Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛКЕТТІК БАСҚАРУ

Читайте также:
  1. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ
  2. АЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢАТРИБУТТАРЫ
  3. БАСҚАРУ НЫСАНЫ

Мемлекеттік басшы Қазақ ССР-нің Президенті ретінде 1990 жылдың 24 сәуірінде 1978 жылғы Қазақ ССР Конституциясына толықтыру негізінде енгізілді. 1991 жылғы 1 желтоқсанда жалпы халықтық дауыс беру жолымен ҚР-ның тұңғыш Президенті сайланды.

Президент өкілеттігі 7 жыл. Президент өкілеттігі мынандай жағдайларда тоқтатылады:

- жаңадан сайланған президент қызметіне кіріскен сәттен;

- қызметтен кетіргеннен бастап;

- қайтыс болған жағдайда;

- мерзімнен бұрын босатылғаннан бастап.

Президент өкілеттіктерінің бағыттары:

- заң шығарушылық саласында;

- үкіметке қатысты;

- парламентке қатысты;

- сыртқы саясатқа қатысты;

- қорғаныс саласында;

- соттар мен судъяларға қатысты.

ҚР-ның заң шығарушы органы – Парламент екі палатадан тұрады: Сенат және Мәжіліс. Сенат жанама, Мәжіліс депутаттары төтенше сайлау арқылы құралады.Парламент палаталарының бөлек отырыстарында қаралатын мәселелерді алдымен Мәжілісте, кейін Сенатта қарау арқылы: мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және т.б. көмек көрсету туралы мәселелерді шешеді және мемлекеттік алымдар мен салымдарды белгілейді. Парламент Үкімет қызметіне бақылау жасайды.

Атқарушы билікті жүзеге асырушы негізгі жоғарғы орган - Үкімет.

Үкіметминистрліктердің, атқарушы билік комитеттері және орталық орган жұмысының негізгі бағыттарын айқындайды және ұйымдастырады. Өз өкілдіктерін нормативтік актілер шығару арқылы іске асырады. Үкімет актілеріне қаулылар мен өкімдер жатады.

Қабылданған заңдардың және басқа да нормативтік актілердің ҚР Конституциясына қайшы келмеуін, сондай-ақ барлық құқықтық актілердің және сайлау жүйесінің дұрыс орындалуын қадағалаушы орган – Конституциялық кеңес. Ол 7 мүшеден тұрады және өкілдік мерзімі - 6 жыл. Конституциялық кеңес ерекшелігі Конституция нормаларына ресми түсініктеме беру болып табылады. Оның нормативтік актілері: қаулылар, қорытындылар, жолдаулар.

Сот билігі сот ісін жүргізуші қылмыстық, азаматтық заңдармен белгіленген тәртіп бойынша және басқа да нысандары арқылы жүзеге асырылады. Соттардың актілері Республиканың аумағында жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

Сот жүйесі: жоғарғы сот; жергілікті соттар (облыстық және оған теңестірілген соттар); қалалық, аудандық және ауылдық соттар; арнайы соттар.

Судьялардың тәуелсіздігі заңмен қарастырылған. Олар қызметтен 2 жағдайда босатылады: қызметтен босатылуы; өкілеттігінің тоқтатылу арқылы.

Әкімшілік құқық – қоғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекеттің басқаруқызметінің процесінде пайдаланатын және мемлекеттік аппараттың тәртіптерінен бірізділік жұмысын қамтамасыз ететін аса маңызды тәсілдердің бірі болып табылады. Мемлекеттік әкімшілік құқықтық нормалар арқылы өзінің өкілетті органдарымен қоғамның қажеттерін қанағаттандыру және де өз азаматтарының өміріне қауіпті жағдайларды қамтамасыз ету үшін экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәні бар аса маңызды ұйымдық шараларды жүзеге асырып отырады.

Әкімшілік құқық азаматтардың меншікті басқаруға қатысушылардың құқықтық және ұйымдық нысандарын бекітеді, сонымен қатар өкілетті органдар мен лауазымды адамдар және азаматтар үшін тиісті мінез-құлық ережелерін тағайындайды. Әкімшілік құқық – мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылатын құқықтық сала.

Мемлекеттік басқару – бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыру, мемлекеттік биліктік өкілеттіктерді жүзеге асырушы мемлекеттік органдар қызметі түрлерінің бірі.

Атқарушы билік ұйымдастыру, басқару, атқару, өкім ету сипаты бар функцияны жүзеге асырады. Атқарушы билік органының негізгі қызметі - заңдарды орындау және олардың орындалуын бақылау. Атқарушы билік органдары қызметінің негізгі бағыттары: болжау; жоспарлау; басқарушы және басқарылушы кіші жүйелерді ұйымдастыру; құқықтық реттеу; жалпы басшылық жасау және жедел өкім; бақылау; атқару; ақпараттық қамтамасыз ету және ақпараттық талдау; әдістемелік басшылық жасау; кадрмен, материалдық-техникалық заттармен қамтамасыз ету; қаржыландыру және т.б.

Әкімшілік құқық нормалары – мемлекет пен қоғамның мүдделерінқанағаттандыруға; жариялылық мүдделерді қорғаудың тәсілдерін және оларды бұзғаны үшін жауапкершілік шараларын айқындауға; әкімшілік санкцияларды қолдануға бейімделген.

Құқықтың кез-келген саласы өкім беру,тыйым салу және рұқсат ету сияқты қоғамдық қатынастарға реттеушілік ықпал ету тәсілдерін пайдаланады.

Өкім – бұл қоғамдық қатынастарға түсушілерге құқықтық норма талаптарына толығымен сәйкестендіріп әрекет жасауға міндеттейтін мемлекеттік нұсқама.

Тыйым – қоғамдық қатынастарға түсушілерге құқықтық нормамен қаралғанәрекеттерді жасаудан бас тартуға міндеттейді.

Рұқсат ету – бұл қоғамдық қатынасқа қатысушыларына құқықтық нормада көрсетілген қандайда болмасын заңды мәні бар әрекеттерді жасауға немесе одан бас тартуға рұқсат беру.

Мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару субъектілерінің өзара қарым-қатынастарының құқықтық режимін белгілеуші, азаматтардың атқарушы билік нысанындағы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін және оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін айқындаушы сала әкімшілік құқықнормалары болып табылады. Әкімшілік құқықтық нормаларды мазмұнына, белгіленген ережелер көрінісінің нысанына, олар ықпал ететін тұлғалар тобына, яғни нормалардың кеңістіктегі әрекетінің тәртібіне байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді.

Әкімшілік-құқықтық нормалар мазмұнына қарай мынандай түрлерге бөлінеді:

- әкімшілік құқық субъектілерінің құқықтарын, міндеттерін жәнежауапкершіліктерін бекітуші;

- атқарушы билікті жүзеге асырудың нысандары мен әдістерін айқындаушы;

- теріс қылық үшін әкімшілік жауапкершілік белгілеуші;

- әкімшілік іс жүргізу қызметін реттеуші;

- атқарушы органдардың қызметіне заңдылықты қамтамасыз етуші;

- әкімшілік, саяси, әлеуметтік, мәдени және экономика салаларындағы мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру туралы негізгі ережелерді айқындаушы.

Әкімшілік құқықтық нормалар көрінісінің нысаны бойынша (ықпал ету тәсілібойынша) міндеттейтін, тыйым салатын, рұқсат беретін, ынталандыратын жәнеұсынылатын болады. Кез-келген құқық нормалары сияқты әкімшілік құқық нормасы гипотеза, диспозиция және санкциядан тұрады.

Әкімшілік құқық нормаларымен реттелген атқарушы билік негізінде

пайда болған қоғамдық қатынастар әкімшілік-құқықтық қатынастар деп аталады.

Әкімшілік-құқықтық қатынастарға түсуші тұлғаларды субъект деп атайды.

Әкімшілік-құқықтық қатынас субъектісі болып мемлекеттік атқарушы билік органы және оның лауазымды адамы табылады. Заң нормалары бойынша әкімшілік істерді қараған кезде соттар және сыртқы басқарушылық функцияларын іске асырған кезде қоғамдық бірлестіктер әкімшілік құқық субъектілері бола алады. Басқарудың объектісі атқарушы биліктегі құқықтары мен міндеттері белгіленген және басқарылатын тарап ретінде жеке және заңды тұлғалар болады.

Атқарушы билік органдарының ерекшеліктері:

- заң шығарушы және сот биліктері органдарымен қатар мемлекеттік аппараттың бөлек саласы;

- өз қызметтерін заң жүзінде атқарады;

- заңдар мен заңға негізделген нормативтік актілерді орындау үшін құралады;

- мемлекет атынан жеке және заңды тұлғаларға арналатын заңға негізделгеннормативтік актілер шығарады, олардың ережелері мен талаптарының сақталуына қадағалау жүргізеді және бұл актілердің орындалуын қамтамасыз етіп қорғайды;

- мемлекеттік әкімшіліктің бірыңғай жүйесін құрайды және т.б.

Атқарушы билік органдары – бұл мемлекеттің, қоғамның шаруашылық, әлеуметтік, мәдени және әкімшілік саяси өмірінің әр-түрлі салаларында атқарушы-өкім етуші қызметін жүзеге асырушы аппарат.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 97 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)