Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ArсGIS бағдарламасының қосымшалары

Читайте также:
  1. ArсGIS -бағдарламасы

Геоақпараттық жүйе жобасында ArсGIS-тің ArсMap, ArсҮatalog және ArсToolbox деген үш қолданбалы қосымшасын пайдалануға болады.Оларды біріктіріп қолдану кез-келген күрделі ГАЖ–есепті мәліметтерді картографиялау, басқару, кеңістік талдау, мәліметтерді редакциялау және оларды геоөңдеуге мүмкіндік береді.

 

 

ArсMap-ArсGIS Ңesktop-тың негізгі қосымшасы, мәліметтерді редакциялау және карталарды құру үшін, картографиялық талдаулар жасау үшін және карталарды бейнелеу үшін қолданылады.

 

 

ArүСatalog- кеңістік мәліметтерді басқаруға және геомәліметтердіңқорын құруға, қарстыруға негізделген.

 

 

ArсToolbox –мәліметтермен олардың геоөңдеулерін конвертациялау үшін қолданылады.

 

 

Бақылау сұрақтары:

1. ArсGIS бағдарламасыныңқосымшаларына түсінік?

2. ГАЖ-ні бағдарламалыққамтамасыз ету

3. ГАЖ-ні аппараттыққамтамасыз ету қалай жүзеге асады?

4. Енгізу құрылғыларын атаңыз?

5. Шығару құрылғыларын атаңыз?

 

 

ДӘРІС – 5

Дәрістің тақырыбы: ГАЖ-ні аппараттыққамтамасыз ету және ақпараттарды ұйымдастыру

Дәрістің мақсаты: ГАЖ-де аппараттыққамтамасыздандыру мен қолданылатын басқа да бағдарламалықөнімдерімен таныстыру.

Түйінді сөздер: геобейнелеу, геоөңдеу, геомәліметер т.б.

Дәрісте қаралатын сұрақтар:

1. Геоақпараттық жүйелердіңқұрамды бөліктері

2. ГАЖ-де қолданылатын бағдарламалардың түрлері

 

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Рысбеков Қ.Б., Солтабаева С.Т. Геоақпараттық жүйе негіздері. Алматы, 2009 ж.

2. Что такое ArсGIS 9. М.: Data+, 2004 г.

3. Редактирование данных в ArcGIS. Лекции и упражнении. М Data+, 2009 г.

4. Варламов А,А., Гальченко С.А. Географические и земельные информационные системы.Том 6, М.: «Колос», 2005.

5. Цветков В.Я. Геоинформационные системы и технологии. М.:Финансы и статистика, 1998.

 

 

 

ГАЖ негізі геомәліметтерді өңдеу, геомәліметтерді бейнелеу және геомәліметтер қорын түзу.

Географиялық ақпараттық жүйені үш түрі бар:

1. Геомәліметтер қоры – кеңістіктік мәліметтер қоры (векторлы объектілер, растрлар, топология мәліметтері және т.б.).

2. Геобейнелеу – интеллектуалдыкарталартерілімі немесе “мәліметтер орыны

терезесі”.

3. Геоөңдеу – жаңа геомәліметтер терілімібар геотерілімдерден жасайтын аспаптар

терілімін олдану немесе аналитикалыфункция.

Географиялық ақпараттық жүйелерді пайдалану мақсаттары: жерді инвентаризациялау, талдау, модельдеу, басқару, болжам жасау, жоспарлау, мониторинг, картаға түсіру, тұтынушыларға қызмет көрсету болып табылады. Геоақпараттық жүйлердегі мәліметтер өздерінің географиялық жағдайының негізінде біріктірілген тақырыптыққабаттардың жинағы түрінде сақталады. Геоақпараттық жүйелердің векторлы және растрлы мәліметтермодельдерімен жұмыс істеу тәсілі мен мүмкіндігі кеңістіктік ақпараттарға қатысты кез келген міндеттерді шешудетиімді. Геоақпараттық жүйелер басқа ақпараттық жүйелермен тығыз байланысты және олардыңмәліметтерін объектілерді талдау үшін қолданады. Географиялықақпараттық жүйелер үлкен көлемді мәліметтерді дұрыс, тез басқара алады.

Аппараттық геоақпараттық жүйелердіңқұрамды бөліктері:

1. Құралдар: қазіргі уақытта географиялық ақпараттық жүйелер компьютерлі платформалардың әр түрлі типтерінде, орталықтандырылған серверден жеке немесе үстел үстіндегі байланысқан компьютер желісіне дейін жұмыс істейді.

2. Географиялық ақпараттық жүйелердің бағдарламалыққамтамасыздандырылуы: географиялық (кеңістіктікғ ақпараттарды сақтауға, талдауға және көзбен шолуға (визуализация)қажетті функциялар мен құрал-жабдықтардан тұрады.

3. Берілгендері: қажетті тақырыптыққабаттары бар дайын карталар түрінде немесе ғарыштық түсірімдер, аэрофототүсірімдер және т.б. түрінде берілуі мүмкін.

Кез келген ГАЖ екі типті-графикалық және атрибутивті немесе тақырыптық мәліметтер қорымен жұмыс істейді. Графикалық мәліметтер қорына графикалық немесе метрикалық негіз деп аталатын мәліметтер сақталады. Атрибутивті (анықтауыштық)карта жүктемесі және кеңістікке қатысты, бірақ карта бетіне түсірілмейтін қосымша мәліметтерден (аумақтың сипаттамасы, бағасы, көпір ұзындығы)тұрады.

Негізгі геоақпараттық жүйе бағдарламаларын атап көрсетуге болады:

MapInfo Professional- жақсы дамыған, қуатты, пайдалануда қарапайым түрлі салаларда кең ауқымды мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін қолданбалы картографияның жүйесі. Oraсle8.0.х, DB2,Informix мәліметтер қорымен жұмыс жасау, жоғарғы сапалы карталар жасау,анимациялыққабат қабаттағы жиі өзгерістерді тез суреттеу, көлемдік қабатармен жұмыс істеу мүмкіндігі, Ресей мен Мәскеу қаласының, Австралия, АҚШ, Канаданыңмысалдық карталары бар.

WinGIS-өндірістік геоақпараттықжүйелерді жасауға м.мкідік беретін, кеңістік мәліметтерді картографиялауға және анализ жасауға мүмкіндік беретін құралдық жүйе. Бағдарлама Miсrosoft Aссess, dBASE, FoxPro, Excel, Paradox сияқты мәліметтер қорының форматтарымен жұмыс жасай алады.ESRI (Shape), ESRI (E00), Maplnfo (MIF/MID), AutoDesk (DXF) форматтарына импорт-экспорттау мүмкіндігі бар.

GeoDraw-Ресейдіңғылым Академиясының геоақпараттықзертеулер Институты жасаған жүйе. Геология, жер қойнауын пайдалану, қала шаруашылығы, экология және табиғат пайдалану, жергеорналастыру және орман шаруашығы, көлік және байланыс, геодезия және карография салаларында пайдаланылатын, вектрлы топологиялық редакторы бар сандықкарталар жасайтын жүйе. WGS84 координаттар жүйесінде жұмыс жасап, ArүInfo, MapInfo, Idrisi жүйелерімен ақпарат алмасаалады. Credo - әртүрлі электрондық геодезиялық аспаптардың түрлі әдістерімен алынған геодезиялық ақпараттарды өңдеу, жинау және ізденістерге қолдануға даярлау сонымен қатар жергілікті жерлердің сандық моделін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Геоақпараттық жүйелердіңқұрамды бөліктерін атаңыз?

2. ГАЖ қолданылатын қандай қосымша бағдарламаларды білесіз?

3. ArсGIS-бағдарламасыныңқосымшаларын атаңыз?

4. ArсMap-қосымшасының мүмкіншілігі?

5. ArсСatalog және ArсToolөox қосымшаларыныңқызметі?

 

 

ДӘРІС – 6

Дәрістің тақырыбы: КЕҢ­ІСТІК МӘЛІМЕТТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Дәрістің мақсаты:

Түйінді сөздер: модель, семиотика, семантика, өзгергіштік т.б.

Дәрісте қаралатын сұрақтар:

1. Кеңістік мәліметтерді ұйымдастыру

2. Геоақпараттық жүйеде объектілер моделін ұйымдастыру

 

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Рысбеков Қ.Б., Солтабаева С.Т. Геоақпараттық жүйе негіздері. Алматы, 2009 ж.

2. Что такое ArсGIS 9. М.: Data+, 2004 г.

3. Редактирование данных в ArcGIS. Лекции и упражнении. М Data+, 2009 г.

4. Варламов А,А., Гальченко С.А. Географические и земельные информационные системы.Том 6, М.: «Колос», 2005.

5. Цветков В.Я. Геоинформационные системы и технологии. М.:Финансы и статистика, 1998.

 

Геоақпараттық жүйедегі мәліметтердің барлығы алуантүрлі — объектілер жүніндегі ақпарат, жер бетінің сипаттамасы, объектілер арасындағы байланыс пен түрлері туралы ақпарат, әр түрлі бейнелеуші мәліметтер — мәліметтерқорында сақталатын бірыңғай жалпы модельге түрленеді. Бұл мәліметтералуан түрлі объектілер моделін түзеді, олар мәліметтерқорының ақпараттық негізін береді.

Мәліметтерқорында сақталған Геоақпараттық жүйедегі геоақпараттық жүйетобъектілерініңмодельдері мәліметтермоделі деп атау қабылданған аса қарапайым бөліктерден тұрады. Геоақпараттық жүйедегі мәліметтер модельдерінде күрделі көп деңгейлі жұйе бар, оның төменгі деңгейлері қарапайым мәліметтермоделінен құралған. Қарапайым модельдерден аса күрделісі құралады.

Мәліметтерқорын геоақпараттық жүйеде ұйымдастыру объектілер моделін ұйымдастырудан басталады. Бұл мәліметтерқорындағы күрделі модельден құралған қарапайым мәліметтермоделініңқасиеттерін алдын ала талдау қажеттілігін анықтайды. Мұндай тәсіл мәліметтерқорындағы ақпараттардың негізін құру мен мәліметтерді Өңдеу процестерін тиімді етуге мүмкіндік береді.

 


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 656 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Геоақпараттану және геоақпарттық жүйе туралы түсінік. | ГАЖ технологиясын пайдаланушылар | ГАЖ-функциялары | ArсGIS -бағдарламасы | Топологиялық модель | Векторлы және растрлы модельдер | Жүйедегі жұмысты ұйымдастыру |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Геоақпараттық жүйені аппараттыққамтамасыз ету.| Геоақпараттық жүйеде объектілер моделін ұйымдастыру

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)