Читайте также:
|
|
Қазіргі кезде дүниежүзінде соның ішінде біздің елімізде күннен-күнге жайлап, үлкен қауіп төндіріп отырған мәселелердің бірі есірткі бизнесін жатқызуға болады. Әлемнің белгілі зерттеушілері қазіргі уақытта есірткінің адам баласына келтіріп отырған ауыр зардаптарын жан-жақты зерттеп, оның қазіргі кезде ең өзекті де, маңызды мәселеге айналғанын дәлелдеп берген болатын. Дүниежүзі бойынша есірткі заттарының жоғарғы деңгейде таралуы, оны қолдаушылар санының еселеп өсуі, үлкен саясатқа араласып, бүкіл әлемнің ғасыр дертіне айналғанын айтуға болады. 1961 жылы дүниежүзі мемлекеттері арасында, «есірткі заттарын жою» туралы бірыңғай конвенциясының тізімі, ал 1971 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберінде психотроптық заттар және 1988 жылы «есірткі заттарына қарсы күрес» туралы көпжақты шарттар және 1998 жылы 10 шілдеде «бақылауға алынатын есірткі заттары» жөнінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бекітілген болатын. Біріккен Ұлттар Ұйымының 1988 жылы «есірткі заттарына қарсы күрес» туралы шартында көрсетілгендей, дүниежүзінде есірткінің теріс ықпалы мынадай жағдайлардан байқалады.[1, 258];
1. Есірткінің жоғарғы деңгейде таралуы халықаралық қылмысты құрайды. Сондықтан оған жедел түрде және бірінші кезекте көңіл аудару керек.
2. Есірткінің таралуы қылмыскерлер санының өсуі, бұл мемлекеттердің экономикасы мен қауіпсіздігіне теріс ықпалын тигізеді.
3. Есірткі заттарының өндірілуі, әлемдегі сұраныс пен ұсыныс ауқымының өсуі, әрбір мемлекеттің мәдени және саяси жағдайына қауіп төндіреді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының құжаттарында, есірткі заттарының өндірілуі және оның айналымда жоғарғы қарқынмен таралуы, соның салдарынан зорлаудың, күштеудің көбейетіндігіне назар аударылған. Әлем зерттеушілерінің пікірі бойынша, нашақорлықты алдын алу үшін мемлекет тарапынан қатаң бақылау орнату есірткі заттарының жойылуының бірден бір негізі болады деген пікірді білдіреді.
Қазіргі кезде әр елде есірткі мәселесін шешудің өз шешімдері табылған. Бірқатар мемлекеттер есірткі заттарының таралуын ең жоғарғы қылмыстық жауаптылыққа тартуды жақтайды. Дүниежүзінің он екі мемлекеті есірткіге байланысты қылмыстар үшін жазаның ең ауыр түрі ретінде өлім жазасын қолданылғанын атап өтуге болады. Мысалы: Сингапур, Индонезия және т.б. Адамзат тарихына тоқталсақ, есірткі заттарына қарсы күресте небір қатал әдістер мен амалдар қолданылғанымен оның ешбіреуі оң нәтиже берген жоқ. Біріккен Ұлттар Ұйымының есірткі заттарын қадағалау мен қылмысты алдын алу басқарамасы сарапшыларының мәліметтеріне жүгінсек, Ауғаныстанда өндірілген есірткі заттарының көлемі әлемдік өнімнің 75-80 пайызын құрап отыр. Егер алдынғы жылдардағы қордаланып қалған дайын өнімдерді қоса есептегенде, оның мөлшері сегіз және он мың тонна төңірегінде деген жорамалға барады. Бұл елде жүргізілген антитеррорлық әрекеттер барысында есірткі шикізатын өсіретін алқаптар залалсыздандырылмағанын айта кетуіміз керек. Есірткінің ордасына айналған халықаралық ұштастықтың белгісі болған Ауғаныстаннан қазақ жерінің онша алыс орналаспағандығын ескертсек, онда мұндай жағдайда елдің қауіпсіздігіне үлкен нұқсан келтірері айпаса да түсінікті.[2, 553];
Қазіргі таңда елімізде ресми тіркелгендердің саны жылдан-жылға азайғанын, бұл еліміздің есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейткенін айтады. Қазақстан мен Ресей сарапшыларының мәліметтеріне қарағанда, еліміздің аумағы арқылы өткен есірткі заттарының 80 пайызға жуығы Солтүстік көршіміздің рыногына аса қиындықсыз жеткізілетіндігі кімді болмаса да таң қалдырмай қоймас. Республикалық және жергілікті бюджеттен есірткімен күрес мәселесіне қаржы бөлу жылдан-жылға артып келеді, дегенмен бұл бөлінген қаржы жеткіліксіз. Сондықтанда халықаралық ұйымдарға жүгінуге тура келеді.
Әлем зерттеушілерінің мәліметтері бойынша, дүниежүзінде 68 пайыз ауыр есірткі заттарын, ал 22 пайыз жеңілдеу (марихуана және анаша) түрлерін тұтынады. Негізінен бұл көрсеткіштер халықаралық негізде осыдан он жыл бұрын керісінше болатын. Алайда, жиырма жылдан бері соғысып келе жатқан ауғандардың табыс көзіне айналған есірткі заттарын сату болғандықтан, Кеңес Одағы ыдырай салысымен ашық қалған шекаралардан емін еркін Орталық Азия елдері арқылы Қазақстанға, Ресейге одан әрі Шығыс Еуропамен бүкіл әлемге тарата бастады. Бұл өз кезегіне халықаралық экономикаға, қоғамға қарсы әрекет екені мәлім. Сондықтан да Ауған жеріне жақын жатқан елдер осы дертпен барлық күш-жігерлерін сала күресетіні белгілі. Ауғаныстанда соғыс жүріп жатқанда, есірткі заттарын өндіру біршама азайған болатын.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде есірткі құралдарының контрабандасымен күрес жөніндегі ынтымақтастық жоспарында нақты іс-қимылдарды қолдану мәселелері жылдан-жылға артып келуде. Заңсыз есірткі айналымымен күрес проблемасының аса қиындығы халықаралық есірткі бизнесі мен оның ұлттық тармақтарының өсе түскен бірлескен іс-қимылы, қабылданатын шаралары үйлестірудің тиімді жүйесін құру мақсатында дүниежүзілік қауымдастықтың күш-жігерін қосымша біріктіруді талап етеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданған болатын. Онда қазақстандықтардың қолдауынсыз мүмкін болмайтын және бұл проблеманың ауқымы мемлекеттік және қоғамдық тұрғыда түсінуді талап ететін нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің маңыздылығы айқын атап көрсетілген, 1999 жылғы 14 желтоқсандағы «Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі» деп аталатын елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы есірткіге қарсы күрес саласындағы іс-қимылдың болашағына берілген бағаға негізделген. Бағдарламаны «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңының ережелері түзді. Бағдарламаны жасауда осы саладағы басқа да маңызды нормативтік құқықтық актілердің қағидалары ескерілді.
Есірткіге байланысты қылмыстарға қарсы күрес жүргізу ең алдымен, есірткінің өзі тұтынушы ретінде сатып алатын адамдар емес, есірткі бизнесін ұйымдастырушыларды, есірткіні таратушылар мен сатушыларды анықтап, жолын кесуге бағытталуы тиіс. Есірткіге байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс азаматтарға қатысты әзірленіп жатқан халықаралық және отандық құқықтық келісімдер және есірткіні теріс пайдалануға қарсы күрес саласындағы норма шығару процесінің одан әрі жан-жақты жүргізілуіне негіз болуға тиіс.
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 119 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Дені сау баланы қалыптастырудың алғышарттары | | | Денсаулық туралы түсінік |