Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жеке еңбек шартының ұғымы,оның мазмұны мен түрлері

Читайте также:
  1. Автотрофты қоректену түрлері
  2. Азаматтық құқық қатынастарының түрлері.
  3. Азаматтық құқық қатынасының мазмұны.
  4. Азаматтық іс жүргізудің ұғымы мен мазмұны
  5. Аржылық бақылаудың ұғымы және түрлері
  6. Атқарушы биліктің органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі және түрлері
  7. Былту, оның түрлері.

Еңбек заңдарының негізгі институттарының бірі жеке еңбек шарты болып табылады.Жеке еңбек шартының негізінде жұмыс беруші және жұмысшы мен қызметші арасындағы еңбек құқықтық қатынастары белгіленеді.Жеке еңбек шартының негізгі белгілері Еңбек туралы заңның 9-бабында көрсетілген,жеке еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша нысанда жасалған екі жақты келісімге сәйкес қызметкер жұмыс берушінің актісін орындай отырып белгілі бір мамандық,біліктілік немесе қызмет бойынша жұмыс атқаруға міндеттенеді,ал жұмыс беруші қызметкерге еңбек ақысын,заңмен және тараптардың келісімімен көзделген ақшалай төлемдерді дер кезінде,толық көлемінде тқлеуге және еңбек туралы заң мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы заңының 10-бабына сәйкес жеке еңбек шартының мерзімі;

1) белгісіз мерзімге;

2) белгілі бір мерзімге;

3) белгілі бір жұмысты орындау уақытына немесе жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уаақытына жасалуы мүмкін.

Барлық жағдайларда жеке еңбек шартында және жұмыс берушінің бұйрығындажеке еңбек шартының қандай мерзімге жасалатыны корсетіледі.

Егер жеке еңбек шартында оның қолданылу мерзімі айтылмаса,шарт белгісіз мерзімге деп жасалған деп есептеледі.

Жеке еңбек шартын жасау үшін жұмыс беруші еңбек қызметін растайтын құжаттар талап етуге құқылы,олар мысалы;еңбек кітапшасы,немесе жеке еңбек шарты не жұмысқа қабылдау мен жұмыстан босату туралы бұйрықтардың көшрмелері қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар болып табылады.Жұмысберуші аталған құжаттардан басқа жеке бастың куәлігі,16 жасқа толмағандардан туу туралы куәлігін,білімдінемесе кәсіптік даярлығы туралы құжатты және заңдарда көзделген басқа құжаттарды талапетуге құқылы.

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмысқа қабылдау кезінде жұмыс беруші қызметкердікәсіби аурудың пайда болуының неғұрлым ықтимал мерзімі туралы ескертуге міндетті.Денсаулақжағдайы бойынша істеуге болмайтын жұмысқаазаматтарды қабылдауға тыйым салынады.

Еңбек құқықтық қатынастарын атқарупроцесінде басқа жұмысқа ауыстыру ережелері бойынша олардың өзгертілуі мүмкін.

Жеке еңбек шартының қажетті жағдайларының бірі еңбек функциясын немесе жұмыс орнын өзгерту ауыстыру деп есептеледі.Бірінші жағдайдабіз басқа жұмысқа ауыстыруды,ал екінші жағдайда басқа орынға ауыстыруды айтып отырмыз.Жеке еңбек шартының қажетті талаптарын белгілеу тараптардың келісімібойынша болатындықтан,оларды өзгерту де келісуді талап етеді және ауыстыруды қызметкердің жазбаша келісімінсіз жүзеге асыруға болмайды.Заң бұл ережелерге мынадай екі жағдайда ғана қоспайды:өндірістік қажеттілік болған жағдайда басқа жұмысқа уақытша ауыстыру:іркіліске байланысты басқа жқмысқа уақытша ауыстыру.

Егер еңбек функциясын өзгертуді көздейтін басқа жұмысқа ауыстыру ерекше түсініктемелерді қажететпейтін болса,жұмыстың басқа орнына ауыстыруды көбінесе басқа жұмыс орнына алмастырумен шатастырады,бірақ бұлардың айырмашылығыбар.

Жұмыс орны әдетте ұйымның тұрған жерімен анықталады,ал мұның өзі қызметкерді басқа мекендегі жұмысқа, тіпті осы кәсіпорынның немесе мекеменің филиалы,цехы немесе басқа құрылымдық бөлімшесінде де жұмыс істеуді келісімінсіз ұсынуға болмайды, дәлірек айтқанда, өзінің келісімінсіз қызметкерді ауыстыруға болмайды деген сөз.Алмастыру мен ауыстырудың шекаралары елді мекеннің шекараларымен сәйкес келеді.Осы шекаралар шегінде, сондай ақ ұйым,ішінде белгілі бір мамандық немесе қызмет бойынша жұмыс ұсыну ауыстыру болып табылмайды

Өндірісті ұйымдастырудағы өзгерістер мен жұмыс берушінің жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты жұмысты сол кәсібі,біліктілігі,лауазымы бойынша жалғастырған бас тартқан жағдайда Ет3-ның 26-бабының 7-тармақшасы бойынша онымен жеке еңбек шарты бұзылады.

Ауыстыруларды мерзіміне(тұрақты және уақытша),жұмыс орнына(сол ұйымда немесе басқа жерде),ауыстыру кімнің бастамасы екеніне (әкімшіліктің немесе қызметкердің бастамасы бойынша)байланысты жекеленген түрлерге жіктелуі мүмкін.

Ауыстырудың жекеленген түрлерін қарастырып көрелік.

Уақытша ауыстырулар.Бұл ауыстыруларға, басқа да ауыстырулар секілді,жеке еңбек шарты талаптарының жазбаша кеісімімен ғана жол беріледі.Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жүзеге асырылатын уақытша ауыстырулардың екі түрі бұған жатпайды.Бұл аустырулар өндірістік қажеттілікке байланысты,іркіліске байланысты ауыстырулар.Олар қызметкер үшін міндетті.Белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін қызметкер бұрынғы жұмысына қайта орналастырылады.

Өндірістік қажеттілікке байланысты ауыстыру.Мұндай ауыстыру мынадай төтенше жағдайлар туындаса орын алуы мүмкін:

1.Дүлей апаттардың,өндірстік авариялардың алдын алу немесе олардың зардаптарын дереу жою.

2.Жазатайым жағдайлардың іркілестің,мүліктің жойылйын немесе бүлінуін болғызбай алдын алу.

Өндірістік қажеттілік болған жағдайда басқа жұмысқа уақытша ауыстыру кезінде қызметкер біліктілікті қажет етпейтін жұмысқа да ауыстырылуы мүмкін,бірақбұл орайда оның денсаулық жағдайы ескерілуге тиіс.

Еңбекке ақы төлеу атқарылған жұмыс бойынша жүргізіледі,бірақ ол бұрынғы жұмыс бойынша орташа жалақыдан төмен болмауы тиіс.Қызметкер сол жердегі ұйым ішірде ауыстырылуы мүмкін.(Ет3 20-бабы).

Іркіліс,яғни өндірістік сипаттағы себептер бойынша жұмыстың уақытша тоқтатылуына байланысты жұмыс берушінің қызметкерді мамандығын,біліктілігін және оның денсаулық жағдайына зақым келтірілмеуін ескере отырып,оның кеісімінсіз бір айдан аспайтын мерзімге басқа жұмысқа ауыстыруға құқығы бар.

Қызметкердің (не медициналық мекемелердің)бастамасы бойынша да уақытша ауыстырулар болу мүмкін және олар мына төмендегідей жайдайлардажұмыс беруші үшін міндетті.Белгілі бір жұмыс берушіде еңбек міндеттерін орындауға байланысты еңбекте мүгедек болуына,кәсіптік аурухана немесе денсаулығына өзге де зақымкелуіне байланысты,қызметкерді жұмыс беруші еңбек қабілеттілігін қалпына келтіргенше немесе мүгедектігі айқындалғанша бұрынғы жалақысының айырмасын қосымша төлей отырып,неғұрлым жеңіл жұмысқа ауыстыруға міндетті.

Жүктіті әйелдер медициналық қорытынды негізінде бұрынғы жұмысындағыторташа жалақысы сақтала отырып,неғұрлым жеңіл жұмысқа ауыстырылады.

Басқа тұрақты жұмыс ауыстыру.Мұндай ауыстыру сол ұйымда, немесе сол ұйыммен бірге басқа жерде болуы мүмкін.Мұндай жағдайда ауыстырудың қажетті шарты қызметкерлердің жазбаша келісімі болып табылады.Ұйыммен бірге басқа жерге ауыстудан қызметкердің бас тарту жеке еңбек шартын бұзуға дербес негіз болып табылады(Ет3 26-бабының 5-тамақшасы).

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 730 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)