық (қаржылық) нормалар

2. процессуалдық нормалар болып екіге бөлінеді.

Материалдық нормалар – азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін, атқарушы билік органы мен ұйымдарды біріктіретін ережелер. Мысалы: атқарушы билік органдары субъектілерінің қоғамға, тұлғаларға көрсететін заңды түрдегі құзіреті (компетенциясы).

Процессуалды нормалар – мемлекетпен бекітіліп, санкцияланған материалдық нормаларды жүзеге асыру барысында және мемлекеттік басқару органдарының жаңа нормативті актілерді шығарумен сипатталады. Процессуалды нормалардың материалдық нормалардан айырмашылығы:

а) өзінің тағайындалуымен, яғни материалдық нормалар субъектілерінің әкімшілік құқықтық мәртебесін тағайындаса. ал процессуалдық нормалар олардың орындалуы мен міндеттелуін заңды түрде жүзеге асырады;

б) талап ету, яғни процессуалды нормалар, ең алдымен материалдық нормалардың орындалуын талап етеді;

в) іске асыру, яғни әкімшілік құқықтық материалдық нормалардың қабылдануын, олардың жүзеге асырылуын талап ету арқылы іске асыру.

Процессуалды нормалар материалдық нормалар сияқты классификациялау дәрежесіне байланысты жіктеледі. Мысалы: заңды күшіне байланысты, белгілі бір ортаға, яғни сфераға байланысты және т.б.

Субъектілердің мінез-құлқына әсер ететін әдістері бойынша нормалар 3-ке бөлінеді:

1. міндеттеуші;

2. тыйым салушы;

3. уәкілдік беруші әкімшілік құқықтық нормалар болып бөлінеді.

Міндеттеуші әкімшілік-құқықтық нормалар – тұлғаның белгілі бір ережелерді орындауын міндеттеп, талап етуі. Мысалы, заңды, тұлғалардың міндетті түрде Әділет органдарында тіркелуі, азаматтардың шағымдарын белгілі бір мерзімде басқару органдарының қарастыру міндеттілігі. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік салық жүйесі мен бюджеті» атты Президент Жарлығының 171-бабында салық жүйесін міндетті түрде салық қызметкерлері атқарады)

Тыйым салушы әкімшілік-құқықтық нормалар – норма көздеген мақсаттан тыс белгілі бір іс-әрекеттердің орындалуына тыйым салып, шектейді.

Тыйым салудың екі түрі бар:

а) жай тыйым салу;

б) арнайы тыйым салу.

Жай тыйым салу дегеніміз - әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар істердің орындалуы мен жүзеге асуын шектеуі.

Арнайы шектеу дегеніміз – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік салық жүйесі мен бюджеті» атты Президент Жарлығының 174-бабында көрсетілгендей, салық қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін өздерінің тікелей немесе жанама туыстығы бар салық төлеушілерімен қаржылық мәселелерді шешуге шектеу қоюы.

Уәкілдік беруші нормалар – субъектілердің әкімшілік-құқықтық қарым-қатынасында өз шешімі бойынша қатынастарды жүзеге асыру, бірақ нормалардың сақталуын бұзбау керек. Мысалы: «Қазақстан Республикасының банктері мен банк жүйесі» туралы Президент жарлығының 46-бабында былай делінген: Егер Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі ІІ дәрежедегі экономикалық нормаларды бұзған жағдайда мынадай шаралар қолданылады:

а) міндеттеуші хатты талап етеді;

б) банкпен жазбаша түрде келісім жасайды;

в) ескерту, сөгіс береді;

г) жазбаша түрде береді;

Қолданыл шегіне байланысты:

а) жалпы міндетті;

б) ішкі жүйелік.

а) жалпы міндетті нормалар әкімшілік – құқықтық қатынасқа түсетін барлық субъектілерден талап етіледі.

б) ішкі жүйелік нормалар белгілі бір атқарушы биліктің талап етуіне байланысты қолданылуы.

Мекен жайға байланысты: белгілі бір ұйым мен атқарушы билік органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесін белгілеу арқылы бөлу, яғни қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік бірлестіктерге және азаматтарға байланысты қолданылуы.

Сонымен қорытындылай келе әкімшілік құқықтық нормалар – бұл конституцияда бекітілген белгілі бір қағидалар мен ережелердің жиынтығы. Ал әкімшілік-құқықтық қатынастар – бұл әкімшілік-құқықтық нормалармен реттелген, мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастар. Бұл екі ұғым бір-бірімен тығыз байланысты, біріншісі мемлекет бекіткен қағидалар мен ережелердің жиынтығы болса, сол ережелер құқықтық қатынастарды реттеп басқарып отырады.


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 193 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)