Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

АзаҚстанныҢ мемлекеттік тӘуелсіздігініҢатрибуттары

Читайте также:
  1. Адағалау мемлекеттік бақылаудың бір түрі.
  2. Азақстан Республикасының мемлекеттік кіріс министрлігі
  3. арағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
  4. Арағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
  5. Арағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
  6. МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫ

Мемлекеттік тәуелсіздік және оның атрибутикасы. Әрбірдербес мемлекеттің оған айрықша сапа беретін және онытәуелді мемлекеттерден, автономды мемлекеттік құрылымдардан және кәдімгі әкімшілік-аумақтық бірліктерден айырыптұратын белгілі бір атрибуттар жиынтығы болады.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан қадам басқан сайынкемелденіп, өзін осы атрибуттар аясында соған лайық көрсетебастаған осы айрықша сапаға ие болды. Бұл атрибуттардың генезисі әр алуан. Олардың бір бөлігінін тамыры Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алу фактісімен тікелей байланысты және өзінің тарихын да содан бастайды. Бұған дейінгі кезеңдерде Қазақстанда олар болған жоқ, олар көрсетітген сәттенбастап алғаш рет құрылған сияқты болыпқалыптаса бастады.

Алайда бұл барлық атрибуттарға қатысты емес. Олардыңкейбіреуі, дәлірек айтқанда, олардың нышаны немесе элементіреспубликада мемлекеттіктәуелсіздік алған сәттен бұрын-ақболғанеді. Кеңестер Одағының құрамында болған кезде Казақстан одақтас республиканың мәртебесін пайдаланды ғой, олкездегі конституция бойынша одақтас республика жекелегеншектеулері бар немесе толық емес деуге боларлық егемендігібар мемлекет ретінде жарияланатын. Ресми доктрина республиканы тәуелсіз, дербес деп көрсетуге тырысты және оныдербестіктің сыртқы атрибуттарымен бекітті.

Сондықтан Казақстанның оның КСР Одағы құрамында болған кезіндегі кейбір бұрынғы мемлекеттік атрибуттары сақталды және қазірде де пайдаланылуда, бірақ олардын мәніпринципті түрде өзгерді, олар жаңа мазмұнмен толықты. Оларбұрынғы сәндік түрінен өзгеріп, өмірде бар шындықтыбейнелейтін реалды атрибуттарға айналуда. Кеңестік жәнекеңестік кезеңнен кейінгі Қазақстанның сабақтастығы бар,бірақ ол көбінесе сыртқы сабақтастық, ал шын мәнісінде жаңасапалық жағдайға көшуі көз алдымызда болып отыр.

Тәуелсіздіктің атрибуттарының көрсетіліп отырған екі тобы:

а) тәуелсіздік алған жылдары және одан кейінгі кездері қалыптасқандар жәнеб)дамудың бұрынғы кезеңінен қалғандар бірінбірі өзара толықтырады және жиынтығында республикаға жоғарыда айтылған жаңа сапа береді.

Бұрын болмаған атрибуттардың алғашқы қалыптасуысияқты, бұрыннан бар атрибуттардың жетілдірілуі үйлесімдінысан, құрылым, қарым-қатынас пен институттар іздеумен,жаңа нормативтік, ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және басқа да шешімдерді творчестволықпен таңдаумен, үлкен жұмыс көлемін жүргізумен байланысты. Мысалы,армия туралы мәселені Қазақстанның тәуелсіздігінің атрибуты ретінде алайық. Оның шешілуі бірнеше кезеңдерден өтті:

1991 жылы күзде барлық облыстық әскери комиссариаттар
Қазақстан әскери комиссариатына бағынды, Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылып, өзіміздің қарулы күштерімізді құруғадайындық басталды; 1992 жылдың мамыр айында қорғанысминистрлігі құрылды да, Қазақстанда орналасқан әскери құрамалар, бөлімдер мен мекемелер тікелей республиканың бағынысына алынды да, оның қарулы күштердің құрамына кірді.

Кейінірек қарулы күштердін бірнеше түрі - армиясы, шекаралық әскері, ішкі әскері, республикалық гвардиясы, әскери-теңіз күштері болды.

Бұрын болмаған атрибуттардың алғашқы қалыптасуы жәнебұрыннан бар атрибуттардың жетілдірілуі бір сәттік шараларшеңберінде жүзеге асырылмайтынын, бір кезеңнен екінші кезеңге, сосын - үшінші кезенге ауысып, тәуелсіздік атрибуттарыныңалғашқы сұлбасы неғұрлым тұрақты, тіпті салыстырмалы түрде алғанда олардың аяқталған нысанына жол беретінкөп кезенді процесс екендігін көріп отырмыз.

Республиканың қазіргі ауысып отырған және мемлекеттіктәуелсіздік деп аталатын сапалы жана жағдайын анық елестету үшін тәуелсіздіктің негізгі атрибуттарына тоқталу қажет.Тәуелсіздік үшін мұндай атрибуттардың белгілі жиынтығыболумен қатар олардың әркайсысының айрықша сипаттары менбелгілерінің объективті көрсетілген жеткілікті деңгейі де қажет.Алайда бұл екінші шарттың бірден орындалуы мүмкін емес:қазір тәуелсіздіктің кейбір атрибуттары қалыптасу кезенінде,құрылуда, уақыт өте келе бір қалыпқа тоқтайды.

Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің негізгі атрибуттарынасипаттама. Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігініңатрибуттарын олардың тікелей қатысы бар және содан көрінетінорта арқылы шартты түрде айыруға болады.

Республиканың мемлекеттік құрылыс саласындағы жәнесаяси-құқықтық жүйедегі мемлекеттік тәуелсіздігінің негізгіатрибуттары біздің ойымызша, мына төмендегілер:

1.Толық, шексіз егемендік, бұл мәселе бүгінгі күні бұрынҚазақстан КСР Одағы құрамында болған, оның егемендігініңайтарлықтай шектелгендігін көрсететін кездегіден мүлдем басқаша қойылуда. Іс жүзінде КСР Одағының егемендігі мен одақтас республикалардың егемендігін біріктірудің қажеттігі көптеген объективті және субъективті себептердің болуына қарайбіріншінің екіншісіне сөзсізбасымдығын білдірді. Оның үстіне,мемлекеттік орталықтандырудың күшеюіне қарай одақтас республикалардың егемендігі барған сайын формальды бола түсті,оның есесіне КСР Одағының егемендігі бүкіл өмірлік кеністіктітолтырғандай және республикалардың егеменді шексізқұқығын бірінен кейін бірін жалмап шексіз кеңейе берді. Одақтас республикалардың егемендігінің шексіздігі туралы бір топғалымдардың 60-80 жылдары жасаған қорытындысы да күтпеген оқиға болды. Бұл тезистің дәлелдемесі мынаған саяды:әңгіме республикалардың егемендігін шектеу туралы емес,құқықтары мен өкілеттіктерін шектеу туралы ғана. Алайдаегемендіктің өзі құқықтармен және өкілеттіктермен тығыз байланысты емес пе, аталған ғалымдардың айтып отырғанындай, оларды бір-бірінен бөліп жіберу егемендікті абстрактілі, өмірмен байланысы жоқ, кез келген мазмұнмен толтыруға болатын ұғымға айналдырды. Бұл орталықтың үстемдігін жәнереспубликалардың құқықсыздығын ақтаған ыңғайлы ойлау
құрылғысы еді, өйткені осындай жағымсыз құбылыстарғақарамастан, олардың егемендігі бәрібір шексіз деп мойындалды.Республикалар егемендігінің келтіріліп отырған түсіндірмесініңмадақтаушылық (апологеттік) бағыты айқын еді.

КСР Одағының жойылуына байланысты егемендіктің екідеңгейлі конструкциясына деген қажеттілік тек федеративтіреспубликаларда (Ресей Федерациясы, сондай-ақ өзінін құрамында автономиясы бар республикалар) ғана сақталады. Федерацияның егемендігі мен автономияның егемендігі нақтылықалай үйлесім табатынын келешек көрсетеді. Әзірге бұл мәселелер төңірегінде қызу тартыс жүріп жатыр, оның немен аяқталатыны белгісіз. Централистік бағыт жеңе ме немесе ортадантепкіш күш иелері мақсатына жете ме, аталғанмемлекеттердің егемендігінің проблемасынын шешілуі көпбайланысты.

Бұрынғы КСР Одағының унитарлық республикаларынакелетін болсақ (олардың қатарына Қазақстан да жатады), ендіоларға үйлестірілген егемендіктің екі деңгейлі құрылымыныңқажеті болмай қалды: себебі Қазақстанның ТМД құрамына енуі
республиканың егеменді шексіз құқығын шектеумен байланысты емес қой. Басқаша айтқанда, Қазақстанның егемендігіншектеуге себепші болатын факторлар жойылды. Егемендіктолықсақталыпқалады. Республикамемлекеттік тәуелсіздігіналғаннан кейін бұған дейінгі кезеңдердің барлығында оныңегемендігіне келтірілген шектеулер алынып тасталады.

2.Республиканың аумақтық үстемдігі. Республиканың тұтас, бөлінбейтін және қол сұғылмайтын аумағына кез келген сыртқы үшін. тікелей немесе жанама кол сұғушылығына жол бермеу керек. Бұдан былай республика аумағын басқа республикаға волюнтаристікпен беру және сонымен байланысты күнікешеге дейін кеңінен жүзеге асырылып келген шекараны қайта белгілеу жойылатын болады.

3.Республикалық азаматтықтың болуы. Азаматтық өзініңсипаты және мәні жөнінен бұрынғы кеңестік федерацияшеңберінде қолданылған формальды, қағаз жүзіндегі республикалық азаматтықтан принципті түрде ерекшеленеді. Қазіргі -республикалық азаматтықөз мәнісінде бұрынғы одақтық азаматтықтың функциясын қабылдай отырып (республика аумағышегінде), соның орнын басып отыр.

4.Меншіктіқұқықтықжүйе.Бұрын ол КСР Одағы құқықтықжүйесінің бір буынын ғана құраған болса, енді одақтық конституция және одақтық зан түріндегі «қондырма» жойылды.Өтпелі кезеңде (алдағы уақытта тиісті республикалық актілерді қабылдағанға дейін) КСРО актілері Казақстан аумағында қолданылды, өйткені олар республика зандарына кайшы келмейтінеді. Конституцияның және республика заңдарының заңдыүстемдігі нығайтылды.

5.Өзінің мемлекеттік нышандары - туы, елтаңбасы, әнұраны, сондай-ақ астанасы, мемлекеттік мерекелерін белгілеу.Республиканың тәуелсіздік алуына байланысты мемлекеттіксимволиканы жаңарту, оны жана жағдайға сәйкестендіру, одантоталитаризм мен әкімшілдік-өміршілдік жүйенің стереотиптерімен штамптарын жою жөнінде жұмыстар жүргізілді.

Экономикалық салада республиканың мемлекеттік тәуелсіздігінің атрибуттарына мыналар жатады:

1.Дербес бюджет және дербес бюджеттік-қаржылықжүйе.КСР Одағы шеңберіндегі дөрекі консервативті бюджетті жүйеорталықтың республикаларға қатысты үстемдігінің құралыретінде қызмет етті. Оны өзгерту, одан республикалардыңбюджеттерінің бөлініп шығу, олардың дербес бюджеттікжүйесінің құрылуы - экономикалық тәуелсіздік пен экономикалық егемендіктің қажетті шарты. Бірақ бұл жерде одақтық органдардың қызметін жете білмеуінің салдарынан республикаларға «мұраға» қалдырған проблемалары жетерлік.Бюджет тапшылығынан құтылу үшін, мысалы, тіпті болмағанда шетінен республиканы ол тап болған дағдарыстан шығарукерек.

2.Дербес ақша - несие жүйесі. Біртұтас экономикалық кеңістіктің ыдырауыбірыңғай ақша бірлігінің - сомның -бұрынғы КСР Одағы мемлекеттерініңқажетін бұрынғыдай өтеуқабілетін жойды және оларды тұйықтан шығудың жолын
іздеуге бағыттады. Сол себепті де алғашқы кезде республикаларда (соммен бірге) купондар, карточкалар, талондар жәнет.б.пайдаланылды, сосын барып өздерінің ақша бірлігінекөшті.Сомнан теңгеге ауысу халықтың қолындағы ақшаның құнсыздануына алып келді және ол халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобына өте ауыр тиді. Сонымен бірге әрбір республикадаұлттық, коммерциялық, несиелік банктер және басқа да осындай мекемелер құрыла бастады, бұл да дербес ақша–несиежүйесін құрудың бір кезеңі болып табылады. Ұлттық валютаны конвертациялауды камтамасыз ету жөніндегі міндеттер деосы ретте шешілуі тиіс.

3.Өзінін салық саясатып жасау, соның көмегімен республика түрлі экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа шараларды жүзеге асыруға, басқару аппаратын, армияныұстауғажәне т.б. мүмкіндік алады. Осындай қажеттіліктерескерілеотырып республикалықжәнежергілікті салықтар жүйесі құрылады, оларды дұрыс жинауға бақылау жасалады. Бірақ, салыққазіргі кезде байқалып отырғандай, экономикалық бастамаларменкәсіпкерлікті «тұншыктыру» құралы емес, керісінше адамдарға дем беріп, мүмкіндіктер туғызып, қызығушылығын оятуыкерек.

Қауіпсіздік, әскери құрылыс және құқық тәртібі саласында
республикалық мемлекеттік тәуелсіздігінің атрибуттарына,біздің пікірімізше, мына төмендегілер жатады:

1.Армия. Қандай да бір шағын болса да армия бөлімшесіжоқ шектеулі егемендігі бар республиканың жағдайы қандайболатындығын төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттіккомитеттің (ГКЧП) тамыз (1991 ж.) төңкерісі көрсетіп берді.Бұл көп жағдайда армиясыз және осыңдай қорғау кұралдарынсыз қауіпсіздігі тұрақсыз болып саналатын тәуелсіз республикаға қатысты. Офицер жиналысына қатысушылар (қаңтар,1992 ж.) армияны ұлттық «пәтерлерге бөліп әкетуге» үзілді-кесідді қарсы болғанда, енді бұрынғы біртұтас мемлекеттің жоқ екендігін, соған сәйкес біртұтас армияны сақтауға да негізжоқ екендігін ескермеген еді. Әрине, стратегиялық бағыттағыбіріккен қарулы күшті біртұтас ТМД командованиесінің қарауында белгілі бір мерзімге сақтапқалуға да болар еді. Кәдімгіқарулы күштерге келетін болсақ, олар әрбір республиканыңармиясында болуға тиісті. Бұл - республикалардың дербестәуелсіз мемлекет болып бөлініп шығуының логикалық салдары. Алайда біздің республикамыз бұл істе сылбырлық пеншабандық танытты. Соның нәтижесінде қарудың, құрал-жабдықтың, әскери техниканың және аспаптардың (ең тәуірлері)Қазақстаннан сыртқа әкетілді.

Өзінің ішкі әскері. Оны құру республиканың мемлекеттіктәуелсіздігін, оның қоғамдық кауіпсіздігін, азаматтардыңқұқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мақсатынанегізделген. Олар республика аумағына орналасқан ішкіәскердің құрамалары мен бөлімдерінен құрылған, олардыңжанында басқарма және әскери кеңес бар.

2.Республиканың шекара және кеден қызметі. ТМД-ға мүшемемлекеттердің арасындағы шекарада шектеу болмайды депресми түрде бірнеше рет мәлімделсе де, азық-түлік пен тауарлардың бір елден екінші елге жаппай әкетілуіне тосқауыл қоюқажеттілігі туып отыр. Сондықтан да шекара және кеденқызметін пайдаланбай болмайды. Оғанқоса, бұдан былайжекетұлғалардың республикадан басқа бір республикаға көшуітіптен басқа мәнге ие болуда. Сондықтан да халықтың миграциясы туралы,босқындартуралы қазақстандық зандар кейбіржағдайлар бойынша, КСР Одағы уақытында күшінде болғанзаңдарға қарағанда басқаша жазылған.

3.Барлауды және контрбарлауды құру. Тәуелсіз республиканың басқа мемлекеттер білгісі келіптұратын өз құпиясы болғандықтан, ол оны сенімді қорғауға мүдделі. Өз кезегінде, ондабасқа мемлекеттердің ісінің жағдайы туралы неғұрлым кең денақты акпарат алуға деген қажеттілік тууы мүмкін. Сондықтан да бұрынғы КСР Одағының Қазақстан аумағында жұмысістеген барлау жәнеконтрбарлау қызметінің базасында тәуелсізреспубликаның мүддесін қорғайтын өзінің қызметі құрылған.
Сыртқы саяси және сыртқы экономикалыққызмет саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің атрибуттары, біздің көзқарасымыз бойынша, мынадай:

1.Дербес сыртқы саясат, оның негіздерін, келешектегі жәнеағымдағы міндеттерін анықтау, органдардың, мекемелер менқызметтердің тармақталған жүйесі бар өзінің сыртқы саясиведомствосын құру. Бұған дейін Казақстанда КСР Одағыныңқұрамындағы республика ретінде өзінің Сыртқы істерминистрлігі болған, бірақ ол өзінің құрамында бар-жоғы 13-15 қызметкері бар, ештеңе шешпейтін, Одақтың Сыртқыістер министрлігінің нұсқауларын бұлжытпай орындайтынжәне толығымен соған тәуелді орган еді. Республиканың халықаралық құқық субъектілігі формальды түрде мәлімделгенімен, іс жүзінде жоқтың қасы еді. Мемлекеттік тәуелсіздікалу бұл саладашұғыл бетбұрыстар жасады: республиканың халықаралық құқық субъектілігі бірнеше қатарға жоғарыкөтерілді, терең мазмұнға ие болды, Қазақстанның Сыртқыістер министрлігі тарап еткен одақтың Сыртқы істерминистрлігінің құқықиеленушісі (республика масштабында)болды, қандай мемлекеттермен байланыс орнату керектігін,қандай халықаралық ұйымдарға енуі керектігін, өзінің елшілігімен консулдығы керек пе, жоқ па қандай келісімдер жасаукерек жәнет.б. мәселелерді өзі белгілей бастады.

2.Дербес сыртқы экономикалыққызметі. Мемлекеттіктәуелсіздікті жариялау республикалар алдынан басқа мемлекеттермен бұрынғыдай көптеген кедергілер мен шектеулерсізэкономикалық байланыстар орнатудың кең мүмкіндіктерінашты. Қазір республика сыртқы экономикалық байланыстарды өзі реттейді, оған қатысушылардың құқықтары менміндеттерін айқындайды, шетел капиталын тарту жөніндегі,өздерінің табиғат байлықтарын тездетіп игеру үшін озат технология мен инвестициялар тарту жөніндегі, экономикалық қызметті жандандырып, халықтың жағдайын жақсартужөніндегі шараларды белгілейді. Республика сыртқы экономикалық, серіктестандауға байыппен келуге, олармен өзарапайда және мүдделілік тұрғысында қарым-қатынас құруға,кемсітушілік шараларын болғызбауға тырысады. Практикакөрсеткеніндей, жекелеген халықаралық экономикалық құрылымдар (банктер, консорциумдар, үкіметаралық ұйымдар) республикаға көмек керсете отырып, кейде оған қатаң шарт қояды,кейде жасырын, кейде ашық қысым көрсетеді. Егер оларбелгіленген шектен асып кететін болса, онда мұндай көмектенбас тартқан жөн, өйткені республиканың егемендігіне нұқсанкелмеуі керек.

Жоғарыда айтылғандарданкөрініптұрғанындай, Қазақстанныңмемлекеттік тәуелсіздігінің атрибуттарының қалыптасупроцесі әлі аяқталған жоқ; ол бүгінгі күннің жағдайына сәйкес,тереңдету жағына қарай жалғасуда.

Республиканың мемлекеттік тәуелсіздік атрибуттарынан,біздің ойымызша, оның көрсеткіштерін айыра білуіміз қажет,өйткені бұлекеуі екі нәрсе. Тәуелсіздік көрсеткіштерінің саторына, айталық, республиканы басқа мемлекеттердің дипломатиялық тануын, оның Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқада халықаралық ұйымдарға қабылдануын, Астанада немесе Алматыда шетел мемлекеттерінің өкілдігінің халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінің ашылуын жатқызуға болады. Басқаша айтқанда, республиканың тәуелсіздігінің көрсеткіші - тәуелсіздіктің және оның атрибуттарының нәтижесі, олардықабылдау нысаны, халықаралық қатынастарсубъектілерінмойындаудағы бағасы және тойтарыс беруі. Республикамемлекетгік тәуелсіздік алмаса, оны ешқандай мемлекет дипломатиялық жағынан танымас еді, Біріккен Ұлттар Ұйымыөзіне мүше етіп қабылдамас еді және т.б.

Мемлекеттік тәуелсіздіктің қалыптасуы мен оның атрибуттарының жасалуы үлкен кедергілерге кездесті. Алғашқы кезде бұрынғы КСРО-ның құрамдас бөлігі ретіндегі Қазақстантуралы алғашқы түсініктердіңқайталануықатты әсер етті. Осыдан кейін, ол өзінің әрекетімен, айталық экономиканы, мәдениетті, армияны күйретіп жатыр деген негізсіз кінә тағылды.

Мемлекеттік тәуелсіздік дегеніміз−республиканың сопақ жаңа жағдайы, ол оның тіршілік етуінің және дамуының барлық жағына, оның табиғатына, мәртебесіне, құзыретіне,республиканың ішіндегі сияқты сыртындағы да өзара қарым-қатынасқада қатысты. Бұл - маңызды аспектілерінің біріоныңнегізгіатрибуттарының проблемасы болып табылатын етекөлемді күрделі түсінік.

 

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 234 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)