Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Геоақпараттану және геоақпарттық жүйе туралы түсінік.

Читайте также:
  1. MS Access деректер қорында форма құру және батырма орнату
  2. Ағзадағы ауыруды жалпыландыратын және басатын механиз
  3. Алдын-ала егуге көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер
  4. Ас қорыту жүйесі» модулі
  5. Ауыл және қала халқы
  6. БАӨЖ-на қойылатын талаптар және курстық жұмыстарын/жобаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
  7. Білге қаған және Күлтегін құрметтеріне жазылған жәдігерлердің мәтіні

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК

ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

«Көлік және құрылыс» факультеті

«Информатика және есептеуіш техника» кафедрасы

 

 

5В090700 – «Кадастр», 5В090300- «Жерге орналастыру»

мамандықтарының

«Карталарды безендірудегі компьютерлік графика»»

Пәні бойынша

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР ӨТКІЗУГЕ

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

 

АКТАУ 2014

 

ДӘРІС - 1

Дәрістің тақырыбы: ГЕОАҚПАРАТТАНУ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ БАСҚА ПӘНДЕРМЕН, ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ МЕН ӨНДІРІСПЕН БАЙЛАНЫСЫ. ArүGISБАҒДАРЛАМАСЫ ТҮСІНІГІ

Дәрістің мақсаты: географиялық ақпараттық жүйелер және геоақпараттану түсініктерімен таныстыру. ArүGIS –бағдарламасына кіріспе.

Түйінді сөздер: геоақпараттану, геоақпарат, топология, қабат, т.б.

Дәрісте қаралатын сұрақтар:

1. Геоақпараттану және геоақпарттық жүйе туралы түсінік

2. Геоақпараттықжүйелердіңерекшеліктері

3. Пәннің пән аралық байланысы

 

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Рысбеков Қ.Б., Солтабаева С.Т. Геоақпараттық жүйе негіздері. Алматы, 2009 ж.

2. Что такое ArсGIS 9. М.: Data+, 2004 г.

3. Редактирование данных в ArcGIS. Лекции и упражнении. М Data+, 2009 г.

4. Варламов А,А., Гальченко С.А. Географические и земельные информационные системы.Том 6, М.: «Колос», 2005.

5. Цветков В.Я. Геоинформационные системы и технологии. М.:Финансы и статистика, 1998.

 

Геоақпараттану және геоақпарттық жүйе туралы түсінік.

Қазіргі уақытта ақпараттар (қоғамдыққызмет салаларына есептеуіш техниканың енгізілуі)қолданылмайтын адам қызметініңқандай да бір саласын атау қиын. Ақпараттық технология кез - келгенғылымныңажырамас бөлігі болып келеді, оны түрлендіре отырып шексіз жетілдіруге ұмтылуда. Жер жөніндегі ғылымда ақпараттық технологияның арқасында геоақпараттану және географиялық ақпараттықжүйелерсияқты ұғымдар пайда болды.

Геоақпараттану– бұл географиялық ақпараттық жүйелерді ғылыми дәлелдеу, жобалау, құру, пайдалану және қолдану туралы ғылым, технология және өндірістік әрекет. Географиялықақпараттықжүйелер 1960 жылдардыңбасында құрылды. Қазір Өнеркәсіптік түрде дамыған елдерде мыңдаған географиялық ақпараттықжүйелер бар: олар геодезия және картографияда, кадастрда, ресурстарды басқаруда, табиғат пен экологияны қорғауда, экономикада, тіпті саясатта қолданылады.

Географиялық апараттық жүйелер— бұл кеңістіктік - үйлестіруші мәліметтерді жинауды, сақтауды, өңдеуді, кіруді, бейнелеуді және таратуды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.

Географиялықақпараттық жүйелердің мәні- ақпараттарды жинауға, мәліметтер қорын құруға, оларды компьютерлік жүйелерге енгізуге, сақтауға, өңдеуге, түрлендіруге және пайдаланушы сұранысы бойынша көбінесе картографиялық пішінде беруге, сонымен қатар кесте, графиктер, мәтіндер (текст) түрінде шығаруға мүмкіндік береді. Геоақпараттықжүйелердегі мәліметтер өздерінің географиялықжағдайының негізінде біріктірілген тақырыптыққабаттардың жинағы түрінде сақталады.

 

2. Геоақпараттық жүйелердің ерекшеліктері

Пайдаланушыға қолайлы кеңістіктік мәліметтерінің бейнеленуі — кеңістіктік мәліметтерді, сонымен қатар қабылдауға аса қолайлы үшөлшемді өлшеудегі мәліметтерді картографиялау (картаға түсіру); ол сұраныстардыңқұрылымын және олардың кезекті талдамасын жеңілдетеді.

2. Мәліметтерді мекеме ішінде интеграциялау — геоақпараттықжүйелер компанияның әр түрлі бөлімдерінде немесе тіпті бір аймақтағы мекеменің әр түрлі қызмет салаларында жинақталған мәліметтерді тбіріктіреді. Жинақталған мәліметтермен олардың бірыңғай ақпараттықмассивке интеграциясын ұжымды түрде пайдаланудың едәуір бәсекелестік артықшылығы бар және ол геоақпараттық жүйелерді пайдалану тиімділігін жоғарылатады.

3. Дәлелді шешімдерді қабылдау — кеңістіктік мәліметтермен байланысты кез келген құбылыс туралы есеп беруді талдау және құру үрдісін автоматтандыру шешімді қабылдау тәртібін жеделдетуге және тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

4. Картаны құрудыңқолайлы құралы — геоақпараттықжүйелер ғарыштықсжәне аэрофототүсірімдер мәліметтерінің мағынасын түсіндіру үрдісін тиімді етеді және белгілі бір жердіңқұрылып қойған жоспарларын, сызба нұсқаларын, сызбаларын пайдаланады. Географиялық ақпараттықжүйелер картамен жұмыс істеу процесін автоматтандыра отырып, уақыт ресурстарын үнемдейді және жердіңүш өлшемді моделін құрады.

Геоақпараттық жүйелер бірнеше ғылымдардың тоғысуынан, әдетте сандық картографиялау мен автоматты басқару жүйелерінен, жоспарлау мен болжау салалары бойынша ғылыми зерттеулерден құрылады. Географиялық ақпараттық жҮйелер жалпы географиялық карталарда, экологиялық, кадастрлы және географиялық ақпараттық жүйелердің тағайындалуына байланысты көптеген басқа мәліметтерден құралған ақпараттарды біріктіреді.


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 1005 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ГАЖ-функциялары | ArсGIS -бағдарламасы | Геоақпараттық жүйені аппараттыққамтамасыз ету. | ArсGIS бағдарламасының қосымшалары | Геоақпараттық жүйеде объектілер моделін ұйымдастыру | Топологиялық модель | Векторлы және растрлы модельдер | Жүйедегі жұмысты ұйымдастыру |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Перспективы строительства правового государства в Украине| ГАЖ технологиясын пайдаланушылар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)