Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азаматтық іс жүргізудің ұғымы мен мазмұны

Читайте также:
  1. Quot;Қоршаған орта" ұғымына нені жатқызуға болады
  2. Азаматтық құқық қатынастарының түрлері.
  3. Азаматтық құқық қатынасының мазмұны.
  4. Азаматтық құқық туралы ұғым
  5. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.
  6. Азаматтық заңдар және олардың жүйесі.
  7. Азаматтық заңдардың қолданылуы.

Сотта азаматтық іс: 1) өзінің құқығын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін өтініш жасаған адамның арызы бойынша; 2) прокурордың арызы бойынша; 3) заң бойынша басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгіне алатын болған жағдайда мемлекеттік басқару, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, кәсіподақтың, мекемелердің, ұйымдардың және азаматтардың мәлімдеуі бойынша қозғалады (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 8, 56,57-баптары).

Азаматтық іс қозғау – процестің бірінші және өте маңызды сатысы.

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 152-бабына сәйкес азаматтық іс бойынша арызды қабылдау туралы мәселені судья жеке дара шешеді. Арыз сотқа түскен күннен бастап бес күннің ішінде судья істі қозғау жөнінде ұйғарым шығарады. Мүдделі адамның құқығын соттың қорғауы іске асырылатыны немесе байланысты болады.

Құқықты сот қорғауының маңызды кепілдігі Азаматтық іс жүргізу кодексінің 153-бабында арызды қабылдаудан бас тарту үшін негіздердің бәрін қамтитын тізбесі көзделген. Судья арызды қабылдаудан бас тарта отырып, бұл туралы дәлелді ұйғарым шығарады. Ұйғарым судья, егер іс соттың қарауына жатпаса, арыз берушінің қандай органға жүгінуі керек екенін не істің пайда болуына кедергі жасайтын мән-жайларды қалай жоюға болатынын көрсетуге міндетті. Заңда судьяның арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымына жоғары тұрған сотқа шағым жасауға немесе прокурордың наразылық келтіруіне жол береді.

Азаматтық істі қозғаудың алдында мүдделі адам талап-арыз, шағым (арыз) береді.

Талап-арыздың берілуімен талап бойынша іс қозғалады. Талап бойынша іс жүргізу азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй және басқа да құқық қатынастарынан туындайтын субъективті құқық немесе заңмен қорғалатын мүдде туралы дауларды қарау мен шншу жөніндегі соттың азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген қызмет.

Мүдделі адамның бұзылған немесе дау туғызған субъективті құқығын немесе заңмен қорғалатын мүддесін құқық туралы дауды шешу жолымен қорғауды талап етіп сотқа жүгінуі талап – арыз деп аталады.

Талап қоюшының қандай талап қоюына қарай талаптар беру туралы (өндіру немесе орындау), тану (анықтаушылық) және өзгертушілік туралы (мысалы, некені бұзу туралы) талап қою болып бөлінеді. Талаптардың көпшілігі өндіру туралы (алимент өндіріп алу туралы, денсаулыққа немесе мүлікке келтірілген залалдың орнын толтыру туралы, көшіріп жіберу және басқалары туралы) болады. Тану туралы талап қою соттың өз шешімімен талап қоюшы мен жауапкер арасында құқық қатынастары бар-жоғын анықтап, айқын емес,күмәнді жәйтерді жоюына бағытталған (мысалы, әке болуын анықтау туралы, өсиетті жарамсыз деп тану туралы).

Талап – арыз оның нысанасы мен негіздемесіне бөлінеді. Олар талаптың элементтері, оның құрамдас бөліктері деп аталады. Практикада бір талап арыз екіншісінен солар бойынша ерекшеленеді. Заңда сотқа қайта қайталап ұқсас талап қоюға жол берілмейді. (Азаматтық іс жүргіу кодексі 153-бабының 4-тармағы). Ол сотта қағызбастылық туғызады, соттың беделін түсіреді және сот қаулыларының тұрақтылығын бұзады.

Сотта азаматтық істердің көпшілігі Азаматтық іс жүргізу кодексінің 150-бабында аталған талаптар сақтала отырып, жазбаша түрде талап қойылған, яғни азаматтық іс туралы қажет мәліметтер(ақпарат) бар арыз беру арқылы қозғалады. Егер арызды өкіл (адвокат, юрисконсульт) берсе, оған заңда белгіленген тәртіппен рәсімделген сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын өзге құжат қоса табыс етілуі қажет.

Талап қойылған арызға талап қоюшы қол қойып, сотқа жауапкерлер мен үшінші жақтың санына қарай көшірмелерімен қоса беріледі. Судья істің қиындығы мен сипатына қарай талапкерді талап қойылған арызға қосылған құжаттардың көшірмелерін табыс етуге міндеттеуі мүмкін (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 151-бабы). Талап қойылған арз бен құжаттардың көшірмесі жауапкерге табыс етіледі, мұның өзі оның істі сотта қарауға дайындалуына мүмкіндік береді.

Істі сотта дербес жүргізу үшін мүдделі адамның іс жүргізу қабілеті болуға тиіс (Азаматтық іс жүргіз кодексінің 46-бабы). Бұл сотта өз құқықтарын тікелей өзі жүзеге асыруға және істі жүргізуді өкіліне тапсыруға қабілеттілік деген сөз.

14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмлетке толмағандардың, сондай-ақ әрекетке қабілеті шектеуді деп танылған азаматтардың құқықтары мен мүдделерін сотта олардың ата-аналары, асырап алушылары немесе қамқоршылары қорғайды, алайда сот мұндай істерге қатысуға кәмлетке толмағандардың немесе әрекетке қабілетті шектеулі деп танылған азаматтардың өздерін де тартуға міндетті.

Еңбек қатынастарынан және алатын табысына, степендиясына, өзге де кірісіне және өзі жасаған интелектуалдық меншік құқығы объектілеріне билік етуге байланысты мәмілелерден туындайтын істер бойынша кәмлетке толмағандардың сотта өз құқығын және заңмен қорғалатын мүдделерін тікелей өзі қорғауға құқығы бар. Мұндай істерге қатысу үшін кәмлетке толмағандарға көмек көрсетуге олар ата-аналарын, асырап алушыларын немесе қамқоршыларын тарту сотын қйғаруына байланысты болады.

Он төрт жасқа дейінгі кәмлетке толмағандардың, сонда й-ақ психикалық аурудың немесе ақыл – есінің кемістігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың құқықтары мен мүделерін сотта олардың заңды өкілдері – ата-аналары, асырап алушылары жіне қорғаушылары қорғайды.

Заңды өкілдің өкілеттігі төлқұжатпен немесе арнаулы куәлікпен куәландырылады (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 63-бабы). Басқа өкілдердің істі жүргізуге өкілділігі Азаматтық іс жүргізу кодексі 62-бабының талаптарына сәйкес рәсімделуге тиіс.

Сотқа берілген талап қойылған арызға баж төлеуге тиіс (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 101-бабы, «Мемлекеттік баж туралы» 1996 жылы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы).

Азаматтық істі қозғай отырып, бес күннің ішінде судья ұйғарым шығарады да, сонымен бірге істі өзінің жүргізуіне қабылдайды және сол кезден бастап нақты іс бойынша процесс пайда болды.

Осыдан кейін судья істі соттың қарауына әзірлейді, мұның мақсаты істі дұрыс және мезгілінде қарау мен заңды және негізделген сот шешімін шығару болып болып табылды (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 166-бабы).

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 147-бабына аталған істерді қоспағанда, азаматтық іс екі ай ішінде қаралуға тиіс. Істі дайындау 7 күн ішінде жүргізіледі, күрделі істер бойынша судья дәлелді ұйғарым арқылы оны бір айға дейін ұзарта алады.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 153 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)