Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мес жасушасының түйіршіксізденуіне кедергі жасайтын дәрілер

Читайте также:
  1. А/ қайтымды әсер ететін дәрілер.
  2. Аллергияға қарсы дәрілер
  3. Антихолинэстеразды дәрілер
  4. Беткейлік жансыздандыру үшін қолданылатын дәрілер
  5. Гистаминге қарсы дәрілер
  6. Дәрілер
  7. Дәрілердің өзгеруі

Натрия кромогликат (Natrii cromoglycatum), интал, кромолин, натрия кромогликат - аллергияға қарсы және мембрананы тұрақтандыратын дәріге жатады. Месше жасушаларының мембранасын тұрақтандырады, кальций иондарының кіруін тежейді, бұзылуды және одан гистаминнің, брадикининің, лейкотриеннің, простагландиндердің және басқа да биологиялық заттардың босатылуын. Аллергиялық және қабыну реакцияларының басталуын ескертеді, бронхоспазмды хемотаксис эозинофильдерін баяулатады. Рецепторларды тежейді, қабыну медиаторлары үшін арнамалы болады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бронх демікпесі, бронх демікпесінің ұстамасы, бронх демікпесінің атониялық түрінде, инфекциялық аллергия ауруларында, демікпелі бронхитте, демікпе ұстамасымен жүретін пневмосклероз, әсіресе аллергиялық құрамада, аллергиялық ринит пен конъюктивитте. Ингаляциялық аэрозоль (5-10 мг) 4-8 реттен тәулігіне, мұрынға 1 тамшыдан 3-4 рет тәулігіне, ішке 100-200 мг (капсулада 100 мг №100) күніне 4 рет.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, жүктілікте, бала емізуінде, балаларға 2 жасқа дейін (мөлшерленген аэрозольда – 5 жасқа дейін), жүктілік кезде алғашқы 3 айда және балаларға 5 жасқа дейін. Бауыр және бүйрек ауыратын науқастарға байқап қолдану керек.

Жанама әсері. Кейде жөтел және қысқа уақыттық бронхоспазм пайда болуы мүмкін.

Шығарылу түрі. 20 мг капсуладағы ингаляцияға арналған ұнтақ N. 30, 50, 100; 100 мг ішке қолдануға арналған капсула N.100; 1 және 2% 2 және 10 мл егуге арналған ампуладағы ерітінді; мөлшерленген аэрозоль 10 мл баллонда (5 мг/мөлшер – 112 мөлшер) және 15 мл (1 мг/мөлшер – 200 мөлшер); 2% 5, 10 және 13,5мл флакондағы көз тамшысына арналған ерітінді және 0,25мл тюбик-тамшыдағы ерітінді; 4% 10 мл флакондағы ерітінді; 2% 15, 26 және 28 мл флакондағы интраназальды қолдануға арналған спрей-ерітіндісі (2, 2,6 және 2,8 мг/мөлшерде).

Рецепт үлгісі. Rp.: Natrii cromoglycati 0,02

D.t.d N. 6 in caps.

S. 1 капсуладан ингаляцияға тәулігіне 4 - 8 рет.

#

Недокромил натрия (Natrii Nedocromilum), тайлед. Недокромил натрия – демікпеге қарсы дәрі. Әр түрлі жасушалардағы (эозинофильдер, месше жасушалары, нейтрофильдер, макрофагтар, моноциттер және тромбоциттер) қабыну медиаторларының, сонымен қатар гистаминнің, цитокиндердің, лейкотриендердің С4, ПГД2, хемотаксикалық факторлардың, ферменттердің (бета-глюкуронидаза мен басқалары) босап шығуын тежейді. Ингаляциядан кейін бронх ағашының қабығында қонады және бастапқы, кешкі демікпелі реакцияларын тежейді. Өкпедегі афферентті жүйкелерге әсерін тигізеді, аксон-рефлекс және сенсорлық нейропептидтердің (Р субстанциясы, нейротоксин А) босап шығуына ықпалын басады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бронхо обструктивті синдром: әр түрлі генездегі бронх демікпесі, сонымен қатар бронх демікпесі физикалық жүктемеде, бронхоспастикалық реакциялар, созылмалы обструктивті бронхит. Үлкен адамдарға және кіші балаларға 12 жастан жоғары бастапқы мөлшер – 2 ингаляция (4 мл) тәулігіне 4 реттен, керек жағдайда тәулігіне 6-8 реттен, қосымша терапияға – 2 ингаляциядан тәулігіне 2 рет.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, кішкентай жастарда 12 жасқа дейін. Жүктілік (І үш айында) және бала емізуінде.

Жанама әсері. Жөтел, тыныс алу жетіспеушілігі, бронхоспазмдар, бас ауыру, бас айналуы, құсу, жүрек айнуы, диспепсия және т.б.

Шығарылу түрі. Ингаляцияға арналған баллондағы аэрозоль (2 мг/мөлшер – 56, 82 және 112 мөлшер); 1% 15 және 30 мл флакондағы интраназальды қолдануға арналған ерітінді; 2% 5 және 10 мл флакондағы көз тамшысының ерітіндісі қолданылады.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Nedocormili 2% - 5 ml

D.S. 1 – 2 тамшыдан күніне 5 – 8 рет.

#

Кетотифен (Ketotifenum), задитен. Кетотифен – месше жасушаларын тұрақтандырады, шамалы Н1-гистаминді тежеуші белсенділік қасиеті бар, базофильдер мен нейтрофильдерден гистаминнің, лейкотриендердің шығуын басады, тыныс алу жүйесінде эозинофильдің жиналуын төмендетеді және гистоминге реакциясы бар бастапқы және кешкі демікпелі реакцияларды басады. Бронхоспазмның алдын алуын ескертеді, бронходилатирлеу ықпалы жоқ. ФДЭ-ны баяулатады, нәтижесінде май тіндеріндегі жасушаларда цАМФ құрамы жоғарылайды.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Аллергиялық аурулардың алдын алу шараларында: атопиялық бронх демікпесі, аллергиялық бронхит, пшенді қызба, аллергиялық дерматит, қышыма, аллергиялық конъюктивит. Ішке тамақпен бірге, үлкендерге 1мг 2 реттен тәулігіне таңертен және кешкілік. Балаларға 6 айға дейін – шырын 0,05 мг/кг, 6 айдан 3 жасқа дейін – 0,5 мг 2 реттен тәулігіне, 3 жастан және жоғары – 1 мг 2 реттен тәулігіне.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, жүктілік, лактация кезінде байқау керек. Қояншық, бауыр жетіспеушілік.

Жанама әсері. Ұйқышылдық, бас айналу, тыныштандыратын ықпал, әлсіздік, ауыз құрғауы, тәбетінің жоғарлауы, жүрек айнуы, құсу, гастролгия, дизурия, іштің қатуы, дизурия, цистит, тромбоцитопения, дене салмағының ұлғаюы, терідегі аллергиялық реакциялары.

Шығарылу түрі. 1 мг таблетка және капсула N. 10, 20, 30, 50, 100; 0,02% 100 және 200 мл флакондағы ішке қолдануға арналған шырын.

 

11.3.3. Глюкокортикоидтар (10.1. Стероидты қабынуға қарсы қолданылатын дәрілер тақырыбын қарау)


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 78 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Фенил сірке қышқылының туындысы | Оксикам туындысы | Пропион қышқылының туындысы | Эндогенді жолмен алынған полипептидтер және олардың үйлестері | Жасанды препараттар | Микробтардан алынған препараттар және олардың үйлестері | Интерферондар (ИФН) | Интерлейкиндер | Иммуноглобулин препараттары | Аллергияға қарсы дәрілер |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Гистаминге қарсы дәрілер| Симптоматикалық аллергияға қарсы қолданылатын дәрілер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)