Читайте также: |
|
Негізгі ұғымдар: Заңдылық, бақылау, қадағалау
1. Заңдылық – демократиялық түрде ұйымдастырылған қоғамның өмір сүруі мен дамуының басты нышаны. Ол азаматтардың құқықтарын жүзеге асыру және бостандықтарын қамтамасыз ету, демократияны жүзеге асыру, қоғамның қызмет етуі, мемлекеттік аппараттың қалыпты қызметінің ғылыми негізіділігі үшін қажет. Ол мемлекеттік механизмнің (мемлекеттік органдар, мемлекеттік ұйымдар, мемлекеттік тыңдаушылар) барлық элементтері, азаматтық қоғам және барлық азаматтар үшін міндетті.
Заң ғылымында заңдылық “мемлекеттің, лауазымды тұлғалардың, азаматтардың заңдар мен оларға сәйкес құқықтық актілерді бұлжытпай орындауы” ретінде түсіндіріледі. Алайда, мұндай түсінік біржақты сипатқа ғана ие. Ең, алдымен, заңдардың сапасына көңіл бөлу қажет, олардың әлеуметтік байланыстарға, құқыққа сәйкестігін бағалау қажет. Себебі, заңдарды соқыр сеніммен орындау деспотия, тоталитаризм жағдайларында (мысалы, фашистік Германияда) ғана орын алатыны белгілі.
Қоғамдық қатынастарды реттеуші ерекше құрал ретіндегі заң нормасы сол мемлекеттегі экономиканың, мәдениеттің деңгейіне, моральдық-этикалық нормаларына сай болуы тиіс. Заңдылық – бұл, ең алдымен, жоғарғы сапалы заң нормаларының жеткілікті саны, содан кейін ғана, барлық тұлғалардың оларды қатаң сақтауы.
Әкімшілік қызметтегі заңдылық лауазымды тұлғалардан заң актілеріне сәйкес әрекет етуді (мысалы, лауазымға тағайындау, заңды тұлғаны тіркеу және т.б.) талап етуден ғана емес, сонымен қатар, заңдар мен басқа да актілерді орындау барысында (мысалы, әкімшілік қадағалау барысында және т.б.) өз ынтасын білдіруді талап етуден де көрініс табады.
Сондықтан да заңдылықтың түсінігі мен оны қамтамасыз етудің жағдайларын (экономикалық, саяси жүйенің тұрақтылығы, құқықтық мәдениеттің жағдайы, заңдардың үстемдігі, соттың тәуелсізідігі және т.б.) ажыратып алған жөн.
Әкімшілік билік субъектілері мен азаматтар арасындағы қарым-қатынастарда тұрақты құқықтық режим қалыптастыру үшін үш жағдай болу міндетті:
1) заңнаманы және соған негізделген құқытық нормалар жүйесін дамытып отыру;
2) заңи нормаларды қатаң сақтауды қамтамасыз ететін басқару қатынастарындағы қатысушылардың кепілдіктері;
3) заң шеңберінде жүзеге асырылатын мәжбүрлеу механизмінің болуы.
Әлеуметтік басқару жүйесінде бақылау мемлекеттік билік субъектілерінің жүргізіліп жатқан істің мән-жайы, шешімдердің орындалуы туралы ақпараттар алып отырудың бірден бір жолы. Ол атқарушылық тәртіптің деңгейін көтеруге, жұмысты бағалауға, жағымсыз салдарды жоюға, процесті ағымды басқаруға қолданылады.
Бақылау оны жасайтын субъектілеріне қарай төмендегідей болып бөлінеді:
- Президенттік (президенттік бақылау);
- Парламенттік бақылау;
- Үкіметтің бақылауы.
Президенттік бақылауды Президенттің өзі тікелей және өз әкімшілігі арқылы жүзеге асырады. Президент мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарының тепе-теңдік және тежемелік жүйесі арқылы үйлескен қарым-қатынастарына бақылау жасайды. Президент биліктің тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында мынадай өкілеттіктерге ие:
1) Парламентті тарату;
2) Үкіметтің өкілеттіктерін тоқтату туралы шешім қабылдау және Премьер-министрді, Үкімет мүшелерін лауазымынан босату;
3)заң жобаларын қарастырудың үстемдігін бақылау және т.б.
Парламенттік бақылау Парламенттің мемлекеттік органдарды құру, қайта құру және тарату, лауазымға тағайындау және лауазымнан босату, депутаттарды қол сұқпаушылықтан айыру туралы шешімдері шегінде жүзеге асырылады.
Парламенттің бақылаушылық қызметі палаталардың бірлескен, айрықша және бөлек өкілеттіктері арқылы жүзеге асырылады.
Атқарушы билік органдарының бақылауы субъектілердің мәртебесіне қарай былай бөлінеді: жалпы, ведомстволық және ведомствоға тәуелді.
Үкімет заңдардың орындалуына бақылау жасайды.
Ведомстволық бақылауды өздеріне бағынысты объектілерге қатысты орталық және салалық органдар жүзеге асырады.
Ведомстволыққа сәйкес бақылауды өздеріне бағынысты объектілерге қатысты арнайы құрылған органдар, комитеттер жүзеге асырады. Мысалы, көптеген ведомстволардың жанынан оқу орындары (колледждар, жоғары оқу орындары) құрылады, оларға қатысты Білім және ғылым министрлігі бақылаушылық функцияларын жүзеге асырады.
2. Қадағалау мемлекеттік бақылаудың бір түрі болып табылады. Бақылау – мекеменің маңызды функцияларының бірі. Алайда, көптеген жағдайларда азаматтардың жүріс-тұрыс бостандығын қамтамасыз ету мақсатында билік субъектілерінің бақылаушылық өкілеттіктері шектеледі, оларға тек қадағалау мүмкіндігі ғана беріледі. Ал егер тексеруші және тексеріліп отырған органдардың арасында бағыныстылық қатынастар болмаса, қадағалаудың бақылауды шектеуі мүмкін. Ұйымдар мен азаматтардың қызметіне мемлекет тарапынан араласу шектеліп жатқан кезде, яғни құқықтық мемлекетке бет алған кезде бақылаудың көлемі қысқарудың салдарынан қадағалаудың рөлі кеңеюде.
Қадағалаудың прокурорлық, әкімшілік және соттық түрлерін ажыратуға болады.
Прокуратура мемлекет атынан ең жоғарғы қадағалау қызметін жүзеге асырады және оның қадағалау пәні болып мыналар табылады:
1) Конституцияның және басқа да қолданыстағы заңдардың қолданылуын қадағалау;
2) Жедел іздестіру, анықтау және тергеу қызметтерін қадағалау;
3) Әкімшілік және атқарушылық өндірістердің заңдылығын қадағалау. Осы салада өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін прокуратураға мынадай өкілеттіктер берілген:
- заңдылықтың бұзылуын ашу және оын жоюға қатысты шаралар қолдану;
- ҚР Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен құқықтық актілерге наразылық беру;
- сотта мемлекет мүддесін білдіру;
- заңмен белгіленген жағдайларда қылмыстық ізге түсу әрекеттерін жүзеге асыру.
Прокурорлық қадағалау актілеріне наразылық, ұсыныс және т.б. актілер жатады.
Наразылық Конституция мен заңдарға қайшы келетін құқықтық акт шығарған орган немесе лауазымды тұлғаға беріледі. Ұсыныс құқық бұзушылық фактісі және оның жасалуының себептері мекн жағдайларына қатысты шығарылатын қадағалау актісі. Ұсыныс құқық бұзушылықты жоюға қатысты шара қабылдай алатын орган, ұйым, лауазымды тұлғаға жіберіледі.
Әкімшілік арнаулы мақсатта құрылған органдармен жүзеге асырылады (мысалы, МАИ). Әкімшілік қадағалаудың пәніне мыналар жатады:
- арнайы нормалар мен ережелерді орындау (жол ережесі, өрт қауіпсіздігі ережесі және т.б.);
- арнайы және жалпыға міндетті тәртіп пен нормативтерді сақтау (мысалы, өрт қауіпсіздігін сақтау);
- лауазымды тұлғалардың объектінің қызмет ету тәртібін реттейтін ережелерді қолдануы.
Соттық қадағалаудың бірқатар ерекшеліктері бар:
- сот билігі дербес және сот төрелігін теку соттар жүзеге асырады;
- сот өндірісі тәртібінде атқарушы билік органдарының қызметіне құқықтық баға беруге құқылы;
- соттар өз шешімдерін мәжбүрлі түрде орындату өкілеттігінің болуы;
- Жоғарғы соттың нормативтік қаулысының қайнар көз ретінде қолдануы.
Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 146 | Нарушение авторских прав