Читайте также: |
|
Троп (гр. tropos – айналым, тіл оралымы, иін, иірім, сөз қолданысы) немесе құбылту – атаудың немесе мағынаның ауыспалы түрде қолдану тәсілі. Сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп жеткізу тәсілі болып табылады. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де орасан қажет.
Заттар мен құбылыстардың алуан түрлі өзгеріс-күйлері, қимыл қозғалыстары, реңктері болады. Троп солардың бәрін біршама дәл бейнелеуге қызмет етеді. Риторика мен стилистикада троп түрлері ежелден қарастырылып келеді. Квинтилиан оның 7 түрін атап көрсетсе, М.В. Ломоносов 11 үлгісін ұсынған, ал А.А. Потебня 3 түрі бар екенін айтады. А.Байтұрсынов троп түрлері туралы: “Тіл көрнекі болу үшін дерексіз нәрсе деректі нәрседей, жансыз нәрсе жанды нәрседей суреттеліп, адамның сана-саңлауына келіп түсерлік дәрежеге жетуі керек. Қалыпты түріндегі сөз ондай дәрежеге жету үшін түрлі әдістер істеледі. Ол әдістер негізгі түріне қарай үш топқа бөлінеді:
1. көріктеу,
2. меңзеу,
3. әсерлеу дейді.
Троп түрлеріне көріктеу, меңзеу, теңеу, ауыстыру, бейнелеу, алмастыру, кейіптеу, бернелеу, әсірелеу, арнау, қайталақтау, шендестіру, дамыту, түйдектеу, бүкпелеу, кекесіндеу, т.б. жатқызылады. Троп сөздің нәзік иірімінің күш-қуатын ажарландырып, эмоционалды-экспрессивті мәнін бейнелі жеткізеді. Сөз бір мезгілде тура және астарлы мағынада қолданылады, бұлардың бір-бірімен байланысының өзі заттар мен құбылыстардың ұқсастығына қатысты келеді. Тілде троп түрлері өте көп, ол екі нәрсенің, не құбылыстың бір-бірімен сабақтастығы мен арақатынасын ашу негізінде жасалады (метонимия, синекдоха), не сипатталатын құбылыстың белгілерін екінші бір құбылыс ерекшеліктеріне ұқсату, ауыстыру тәсілі негізінде туындайды (метафора, теңеу), сондай-ақ троп бір нәрсені үлкейту не кішірейту, не сықақтау яки қарсы мағынада сипаттаумен, әсірелеу сарынымен де шендеседі (гипербола, литота, кейіптеу, ирония). Троп көркем әдебиет стилінде, публицистика мен ауызекі сөйлеуде жиі қолданыс тапқанымен, ғылыми-техникалық мәтіндерде, ресми іс қағаздарында қолданылмайды. Көркем мәтінде троптың бірнеше түрі бір мезгілде қатар қолданыла береді. Мысалы, Жарқ етпес қара көңілім не қылса да, Аспанда ай менен күн шағылса да (Абай).
72. Чарлз Сандерс Пирстің семиотикалық теориясы
Пирс Чарлз Сандерс — американ философ-идеалисі, логик, математик, табиғат зерттеушісі. Семиотика ұғымын алғаш рет ХІХ ғасырда американдық философ Чарльз Сандерс Пирс анықтаған. «Семиотика (белгі, нышан) – таңбалық белгілер жүйесі туралы ғылым, адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы (тіл, мәдениет, салт-дәстүр, кино т.б.), табиғаттағы (жануарлар дүниесі) немесе адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту арқылы қабылдау) ақпараттың сақталуы мен қабылдануына қатысты әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерін зерттейтін ғылыми пән. Ғылым саласының бұл атауын американ оқымыстысы Чарльз Сандерс Пирс ойлап тапқан. Алайда, оның кітаптары өзі қайтыс болғаннан кейін жарық көруі себепті, семиотика ғылым ретінде 1930 жылдарда пайда болды. Пирстан өзге белгілі семиолог ғалым ретінде Ролан Барттың есімін атауға болады». Ал ХХ ғасырда семиотика лингвистикалық ұғымға бейімделіп кетеді. Лингвистикалық құрылым идеясының негізін қалаған – Ф. де Соссюр. Ғылым көкжиегіне таңба мәселесін ең алғаш рет алға тартқан американдық философ және логик Чарлз Сандерс Пирс таңбаларды негізгі 3 топқа бөліп қарастырады. («триада Пирса»): 1. Белгі таңба (index) 2. Суретті таңба (icon) 3. Символ таңба Белгі таңба (index). Бұл «дейктикалық (сілтемелік) таңбалар, яғни таңба мен таңбаланушы арасында табиғи байланыс болады». Бұған жолда жүру ережелеріне қатысты таңбалар жатады. Суретті таңбалар (icon). Бұл форма мен денотаттың немесе таңбалаушы мен таңбаланушының ұқсастығына негізделген, мысалы жануар жіне оның суреті. Бұған пикторгафиялық жазуды жатқызуға болады. Суретті таңбалар бүгінгі таңда хабарландырулар мен жарнамаларда кеңінен қолданылады, бұларды жол, көше бойынан, компьютер мониторынан көреміз, ғылыми мәтіндерден кездестіреміз. Оларды, Б. А. Плотников таңбалаушы мен таңбаланушы уәжділігіне, байланыс сипатына қарай мынадай тәртіпке: фотосурет – сурет – сызба – сұлба – кесте – диаграмма – симол – формула – цифр – вербалды таңбаларды жазу тәсілі деп топтастырады. Суретті таңбалардың негізгі ерекшелігі – «форманың өзі денотат жөнінде ақпарат болып табылатыны». Мыс, М. Әуезовтің «Абай жолының» 1-томында аттарға салынған таңба арқылы қай рудың малы екендігін қазақтардың ажырата білгендігін көрсетеді. Онда: «Көз таңба» - Арғын, Бошан атттары, «ашамай» таңба-Керей, «шөміш» таңбалы- Найман. Символ таңба. Бұндай таңбаларды «шартты немесе конвенционалды таңбалар» деп атайды. Себебі бұл таңбаларды қолданушылар олардың денотаты мен формасын келісім арқылы байланыстырады. Символ сезім арқылы танылады. Ол интуитивті түрде ғана танылатын белгілі бір идеяны арқалайды. «Символ» ұғымының бойында таңба мен образға тән элементтер бар. Кез келген символ адам санасында образ бен бейне түзе отырып, оның танымына, түсінігіне, сезімдеріне әсер етіп қана қоймай, тұлғаның өмір сүруі мен әртүрлі шешеім қабылдауына ықпал жүргізіп, кейде санадан тыс мәжбүрлейді. Бұндай қасиетті көбіне идеологиялық сиволдардан таба аламыз. Мысалы: Орақ пен балғаның суреті белгіленген социализмнің туы, Кеңес Одағы дәуірінде социализмнің тек белгісі ғана болған жоқ. Бұл бейне идеологияны үгіттеудің құралы болып кетті. Адамды адал еңбекке шақыратын идеологиялық символға айналып қана қоймай, санаға әсер етіп, бейне, образ түрінде жадында сақталып, әрекет етуге септігін тигізген. М. Ысқақованың пікірінше, «Үш ашалы таңба» -ол Әлем патшасының белгісі және ол тек нағыз билікке ие болғанға ғана беріледі, үш аша – нағыз биліктің үштік болу белгісі – Патшалық, Абыздық, Әулиелік. Бұған Шыңғыс хан ие болды делінеді. М. Ысқақова тұжырымы бойынша, Шыңғыс ханның таңбасы ретінде шартты қызмет қана атқарып тұрған жоқ, соған қоса онда терең, кең ауқымдағы символдық мағына бар. Бұл таңба – патшалық, абыздылық, әулиелік, яғни билік символы болып кеткен. Соған орай үш ашалы таңбасы символдық таңбаға жатады.
73. Әдебиеттегі тек пен түр, жанр туралы теоритиктер тұжырымдары.,Туындының жанрлық белгісі әдебиеттану терминіне жатады. Өзінің шығармасының жанрын айқындау үстінде, жазушы оны белгілі бір әдеби нормаларға, дәстүрлерге сәйкестендіреді. Қандай да бір жанрды таңдауда, қаламгер жанрлық жүйеге, түрге сүйенеді. М.Бахтиннің айтуынша, “жанр” әдеби даму процесіндегі шығармашылық естің көрінісі”. Кейде жаңашыл қаламгерлер оқырмандар үшін күтпеген жанрлық атаулар табады. Жанр туындыға тұтас анықтама береді. Жанрлық белгілер, олардың сипаты әдеби процесте өзгермелі, олар жанрлық теорияларда алмасып отырады. Сонау классицизм дәуірінің өзінде трагедияның барлығы жанрлық канондарға сәйкескен жоқ. Трагедия “комедиядан үш жағдайда: кейіпкерлердің жағдайы, олардың тағдыры мен әрекеттерінің сипаты, шығармаларының аяқталуымен ерекшеленеді. Әрине, олардың стильдік те айырмасы бар. Сөйте тұра, жанрлардың тұрақты белгілері де болады. “Трагедияның мәні - қақтығыс, тартыс, қайшылық. Трагедияның идеясына үрейлі, сұсты оқиғалар, қатерлі мәселелер алынады. Немістер трагедияны қайғылы көрініс деп атайды” (Белинский.Поэзияны тегіне және түріне қарай бөлу”). Осылайша жанрларда өзгемелі және тұрақты елгілер болаы, тұрақты бегілер дәстүр жалғастығына жеткізеді. Жалпы, жанрлық теорияның беріктігін зерттеу, байқау әдебиеттің жылжымалы жанрлық бейнесінде байқалады. Әдебиет пен әдеби теориялар “риториканың белгілері” аясында дамып, әмбебаптық сипатта болады. Зерттеушілердің жанр проблемасына қызығушылығы оны психологиялық тұрғыда зерттеуге жеткізеді. 1960 жылдары отандық әдебиеттануда XIX-XX ғасыр әдебиетінде жанрлардың шекарасы жойыла бастауы байқалған. Жазушылар қатаң жанрлық құрылымды бара-бара аздау сақтап, эпос, лирика, драмадағы иілгіш “синтетикалық формалар” қолданды да, оларды белгілі бір дәстүрлі жанрға жатқызу қиынға түсті. Одан кейін ғылыми айналысқа Бахтиннің ұсынған канондық концепциясы енді. Онда әлемдік тарихтың жаңа дәуірінде туған жалғыз жанр деп, роман аталды. Зерттеуші: “романның салтанат құрған дәуірінде басқа жанрлар да әр түрлі дәрежеде “романданады”, драма, поэма, тіпті лирика да романға ұқсап кетеді”,- дейді. Жанрлар арасындағы алмасулар, ұштасу үрдісі әр кезеңде байқалған. Мысалы: XIX ғасырда орыс әдебиетінде реализмнің өркендеген кезінде Пушкиннің өлеңмен жазылған романы (“Евгений Онегин”) туды. Әдебиеттегі “тек” пен “түр”, “жанр” деген ұғымдар бір-бірімен тығыз бірлікте өрбіп жатады. Әдеби тектердің дараланып шығуы алғашқы қауымдық құрылысқа тән көпшіліктің бірлесе орындайтын ырым-жоралғылық синкреттік әрекеттерден бастау алады. Эпоста халық өмірі, лирикада ішкі толғаныс, драмада тартыс суреттеледі. Әдеби тектердің әрі қарайғы дамуы жанрлық өзгерістер арқылы көрінеді (мәселен, эпос ұғымы эпопея, мысалдан бастап, роман, повесть, әңгімеге ұласты). Әдебиетті текке бөлу Аристотельдің “Поэзия өнері туралы” трактатынан басталды (б.д.д. ғ.). Грек философы еңбегінде әдеби тектер теориясы әр қилы ғылыми және философиялық тұрғыда қарастырылды. Мұнда Аристотель көне грек әдебиетінде жинақталған көркемдік тәжірибелерге сүйенді. Неміс философы Гегель үш текті философиялық-логикалық жағынан негіздейді. Философтың пікірінше, эпос объективтілікке, лирика субъективтілікке құрылып, драма объективтілік пен субъективтілік қасиеттерді тоғыстырады. Канттың, Гегельдің эстетикалық көзқарастарында өнерді жеке тұлғаның субъективті шығармашылық қабілеті дүниеге әкеледі деген тұжырым кең орын алды. Мұндай көзқарастар эволюциясы А.Байтұрсыновтың әдеби-теориялық танымына да тән болды. Әдебиеттің тектерін көрсете отырып, оларға сипаттама беруде А.Байтұрсынов Аристотельдің бейнелеу тәсіліне, яғни автордың қатысына негізделген принципінде қалып қоймайды. Сөйтіп, “Әдебиет танытқыш” авторы әрі қарай ішкі, тысқы деген ұғымдарды қолдана отырып, әуезе, толғау және айтыс-тартыс жөніндегі ойларын тиянақтай түседі. Бұған Гегельің “Эстетика” еңбегінің әсері байқалады. Гегельдің “Эстетикасындағы” мұндай жалпылық мәндегі тұжырымдар әрі әдеби жанрға қатысты нақты байламдар орыс сыншысы В.Г.Белинскийдің “Поэзияны тегі мен түріне қарай бөлу” еңбегінде кеңінен пайдаланылды. Оны бүгінгі орыс әдебиеттанушылары да жоққа шығармайды. Айталық, В.Е.Хализев “Белинскийдің арқасына Гегельдік тұжырымдама отандық әдебиеттануда орнықты”, дейді.
74-Көркем шығарманың сюжеті1. Сюжет көркем шығармадағы басты элементтердің бірі. Көркем шығармалардың көпшілігі, әсіресе, прозада поэзиялық шығармалардың ішіндегі дастандық жырлар мен эпостарда, балладаларда сюжет желісін айқын аңғарамыз. Қазіргі әдеби үдерісте сюжетке құрылмай, кейіпкерлердің ішкі психологиясына, сезім иірімдеріне құрылған шығармалар да жеткілікті. Әрине осыған қарап бүгінгі көркем әдебиетке сюжет жат құбылыс деп айтуға болмайды.Мазмұн элементтері шығармашылық оқиға дамуы шиеленісі кіреді. Бұдан өзге шығармаға мазмұн жайлы сөз еткенде оның мазмұны болып тақырыбы мен идеясын айтуымызға тура келеді. Өйткені тақырып пен идея шығарманың өзегін құрайды.
Сюжет (фр. sujet - зат) - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі. Сюжеттің негізі - өмірлік тартыс, конфликт, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы қақтығыс. Ол тартыс, конфликт - әр түрлі адамдардың көзқарасындағы қарама-қайшылық. Мұндай кайшылықтар әр түрлі әлеуметтік топтардың ымырасыз күресі, таласы үстінде қандай айқын бой көрсетсе, сонымен қатар, баяндалған оқиға, жағдайларға кейіикерлердің әр түрлі қарап бағалауынан да жақсы аңғарылады. Кейіпкерлердің қақтығысы қалайда қоғамдық өмірдегі күрес-тартыспен қабысып жатады, жеке адамдардың іс-әрекетінен, тағдырынан оқырмандар заманның, дәуірдің шындығын көріп, әлеуметтік қайшылықтардың сырын ұғады. Шығармадағы қақтығыстартыстың өрістеп дамуы үстінде кейіпкерлердің қимыл-әрекеттері, ой-сезімдері, сөздері арқылы олардың характері ашыла, айқындала тұседі. Сюжеттің жүйелі тұтастығы да, жекелеген сәттері, яғни бастамасы, шиеленісуі, шарыктау шегіне жетуі және шешілу-аяқталуы да өмірлік тартыс, қайшылықтың даму-өрістеу заңдылықтарына сәйкес келіп отырады. Оқиға желісі болған соң, тартыс болған соң оның қандай да болсын бастауы, өрістеп, шиеленісіп, ширығатын кезі, аяқталуы болатыны түсінікті. Және мәселе окиғаның жай аяқталуында емес, көркем шығармадағы қактығыстар, жеке сурет-картиналар арқылы толысып, мағынасы кеңейе түсетін окиға тізбегі бара келе логикалык тиянактылык тауып, негізгі шиеленістің түйіндері шешіліп, бәрі-бәрі бір арнаға құйылып барып тынуы, сол арқылы шығарманың негізгі идеясы өсерлі толық ашылуы аса қажет. Сонымен бірге Сюжеттің беташары ретінде аңдату (пролог), ал соңында (эпилог) суреттемелер де беріледі. Олардың болуы шартты емес, тек қажетті деп саналса ғана. Сюжеттің аталған түстары, өз алдына оқшауланып көрінетін болшектері үнемі бір қалыппен жасалмайды, өмірдегі нақтылы жағдайларға орай сан түрлі болып құбылып өзгеріп отырады. Сюжеттің мағыналык мүмкіндігі баяндалатын, оқиғаға катысатын кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінезбітімі, яғни, характерлері бейнеленуі арқылы ашыла түседі. Қалай десек те, Сюжет пен кейіпкерлер, олардың характерлері арасындағы тығыз байланыс, сабақтастық бар. Ойткені окиға дегеніміз - адамның басынан кешетін жағдайы немесе бірнеше адамдардың қарым-қатынасының көрінісі. Ал, адамның мінез өзгешелігі, характері оның істеген ісінен, қимыл-әрекетінен айқын танылатыны және талассыз. Ал кейбір шығармаларда кейіпкерлердің характеріне, мінез-құлқына тереңірек бойлап, өмір шындығын ашып көрсетудің орнына, баяндалып отырған жағдайларды ешбір зерлеп, зерттеп жатпай, окиға желісінің өзін қызықтап, соның ізін қуып кету де кездесетінін мойындаумыз керек. Бірак бұл көркемөнердің талабы емес, көбінесе жазушынын талғампаздық, шеберлігінің жетіспеуінен болады. Сюжетті қызықтау, оқиғаны қыздырмалап, бірыңғай баяндау детективтік жанр шығармаларына ғана болмаса, басқа әдеби туындыларда ұтымды болмайды. Көлемді шығармада оқиға желісі бірнеше тарауға бөлініп, қатарласа өрбіп, бір-бірімен жалғаса келіп, бір арнаға құйылады. Сюжеттің аяқталуы, бітуі дегеніміз - баяндалып отырған оқиғалардың бір арнаға сайып, оз шешімін табуы. Алайда Сюжеттің аякталуы, тиянақтылығы әр шығармада әр түрлі. Көп жағдайда шығармадағы оқиғаларды одан әрі үластырып, жалғастыру мүмкін болса да, жазушы баяндауын сөза бермей, кайырады. Өйткені оқиғаға қатысты кейіпкерлердің өмірін үнемі сарқа баяндау мақсат емес. Жазушы бір не бірнеше окиғаны суреттеу арқылы кейіпкерлердің характерін, мінез-бітімін айкын айтып корсетуі ықгимал. Неғұрлым кейіпкерлердің мінез-құлкы, бейне тұлғасы дараланып, әсерлі корінсе, солғүрлым шығарманың Сюжеті тиянақты аяқталғандай сезіледі. Романдарда оқиға бір-біріне ұласып, жалғасып кете береді де, оқырман шексіз, шетсіз өмір ағысын көріп отырғандай әсер алады. Кейде тіпті шығарма аякталып біткен тұста да баяндалған кейбір жәйттер, оқиғаның жеке түйіндері толық анықталмай қала береді. Осындай ерекшеліктерді ескеріп, кейде мұндай прозалык туындыларды "ашық роман" деп, басқа топқа жатқызып, тұжырымды аяқталғанды "тұйық роман" деп ажыратып, бөлек қарастырылады.
75.Жоғарғы миметикалық модус қаһарманы. Кейiпкер – көркем шығармада әрекет ететін тұлға, ол оқиғаға тiкелей қатысушы немесе эпизодтар-да жай ғана аталып өтуі мүмкін тұлға. Әдеби туынды құрылымындағы аса маңызды элементтің бірі әрі бірегейі кейiпкер болады, өйткенi ол оқиғаның немесе басқа да маңызды көркемдік функциялардың дамып, орындалуына ықпалын тигізеді. Әдебиет теоретиктері тарапынан көркем туындыдағы атқаратын роліне қарай кейіпкерлерді жоғары сатыдағы және екінші сатыдағы кейіпкер деп жіктейтін тұжырым қалыптасқан. Бұл тұжырым бойын-ша бiрiншi сатыдағы кейiпкер «қаhарман» деп аталады. Қаhарман – көркем шығарманың орталық (негізгі) кейiпкерi болып, оқиға барысында белсенділік танытып, оның дамуына себепкер болады.Алайда бұл термин әдебиет теори-ясында кеңiнен қолданатындықтан, оны кез келген кейiпкерге қолдана отырып, баяндау барысында орталық рөлдi орындайтындарға телиді. Екінші сатыдағы кейiпкер шығармада маңызды рөл ойнайды, алайда, оның қаhармандардан айырмашылығы – сюжеттiң даму барысында белсенді түрде көрінбейді және көп жағдайда қаламгер оны оқиғаны дамыту мақсатында өзге кейiпкерлермен салыстыру үшін қосымша енгізіп, көмекші құрал ретiнде қолданады. Мәдени танымдағы кейіпкерлер жүйесіне семиотикалық және миметикалық қызмет атқаратын әдеби, мифологиялық, діни, т.б. кейіпкерлер ене-ді. Модус ұғымын енгізген Нортроп Фрай. Ол образдың, жанрдың архетиптерін және белгілі бір мифтерді таиғаттың төрт мезгілімен салыстырады.Комедияны көктемге, рыцарлық романды жазға, трагедияны күзге, иронияны қысқа балайды. Фрайдың ойынша модус дегеніміз- образды қабылдаудың тәсілі. Өткен ғасырдың бірінші жартысында әдебиетте модус жандана бастады. Миметикалық, семиотикалық қызметтің мәнін түсіндіру үшін «мимесис», «мимезис» сөздеріне тоқтала кеткен жөн. «Мимезис, мимесис (еліктеу, жаңғырту) - 1) адамдардың ақиқатқа еліктейтін шығармашылық қызметінің мәнін сипаттайтын философиялық-эстетикалық категория; 2) қоғамның дамуы «шығармашылықтан тыс көпшіліктің» «шығармашылық азшылыққа» тәуелді болуына байланысты деген пікірді қуаттайтын ұстаным; 3) ақиқат болмыстың өнерде бейнеленуі, бөгде мәдениетке еліктеу, шығармашылық элитаға еліктеу» «Семиотика (белгі, нышан) - белгілер мен нышандар, белгілер жүйесі, символдар мен мифоло-гемдер туралы ғылым. Ғылым саласының бұл атауын американ оқымыстысы Чарльз Сандерс Пирс ойлап тапқан. Алайда, оның кітаптары өзі қайтыс болғаннан кейін жарық көруі себепті, семиотика ғылым ретінде 1930 жылдарда пайда болды. Пирстан өзге белгілі семиолог ғалым ретінде Ролан Барттың есімін атауға болады»
Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 260 | Нарушение авторских прав