Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стандарт. ПрофессорлыҚ-оҚытушылыҚ ҚҰрам жӘне білім берудіҢ тиімділігі

Читайте также:
  1. IV. ТЕРІДЕГІ АЛЛЕРГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АУТОИММУНДЫҚ ҮРДІСТЕР
  2. Азақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы
  3. БЕТ ЖӘНЕ МҰРЫН СҮЙЕКТЕРІНІҢ СЫНЫҚТАРЫ
  4. БЕТ ЖӘНЕ МОЙЫН ЛИМФАДЕНИТІ
  5. Білім тв сайтының өзгешелігі
  6. Гендерлік білім берудің ұстанымдары мен деңгейлері.
  7. Гендерлік білім берудің мәні мен түсінігі: оны анықтаудағы тұғырлар

 

5.1 Жалпы жағдайлар

5.1.1 Профессорлық-оқытушылық құрам университет міндетін қамтамасыз ету үшін негізгі қор(ресурс) болып табылады, сондықтан университетте қызметкерлерді таңдауға және даярлауға, білім беру бағдарламасының ғылыми дәрежесі мен ғылыми атақтары бар оқытушылармен қамтамасыз етілуін жақсартуға аса назар аударылады.. Білім беру бағдарламасының барлық оқытушылары біліктілік талаптары (арнайы жоғары білімінің, ғылыми дәрежесінің, кафедра бойынша немесе мамандық бойынша ғылыми атағының, жұмыс өтілінің болуы) бойынша конкурсты таңдаудан өтеді. Кафедрада әрбір жеке лауазым бойынша міндеттердің нақты айқындалған тізімі бар

Университетте ректор мен кәсіподақ комитетінің ортақ күш салуының нәтижесінде еңбек, демалыс және денсаулық сақтау бойынша қоғамдық-қорғаныс ортасына жағдай жасалады; әрбір оқу корпусында асханалар ұйымдастрылады, №3 оқу корпусында дәрігерлік пункт бар, еңбек қорғау талаптары сақталады, біліктілікті жоғарылату қамтамасыз етіледі (5 жылда бір рет), жас кадрларды бекіту үшін жағдай жасалады; студенттер үйінде тұратын оқытушыларға тұрғын үй жағдайлары жасалады. Оқытушылар мен қызметкерлердің қызметін материалды ынталандвру жүйелерін құруға бағытталған шаралар жиынтығы дамып келеді.

5.1.2 Математикалық модельдеу және компьютерлік технологиялар кафедрасының құрамына физика-математика ғылымдарының докторы, педагогика ғылымдарның докторы, профессорлар; 2 педагогика ғылымдарының кандидаты, 3 техникалық ғылымдардың кандидаты; 1 физика-математика ғылымдарының кандидаты, 10 магистр кіреді. Жалпы профессорлық- оқытушылық құрамның білім беру бағдарламасы бойынша дәрежеленуі 93,75-100% - ды құрайды. Кафедра штаты мамандықтардың бекітілген жұмыстың оқу жоспарлары (ЖОЖ) және профессорлық-оқытушылық және магистрлер құрамдарының оқу жүктемелерін жоспарлау талаптары негізіндеесептелгеннормативтікоқужүктемесінесүйеніпанықталады.

Кадрлік саясатты құру және жүзеге асыру негізінде жаңартпашылдық, жүйелілік, нәтижеге мақсаттылық, қызметкерлердің қоғамдық қорғанысы қағидалары жатыр.

5.1.3 Оқытушылардың негізгі жоғарғы білімі білім беру бағдарламасының бағытына (5.1 қосымша) және оқытылатын пәндерге сай келеді.

5.1.4 Білім беру бағдарламасының сапасын қамтамасыз ету мақсатында штаттық құрам өндіріс мамандарымен толықтырылған (Забрудских М. –«Он-Лайн» ЖШС-нің директоры).

 

5.2 Бағалау өлшемдері

5.2.1 Кафедра білім алушылар арасында білім беру, әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын негізгі білім беретін ғылыми құрылымдық бөлім болып табылады. Кафедрадағы білім беру бағдарламасының жүзеге асырылу жағдайларын талдау нәтижесінде кадрлік қамтамасыз етілудің сапалық көрсеткіші өзгерісте болады, бірақ жуық шамамен лицензия бойынша бекітілген нормативке сәйкес келеді (6М060200 білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми дәрежелік көрсеткіші – Информатика Информатика 100%).

Кафедра штатына кафедра меңгерушісі, профессор, В штат кафедры входят заведующий кафедрой, профессор, қауымдастырылған профессорлар, аға оқытушылар, оқытушылар кіреді. 2009-2013 жылдар аралығындағы ПОҚ сапалы құрамы, кафедра штаты және жастық құрамы 5.1.1 - 5.1.3 кестелерінде,5.1 қосымшасында көрсетілген.

5.2.2 Университетте білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін білікті кадрлардың назарын аударуға мүмкіндік беретін, магистарнттарға оқытушылардың үлкен таңдауын ұсынатын жоғарғы білімнен кейінгі білім беру бөлімі қызмет етеді. Ғылыми-техникалық кадрлардың қорын құру Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ мақсатты докторантурада PhD докторларды даярлау (Токанова С., Тлебалдинова А.С.), Алматы қаласындағы РИПКСО-да докторантурада сынақ мерзімін өту кезінде, тілдік курстарда білім беруге даярлау жолдарымен жүзеге асырылады. 2013-2014 оқу жылында кафедраның 7 оқытушысы Алматы қаласында РИПКСО-да сынақ мерзімін өтті, олардың екеуі сынақ мерзімін Португалия мен Францияда өтті.

Білікті оқытушылар қоры Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да осы кафедра бойынша 6М060200-Информатика және 6М060100-(Математика), 6М070300-(Ақпараттық жүйелер) мамандықтары бойынша оқу бітірген магистр-түлектерден тұрады. 6М060200 білім беру бағдарламасы бойынша магистрлік даярлықты дамыту профессорлық-оқытушылық құрамның және ғылыми қызметкерлердің докторантурада білім алуға кандидаттарды даярлау жолымен толықтырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Кафедра элективті пәндер бойынша жеткілікті альтернативті кандидаттар қорына ие.

5.2.3 Профессорлық-оқытушылық құрам бейіндік облыстардағы білім беру бағдарламасын қамтитын мамандардан тұрады. ПОҚ кезекті бейіндік қайта даярлауы іске асады, оқу бағдарламасының бағыты бойынша. ПОҚ құралған: ф.м.ғ.д. Хисамиев Н.Г.; п.ғ.д, профессор Завалко Н.А.; п.ғ.д. Игибаева А.С., контингент ғылымдар кандидаттарымен және доценттермен толықтырылған. Оқытушылардың кадрлерді даярлауға қосқан үлестері түрлі ғылыми бірлестіктерге мүшелік етуі мен марапаттарымен ерекшеленген: Хисамиев Н.Г. ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі болып табылады, Завалко Н.А. – білім берудің құрметті қайраткері, педагогикалық білім беру халықаралық академиясының академигі (ХПБА), Игибаева А.К. – ХПБА және ХПБҒА корреспондент-мүшесі, Жантасова Ж.З. – Абай атындағы ҚазҰПУ 5В011100-«Информатика», 6M060200-«Информатика» пәндері бойынша МҚББ мүшесі болып табылады. Екі оқытушы облыс Әкімінің мадақтамаларымен марапатталды(Кадырова А.С., Жантасова Ж.З.).

Инженерлік-техникалық, ұйымдастырушылық, оқу-көмекші қызметкерлер сәйкес негізгі білімі бар ББ ұжымына кіреді. Кадрлерді жинақтау үшін сыртқы және ішкі көздер қолданылады. Ішкі көздерден (түлектерден) қажетті қызметкерлерді жинау өзінің артқшылықтарына ие, өйткені оқытушылар олардың қабілеттерін біледі, ұжымға бейімделу кезеңінен өтудің қажеті жоқ. Өзінің кандидаттары жоқ болған жағдайда басшылық кандидатураларды сырттан түйіндеме (резюме) бойынша қарастырады. Бос орынға үміткердің еңбек кітапшасы қаралады, үміткер туралы бұрынғы жүмыс орнынан анықтамалар алынады, кейіннен әңгімелесу нәтижесінде адамның біліктілігі, жеке және іскерлік қасиеттері туралы белгілі қорытынды шығарылады.

Оқу-көмекші қызметкер компьютерлік және кеңселік техниканы жұмысқа жарамды жағдайда ұстау арқылы білім беру үдерісін ұйымдастыруға тартылады, университеттің ақпараттық технологиялар орталығында білім алу кезінде электронды қорлар арсеналына қолжетімділікті ұсынады.

5.2.4 Кафедра оқытушылары жұмыс берушілер ұсынатын элективті пәндерді жүзеге асыру, (бағдарламалау және PhP мен Java; Komodo Edit, Denwer)жаңа бағдарламалық қамтаманы үйрену,алыстан білім беру үшін материалдар дайындау, «Бағдарламалық қамтаманы құру технологиялары» пәні бойынша ағылшын тілінде дәрістер дайындау арқылы білім беру бағдарламасын жетілдіруге еңбек сіңіреді. Жыл сайын кафедра оқытушыларының оқу-әдістемелік әдебиеттерін шығару жоспарына сәйкес университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілген оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік құралдар мен ұсыныстар шығарылады, электронды оқу құралдарын енгізу актілері бар (5.1.4 кесте).

5.2.5 Университетте білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын оқытушылардың оқу және ғылыми қызметтерінің арасындағы қажетті теңгерімді қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Кафедрада ПОҚ-ның оқу жүктемесін, соның ішінде аудиториялық, иаудиториядан тыс жүктемелерді, тәжірибе сағаттарын, магистрлік диссертацияларды басқаруды дұрыс үлестіру жүзеге асырылады. Бағдарлама шеңберінде ПОҚ-ның білім беру жұмысының түрлерінің тізімі 5.1.2, 5.1.3, 5.1.4 қосымшаларында көрсетілген.

5.2.6 Кафедралар бойынша оқыту пәндерін бекіту туралы ақпараттар 5.1.5 кестесінде келтірілген.

Педагогикалық жүктемені үлестіру кезінде тізбекті сабақтастық ескеріледі, яғни, оқытушыларға олардың бағдар-бағыттарына сәйкес нақты оқу пәндері бекітілген. Жекелеген пәндер (жалпы міндетті модульдер, біліктілік шеңберінен шығатын таңдау бойынша модульдер) қызмет көрсететін кафедраларға бекітілген (5.6 кесте).

Профессорлық-оқытушылық құрамның оқыту жүмысының көлемі әрбір оқу жылында осы құрамның жеке жоспар бойынша: 1) оқу; 2) оқу-әдістемелік; 3) ғылыми-зерттеу; 4) алтысағаттық жұмыс күні шегінде ұйымдастырушылық-әдістемелік(5.2, 5.3, 5.4 қосымшалары) - барлық жұмыс түрлерін орындау қажеттілігін ескере отырып оқу-әдістемелік жұмыс бойынша проректор арқылы бекітіледі.

Кафедрадағы әр оқытушының оқыту жұмыстарын анықтайтын құжаттар:

а) жыл сайын құрастырылатын кафедра бойынша оқу-әдістемелік жұмыс бойынша проректор бекіткен педагогикалық тапсырмалардың үлестірілімі және факультет деканы, кафедра меңгерушісі, ұйысдастыру және оқытушылардың оқыту үдерісін бақлау бөлімінің бастығы қол қойған оқытушылардың жеке жоспарлары;

б) факультет деканы, кафедра меңгерушісі, оқытушылар қол қойған және оқу-әдістемелік жұмыс бойынша проректор бекіткен оқытушылардың жеке жоспарларының орындалуының нақты негізінде құрылатын кафедра бойынша педагогикалық тапсырмалардың орындалуы туралы жыл сайынғы есехат.

Педагогикалық тапсырмалар көлемін анықтау кафедра арқылы бекітілген жұмыс жоспары негізінде анықталады. Жоспарланған оқу жұмысының көлемін есептеу кезіндебілім алушылар құрамы, 1 курсқа қабылдау жоспары, сондай-ақ академиялық топтар саны және курстағы дәрістік ағыстар саны ескеріледі. При расчёте объёма планируемой учебной работы учитывается контингент обучающихся, плана приёма на 1 курс, а также утвержденного расчета численности академических групп и количества лекционных потоков на курсе.

Тәжірибелік және семинар сағаттарын есептеу кезінде оқу топтары негізгі бірлік болып табылады. Шет тілдер және ақпараттық және байланыс технологияларын (АБТ) қолданумен байланысты пәндер бойынша тәжірибелік сабақтар үшін оқу тобын 12-15 адамнан екі кіші топқа бөлу қарастырылған.

Арнайы пәндер және мамандандырылған пәндер бойынша дәріс курстары дәрежеленген және аға оқытушылармен оқылады, топта 15 магистранттан кем емес жағдайда жоспарланады. Жеке жағдайларда магистранттардың аз санына да дәріс оқуға рұқсат берілуі мүмкін. Лекционные курсы по специальным дисциплинам и дисциплинам специализаций читаются остепененными и старшими преподавателями, планируются при условии наличия в группе не менее 15 магистрантов. В отдельных случаях может быть дано разрешение на чтение курсов при меньшем числе магистрантов.

5.2.7 жұмыстың жеке жоспарлары және ПОҚ есепхаттары ПОҚ қызметінің оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбиелік, тәлімгерлік - әр түрлі бағыттарын көрсетеді.

Оқу әдістемелік жұмысқа келесі бөлімдер кіреді:

1. Дәрістік,тәжірибелік, семинарлық, зертханалық сабақтарға дайындалу. 2. Тәжірибенің барлық түрлеріне дайындалу және тәжірибеге басшылық жасау.

3. дәрістерді, дәрістердің электрондық курстарын, оқу-әдістемелік кешендерді, курстық кейстерді құрастыру.

4. мамандық пәндері бойынша оқу жұмыс бағдарламаларын құрастыру.

5. тәжірибе бойынша бағдарлама құрастыру.

6. Педагогикалық біліктілікті жоғарылату бойынша ағымдағы жұмыс (білім беру және ғылыми-зерттеу әдебиеттерін оқу, біліктілікті жоғарылатудың университетішілік жүйесінен өу, тәжірибе алмасу, т.б.)

7. интерактивті әдістерді, жоғарғы білім саласындағы заманауи жетітіктерді және оқыту технологияларын қолдану бойынша әдістемелік зерттемелерді құрастыру.

8. Зертханалық жұмыстарды жағалау және жаңасын құру.

9. магистрлік диссертациялар, өзіндік жүмыстар, ғылыми-зерттеу жүмыстары бойынша тапсырмалар құрастыру және әр түрлі құжаттар жинастыру.

11. емтихан билеттерін, тест сұрақтарын құрастыру.

12. Білім алушылар және мектеп оқушылары арасындағы олимпиадаларға дайындау және оларды өткізу.

13. семинар сабақтарын жүргізу бойынша оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру.

14. кафедра меңгерушілері және өзге де оқытушылардың дәріс және өзге де сабақтарға қатысуы.

15. Ашық сабақтар өткізу.

16. Оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды, ұсыныстарды басып шығаруға дайындау.

17. Оқыту пәні бойынша білім алушылардың оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етілуінің картасын құру.

18. Білім алушылардың межелік бақылау тарсырмаларын және өзіндік жұмыстарын тапсырудың семестрлік графигін құру.

19. оқу құжаттарының, курстық және дипломдық жұмыстардың, магистрлік диссертациялардың нормативтік бақылауын жүзеге асыру. Ғылыми-зерттеу жұмысы:

1. Жоспарлы мемлекеттік бюджеттік ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ынтымақтастық туралы ұжымдық келісімдерді, ендіру туралы келісімдерді орындау жжәне т.б. (ғылыми-зерттеу тақырыбына басшылық жасау, тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау, ғылыми-зерттеу нәтижелері бойынша жұмыстар).

2. Кафедрада және конференцияларда(жұмысты қосымша ақы төлеусіз орындаған жағдайда) оқулықтарды, оқу әдістемелерін, монографияларды, ғылыми мақалаларды және баяндамаларды жазу және басып шығаруға даярлау.

3. Оқулықтарды, оқу әдістемелерін, ғылыми мақалаларды, баяндамалары, диссертацияларды және өзге де материалдарды рецензиялау.

4. Студенттердің, магистранттардың, жас ғалымдардың ғылыми конференцияларға қатысуы.

5. Кафедрада, Факультетте және жоғарғы оқу орныныда білім алып жүргендердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық жасау.

6. Өзге де ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік жұмыстар, өндіріс және оқу орны жұмысшыларының кеңесі.

Ұйымдық-әдістемелік жұмыс келесілерден тұрады:

1. Жоғарғы оқу орнынан түсу кезінде жастарға кәсіби бағдар беру бойынша жұмыстар жүргізу.

2. Қабылдау комиссиясында жұмыс.

3. Кафедра, университет кеңесі отырыстарына және ғылыми-әдістемелік семинарларға материал жинау және қатысу.

4. Мамандық бойынша эдвайзер болу.

5. Білім алушылардың академиялық мобильділігін ұйымдастыру бойынша жұмыстар.

Білім алушылармен тәрбиелік жұмыстар жүргізу келесілерден тұрады:

1. Топ кураторы ретінде жұмыс.

2. Қалалық, облыстық және республикалық шараларға қатысу.

3. Магистранттармен тәжірибелік және ұйымдастыррушылық жұмыстар жүргізу.

Жоғарғы оқу орнының тәрбелік қызметі тәрбиелік жұмыс бойынша кешендік жоспар негізінде жүзеге асырылады. Эдвайзер кафедра меңгерушісімен қатар магистранттармен әңгімелесу үдерісінде танысады, топ ішінде достық және іскерлік жағдайды қалыптастыру жұмыстарын жүргізеді, ресми мерекелерді тойлау бойынша шараларға қатысуға тартады, университет қонақтарымен кездесуге шақырады, кафедрада ұйымдастырылатын шараларға (ғылыми конференциялар, жиналыстар, студенттер мен оқушылар арасындағы олимпиадалар) тартады, жеке және академиялық сұрақтар бойынша кездесулер, оқу кеңестерін ұйымдастырады.

Оқытушылардың үктемесін және кестесін құрастыру кезінде басшылық білім беру және тәрбиелік жұмыстар арасында теңгерімді қамтамасыз етуге, кадрлік қызметкерлердің ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмысымен тиімді айналысуға мүмкіндік беруге ұмтылады.

Кафедраның ПОҚ коллективі «ІТ-мамандарды даярлау үдерісінде зерттеу қызметіндегі үлгілеу әдістерін және үлгілерін зерттеу» тақырыбы бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді, қорытындылары жоғарғы оқу орнының оқу үдерісіне, білім беру мекемелеріне және аймақтық өнеркәсіптерге ендірілген.

1) Студенттердің жеке мүмкіншіліктерін ескеріп оқудың динамикалық сипаттамалары алынған;

2) Білім берудің кредиттік жүйесі жағдайында болашақ ІТ-мамандардың, студенттердің зерттеу қызметтерін ұйымдастыру әдістемелеріне негізделген зертаналық практикумдер;

3) Ақпараттық үйелердің деректер қоймасында ақпаратты құрылымдау іс-шараларын жүзеге асыратын бағдарламалық қамтама, сондай-ақ оқыту бағдарламалары.

ПОҚ ҚР ҒБМ ұйымдастыратын жарыстарға коллективті ғылыми жобаларды ұсына отырып ғылыми қызметті ұйымдастырады. ПОҚ апта сайын кітапханада,, кафедрад,а, университет зертханаларында жұмыстар өткізу үшін күніне бірнеше сағат бөлуді (жұмыс күнінің күнделікті жүктемесіне қарай) жоспарлайды (5.4, 5.5, 5.6 қосымшалар).

Кафедра жұмысшылары (Жантасова Ж.З., Попова Г.В.) магистрлік диссертацияларда пікірлер мен рецензиялар жазады, оларды қорғау кезінде ресми оппонент ретінде сөйлейді. Жантасова Ж.З. ШҚМТУ-да студенттер мен магистранттардың ғылыми жобаларын орындау және қорғау кезінде МАК мүшесі болған және өзге де білім беру мекемелердінде конкурстық комиссияның құрамында болды.

Ғылыми қызмет магистрлермен факультеттің ғылыми қауымдастығында кафедраның ғылыми үйірмесі шеңберінде ұйымдастырылады.

5.2.8 Жоғарғы оқу орнында құжатнамаға сәйкес ПОҚ қызметін бағалауды жүзеге асыратын аккредиттеу, мониторинг және болжау басқармалары қызмет етеді. ПОҚ, кафедралардың, факультеттердің және жұмысшылардың қызметін рейтингілік бағалау оқу-әдістемелік жұмыстардың (ОӘЖ), ғылыми-зерттеу жұмыстарының (ҒЗЖ) және тәрбиелік жұмыстардың (ТЖ) және оларды негіздейтін құжатнамалардың көрсеткіштері бойынша басқармада деректер ұсынылған кезде оқу жылы бойынша жүргізіледі. Басқарма қызметкерлері әрбір оқытушының рейтингісін өткен оқу жылы жиналған ұпайлар қосындысы бойынша есептейді.

Қызмет нәтижелерін көрсететін ПОҚ жеке деректер қоймасы межелік көрсеткіштерді есептеу, конкурстық құжаттарды дайындау, университеттің құрылымдық бөлімдерінің аралық есепхаттары, тұрақты деректерді бақылау үшін негізгі құжат болып табылады.

ПОҚ жеке деректер қоймасы негізінде кафедра қызметін межелік бағалау көрсеткіштері қалыптасады. Оқытушылар мен құрылымдық бөлімшелер қызметінің межелік бағалауының қорытындыларын жыл сайын ректор бұйрығы бойынша бекітілетін конкурстық комиссия өткізеді. Межелік бағалау нәтижелерінің қорытындысы бойынша конкурстық комиссия «С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың үздік кафедрасын», «С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың үздік оқытушысын» анықтайды. ПОҚ қызметінің межелік бағалау қорытындылары бойынша келесі басқарушылық шешімдер қабылданады: қызметке конкурстық таңдау кезінде межені есептеу; межеге байланысты еңбек ақы мөлшерін дифференциациялау; «Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының үздік оқытушысы» атты республикалық конкурсқа қатысуға университеттен ұсыныс.

5.2.9 Оқытушылардың жарамдылық деңгейлерінашық оқу сағаттарын жүргізу, сабақтарға өзара қатысу, кафедра меңгерушілерінің сабақтарға бақылау үшін қатысуы нақтылайды (5.7, 5.8 қосымшалар).

Математикалық үлгілеу және КТ кафедрасында ПОҚ сабақтарына өзара қатысу белгіленген графикке сәйкес жүзеге асырылады. Кафедрада жүргізілетін ашық сабақтар оқытушының кәсіби шеберлігінің көрсеткіші мен негізгі индикаторы болып табылады және жылдар өткен сайын ПОҚ шеберлігін, жинақталған тәжірибесін көрсетеді. Ашық сабақтарда оқытушылар өзінің педагогикалықшеберліктерін, сабақ беретін пәнінің әдістемесін жетік білетіндіктерін көрсетеді. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы жылдан жылға ашық сабақтарды өткізу сапасын жақсарту үшін баянды еңбек етіп келедіжоғарғы оқу орнында сабақтарды жүргізу талаптарына сәйкес қызықты сабақтар жүргізеді.

Ооқу сабақтарына өзара қатысудың негізгі мақсаты – педагогикалық үдеріс барысына диагностика жасау және түзетулер енгізу, сондай-ақ өзара тәжірибемен алмасу. Өзара қатысу ұйымы оқу жылы барысында құрылады және өзара қатысу графиктері ПОҚ кафедра меңгерушілерімен жоспарланады және бекітіледі. Графикке сәйкес әрбір оқытушы бір семестр ағымында кем дегенде екі әріптесінің сабағына қатысуы керек. Кафедра меңгерушісі кем дегенде семестрде бір рет білім беру сапасын бағалау мақсатында барлық оқытушылардың сабақтарына қатысады. Кафедраның жұмыс жоспарында сондай-ақ оқытушылардың ашық сабақтары қарастырылған. Келісімшартты жалғастыру жағдайында немесе қызмет ауыстыру үшін конкурсқа қатысатын үміткер оқытушылар міндеті түрде ашық сабақ өткізеді. Ашық сабақтарды талқыға салу қорытындылары жоғарғы оқу орнының конкурстық комиссиясы ұсынатын мінездемеде көрсетіледі.

Сабаққа қатысу сапасын бағалауды аға немесе қызметі тең дәрежедегі оқытушылар жүргізеді, жас оқытушылар біліктілікті жоғарылату мақсатымен лауазымы жоғары оқытушылардың сабақтарына қатысады және бағалау жүргізбейді. Оқытушылардың кәсіби жарамдылығын көтеруге бағытталған өзара қатысу туралы ұсыныстар туралы есепхаттар кафедра отырысында талқыланады.

5.2.10 Университеттегі қызметкерлердің әрбір санатының шығармашылық қажеттіліктерін жүзеге асыру және толыққанды кәсіби дамуы үшін қажетті жағдайлар жасалады:

- кітапханалық қорға және университеттің білім беру порталының ресурстарына еркін қолжетімділік;

- ректораттың шешіміне сәйкес университет қаражаты есебінен біліктілікті жоғарылату мүмкіншілігін ұсыну;

- жұмыс барысында компьютерлік және оргтехниканы, оқытудың техникалық құралдарын, өзге де жабдықтарды қолдану үшін жағдайлар жасау;

- жеке гранттар бөлінетін конкурстарға және ғылыми жұмыстардың қазақстандық және халықаралық конкурстарына қатысуға әрекет жасау;

- қызметкерлердің оқу-әдістемелік жұмыстарын, ғылыми монографияларын басып шығару.

5.2.11 Біліктілікті растау орталығы жоспарға сәйкес ПОҚ біліктілігін жоғарылату және өтіл етуді жүзеге асырады: оқытушылар жылына 1-2 рет университетішілік оқытудан; 5 жылда 1 рет жоғарғы оқу орындары арасындағы оқытудан; шақыру алу шамасына қарай және іздеулер нәтижесінде халықаралық оқытудан өтеді.

ПОҚ біліктілігін арттырудың келесі нысандары бекітілген: біліктілікті жоғарылату курстары, өтілден өту, ғылыми-әдістемелік семинарларға, конференцияларға қатысу (5.1.6 кесте, 5.1 қосымша). Сертификат алғаннан кейін кафедра оқытушылары курстардан өтті (5.1.7 кесте).

Көптеген магистранттарға қолжетімді (5.1 және 5.6 қосымшалар), сабақ беретін пәнін түсінетін және толыққанды білімге ие, оқу үдерісі шеңберінде магистранттарға тиімді білім мен қажетті тәжірибе беретін оқытушылар оқу үдерісінің негізгі қоры болып табылады. Кәсіби біліктілікті арттыру шеңберінде информатика, педагогика және шет тілдерінің жекелеген бағыттары бойынша өтіл ету және білім алу жүзеге асырылған, сертификаттар алынған.

ЖОО-нда оқытушылардың біліктілігін артырудың негізгі бағыты – ЖОО-ның оқу үдерісіне жаңа педагогикалық және заманауи ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту.

5.2.12 Кафедраның ПОҚ жыл сайын отандық және шетелдік ғылыми басылымдар мен конференциялар шеңберінде үлкен аудиторияның талқылауына (1.1.2 кесте, 1.1 қосымша).

5.2.13 Кафедра оқытушылары жыл сайынғы конкурстардың әр түрлі номинацияларында бірнеше мәрте үздік деп танылды. Мысалы, п.ғ.д., профессор Игибаева А.К. 2012 жылы ҚР БҒМ-нің «Үздік оқытушы» атағына ұсынылды, п.ғ.д профессор Завалко А.Н. – 2011 жылы; Кадырова А.С. – 2009 жыл бойынша ШҚМУ-дың «Үздік оқытушысы».

6М060200-Информатика білім беру бағдарламасы бойынша ПОҚ қызметінің қорытындылары бойынша марапаттауға ұсынылды және мемлекеттік марапаттармен белгіленді (5.8 кесте).

 

5.8 кесте

2009-2013 жылдарда білім беру сапасы үшін 6М060200-«Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша ПОҚ марапаттау

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 115 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Напутствие практикующим йогу| СТАНДАРТ 6. МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.022 сек.)