Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ

Читайте также:
  1. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛКЕТТІК БАСҚАРУ
  2. АЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢАТРИБУТТАРЫ

Әкімшілік-аумақтық құрылысы ұғымы мемлекет аумағының әкімшілік-аумақтық бірліктер деп аталатын белгілі бір бөліктерге бөлінуін сипаттайды. Олар жеткілікті істерді дербес түрде және мемлекттік-құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Аумақтық бөліну мемлекет органдары жүйесін құру (мемлекеттік өкімет, басқару, сот, прокуратура), халық шаруашылығын, мәдени құрылысы басқару, материалдық игіліктер мен ұлттық кірістің дамуы мен оларды елдің бүкіл аумағы бойынша біркелкі бөлу, аумақтық және салалық болжамды ұйымдастыру, қызмет көрсетудің барлық халық мұқтажын қанағаттандыру және орындалуы, әдетте мемлекеттің аумақтық бөлінісіне байланысты болып келетін әлеуметтік басқарудың басқа да міндеттерін жүзеге асыру сияқы әралуан мемлекеттік міндеттерді жүзеге асыру үшін қажет болып табылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабына сәйкес республиканың әкімшілік –аумақтық құрылысы астананың орналасқан жері мен мәртебесі заңмен белгіленеді. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заң 1993 жылғы желтоқсанның 8-інде қабылданды. Оған кейін, атап айтқанда, 1995 жылғы желтоқсанның 19-да Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Әкімшілік-аумақтық құрылысты реттейтін құқықтық нормалар:

1) Мемлекет аумағына бөлінетін әкімшілік-аумақтық бірліктер тізбесін;

2) Әкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау жөніндегі мемлекеттің құзіретін;

3) Әкімшілік-аумақтық бөлінісін өзгерту тәртібін және осы саладағы мемлекеттік органдардың құзіретін;

4) Елді мекендердің белгілі бір түрге жататындығы негізінің құқықтық актілері жүйесін;

5) Елді мекендерді атау мен қайта атаудың тәртібін белгілейді.

Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісінің жүйесінде мынадай буындар бар: (облыс, аудан, ауыл (село) округі) және елді мекен, республикалық маңызы бар қала, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, поселкелер, ауыл (село).

Аймақ дегеніміз – республика мүддесін көздеп құрылатын және басқарылатын бірнеше елді мекендерді өзіне қамтитын республика аумағының бір бөлігі.

Елді мекен – азаматтардың шаруашылық және де өзге де қоғамдық қызметі нәтижесінде қалыптасқан республиканың халық шағын сипатта қоныстанған бір бөлігі, оның заң белгілеген тәртіппен есепке алынған әрі тіркелген, сондай-ақ жергілікті өкілетті және атқарушы органдар басқаратын тұрғындарының саны кем дегенде 50 адам болады.

Республикалық маңызы бар қала дегеніміз – ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе халық саны бір миллионнан астам адамнан тұратын елді мекен.

Облыстық маңызы бар қала дегеніміз – ірі экономикалық және мәдени орталық болып табылатын, дамыған өндірістік және әлеуметтік қосалқы құрылымы мен саны 50 мыңнан астам адамы бар елді мекен.

Аудандық маңызы бар қала дегеніміз – өнеркәсіп кәсіпорыны, коммуналдық шаруашылығы, мемлекеттік тұрғын үй қоры, оқу мен мәдени ағарту мекемелерінің, емдеу және сада обьектілерінің дамыған жүйесі бар, халық саны кем дегенде 10 мың адамнан тұратын, жұмысшылары, қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері жалпы халық санының үштен екісінен де көбін құрайтын елді мекен.

Поселкелер дегеніміз саны кем дегенде 3 мың адамнан тұратын, жұмысшылары, қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері жалпы санының кем дегенде үштен екісін құрайтын өнеркәсіп кәсіпорындарының, құрылыстардың, темір жол станцияларының және басқа да экономикалық маңызды обектілердің жанындағы елді мекендер.

Емдік маңызы бар орындарда орналасқан, халқы кем дегенде 2 мың болатын, халқының кем дегенде жартысына жуық адамдар жыл сайын емделуге әрі демалуға келетін елді мекендер поселкелерге теңестіріледі; осы айтылғандарға ересек халқының кем дегенде 25 проценті тұрақты түрде ауыл шаруашылығымен айналысатын, қалалықтардың жазғы демалыс орны болып табылатын саяжай поселкелері де жатқызылуы мүмкін.

Ауыл (село) дегеніміз – саны кем дегенде 50 адамнан тұратын, ауыл шаруашылығымен айналысатын қызеткерлері мен олардың отбасы мүшелері кем дегенде халқының жартысын құрайтын елді мекен.

Сонымен Қазақстан Республикасы Президентінің басқару нысанындағы біртұтас мемлекет болып табылады. Ол мынадай нгізгі белгілермен сипатталады: 1) бірыңғай Конституция; 2) мемлекеттік жоғары органдарының біртұтас жүйесі (Президент, Парламент, Үкімет); 3) бірыңғай азаматтық; 4) біртұтас құқық жүйесі; 5) біртұтас сот жүйесі; 6) біртұтас мемлекеттің аумағы әкімшілік-аумақтық бірліктерге бөлінеді, олардың мәселен, Польшадағы, Франциядағы, Жапониядағы, Түркиядағы және т.б. сияқты қандай да бір дербестігі болмайды. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар мемлекет органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді. Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғын халықтың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін өзі басқару танылыды.

Бірыңғай басқару бүкіл мемлекеттік аппаратты бірыңғайландыруды, әкімшілік-аумақтық бірліктердегі жергілікті органдарға тікелей немесе жанама бақылау жасауды көздейді. Қазақстан Республикасы Конституциясы 2-бабының 2-тармағында айтылғандай, Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін Қамтамасыз етеді.

 

 

МЕМЛЕКТТІК БИЛІКТІҢ ЖҮЙЕСІ

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 407 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)