Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жүкті әйел, күн режимі, тамағы, киімі

Бейімделудің анықтамасы және оның физиологиялық тетіктері. | Первая помощь при отравлении | ОҚО демографиялық көрсеткіштері | Дені сау баланы қалыптастырудың алғышарттары | Есірткінің дүниежүзінде таралу ерекшеліктері | Баланың жатыр |


Читайте также:
  1. A) күнделікті сұраныс тауарлары
  2. Атысушылардың жатын орны, тамағы, жол ақысы өзінің немесе жіберуші ұйымның есебінен.
  3. жылдын июнундагы трагедиялуу күндөр
  4. Тапсырма: Оқушы күнделігі туралы бағдарлама жасау.

Жүктілік кезеңде әйелді үміт пен қорқыныш қатар билеп, өзін қиял-ғажайып бір сапарға шыққандай сезінеді. Жаратқанның құдіретімен құрсағында лүпілдеген тірі жанның жетілуі әр ананы мейірім, шапағат секілді сезімдерге бөлей түседі. Жүктілік 16 жастан кіші, 35 жастан асқан әйелдерде ерекше бақылауды қажет етеді. Көктем кезінде жүкті болған әйелдер денсаулығына, тамағының нәрлілігі мен ұйқысының қанық болуына көп көңіл бөлуі керек. Күз мезгілі жүктіліктің ең қолайлы кезеңі десек те болады, адам ағзасында жазда дәрумен қоры жиналып, жүктілікке байланысты өзгерістерге үйренісу көбінесе суық айларда жеңілірек болады. Жалпы жүктілік соңғы етеккір келген күннен бастап орташа есеппен 280 күн, яғни 40 аптаға созылады.

Жүктіліктің 3 кезеңі:

жағдайларға байланысты түсік қаупі кезігеді. 13 аптада 30 грамдай ғана тартатын шарананың басы, қолы, аяғы, саусақтары мен ішкі мүшелері, тіпті тіс төмпешіктері де болады. Алғашқы апталарда-ақ оның жүрегі соға бастайды, осыншама өзгеріс пен өте тез даму қарқыны болашақ анаға күтімді қажет етеді. Орта кезең көбінесе ең жайлы кезең секілді. 1000 грамға дейін өсетін баланың кірпік, қас, тырнағы өсіп, тыныс алу әрі жыныстық мүшелері дамиды. Ең бірінші қозғалысын анасы осы кезеңде сезеді, алдағы уақытта тебуі, аунап түсуі жиілей түседі. Бұл кезеңде бойы 35 см-ге дейін жеткен нәресте ұйықтап, жұтынып, тіпті кіші дәреті пайда болады.

кеңесу керек. Себебі, салмақ қосатын күндер әлі алда.

тәмамдайтын, қарқынды түрде өсетін кез. Орташа есеппен нәресте 3-4 кг, 50-55 смболып туылады, орта салмақты аналар үшін 10-14 кгқосу қалыпты саналады. 32 аптада бала туылатын жағдайға бейімделіп, яғни, басы төмен орналасады.

Жалпы жүкті әйелдер тіркелмеген болса да, тұратын жеріне қарасты аумақтық емханаға есепке алынады. Жергілікті (учаскелік) дәрігерге көрініп, акушер-гинекологқа есепке тұрады. Алдыңғы балалар шетінеген, түсік тасталған болса немесе қандай да бір гормондық, генетикалық үйлесімсіздіктің туындауынан секемденген жағдайда жоғары технологиялық мүмкіндіктері бар, жақсы жабдықталған арнайы мекемелерге қосымша қаралған артық емес. Жүктіліктің белгілі уақыттарында қажетті анализ, тесттер арқылы баланың жатырдағы даму барысын, проблемаларды бақылауға болады. Ерте диагностика қай кезде де алдын алу шаралары үшін ең маңызды қадам болып табылады.

Жүктілік мерзімі барысында әр кезеңде бір рет, яғни жүктіліктің қалыпты дамуы жағдайында дәрігердің шешімімен бас-аяғы 3 рет балаға ультрадыбыстық зерттеу жасату жеткілікті. Қаншалықты зиянсыз деп танылғанмен керексіз жасата беру де жөнсіз. Белдің тартуы, іштің төменгі жағының ауыруы секілді белгілер байқалса немесе басқа да жағдайларға байланысты қажет деп тапса, акушер-гинеколог УДЗ нәтижесін талап етуі мүмкін. Жүктіліктің алғашқы кезеңінде зерттеуден 1 сағат бұрын 0,7-1,0 литр шамасында таза су ішу керек. Соңғы 2 кезеңде бұл қажет емес. Екінші кезеңнен бастап, баланың жынысын, қозғалысын анық бақылауға болатындықтан жұбайлардың бірге баруына да болады.

Жүкті болған кезде жеке бас гигиенасын сақтаудың үлкен маңызы бар.

Күнделікті душ немесе ванна өте пайдалы, өйткені ол жүкті әйелге бәсеңсуге және денесін әсіресе жыныс органдарын тазалықта ұстауға, мүмкіндік береді. Өте ыстық ваннаға түсуге болмайды, сондай-ақ бұл кзеңде ыстық моншаға барудан бас тарткан дұрыс.

Жүкті әйелдің киімі мен аяқ киімі қолайлы және денесін, әсіресе кұрсақ көлемін қыспауы қажет. Аяқ киім өкшесі биік болмауы керек. Бұл кезеңде емшек тартқышқа (бюсгальтерге) үлкен мән беріледі. Жайшылықта жүкті кезде әйелдердің кеудесі өседі, сондықтан емшек тартқыш емшектің көлеміне сай болуы керек. Жүктіліктің екінші жартысында сүт бездерінен уыз бөлінуі мүмкін. Сөйтіп, ағза емшекпен тамақтандыруға дайындық үстінде. Бұл кезде емшек тартқышқа емшектің ұшын қорғау үшін мақтадан жасалған қаптағыш салған дұрыс. Жүктіліктің соңғы айларында жатырдың дұрыс жағдайын сақтау және құрсақтың алдыңғы қабатының қатты созылуының алдын алу үшін бандажды пайдалану ұсынылады. Бандажды дұрыс пайдалану туралы кеңесті дәрігерден алуға болады. Алғашқы 4-5 айда арнайы киімге қажеттілік болмағанмен, 5 айдан кейін киім тарыла бастайды. Жүкті әйелдің өзін жақсы сезінуі үшін арнайы, әдемі, жарасымды киім киуі керек. Жүкті әйелдің киімі белі жоғары әрі кең тігілген, кеудесі қыспайтын, қозғалысқа ыңғайлы болуы дұрыс. Матасы мақта, бөз секілді табиғи өнімдерден, яғни мүмкіндігінше, синтетикалық бұйымдарды қолданбаған жөн.

Жүктіліктің қалыпты жағдайында барлық дәрігерлер жыныстық қатынастарға рұқсат береді. Бірақ, жүктілік мерзімі ұзарғанда іштің үлкендігі кейбір қолайсыздықтар туғызуы мүмкін. Бұл жөнінде дәрігермен кеңескен дұрыс.

Жүктілік кезінде шамадан тыс шаршап-шалдықпағаның үлкен маңызы бар, ауыр салмақты көтеруге және алып жүруге, дененің сілкінуіне байланысты жұмысты атқаруға болмайды.

Қыдырулар жүкті кезде үлкен рөл атқарады, өйткені әйелдің көңіл-күйінің жақсаруына әсер етеді, жүкті жағдайдағы әйел гимнастикасының қарапайым әдісі, астың жақсы кортылуына себеп болады. Қыдыруларды міндетті түрде жиі-жиі таза ауада өткізген дұрыс.

Жүктілік кезінде әйел жеткіліктің дем алуы керек. 8-9 сағатқа созылатын түнгі ұйқы кезінде әйел өз күшін толық мәнде қалпына келтіруі керек. Сонымен қатар күндіз де дем алғаны абзал.

Әйелдер консультациясында байкалудың жүкті әйел үшін үлкен маңызы бар. Тек дәрігер ғана организм жағдайының ерекшеліктерін есептей отырып керекті еңбек және демалу тәртібін белгілейді, жүктілік барысындағы ауытқуларды, ауруларды дер кезінде анықтайды, сәйкес емдеу тағайындайды. Жүктіліктің алғашқы айларынан бастап әйелдер консультациясына барып және дәрігерге үнемі қаралып тұру керек. Жүктіліктің бірінші кезеңінде дәрігерге көріну аса жиі емес айына 1 рет, содан кейін 7-8 айлар көлемінде айына 2 рет және босану алдындағы ақырғы айда апта сайын. Әйелдер консультациясының дәрігері керекті зерттеулердің барлығын өткізеді, әйелді босануға дайындайды, әйелдер босанатын үйге өзімен бірге не алу керек екені туралы да айтып береді.

Алғашқы кезеңде жүкті әйелде жеріктік байқалуы мүмкін. Аяқ астынан талғампаз немесе жиіркеншек болып кетеді. Адамға күнделікті 2000 калория керек болса, жүкті әйелдерде бұл көрсеткіш 2500-2800 калория шамасында болады. Алғашқы кезеңнен бастап өз ағзасы талап еткен, қалаған астан жеуі, құнарлы тамақтар, сүт, айран, сүзбе секілді ағарған, дәнді дақылдар, ет, балық, теңіз өнімдерінен мол пайдалану керек. Көп тамақ жеу міндетті емес, аз-аздан болса да құнарлы, жиі тамақтанған жеткілікті. Жеміс-жидек пен көкөніс түрлерін ас мәзіріне кеңінен қолдану, әсіресе, жергілікті өнімдерді сатып алуға көңіл бөлген жөн, жемістердің түріне емес, нәрлілігіне көңіл аудару керек. Көктемгі уақытта жаңа шыққан көкөністерді пайдалануға тырысу, әсіресе, өткен жылғы картоп, асқабақ секілді көкөністерден бас тарту қажет. Жалпы өте майлы немесе өте ащы аспен, консервантты дайын тамақтармен, кофе, кола, тәттімен көп әуестенбеген жөн. Темекі тартпақ түгілі, тартқан адамдардың қасында отыру дұрыс емес. Ішкілік, нашақорлық – баланың денсаулығын тікелей зақымдайтын у. Ондайды бала көтермей тұрып, ең болмағанда, бір жыл бұрын доғару қажет.

Дәрумендер мен минералдарға келсек, денсаулығы жақсы аналардың дұрыс тамақтануы, яғни ас мәзірінің түрлілігі, дәрумендер мен минералдарға бай ет, сүт, дақыл мен көкөніс түрлерін кеңінен қолдануы жеткілікті саналады. Баланың даму барысына әсер ететіндіктен, дәрумендер қажет мөлшерден аз болмауы керек. Қандай да болмасын дәрумен, дәрі-дәрмек тек қана дәрігер бақылауында қабылданады. Тіпті бас аурудың, тұмау дәрілерінің немесе мазьдардың да плацентадан балаға өту қаупі болуы мүмкін, сондықтан қай дәрігерге болмасын көрінген жағдайда жүкті екенін ескерту керек. Дәрі міндетті түрде қабылдануы керек жағдайда ең қауіпсіз түрі – мүмкін оңтайлы фитотерапия немесе басқа әдістерді қолдану жеткілікті.

Жұмыс істейтін жүкті әйелдің күтімі, тамағы жақсы болуы керек. Зиянды делінген орталарда – компьютермен, улы заттармен, сәуле-газдармен жұмыс немесе ауыр өндірістерде, құрылыста, күні бойы түрегеп істейтін жұмыстарда жүкті әйелдің жұмысын жалғастыруы жөнінде дер кезінде оңды шешім шығару керек. Ал үйде отырған әйелдердің керексіз кикілжің, кереғар ойлардан алыс болғаны жөн. Бөлмені теледидар, компьютер секілді зиянды сәулелі заттардан арылту қажет. Демалыс, жақсы ұйқы, жеңіл душ (ыстық ваннаға түсуге болмайды!), таза ауада серуендеу, көңіл-күйді көтеретін ойындар пайдалы болмақ.

Токсикоз психологиялық жағдаймен тығыз байланысты дейді мамандар. Кейбір (көбінесе жұмысбасты) әйелдер 9 айдың қалай өтіп кеткенін байқамай қалуы, ал кейбіреулер үшін әрбір айдың жылдай созылып кеткендей көрінуі мүмкін. Қалай болғанда, себебі анықталмай отырған осы құбылыс жүкті әйелдер арасында көптеп кездеседі. Тамаққа қарай алмауы, құсуы, жиіркенуі, үнемі лоқсуы артқан жағдайда әйелдің ауруханада емделуіне тура келеді. Мамандар ертеңгілік крекер жеудің, таза ауада жүргеннен кейін тамақтанудың, кейде жылы ванна қабылдауды ұсынады. Адамдардың дауысына, түріне, теледидар немесе музыкаға, жеке адамдарға, тіпті кейде күйеуіне қарай алмайтын, лезде лоқсып, құса бастайтынын айтып шағымданатын әйелдер де кездеседі екен.

Жүктіліктің соңғы кезеңінде қол-аяқтың ісінуі, салмақтың қатты артуы, денедегі сұйықтықтың жиналуына байланысты келеңсіздіктер туындауы мүмкін. Мұндай жағдайдың гестоз деп аталатын соңғы кезеңнің ауыртпалығы болғандықтан дәрігердің қырағы бақылауы қажет. Мұндайда қан қысымының жоғарылауы өте қауіпті болуы мүмкін. Дәрігердің айтқандарын екі етпеу керек. Сұйықтықты азайтуды, арнайы ас тұзсыз диетаны қолданған ең дұрысы.

 

 

50. Дүние жүзіндегі және Қазақстандағы демографиялық жағдай.

Демографиялық көрсеткіштер. Жер шары халқы алғашында өте баяу өскен. Мұны адамның табиғат апаттарына тәелділігімен, жиі болған соғыстармен және жұқпалы аурулардың кең таралуымен түсіндіруге болады. Мысалы, XIV ғасырда Еуропаны жайлаған оба дертінен халықтың шамамен 20%-ға жуығы қырылған. Өндірістің жетілуі, адамдардың тұрмыс жағдайының жақсаруы және медицинаның алға басуы нәтижесінде дүниежүзі халқы жылдам қарқынмен өсе бастады. Әсіресе XX ғасырда халық санының айрықша жылдам артуы байқалды. Мысалы, 1930 жылы Жер шары халқы 2 млрд адам болса, 1962 жылы — 3 млрд, 1976 жылы — 4 млрд, 1987 жылы — 5 млрд, ал 1999 жылы 6 млрд адамға жетті. Халық санының мұндай күрт өсуі демографиялық жарылыс деп аталады. Бұл құбылысты адамның өмір жасының ұзаруы, сәбилер өлімінің азаюы жағдайында туу көрсеткішінің өзгеріссіз қалуымен түсіндіруге болады. Дегенмен 1980 жылдардың ортасына қарай халық санының өсуі баяулай бастады. Бұл туу көрсеткішінің күрт кемуімен байланысты болды. Дамыған елдердің көпшілігінде халық санының өсуі тұрақтанып, кейбір елдерде табиғи өсу мүлде тоқтады. Дүниежүзіндегі халық саны көп елдер. Дүниежүзі аймақтарындағы, жеке елдердегі демографиялық жағдайды сипаттау үшін абсолюттік және салыстырмалы демографиялық көрсеткіштер пайдаланылады. Абсолютті көрсеткіштер қатарына табиғи өсу (туу мен өлудің арақатынасы) мен механикалық өсу (иммигранттар мен эмигранттар саны арасындағы айырма) жатады. Туу мен өлім көрсеткіштері әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, мемлекеттің демографиялық саясатына тікелей байланысты болса, халықтың көшіп-қонуына экономикалық және саяси алғышарттар, экологиялық ахуал себепші болады. Туу мен иммиграция көрсеткішінің жоғарылауы халық санын арттырса, өлім мен эмиграция халық санын кемітеді.


Адамның өмір жасының орташа ұзақтығына елдегі экономикалық көрсеткіш, әлеуметтік тұрақтылық, экологиялық жағдай және денсаулық сақтау жүйесінің қызметі тікелей әсер етеді. Бұл көрсеткіш тарихи кезеңдерде үлкен өзгерістерге ұшырап отырған.

Жеке елдердегі адамның өмір жасынын орташа ұзақтығы 25—30 жыл өмір сүрсе, XX ғасырдың орта шенінде дүниежүзі бойынша бұл көрсеткіш 46 жасқа, ал 2008 жылы 68 жасқа жетті. Қазақстан Республикасында адамның өмір жасының орташа ұзақтығы 67 жасқа тең: әйелдерде — 72, ер адамдар үшін 61 жасты құрайды. Қазіргі кезде өмір жасының орташа ұзақтығы женінен андорралықтар алдыңғы орында болса, Африканың мешеу елдерінде бұл көрсеткіш өте төмен.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 575 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Денсаулық туралы түсінік| Лечение ботулотоксином

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)