Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Мекеме

Читайте также:
  1. Бап. Резидент еместің тұрақты мекемесі
  2. Интерн аты-жөні____________________________________топ №________Мерзімі _______________________Емдеу мекемесінің атауы_____________________________
  3. Интерн аты-жөні____________________________________топ №_________Емдеу мекемесінің атауы_____________________________

 

1. Басқарушылық, әлеуметтiк-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы функцияларды жүзеге асыру үшiн өзінің құрылтайшысы құрған және қаржыландыратын ұйым, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, мекеме деп танылады.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне немесе Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес мемлекет құратын және егер қосымша қаржыландыру көздерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленбесе, тек қана бюджет немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің бюджетi (шығыстар сметасы) есебiнен ұсталатын мекеме мемлекеттiк мекеме деп танылады.
3. Мемлекеттiк мекеменiң шарттық мiндеттемелердi қабылдауы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мекемелердің құқықтық жағдайы осы Кодексте, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде айқындалады.
Ескерту. 105-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

106-бап. Қоғамдық бiрлестiктер

 

1. Қазақстан Республикасында қоғамдық бiрлестiктер болып, егер заңдармен өзгеше көзделмесе, саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтiн, өздерiнiң ортақ мақсаттарына жету үшiн ерiктi негiзде құрған басқа да бiрлестiктерi танылады.
Қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың қоғамдық бiрлестiктерді құру және оларға қатысу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленеді.
Қоғамдық бiрлестiктерге қатысушылардың (мүшелерiнiң) осы бiрлестiктерге өздерi берген мүлiкке, соның iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары жоқ. Олар өздерi мүшелерi ретiнде қатысатын қоғамдық бiрлестiктердiң мiндеттерi бойынша жауап бермейдi, ал аталған бiрлестiктер өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
2 - 6. Алынып тасталды - ҚР 1998.03.02 N 211 Заңымен.
7. Съездiң (конференцияның) немесе жалпы жиналыстың шешiмi бойынша таратылған қоғамдық бiрлестiктiң мүлкi оның жарғысымен көзделген мақсаттарға жұмсалады.
Сот шешiмi бойынша таратылған қоғамдық бiрлестiктiң мүлкi осы Кодекске немесе өзге заң құжаттарына сәйкес пайдаланылады.
8. Қоғамдық бiрлестiктiң құқықтық ережесi осы Кодекске, заң құжаттарына сәйкес белгiленедi.
Ескерту. 106-бапқа өзгеріс енгiзiлдi - ҚР Президентінің 1995.10.05 N 2489 заң күші бар Жарлығымен, ҚР 1997.07.11 N 154, 2-6-тармақтар алып тасталды - 1998.03.02 N 211, 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.12 N 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 

107-бап. Қор

 

1. Азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерiктi мүлiктiк жарналар негiзiнде құрған, әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, бiлiм беру және өзге де қоғамға пайдалы мақсаттарды көздейтiн, мүшелiгi болмайтын коммерциялық емес ұйым қор деп танылады.
2. Қор заңды тұлға болып табылады, азаматтық айналымда қордың органдары өкілдік етеді, оның дербес балансы және банк шоты болады.
3. Қорға оның құрылтайшылары берген мүлiк қордың меншiгi болып табылады.
Қор құрылтайшыларының қордың мүлкiне мүлiктiк құқықтары болмайды.
4. Құрылтайшылардың ақшасы, сондай-ақ басқа да мүлкi, демеушiлiк, ерiктi түрде жиналған қайырмалдықтар және өзге де заңды түсiмдер қордың қаржы көзi болып табылады.
5. Қорды басқару тәртiбi және оның органдарын құру тәртiбi оның құрылтайшылар бекiтетiн жарғысында айқындалады.
Қордың жарғысында осы Кодекстiң 41-бабының 5-тармағында қамтылатын мәлiметтерден басқа, қордың органдары туралы, қордың лауазымды адамдарын тағайындау және оларды босату тәртiбi, қор таратылған жағдайда оның мүлкiнiң тағдыры туралы нұсқаулар қамтылуға тиiс.
6. Қор өз мүлкiнiң пайдаланылуы туралы есептерiн ресми баспасөз басылымдарында жыл сайын жариялап отыруға мiндеттi.
7. Қор сот шешiмi бойынша мынадай жағдайларда:
1) егер қордың мақсаттарын жүзеге асыру үшiн оның мүлкi жеткiлiксiз болса және оның қажеттi мүлiктi алу ықтималдығы нақты болмаса;
2) егер қордың мақсаттарына қол жеткізу мүмкiн болмаса, ал қор мақсаттарына қажеттi өзгерiстер жасау мүмкiн болмаса;
3) қор өз қызметiнде жарғыда көзделген мақсаттардан жалтарған жағдайда;
4) заңнамалық актілерде немесе құрылтай құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін.
8. Қор таратылғаннан кейiн қалған мүлiк оның жарғысында көзделген мақсаттарға жұмсалады.
Ескерту. 107-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

108-бап. Тұтыну кооперативi

 

1. Қатысушылардың материалдық және өзге қажеттерiн қанағаттандыру үшiн өз мүшелерiнiң мүлiктiк (үлестiк) жарналарын бiрiктiру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың ерiктi бiрлестiгi тұтыну кооперативi деп танылады.
Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда тұтыну кооперативiне заңды тұлғалар кiре алады.
2. Тұтыну кооперативiнiң мүшелерi жыл сайынғы баланс бекiтiлгеннен кейiн пайда болған залалдарды қосымша жарналар төлеу арқылы үш ай iшiнде жабуға мiндеттi. Бұл мiндеттердi орындамаған ретте кооператив несие берушiлердiң талабы бойынша сот тәртiбiмен таратылуы мүмкiн.
Тұтыну кооперативiнiң мүшелерi оның мiндеттемелерi бойынша кооператив мүшелерiнiң қосымша төлемеген бөлiгi шегiнде жәрдем беру жөнiнен ортақ жауапты болады.
3. Тұтыну кооперативiнiң жарғысында, осы Кодекстiң 41-бабының 5-тармағында көрсетiлген мәлiметтерден басқа, кооператив мүшелерi жарналарының мөлшерi туралы; кооператив мүшелерiнiң құрамы мен жарна төлеу тәртiбi және олардың жарна төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы; кооперативтi басқару органдарының құрамы мен құзыретi және олардың шешiмдер қабылдау, соның iшiнде шешiмi бiрауыздан немесе бiлiктi көпшiлiк дауыспен қабылданатын мәселелер жөнiнде шешiмдер қабылдау тәртiбi туралы; кооператив мүшелерiнiң өздерi шеккен залалдарды жабу тәртiбi туралы ережелер болуға тиiс.
4. Тұтыну кооперативiнiң тапқан табыстарын оның мүшелерi арасында бөлуге болмайды, олар жарғылық мақсаттарға берiледi.
5. Тұтыну кооперативi таратылған немесе кооператив мүшесi одан шыққан жағдайда ол тұтыну кооперативiнiң мүлкiнен өз үлесiн өз жарнасына қарай бөлiп алуға құқылы.
Тұтыну кооперативiнiң мүшесi қайтыс болған жағдайда, егер кооператив жарғысында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлерiнiң кооператив мүшелiгiне қабылдануға бiрiншi кезекте құқығы болады. Соңғы жағдайда кооператив мұрагерлерге тұтыну кооперативiнiң мүлкiнен оның қосқан жарнасына қарай үлесiн төлейдi.
6. Тұтыну кооперативiнiң құқықтық жағдайы, сондай-ақ оның мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi осы Кодекске сәйкес заң құжаттарында белгiленедi.
7. Селолық тұтыну кооперативтерi тек өз мүшелерiнiң ғана емес, селолық жерлерде тұратын басқа адамдардың да материалдық және өзге қажеттерiн қанағаттандыру үшiн құрылуы мүмкiн.
Селолық тұтыну кооперациясының ерекшелiктерi осы бапқа сәйкес арнайы заңда белгiленедi.
8. Өзара сақтандыру қоғамдары - тұтыну кооперативтерi қызметiнiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде айқындалады.
Ескерту. 108-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. 211, 2006.07.05. N 164 Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 116 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Азаматты хабар-ошарсыз кеттi деп тану | I. Жалпы ережелер | Бап. Банкрот деп тану | Жалпы ережелер | Сенiм (коммандиттiк) серiктестiгi | Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк | Параграф 1. Жалпы ережелер | Бап. Жануарлар | Бап. Фьючерс | Бап. Банктiк депозит сертификаты |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Осымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк| Бап. Дiни бiрлестiк

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)