Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ГАЖ технологиясын пайдаланушылар

ГАЖ-ды пайдалану салалары

Геоақпараттық жүйелердің мүмкіндіктер әр түрлі қызмет салаларында және алуан түрлі есептерді (міндеттемелерді) шешу үшін қолдануы мүмкін. ГАЖ-ды пайдалану кейбір мысалдары:

Геодезия жне картография:

▪ далада түсірілген суреттер мәліметтерінің негізінде топографиялықжоспарларды құру;

▪ геодезиялықөлшеу мәліметтерін алғаш ретенгізу;

▪ жердің сандық моделін өңдеу және құру;

▪ векторлау жолымен әр түрлі бағыттағы карталардықұру;

▪ карталарды жаңарту;

▪ оперативті картаға түсіру;

▪ карталарды редакциялау, жинақтау және басып шығару;

▪ тақырыптық карталар мен атластарды жинау және т.б.

Апараттық жер жүйелері:

▪ жерге орналастыру, жердің генпланы мен үш өлшемді моделін құру;

▪ инженерлік геология;

▪ рельефті ұйымдастыру және т.б.

Апараттық жер жүйелері:

▪ жерге орналастыру, жердің бас жоспары мен үш өлшемді моделін құру;

▪ инженерлік геология;

▪ рельефті ұйымдастыру және т.б.

 

Халықты тұрмыс-тіршілігін бақылау:

▪ денсаулық сақтау (халықтың ауру деңгейін, жастық-жыныстыққұрылымын денсаулық денсаулық көрсеткіштерін қадағалау және т.б.)

▪ әлеуметтік қызмет көрсету;

▪ жұмыспен қамтамасыз ету және т.б.;

▪ білім беру (мектеп мекемелері желісін оңтайлау, аймақтағы

талапкерлердің жоғарғы оқу орындарына (ЖОО) түсуін,ЖОО мониторингін, мамандар тапшылығын талдау және т.б.)

 

Әкімшілік- аумақтыбасқару:

▪ аумақтық және салалық жоспарлау;

▪ қаланың жоспарлануы мен объектілерді жобалау;

▪ инженерлік коммуникацияның, жер, қала құрылысының, ағаш отырғызу кадастрларын енгізу;

▪ техногенді-экологиялық сипаты төтенше жағдайларға болжам жасау;

▪ көлік ағындары менқалалық көлік маршруттарын басқару;

▪ экономикалық мониторинг желісін құру;

▪ қаланың инженерлі- геологиялық аудандастырылуы.

 

Телекоммуникациялар:

▪ желі күйінің мониторингі;

▪ транкті және ұялы байланыс, дәстүрлі желілер;

▪ телекоммуникациялықжелілерді қарқынды жоспарлау;

▪ антенналардың, ретранслятордың және т.б. тиімді орналасуын таңдау;

▪ кабельдерді төсеу маршруттарын (бағыттарын)анықтау

▪ оперативті диспетчерлік басқару.

 

Инженерлік коммуникациялар мен желілер:

▪ сумен қамтамасыз ету және канализация желілеріндегі тұтынушыларға баға беру;

▪ инженерлік коммуникация жүйелері үшін апаттыжағдайларын, салдарын модельдеу;

▪ инженерлік ғимараттард жобалау (жол құрылысы, құрылыс алаңдарын

даярлау гидрогеология мен гидравлика бойынша есептеулер және т.б.);

▪ сыртқы коммуникация профильдерін жобалау;

▪ инженерлік желілер күйінің могиторингі және апатты жағдайларды болдырмау.

Көлік (транспорт):

▪ автомобиль, темір жол және авиатранспорт инфроқұрылымы мен оныңдамуын басқару;

▪ жылжымалы құралдардың паркін басқару және логистика;

▪ қозғалысты басқару, маршруттарды тиімді ету және жүк ағындарын талдау.

Мұнай-газ кешені:

▪ геологиялық барлау және далалық ізденіс жұмыстары;

▪ мұнай мен газ құбырларының технологиялық жұмыс істеу режімдерініңмониторингі;

▪ магистральды құбырларды жобалау;

▪ апатты жағдайлардың салдарын талдау және модельдеу.

Құқық қорғау органдары және демеу беру ведомстволары:

▪ жылдам әсер ету қызметі, қорғаныс көштері, полиция, өрт қызметі;

▪ құтқару операциялары мен қорғану шараларын жоспарлау;

▪ төтенше жағдайларды модельдеу;

▪ әскери операцияларды стратегиялық мен тақырыптық жоспарлау;

▪ жылдам әрекет ету, басқа демеу беру ведомстволарының навигациясы.

Экология:

▪ экологиялық жағдайлар мен қауіпті табиғат құбылыстарын бағалау және мониторингі, ортаға техногенді әсерлерді және олардың салдарын бағалау;

▪ экологиялық экспертиза;

▪ экологиялық апаттарды модельдеу және олардың салдарын талдау;

Орман шаруашылығы:

▪ орман шаруашылығын стратегиялы басқару;

▪ ағаш дайындауды басқару, орманға деген тәсілдерді жоспарлау және жолдарды жобалау;

▪ орман кадастрларын енгізу.

Ауыл шаруашылығы:

▪ ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердіңөңделуін жоспарлау;

▪ жер иелерін және егістік жерлерді есепке алу;

▪ ауыл шаруашылықөнімдері мен минералды тыңайтқыштардыңтасымалдауын оңтайлау.

 

Бақылау сұрақтары:

1. ГеоақпараттықжүйеніңҚР дамуы?

2. ГАЖ ерекшеліктері және қолданылу ортасы қандай?

3. ГАЖ-ды пайдалану мақсаттары.

4. ГАЖ артықшылықтары.

5. ГАЖқңқұраушы бөліктері.

6. ГАЖ жүзеге асыратын операциялар.

7. ГАЖ-ды қандай қызмет аймағында пайдаланады?

 

ДӘРІС – 3

 

Дәрістің тақырыбы: ГАЖ-НІҢ ­ ДАМУ ТАРИХЫ. ГАЖ-НІАППАРАТТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Дәрістің мақсаты: Географиялық ақпараттық жүйелердің даму тарихын оқып үйрену және қазақстан териториясындағыдамуы.

Түйінді сөздер: мәліметтер, бағдарлама т.б.

Дәрісте қаралатын сұрақтар:

1. ГАЖ-функциялары

2. ArсGIS-бағдарламасы

 

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Рысбеков Қ.Б., Солтабаева С.Т. Геоақпараттық жүйе негіздері. Алматы, 2009 ж.

2. Что такое ArсGIS 9. М.: Data+, 2004 г.

3. Редактирование данных в ArcGIS. Лекции и упражнении. М Data+, 2009 г.

4. Варламов А,А., Гальченко С.А. Географические и земельные информационные системы.Том 6, М.: «Колос», 2005.

5. Цветков В.Я. Геоинформационные системы и технологии. М.:Финансы и статистика, 1998.


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 451 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ArсGIS -бағдарламасы | Геоақпараттық жүйені аппараттыққамтамасыз ету. | ArсGIS бағдарламасының қосымшалары | Геоақпараттық жүйеде объектілер моделін ұйымдастыру | Топологиялық модель | Векторлы және растрлы модельдер | Жүйедегі жұмысты ұйымдастыру |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Геоақпараттану және геоақпарттық жүйе туралы түсінік.| ГАЖ-функциялары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)