Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стандарт 6. МатериалдыҚ-техникалыҚ база жӘне аҚпараттыҚ ресурстар

Читайте также:
  1. C)& бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар
  2. Cвойства стандартных элементов управления
  3. II. Стандарт предоставления государственной услуги.
  4. IV. ТЕРІДЕГІ АЛЛЕРГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АУТОИММУНДЫҚ ҮРДІСТЕР
  5. Lt;P> Бұл мәтін стандарттан тыс әріп түрін пайдаланады.
  6. Standard / Стандартный
  7. Syllabus design and curriculum development – Разработка программ и стандартов

 

6.1 Жалпы тәртіп

6.1.1 ШҚМУ білім беру процессінде қолданылатын ресурстар 6М060200 мамандығы бойынша орындалатын бағдарламалар талаптарына жеткілікті және сәйкес келетіндігіне кепілдік береді.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ құрамында 41974,4 м2 ауданы бар 8 оқу корпустары, 1789 орындық студенттер үйі, «Чайка» бассейні, 54 қолданушылық орыны бар интернет-кафе, оқыту-өрістік іс тәжірибелер жүргізудің екі базасы және шеберханалары бар. Аудиториялық қор құрайды: 290 аудитория; жалпы университеттік зертханалар – 50; мамандандырылған кабинеттер; жеке корпоративті желі 1208 компьютерлер қосылған. Университет корпусында студенттік қоректену жүйесі орналастырылған, дәрігерлік пункт, 2 үлкен және 3 шағын спорт залдары, әскери қалашығы және жалпы ауданы 4000 м2 болатын плац-жасанды жабыны мен жарықтындырылуы бар спорт алаңы, жалпы ауданы 317,5 м2 болатын спорттық-жүзуге арналған бассейн бар. Университетте жалпы ауданы 2108 м2 болатын ғылыми кітапханасы бар, ішінде 480 адамға арналған 11 оқу залдары, электронды оқу залы. Музейлердің жалпы ауданы 206 м2, универститетті дамыту музейі, табиғат музейі, геологиялық музей, гербарийлық қор қызмет атқарады.

6.1.2 Кітапхана қорлары каталогтарда көрініс табады, дәстүрлі, алфавитті және жүйелік каталогтар бар, сонымен қатар электронды каталогтар мен электронды мәселелі деректер базасы бар. «Руханият» каталог бөлімі жекелеген оқулықтар мен оқу-әдістемелік материалдарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Кітапхана ресурстары кітапхананың барлық бөлімдерінде қолжетімді, яғни корпоративті желі арқылы барлық оқу корпустарына. Кітапханаға келушілерге қызмет көрсетудің 17 пункттері бар, онда 480 орныққан және 167 автоматтандырылған жұмыс орындары бар.

Кітапхананың жалпы қоры 1 044 928 (153 385 қаз.тілінде., 881 100 орыс тілінде) сақтау бірлігінен тұрады, ішінде 570 451 оқу экз., онымен қоса (112 268 қазақ тілінде., 458 183 орыс тілінде 366 855 ғылыми әдебиет экз., ішінде (30 773 қазақ тілінде., 336 082 орыс тілінде.)

6.1.3 Университет әрқашан магистранттар сапалы білім алып және әрқашанда бәсекеге қабілетті және еңбек нарығында сұранысқа ие болып қалуы үшін жұмыс атқарады (қосымша 6.1). Осы мақсаттарға жету үшін университет материалдық-техникалық қамтамасында университет базасын заманауи техникалық базамен жаңарту мен қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыстар жүргізеді.

 

 

6.2 Бағалау критерийі

6.2.1 Физика, математика және технология факультетінде 104 дербес компьютер, 5 интерактивті тақта, 5 мультимедиялық проектор көлеміндегі барлық компьютерлік ресурстар қолданылады.

6.2.2 Кітапханалық процесстердің барлық түрлері АС «Ирбис 64» платформасында автоматтандырылған. Қорды жинақтау іс тәжірибесі ҚР «Мемлекеттік сатып алулар» заңына негізделеді, ол неғұрлым тиімді әдебиетті жеткізіп салушыларды айқындауға мүмкіндік береді. Барлық басылымдар кафедраның алдын ала берілетін тапсырыстары бойынша алынады. Әдебиетпен қамтылу орнатылған нормативтермен сәйкестікте іске асады.

Кесте 6.1 кітап қорының толықтырылуы мен периодикалық басылымдарды алуды қаржыландыру динамикасын білдіреді.

 

Кесте 6.1

Кітапхана қорын толықтыру динамикасы

  2009ж. 2010ж. 2011ж. 2012ж. 2013ж.
Кітап қорын толықтыруға кететін жыл сайынғы сомма (млн.тг) 21,4 9,4 17,7 10,4 14, 1
Периодика қорын толықтыруға кеткен сомма (млн. тг) 7,2 7,6 7,205 5,378 1,029

 

Жалпылай алғанда кітап қоры 5 жыл аралығында 52628 бірліке өсті, оның ішінде 500 электронды басылымдар.

Периодикалық басылымдарға жазылудың ресімделуіне кететін шығындарды біршама қысқарту түрлі толық мәтінді қорларға деген қолжетімділіктің бар болуымен жоққа шығарылады. Оның ішінде «EBSCO Publishing», «Springer», Web of Knowledge «Thomson Reuters» компаниясыныың, «Elsevier» компаниясының ресурстары; «Наука онлайн», «ИВИС», «Университетская библиотека онлайн», «Руконт», «Рубрикон» ДБ, «Полпред – анықтамалығы», «Лань» баспасының электронды кітапханасы (Россия), Университет аралық республикандық электронды кітапхана (РМЭБ), КазНЭБ, «Зан» және «Параграф» ДБ және басқалары.

6.2.3 Электронды каталог Интернет желісінде http://library.vkgu.kz кітапхана сайтында орналастырылған. Барлық магистранттарға және ПОҚ «Руханият» білім беру электрондық кітапханасының ресурстық базасы қол жетімді (университет кітапханасының электронды және сандық баспалары).

6.2.4 6М060200-Информатика мамандығының пәндері бойынша 17888 оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиет бірліктері бар, ол осы мамандыққа байланысты әдебиеттің жалпы санының 70 пайызын құрайды.

Әрбір оқушы негізгі оқу және оқу-әдістемелік әдебиетпен мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес қамтамасыз етілуі тиіс. (кесте 6.2, 6.3, 6.4).

 

Кесте 6.2

Мамандық бойынша оқу және оқу-әдістемелік әдебиет қорының бар болуы

 

Мамандық атауы Оқу жылы
2009-2010 2010-2011 2011-2012 2012-2013 2013-2014
Емтихан саны Емтихан саны Емтихан саны Емтихан саны Емтихан саны
6М060200 -Информатика          

 

 

Осы мамандық бойынша оқу және оқу-әдістемелік әдебиет қоры қанағаттандырарлық қалыпта және соңғы 5 жыл аралығында жаңа баслымдарды, жаңа оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттердің ПОҚ көмегімен шығарылуы, сонымен қатар сыйға тарту есебінен 5,8 пайызға артты (кесте 6.3)

 

Кесте 6.3

Ғылыми және оқу басылымдарын иелену динамикасы

 

Мамандық атауы Экземпляр саны
Оқу жылы
2009-2010 2010-2011 2011-2012 2012-2013
6М060200- Информатика        

 

Кесте 6.4

Мамандық бойынша бір магистранттың кітаппен қамтылуы

 

БбБ - 6М060200-«Информатика»
N р/н көрсеткіштер Өлшем бірліктері 2009-2010 оқу жылы 2010-2011 оқу жылы 2011-2012 оқу жылы 2012-2013 оқу жылы 2013-2014 оқу жылы
  Оқу және оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиет қоры Сақтау бірлгі 235/155 2381/1606 2502/172 2573/1779 2227/1812
  -алынған контингенттегі бір студентке шаққанда сан -     -  
  - оның ішінде қазақ тілінде сан -     -  

 

Оқу пәндерін және оқу-әдістемелік материалдарын меңгеру сапасында электронды және магнитті тасымалдауыштардағы басылымдарды алу оң әсерін тигізуде (кесте 6.5). электронды және магнитті тасымалдауыштарда қайнар көздердің бар болуы нормативті талаптарға сәйкес келеді.

 

Кесте 6.5

Мамандықтың электрондық және магнит тасымалдауыштармен қамтылуы

 

Мамандық Электронды және магнитті тасымалдауыштар (бірлік) Пән саны Қамтылуы (%)
6М060200- Информатика      

 

6.2.5 Компьютерлік парк ретінде университетте 54 орынға арналған интернет-кафе қызмет етеді, онда магистранттарға Интернетке шығуға мүмкіндік берілген. Компьютерлік техниканың жалпы паркі университетте 1122 бірлікті құрайды (кесте 6.6, 6.7).

 

Кесте 6.6

Компьютерлік техниканың даму динамикасы

  Оқу жылы
2009-2010 2010-2011 2011-2012 2012-2013 2013-2014
саны Ақырғы саны Ақырғы саны Ақырғы саны Ақырғы саны Ақырғы
Компьютерлік техниканың жалпы саны                    

 

Бірлік корпаративтік желі университеттің барлық құрылымдық бөлімдері мен корпустар арасындағы байланысты біріктіреді.

 

Кесте 6.7

Компьютерлік сынып, мультимедиялық кабинет динамикасы, олардағы орнықтырылған орындар саны

 

  Оқу жылы
2009-2010 2010-2011 2011-2012 2012-2013 2013-2014
Саны Орнық. орын Саны Орнық. орын Саны Орнық. орын Саны Орнық. орын Саны Орнық. орын
                     
Компьютерлік сыныптар                      
                     
Мультимедиялық кабинеттер                    

 

6.2.6 Компьютерлік сыныптар, оқу залдары, мультимедиялық лингафондық, кафедралық зертханалар саны және ондағы орнықтырылған орындар саны ПОҚ, магистранттар мен университет қызметкерлердің оқу процессі мен ғылыми-зерттеу қызметтерінің қажеттідіктеріне сәйкес келеді.

2009-2010 оқу жылында мультисервистік оптоталшықты байланыс негізінде бірлік ақпараттық-білім беру корпоративті желісін құру жобасы аяқталынды. Барлық 8 корпус пен 4 студенттер үйі желіге қосылды:

- Корпустағы жіберу жылдамдығы 100Мбит/с тан 1 Гбит/с дейін

- Радиоканал бойынша Интернет желісіне немесе корпаративті желіге қолжетімділікті қамтамасыз ететін Wi-Fi зоналар құрылды.

Жабық корпоративтік ақпараттық желі оптоталшықты байланыс линиясы негізінде қызмет етеді, оның құрамына 8 корпустағы, Интернет-кафедегі, Өскемен қаласының территориясында алшақ орналасқан студент үйлеріндегі жергілікті желілерінің барлық сегменттері кіреді.

2013-2014 оқу жылында жеке меншік 10 нан 20 Гбит/с дейін желілік коммуникацияларды құру бойынша жұмыстар басталынды.

Университетте тәулік бойы Wi-Fi Интернетке сымсыз қол жетімділік жүйесі қызмет етеді, ол Интернет желісіне 8 қолжетімділік нүктелерінен және Университет жергілікті желісінен тұрады:

1) Корпус № 1 (№ 115 каб, гардероб, комп.сынып № 314,. № 253 каб);

2) Корпус № 5 (ЦПК, ректордың қабылдау бөлмесі, канцелярия);

3) № 6 студенттер үйі(қонақ үйдің бірінші қабаты);

4) № 4 студенттер үйі(№ 124 бөлме).

Жатақханада тәулік бойы Wi-Fi Интернетке сымсыз қол жетімділік жүйесі қызмет етеді.

Барлық компьютерлік жабдықтар Интернет желісіне 40 Мбит/сек жылдамдығымен қосылған. Желі 1100 компьютерде лицензиялы «Антивирус Касперского» бағдарламасымен қорғалынады. Компьютерлік сыныптарда операциялық жүйені қатыру жүйесі орналасқан. Сондай-ақ желіде Прокси-сервер орнатылған.

Студенттер мен ПОҚ интернет жылдамдығы мен қол жетімділік шектелуін есепке алу ActiveDirectory домендік саясатының MSSQL деректер базасы UserGate прокси-серверлері көмегімен іске асады. Бір студентке және оқытушыға арналған орта жылдамдық интернет каналындағы орташа статистикалық жүктемесі кезінде сыртқы желілік ресурстарға 45 kbit/c тан автономды желілік ресурстарға шектеусіз болғанға дейін алмасып отырады. 1Гбит – каналдың өтімділік қабілеттілігі.

Университеттің оқу процессі 9 серверден қолдау көреді: Платон сервері, Прокси сервері, 1С сервері, пошта сервері, Moodle сервері, DNS-сервері, әлеуметтік желі және т.б. әрбір серверде күнделікті ақпараттық түнгі резервтік көшірілуі іске асады, тәулік бойындағы үзіліссіз қоректендірілу қамтамасыз етіледі.

6М060200-Информатика мамандығы магистранттарының оқу процессі мамандандырылған аудиторияларда құрылған, олардың ішінде 2 – МОӨЖ сабақтарын жүргізуге арналған (№7 корпус, 217, 214 аудиториялары), 7 – іс тәжірибе және МӨЖ сабақтарын жүргізу (№7 корпус, 206, 212, 212а, 104, 105, 202, 305, 307, 405 аудиториялар).

Барлық компьютерлік сыныптардың куәліктері, сонымен қатар арнайы қызметтердің барлық техникалық сипаттамалары мен талаптарына жауап береді.

Университетте кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетудің бірлік жүйесі ендірілген. 6М060200-Информатика ББ магистранттары Интернетке шығысы бар университеттің бірлік компьютерлік желісіне қолжетімділігі бар. Университет корпустарында орналасқан 11 ақпараттық киоскілердің көмегімен анықтамалық ақпаратты алуға болады: республикалық және университеттік санаттағы жаңалықтар, университтетің байланыс ақпараты, студенттер мен оқытушылардың деректер базасына қолжетімділік, электронды жатақхана және т.б.

 

6.2.7 Интернетке шығысы бар болғандықтан біздің университет ғаламдық желіде бес тілдегі өзіндік виртуалды көрінісі бар - www.vkgu.kz сайты. университтеттің ресми сайты 19.09.2012 ж. №426 ҚР ҒБМ мақұлданылған универстиеттік интернет ресурстарға қойылатын талаптарға сәйкес келеді. Университет сайтының беттерінде университеттің барлық қызмет бағыттары, стратегиясы мен мүддесі, қаулысы, университеттің ішкі тәртіп ережесі, барлық факультеттердің жұмысы, кафедра жұмысы, университеттің құрылымдық бөлімдері туралы ақпарат берілген. Жаңалықтар блогы белсенді жұмыс атқаруда, абитуриенттер мен магистранттарға арналған ақпарат қызықты әрі сан алуан. Сайттың ақпараттылығынан басқа өкілеттіклікпен виртуалды интерактивті қарым қатынас мүмкіншілігі алға шығарылады. Ресми сайтқа келесі сервистер кіреді: Форум, домен vkgu.kz поштасы, Түлекетр ассоциациясы, ректорға сұрақ, ректор блогы, Виртуалды қабылдау бөлмесі.

Берілген веб-ресурстың келесі сипаттамалары бар:

1) «Универстет туралы» бөлімінде Университет қызметтері туралы ақпарат үнемі жаңартылады.

2) «Сұрақ-жауап» бөлімі бар, онда әрбір сайтқа кіруші түрлі сипаттағы пікірлерін жаза алады (оң пікірлер, сұрақтар, арыздар және с.с). сөз сөйлеуді жібергеннен кейін ол премодерациядан өзектіліктің барлығы мен сұрақ дұрыстығына тексерістен өтеді, одан кейін ол еркін қолжетімжділікке түседі және барлық қонақтардың сайтында көрінеді.

6.2.8 Барлық білім беру бағдарламалары бойынша ақпараттық қамтама бірлік жүйесі.

Е-центр университеттің 3 порталын құрайды: университеттің ақпараттық-білім беру порталы (portal.vkgu.kz), дистанционды білім алу порталы (edu.vkgu.kz), абитуриенттерді дистанционды оқыту порталы(edu.vkgu.kz/abitur), қолданушыларды аутентификация/авторизация бірлік жүйесі.

Университеттің ақпараттық білім беру порталы (portal.vkgu.kz) құрамына ішкі жарнамалар таспасы, оқу-әдістемелік және оқу-әкімшілік ақпараты бар беттер кіреді. Порталдың сервистерінің бірі болып университеттің барлық электронды білім беру порталдарына қолжетімділік мүмкіндігі болып отыр (оның ішінде кітапхананың да), бейнеқрға, себебі университетте жеке Web-контент құрылған.

Портал бөлімдерінің құрамы ммен құрылымы қолданушының ақпараттық қажеттіліктеріне біршама тәуелді, осылай мысалға оқытушы үшін Ақпараттық-білім беру порталында келесі қызметтер құрастырылған: ведомостьтерді қарап шығу, толтыру, өзгертуге қолжетімділік, жеке күнтізбелері, жеке жүктемелері, курстық/дипломдық жұмыс тақырыптары, курстарды презентациялау, жарияланған жұмыстар тізімі.

Оқытушы үшін келесі қызметтер: топтың сабақ кестесі, жеке оқу жоспары, үлгерім, оқытушыны таңдау, курстық/дипломдық жұмыс тақырыптары, УМКД. Осы бөлім оқушыға магистранттардың ағымдағы және рубеждік үлгерімін және магистранттың білім алу траекториясы туралы жедел ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Дистанционды білім беру порталының оқытушы терезесі оқытушының және оқушының дистанционды білім алу қажеттіліктері мен ерекшеліктерімен байланысты басқа бөлім құрылымына ие.

6.2.9 «Компьютерлік желілер», «Интернет-технологиялары» пәні бойынша магистранттар құраған виртуалды зертханалық жұмыстар қолданылады.

6.2.10 6М060200-Информатика мамандығы бойынша білім беру процессін қолдауға үшін компьютерлердің техникалық жағдайы мен бағдарламалық қамтама жұмысын техник және матем.мод және комп.техн. кафедрасының лаборанты жауап береді.

6.2.11 Математикалық модельдеу және компьютерлік технологиялар кафедрасымен магистранттардың өз бетімен оқу және зерттеу жұмыстарына қажетті жағдайдардың бәрін жасайды: магистранттардың кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуы және МҒЗЖ нәтижелерін баспаға шығару. Кафедра ПОҚ магистранттаржың ғылыми жұмыстарын олар республикалық және халықаралық конференцияларда, ғылыми жұмыс конкусртарында, олимпиадаларда орын алуы үшін басшылық ету. Барлық ресурстар магистранттарға қол жетімді, электронды оқу залдарындағы кез келген компьютерден оқытушыларға, кітапхананың электронды ақпарат залдарында, ғылыми ақпарат залдарында, Интернет-кафе, компьютерлік сыныптар мен кафедрада.

6.2.12 Барлық қызмет көрсету ресурстары оқу жылының соңында жеткіліктілікке, мерзімге сай және әсерлілігіне талдауға салынады (кесте 6.8). қажеттілік жағдайында оларды жаңарту және ұлғайту туралы шешімдер қабылданады. «Университеттің компьютерлік қамтамасын басқару процестерін регламенттеу туралы» ШҚМУ 012-14 П тәртібі компьютерлік қамтаманы басқаруға қатысатын басшылар мен мамандар әрекетін регламенттейді.

 

Кесте 6.8

2010-2014 ж.ж. интернет желісіне қолжетімділік қызметтері бойынша аналитикалық деректер

Жылдамдық/трафик
           
Провайдерлер 2010 ж 2011 ж 2012 ж 2013 ж 2014 ж
ТОО«Рейтинг-Телеком» 4 Мбит/с шектеусіз   5 Мбит/с шектеусіз 5 Мбит/с шектеусіз 8 Мбит/с шектеусіз 8 Мбит/с шектеусіз
АО «Казахтелеком» - - 8 Мбит/с шектеусіз Келісім бойынша 16 Мбит/с, 32 Мбит/с, оқу мекемелеріне тариф бойынша шектеусіз Келісім бойынша 16 Мбит/с, 32 Мбит/с, оқу мекемелеріне тариф бойынша шектеусіз
Ассоциция «КазРЕНА» 3 Мбит/с шектеусіз 5 Мбит/с шектеусіз - - -
Келісілген қосылу графигі бойынша Интернет желісін қолданушылар саны     Корпус территориясындағы Wi-Fi зона № 1 (корпустың алдыңғы фасады, 1,3 қабаттар) Әкімшілік территориясындағы Wi-Fi зона, № 1 корпусының (корпустың алдыңғы фасады, 1,3 қабаттар), № 6 студенттер үйі (1-2 қонақ үй қабаттары). Әкімшілік территориясындағы Wi-Fi зона, № 1 корпусының (корпустың алдыңғы фасады, 1,3 қабаттар), № 6 студенттер үйі (1-2 қонақ үй қабаттары), студенттер үйі № 4, 2 қабат. Әкімшілік территориясындағы Wi-Fi зона, № 1 корпусының (корпустың алдыңғы фасады, 1,3 қабаттар), № 6 студенттер үйі (1-2 қонақ үй қабаттары), студенттер үйі № 4, 2 қабат.

6.2.13 және 6.2.14 Қаржыландыру көздерінің қимасындағы қаржылай құралдарының құралдарының жыл сайынғы өзгеріс динамикасы бар, олар зертханалық жабдықтар, оқу әдебиеттерін, периодикалық басылымдарды, ақпараттық ресурстарды, компьютерлерді алу үшін үлестіреді (қосымша 6.1).

 

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 189 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
СТАНДАРТ. ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ| Подготовка к варке круп, бобовых и макаронных изделий

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)