Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Футбол.

Қазақстан футболы тарихына қысқаша шолу, футбол ойынының ережелері, футбол сайыстарын ұйымдастыру, өткізу және оларға төрелік ету жөнінде нұсқаулар.

Курс.

Ойыншылардың алаңда ауысуы, допқа ие болу сияқты тұрақты дағдыларды қалыптастыруға бағытталған арнайы дене жаттығулары; қимыл икемдігін дамытуға арналған арнайы жаттығулар; допқа ие болу:

допты тебу (аяқ алқымының ортаңғы, сыртқы бөліктерімен, ұшып келе жатқан допты тебу), допты тоқтату (шоршығаннан кейін, түсіп келе жатқан допты табанмен, ұшып келе жатқан допты аяқтың ішкі жағымен тоқтату, табанның ішкі және сыртқы жағымен, аяқтың ұшымен), өрнекті ойындар (табанмен тоқтатамын деп алдау, тебемін деп алдау); шабуылдау, қорғану кезіндегі ойын тактикасының элементтері; шабуыл мен қорғаныс кезіндегі ойыншының жеке іс-әрекеті.

Курс.

Допты тебу және үйретілген тәсілдермен тоқтату; допты баспен, кеудемен тоқтату; қарсыласты айналып өту: допты тартып алу, ойыншының қарсылық көрсетуі; өрнекті ойындар: шабуылдау, қорғану кезіндегі ойын тактикасының элементтері: аймақты қорғаныс, жеке қорғаныс; шабуылдау мен қорғануды ұйымдастыру барысында ойыншылардың топтық тактикалық әрекеттері; командалық тактикалық әрекеттер; сайыс ережелері бойынша екіжақты ойын.

Оқушылар «Футбол» тақырыбын өткеннен кейін, ойын ережелерін және оған төрешілік етуді білуі тиіс, икемділік, шапшаңдылық қасиеттерін, төзімділік пен қимыл координациясын дамытуы, ойынның техникасы мен тактикасын меңгеруі, техникалық дайындықтың бақылау сынамаларын орындай алуы қажет.

 

Тақырып 2.3.2. Волейбол

Волейболдың дамуына қысқаша шолу.

Волейбол ойнау ережелері

Курс

Волейболшылардың орын ауыстыруы (адымдап, айқас қадаммен, волейболшы тұрысымен алға-артқа)

Волейболдық тұрыс (жоғары, төмен).

Допты жоғарыдан беру. Тура жоғарыдан; жұппен; қабырғамен ойнау; үштікпен ойнау; қысқа пас, артқа пас беру, ұзын пас; доп беру-орын ауыстыру-доп беру.

Допты төменнен беру – білекпен пас беру; серіктеске пас беру; мақсатты пас; қимыл барысында пас беру.

Допты беру: төмендете түзу беру; жоғарыдан жоспарлы беру; бүйірмен төмендете беру.

Допты беру және оны қабылдау: қабырғаның жанында қабылдау; допты білекпен беру және пас беру; берілген допты артқы сызықта қабылдау; допты мақсатты беру.

Допты аяқпен қабылдау және беру.

Оқу-үйрену ойыны.

Курс

Доп беруді жетілдіру: тура жоғарыдан қабылдау –жоғарыдан беру; тура төменнен қабылдау- жоғарыдан беру; тура жоғарыдан қабылдау - 90*-қа бұрылу-жоғарыдан артқа беру.

Шабуылдаушы соққы: үйрену жаттығулары (жеке лақтырудан соққылау, секіріп соққылау, теннис добын тордан лақтыру, доп лақтыру); баяу шабуылдаушы соққы; күшті шабуылдаушы соққы; жақын қолмен соққылау; әлсіз қолмен соққылау; қабырғаның жанынан соққылау; бағытталған соққы; беруден кейін шабуылдаушы соққы; артқа пас бергеннен кейін шабуылдау.

Допты қабылдау және беру: серіктесіне тап беріп допты қабылдау; серіктесінің соққыларынан кейін допты қабылдау; құлап бара жатып қабылдау; допты ойынға қосылған сәтінен қабылдау; шабуылдаушы соққыдан кейін қабылдау; аймаққа дәлдеп қабылдау; бір қолмен қабылдау.

Тосқауыл қою: шабуылдаушы соққыға жалаң тосқауыл қою; төзімділікке тосқауыл қою; бір орында және орын ауыстырғаннан кейін тосқауыл қою.

Оқу-үйрену ойыны.

Курс

Шабуылдаудың тактикалық қимылдары: «Толқын»; «Крест»; екінші сызықтан шабуылдау; шабуылдаудың алдаушы қимылдары (лақтырып жіберу, сырғытулар).

Қорғаныстың тактикалық қимылдары: «алға бұрыштау» қорғанысы; «артқа бұрыштау» қорғанысы; қорғаныстағы командалық тактикалық әрекеттер.

Тосқауыл қою техникасы: жалаң тосқауыл қою; топпен тосқауыл қою.

Допты ойынға қосу: қапталынан жоспарланған; секіріп жоғарыдан тіке беру.

Допты жоғарыдан және төменнен беруді жетілдіру.

Интегралдық жаттығу.

 

Тақырып 2.3.3. Баскетбол

Баскетбол дене тәрбиесі жүйесінде. Ойын айнау және сайыс өткізу ережелері.

Курс

Шабуылдағы ойын техникасы: орын ауыстыру, жай және адымдап жүгіру, бағыт пен жылдамдықты өзгерту, сөрелер, секірулер, кідірістер, бұрылулар.

Қорғаныстағы ойын техникасы: орын ауыстыру, қорғаныс тұрысы, артымен алдыға қарай қозғалу.

Допты меңгеру техникасы: допты бір орыннан және қозғалыс барысында беру; допты бір орыннан және қозғалыс барысында оң және сол қолмен жүргізу;

допты бір орыннан, жақын және орта қашықтықтан кеудеден екі қолмен лақтыру; екі қолмен кеудеден айыптық лақтыру.

Оқу-үйрену ойыны.

2 курс:

Шабуылдағы ойын техникасы: кідірістер, бұрылулар, өрнекті ойындар, алдау қимылдары.

Қорғаныстағы ойын техникасы: жай және адымды қадаммен түрлі бағытта орын ауыстыру.

Допты меңгеру техникасы: жүгірген кезде, секіру барысында, доп қалқаннан артқа ұшқан кезде допты қағып алып басқаға беру; допты бағыты мен жылдамдығын өзгерте отырып жүргізу; допты алдында аудару; допты жүргізу және беруден кейін лақтыру.

Шабуыл мен қорғаныстағы ойын: ойыншыларды алаңда орналастыру және ойын функцияларын белгілеу: орталық, шабуылдаушы, ойнатушы.

Баскетбол элементтері бар ойындар мен эстафеталар.

3 курс:

Допты меңгеру және қарсы әрекет жасау техникасы: қалқаннан немесе себеттен артқа серпілуі барысында допты меңгеру; допты қағып жіберу; допты жұлып алу және қағып жіберу; допты кәрзеңкеге лақтыруға қарсы әрекет ету тәсілдері; ойыншылар саны жағынан аз болған кездегі қорғаныс тактикасы; біреуі екеуіне қарсы, екеуі үшеуіне қарсы, үшеуі төртеуіне қарсы.

Шабуылдағы ойын тактикасының элементтері: ойыншының доппен және допсыз жеке тактикалық әрекеттері; «қарсылассыз» және «қарсыласы» бар екі ойыншының өзара әрекеттесуі; шабуылдағы тактикалық жүйелердің нұсқалары; екі жақты ойын.

Оқушыларға қойылатын талаптар.

Оқушылар «Футбол» тақырыбын өткеннен кейін, ойын ережелерін және оған төрешілік етуді білуі тиіс, икемділік, жылдамдық қасиеттерін, төзімділік пен қимыл координациясын дамытуы, ойынның техникасы мен тактикасын меңгеруі, техникалық дайындықтың бақылау сынамаларын орындай алуы қажет.

 

Тақырып 2.3.4. Қол добы.

I курс:

Қол добы дене тәрбиесі жүйесінде; ойын ойнау және сайыс өткізу ережелері.

Тәжірибелік материал: шабуылдағы ойын техникасы: тура сызық бойымен жүгіру, бағыт пен жылдамдықты өзгерту, сөрелер, секірулер, кідірістер, бұрылулар.

Қорғаныстағы ойын техникасы: орын ауыстырулар, қорғаныс тұрысы, жай және адымдап алдыға, қапталға, артқа қарай қозғалу.

Допты меңгеру техникасы: допты дұрыс ұстау; допты бір орыннан және қозғалыс барысында қағып алу және басқаға беру; қорғаушыны допсыз айналып өту; допты бір орыннан және қозғалыс барысында оң және сол қолмен жүргізу; допты тіреліп тұрып бір қолмен жоғарыдан және секіріп 7 м-ден айыпты лақтыру; ойыншыларды алаң бойында шабуыл мен қорғаныста орналастыру.

Оқу - үйрену ойыны.

2 курс:

Шабуылдағы ойын техникасы: кідірулер, секірулер, бұрылулар, өрнекті ойын, алдаушы қимылдар.

Қорғаныстағы ойын техникасы: жай және адымдап түрлі бағыттарда қозғалу, ойыншыға шығу, алдын алу, добы бар және допсыз ойыншыға тосқауыл қою.

Допты меңгеру техникасы: допты қозғалыс барысында түрлі тәсілдермен қағып алу және басқаға беру; бағыт пен жылдамдықты өзгерте отырып, допты жүргізу; допты қақпаға түрлі қашықтықтан лақтыру, бір орыннан және қозғалыс барысында, қақпаға қарай түрлі бұрышпен, тіреле және тірелместен, допты жүргізу мен беруден кейін.

Қақпашы ойнының техникасы: тұрыс, қозғалу, қағып алу, беру, ұстап тұру, допты қағып жіберу.

Шабуылдағы ойын тактикасы: добы бар және добы жоқ ойыншылардың жеке әрекеттері; шабуылды «тез алға шығу» арқылы ұйымдастыру.

Қорғаныстағы ойын тактикасы: добы бар және добы жоқ ойыншылардың жеке әрекеттері; ойыншылардың қорғаныстағы ұжымдық әрекеттері - сақтандыру, алдына бөгет болып қарсы әрекет ету, бір ойыншыдан екіншісіне ауысу, ойыншылар саны тең болғанда немесе қорғаушыларының саны кем болған жағдайда ойнау.

Екіжақты ойын.

3курс:

Шабуылдағы ойын техникасы: қозғалыс барысында қарсыласпен жанаса отырып, допты қағып алу және басқаға беру; қозғалыс барысында қарсылас кедергі жасаған кезде допты жүргізу; қозғалыс барысында қарсылас кедергі жасаған кезде допты жүргізу және қақпаға лақтыру.

Қорғаныстағы ойын техникасы: допты жұлып алу және қағып жіберу;

добы бар «қарсыласқа» тосқауыл қою; қақпашының қорғаушымен өзара әрекеттесуі.

Шабуылдағы ойын техникасы: ойыншылардың топтасқан әрекеттері; ойыншылардың комадалық әрекеттері, шабуыл жүйесі 6:0, 5:1, 4:2.

Қорғаныстағы ойын техникасы: жеке қорғаныс жүйесі; аймақтық қорғаныс жүйесі 6:0, 5:1, 4:2.

Тақырып 2.4. Президенттік көпсайыс.

ҚР Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымдағы № 774 «Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру Президенттік сынамалары туралы» Қаулысын жүзеге асыру мақсатында Президенттік көпсайысты дене тәрбиесі бағдарламасына енгізу. Жыл сайын оқушылардың дене дайындығының деңгейін тексеру мақсатында 60 м және 100м-ге жүгіру, 1000 м, 2000 м, 3000 м-ге жүгіру, 1,5 милиге жүгіру, орнынан ұзындыққа секіру, кермеге тартылу, шалқалап жатып денені көтеру, граната лақтыру сынамалар жарысын өткізу.

 

Тақырып 2.5.Туризм.

Жол қапшықтарын жинау және тасымалдау; қозғалу техникасы және қауіпсіздік шаралары; орынды таңдау және демалу орнына тоқтау, шатырларды орнату; от жағу, ас әзірлеу; табиғи кедергілерден өту; жарақаттану мен жазатайым оқиғаларда алғашқы медициналық көмек көрсету; жорық барысында белгіленген тәртіпті сақтау. Жазғы және қысқы оқу жорықтары.

 

Тақырып 2.6. Жүзу.

Жүзе алмайтындар үшін. Жүзу тәсілдерімен танысу. Құрғақ жерде дайындық жаттығулары, су түбімен жүру, иекке дейін суға кіру, тыныс алуды кідірту, суға шығу; су астында көзді ашу; ішке ауа жинап, толық суға кіру; судан шығу, шыққан кезде қол-аяғын созылып жатқан күйге дейін түзету / жұлдызша /. Жүзу тәсіліне сәйкес қол мен аяқтың жұмысы. 0-15 м кесіндіні жүзіп өту; жеке бақылау тапсырманы бағаға орындау.

Жүзе алатындарға. Жүзу техникасын түрлі тәсілдермен үйреніп жетілдіру.

 

Тақырып 2.7. Шаңғы спорты (шаңғымен жарысу).

Саптық тәсілдерді шаңғымен және шаңғысыз үйрету. Шаңғымен бір орында бұрылуды қайталау: аттап басу, сермеу, секіру. Шаңғымен жүру техникасын жетілдіру: алма кезек екі адымды, бір мезгілде екі адымды, конькилік жүрістер. Жүру тәсілін таңдау жер рельефі мен сырғанау жағдайына байланысты болады. Келтіру және дайындау жаттығулары – шаңғышы тұрысын көпқайтара орындау. Қозғалу: әрбір текшесіз шаңғымен еңіске қарай кезектескен сырғымалы адыммен, таяқшасыз сырғымалы адыммен, таяқшаларды ортаңғы тұсынан ұстап, сырғымалы адыммен.Шаңғымен өрге көтерілу техникасын үйрену: сырғымалы адыммен, жүгірмелі адыммен, «саты», «жартылай шырша», «шырша» тәсілдерімен. Шаңғымен қырдан түсу техникасын үйрену. Тежеу техникасын үйрену. Қырдан түсу техникасын жетілдіру. Тұрыстар: негізгі, жоғарғы, төменгі. «Саты» тәсілімен қырдан түсу. Шаңғымен «аттап басу», «тірелу», «соқаша» қырдан түсу барысында бұрылу техникасымен таныстыру. Асып түсу, аттап өту арқылы кедергілерден өтуді үйрену және одан әрі жетілдіру.

Тақырып 2.8. Қазақ ұлттық спорт түрлері, халық және қимыл-қозғалыс ойындары.

«Тымақ ұру» қимыл-қозғалыс ойыны. Тағанға тымақ орнатылады. Ойыншы тағаннан 10 қадам санап алшақтайды. Бетімен таған жаққа қарап, көзін жабады. Төреші ойыншының көзін орамалмен байлайды.

«Аударыспақ». Екі шабандозды таңдап аламыз, олар бір-бірін итеріп, жерге түсіруге тырысады. 1-ші нұсқа: шабандоздар жылқыны бейнелейтін ойыншылардың арқасына мінеді. 2-ші нұсқа: шабандоздар ойын доптарына немесе орындыққа мінеді.

«Асық». «Хан талапай» Ойыншылар шеңбер бойымен орналасып, асық арасынан басқаларынан ерекшеленетін хан асықты таңдайды, сосын барлық асықтарды ортаға тастайды. Асықтың қай жағымен түсетіндігі өте маңызды, себебі асықты түскен жағына сәйкес келетін асық қана ойыннан шығара алады. Тәйкені Тәйке, Алшыны алшы шығарады. Егер ойыншы тимеген болса, кезек басқа ойыншыға ауысады. Хан асық кімнің қолында қалса, сол жеңіске жетеді.

«Көтермек». Балалар шеңберге тұрады. Сайысқа түскісі келген екі бала ортаға шығып, бұйрық бойынша бір-біріне арқаларын тіреп тұрады, олардың әрқайсысы қарсыласын арқасына салуға тырысады.

«Қындық-сандық». Кілемге екі қарсылас шақырылып, тізелеріне тұрғызылады. Белгі берілген сәттен бастап, олар бір-бірінің иығынан тартып, қарсыласын кілемге құлатуға тырысады. Кілемге тиген ойыншы жекпе-жекте жеңіліске ұшырайды.

Басқа ойындар: «жаяу көкпар», «теңге алу», «аларман» және т.б.

Ұлттық спорт түрлерінен «қазақша күрес» лақтыру техникасын үйрету қажет.

«Лапта», «Үшінші артық», «Кісен салыну», «Штандр», «Қағып шығару» неғұрлым қимыл-қозғалысты халық ойындары болып табылады.

 

Тақырып 2.9. Кәсіптік - қолданбалы психо-физикалық дайындық.

Орта кәсіптік оқу орындарының жұмыс бағдарламасында кәсіптік- қолданбалы психо-физикалық дайындықтың арнайы жаттығуларынан тұратын оқыту жүйесі қарастырылған. Бұл оқыту жүйесінің міндеті – болашақтағы еңбек қызметіне оқушылардың дене және психикалық дайындығын қамтамасыз ету.

 

Тақырып 2.10. Оқытушы таңдауы бойынша тереңдеп оқытуға арналған спорт түрлері

Тандаған спорт түрлері арқылы техника мен жаттығудын орындалуының тактикасы.

 

3.3. Дене тәрбиесі пәнінің типтік оқу бағдарламасының арнайы

медициналық топтарға арналған мазмұны.

Арнайы медициналық топ оқушылары үшін ерекше бағдарлама бойынша сабақтар ұйымдастырылады, сонымен бірге даярлық мерзімі ұзартылады және нормативтер жеңілдетіледі. Дене жаттығуларымен айналысу үшін құралатын арнайы топтар денсаулық жағдайында төмендегідей ауытқушылықтары болуын ескере отырып жасалады: мүсіннің ақаулығы, жүрек-қан тамырларының науқастануы және тағы басқалары.

I Бөлім. Қозғалыс әрекеттері.

Жалпы және арнайы дамыту, қалпына келтіру жаттығулары. Қозғалысқа, тыныс алуға үйрету. Қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, бекіту. Төзімділікке үйрету.

II Бөлім. Қозғалыс қасиеттерін дамытудың негізгі құралдары.

Тақырып 2.1. Күш және шапшаңдық-күштілік қабілеттерін қалыптастыру.

Дененің жеке салмағынан асатын жаттығулар,секірулер. Сыртқы ауырлықтарды пайдаланатын жаттығулар (гантельдермен, гимнастикалық скамейкалармен, қасындағы жолдасының қарсыласуымен). Кедергі беретін құралдармен жаттығулар (спандер және т.б.).

Бір орнынан және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру. Бір аяқпен немесе аяқты алмастырып секіру. Биіктікке отырып секіру. Доп лақтыру, ауырлатылған доптарды лақтыру.

Тақырып 2.2 Қозғалыс жылдамдығын калыптастыру.

Қысқа қашықтықтарға бөліктер жүгіруді үйрену. Жеделдету. Эстафеталар. Ауырлықпен қозғалыс қимылдарын орындау. Снаряд лақтыру. Қозғалмалы және спорттық ойындар.

Тақырып 2.3 Шыдамдылықты калыптастыру.

Жалпы шыдамдылық. Циклды жаттығулар (ұзақ жүгіру, дала жарысы, шаңғымен жүгіру, конькимен жүгіру және тағы басқалары). Жаттығу көлемін және оны орындау ұзақтығын арттыру.

Тақырып 2.4 Үйлестіргіш қабілеттерді қалыптастыру.

Үйлестіруші қабілеттерге: кеңісті пайымдай білу, күш және уақыт өлшемдеріне сәйкес қозғалыстарды орындау дәлдігі жатады. Мұндай қабілеттерді дамыту үшін әр түрлі қозғалыс және спорттық ойындарға сүйенеді. Сонымен бірге ұзындыққа секіру, биіктікке секіру, салмағы әр түрлі құрал-жабдықтарды лақтыру, динамометрмен жаттығу жасау пайдаланылады.

Тақырып 2.5 Икемділікті қалыптастыру.

Оқушы үшін икемділік жаңа дене жаттығуларын үйретумен және қозғалыс қимылдарының құрылымын үнемі өзгертіп отыруды қажет ететін қозғалыс міндеттерін шешу жолымен қарастырылады: гимнастика; спорттық ойындар; доппен, таяқшалармен жаттығулар орындау. Икемділікті тәрбиелеудің ең тиімді әдісі қосымша тапсырмалармен және тапсырмасыз да өткізілетін ойын әдісі болып табылады.

III Бөлім.Оқушының оқу танымдық қызметі. Өзіндік бақылау және қалыпқа келтіру әдістері.

Оқушының оқу танымдық қызметі: дидактикалық міндеттерді шешу жобасын ойша құрастыру және кейін оны жүзеге асыру; тұрмыстық, еңбек және спорттық әрекет дағдыларын еркін меңгеру. Дене жаттығуларын орындай отырып, оқушы өзінің табыстары мен кемшіліктерін жиі көреді. Оқытушы оқушылар қимылын талдап бағаласа, соған сүйеніп оқушы да өз қимылын талдап бағалайды. Денеге түскен күш пен салмақтың әсерін жоятын, дене мен ойдың шаршағанын қалыққа келтіретін әдістерді: белсенді демалыс, қалпына келтіруге арналған жаттығулар, массаж т.б. меңгереді.

Арнайы дәрігерлік топтардағы үлгерім бағаларын оқушылардың меңгерген білімдері мен тәжірибелік білік, дағдылары анықтайды. Бағаланатын білім,білік, дағды мазмұнын дене дәрбиесі пәні бірлестігінің оқытушылары дайындайды. Семестр сонында "сынақ" шығарылады. Тәлім-тәрбиенің курсының сонында теориялық емтихан тапсырылады.

 

4. Жоспарланған оқу нәтижесін бақылау.

Оқушылардың өсу қарқыны мен дене дайындығын бақылап тексеру үшін, сынамалауды барлық курстарда оқу жылының басында және аяғында өткізу ұсынылады.

«Дене тәрбиесі» пәні бойынша үлгерім бағасы білім, білік дағдылар мен бағдарламада қарастырылған бақылау нормативтерінің орындалуын кәсіптік тексеру мен ағымдағы есеп мәліметтері бойынша шығарылады.

Бақылау жаттығулары мен нормативтерін орындауға оқу сабақтарына үнемі қатысатын және қажетті дене дайындығы бар оқушылар жіберіледі.

Бақылау жаттығулары мен нормативтері тек жарыс жағдайында өткізіледі.

Оқу жылының басында сынамалау нәтижелерінің негізінде оқытушы оқушылардың әрбір қимыл-қозғалыс білігіндегі жетістігінің деңгейін бағалап, оны талдай келе, оқушылардың дене дайындығының бастапқы деңгейін анықтайды. Талдау негізінде оқытушы сабақ құрамына қозғалу дағдысын қалыптастыруға немесе дене қасиетін дамытуға бағытталған жаттығуларды жоспарлап енгізуі керек, ол үй тапсырмалары жүйесін құруда жалпы стратегияны белгілейді, жүктемелерді анықтап, дене дамуына бағытталған қимыл-қозғалыс немесе спорттық ойындарды таңдайды.

Қорытынды сынамалаудың нәтижелері бойынша оқу жылының аяғында жалпы бал санын сынамалар санына бөлгенде шығатын көрсеткішке қарай, кестелер бойынша әрбір оқушының жыл бойына дене дайындығының деңгейі анықталады.

Білім беру бағдарламасын Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жүзеге асыру барысында оқытудың соңғы курстарында дене тәрбиесі бойынша емтихан өткізу қарастырылады.

Оқушыларды емтиханға қатыстыру:

– «Дене тәрбиесі» пәні бойынша емтиханға техникалық және кәсіптік оқу орындарының негізгі және дайындық дәрігерлік топтарының соңғы курстарының оқушылары мемлекеттік бағдарламаны өтіп, нормативтік және сынақ талаптарын орындаған жағдайда қатыстырылады;

- техникалық және кәсіптік оқу орындарының денсаулық жағдайына қарай арнайы дәрігерлік топқа жатқызылған оқушылары «Дене тәрбиесі» пәнінің теориялық бөлімін тапсырады, емтихан қабылдаушы комиссияға өзіне қатысты ауру барысында қолданылатын дене жаттығулары бойынша автореферат жазып тапсырады.

Емтихан бағдарламасына екі бөлім енгізіледі:

1. Теориялық бөлім дене тәрбиесі мен спорттың тарихы мен теориясының негіздері бойынша сұрақтардан, КҚДД жаттығуларының кешенін өз бетімен дайындау білігінен тұрады (емтихан билеттеріне енгізілетін сұрақтар дене тәрбиесі жетекшісімен дайындалады).

2. Тәжірибелік бөлім бақылау нормативтерін және бір бақылау жаттығуын орындауды, таңдаған мамандығы бойынша кәсіптік-қолданбалы дене дайындығын қамтиды. Емтиханға шығарылатын жаттығуларды дене тәрбиесі жетекшісі оқушылардың дене дайындығын тексере келе бекітеді.

Техникалық және кәсіптік оқу орындары түлектеріне арналған «Дене тәрбиесі» пәні бойынша емтиханның болжамды мазмұны мен нормативтері.

 

Мазмұны нормативтер бағалау
     
Теория 1.Бағдарлама тақырыптары бойынша білімдерін тексеру. 2.- Кәсіптік-қолданбалы гимнастика; - өндірістік гимнастика; - таңертеңгі гимнастика; - кіріспе гимнастика; - дене тәрбиелік сәт; - дене тәрбиелік кідіріс; - қалпына келтіру гимнастикасынан жаттығулар кешенін құрастыра алу.   Бағдарламаның теориялық бөлімінен 3 сұрақ   Бесбалдық жүйе бойынша бағаланады
Тәжірибелік сынақ (ұлдар үшін) 1. «Дабл-датч» 1 мин ішінде 2 аяқпен секіргіш арқылы секіру    
   
   
2. Кермеге асылып тартылу (рет),    
   
   
3. Орнынан ұзындыққа секіру    
   
   
4. Қайталап жүгіру 4х18 м    
   
   
КҚДД жаттығуларының бірі    
Тәжірибелік сынақ (қыздар үшін) 1.«Дабл-датч» 1 мин ішінде 2 аяқпен секіргіш арқылы секіру    
   
   
2.Шалқалап жатып денені көтеру (рет/мин)    
   
   
3. Орнынан ұзындыққа секіру    
   
   
4. Қайталап жүгіру 4х18 м    
   
   
5. КҚДД жаттығуларының бірі    

 

Төменде тақырыптық жоспардың бөлімдерінің бақылау жаттығуларымен сынама түрлерінен мысалдар келтірілген. Мұндай бақылау жаттығулары мен сынама түрлерін дене тәрбиесі пәні оқытушылары оқушылардың дене дайындығының деңгейін анықтай отырып дайындайды. (Қосымша үлгілері):

 

 


Қосымша №1

Жеңіл атлетикадан оқушылардың дене дайындығын бағалауға арналған оқу нормативтері.

№ р/к. Сынама тексерулердің түрлері   Жынысы 1 курс 2 курс 3 курс
«5» «4» «3» «5» «4» «3» «5» «4» «3»
1. 30 м жүгіру (сек) Ұлдар Қыздар 4.8 5.2 4.9 5.6 5.0 6.0            
2. 60 м жүгіру (сек) Ұлдар Қыздар 9.2 10.2 9.6 10.6 9.8 11.0            
3. 100 м жүгіру (cек) Ұлдар Қыздар 14,2 17.0 14,5 17.5 15.0 18.5 14.0 16.0 14.2 17.0 14.5 18.0 13,8 15,8 14.0 16.0 14,2 16.2  
6. 3000 м кросс 2000 м (мин) Ұлдар Қыздар 14.0 10.30 15.00 11.40 16.30 12.40 14.5 10.40 15.30 11.00 16.00 11.30 15.00 10.20   15.5 11.00 16.30 11.30
7. Ұзындыққа орнынан секіру (см) Ұлдар Қыздар                  
8. Ұзындыққа адымдап келіп секіру (см) Ұлдар Қыздар                  
9. Граната лақтыру 600г 500г Ұлдар Қыздар                  
10. Ядроны итеру (ж)7257г (қ)4 кг (м) Ұлдар Қыздар 7.00 5.50   6.40 5.00 6.00 4.50 7.50 6.00 7.00 6.50 5.00   8.00 6.50 7.50 6.00   7.00 5.50
                           

Қосымша №2

Гимнастикадан оқушылардың дене дайындығын бағалауға арналған оқу нормативтері.

№ р/к Жаттығу түрі 1 курс 2 курс 3 курс 4 курс
                       
  «Дабл-датч» секіргіш арқылы екі аяқпен 1 мин секіру                        
  Шалқасынан жатқан күйден денесін көтеру, қолдары желкеде (рет/мин) (қыздар)                                                
  Тіреліп тұрып, қолдарды бүгу, аяқтар орындық үстінде, (рет), (ұлдар)           3ё0              
  Орындықта шалқасынан жатып, қолдарды бүгіп жазу, (рет), (қыздар)                                                
  Бөренеге асылып тартылу (рет), (ұлдар)                        
  Жатып асылып тартылу, тік аяқтарды алдыға созу (рет) (қыздар)                                                
  Кермеге тіреліп тұрып, қолдарды бүгіп жазу (рет), (ұлдар)                                                
8 Аударылып көтерілу, (рет), (ұлдар)                        
  16кг кірді иықтан көтеру (рет), (ұлдар)                        

Иілгіштікті бағалау:

Сынама 1. «5» Б.қ.: аяқтарын созып, еденде отыру. Алдыға қарай иіліп, кеудені тізеге тигізу;

«4» Б.қ.: тік тұрып, алдыға еңкею, алақандарды еденге тигізу (аяқты бүкпей);

«3» Б.қ.: тік тұрып, алдыға еңкею, саусақтарды еденге тигізу (аяқты бүкпей)

Сынама 2. Б.қ.: етпетінен жату, қолдар желкеде, аяқтар бекітілген. Қайқая, иекті еденнен көтеру:

«5» - 60 см-ге;

«4» - 50 см-ге;

«3» - 45 см-ге.

Қимыл әрекеттерін орындау техникасын бағалау

(біліктілікті, дағдыларды)

«5» бағасы – би элементі, жаттығу немесе қимыл әрекеті дұрыс, дәл қажетті қарқынмен, жеңіл әрі анық орындалған жағдайда қойылады.

«4» бағасы - би элементі, жаттығу немесе қимыл әрекеті дұрыс, бірақ жеткілікті дәрежеде жеңіл әрі анық орындалмаса, біршама қимыл тарылуы немесе қозғалыс қимылдарының музыкалық ырғаққа аздап сәйкес келмегендігі байқалған жағдайда қойылады.

«3» бағасын – оқушы би элементі, жаттығу немесе қимыл әрекетінде жіберген бір немесе бірнеше ұсақ қателері үшін, немесе тапсырманы сенімсіз орындағаны, ия болмаса қимылдарының музыкалық сүйемелдеумен сәйкес келмегендігі үшін алады.

Жаттығулар кешендері мен би композицияларын орындау білігін бағалау

«5» бағасы – оқушылар атлетикалық, ырғақты гимнастика жаттығуларының толық әрі алуан түрлі кешенін көрсете алған жағдайда және би композициясын дұрыс орындаған кезде қойылады.

«4» бағасы – жаттығу кешендері мен би композицияларын орындау барысында болмашы қателіктер мен дәлсіздіктер жіберілген кезде немесе қимылдар музыкалық сүйемелдеумен біршама сәйкес келмеген жағдайда қойылады.

«3» бағасын – оқушы жаттығу кешендері мен би композицияларын орындау барысында өрескел қателер мен дәлсіздіктер жібергені үшін, сондай-ақ, қимылдарының музыкалық сүйемелдеумен толық сәйкес келмегендігі үшін алады.

 


Қосымша №3

Футболдан бақылау жаттығулары және дене қабілеттерінің дамуын бағалау нормалары.

  № р/к. Сынама тексерулердің түрлері 1 курс 2 курс 3 курс
«5» «4» «3» «5» «4» «3» «5» «4» «3»
1. 11 м-ден қақпаға доп салу (10 соққы)       - - - - - -
2. 45*-тан қақпаға доп салу (10 соққы) - - -            
3. 5 ойыншыны оң және сол аяқпен айналып өту (арақашықтық 11 метр) (секунд) 7.00 8.00 9.00 6.00 7.00 8.00 5.30 6.30 8.00
4. Бір аяқпен допты түсірмей ойнау (жонглерлік ету) (рет)                  
5. Серіктеске баспен пас беру (рет) - - -       - - -
6. Допты баспен түсірмей ойнау (рет) - - - - - -      

 

 

 
 


Қосымша №4

Волейболдан бақылау жаттығулары және дене қабілеттерінің дамуын бағалау нормалары.

  Жаттығу түрі 1 курс 2 курс 3 курс
«5» «4» «3» «5» «4» «3» «5» «4» «3»
  Волейбол добын тура жоғарыдан беру                  
  Волейбол добын тура төменнен беру                  
  Волейбол добын тор арқылы беру. 10 әрекет                  
  Тор үстінен тосқауыл қою элементімен жоғары секіру /30 секунд ішіндегі әрекет саны/                  
  Қайталап жүгіру (Сыртқы сызықтан жылдамдату, тосқауыл қою, үш метрлік сызық, орта сызық, сыртқы сызық /секундамен/ ұлдар Қыздар 7.0 9.0   7.5 9.5     6.5 8.5   7.0 9.0 8.0 9.5 6.0 8.0 6.5 8.5 7.0 9.0
  Тор арқылы шабуылдаушы соққы 10 әрекет /рет/ ұлдар Қыздар                  

Қосымша №5

Баскетболдан бақылау жаттығулары және дене қабілеттерінің дамуын бағалау нормалары.

Жаттығу түрлері 1 курс 2 курс 3 курс
«5» «4» «3» «5» «4» «3» «5» «4» «3»
  Баскетбол добын себетке айыпты лақтырулар (10 әрекеттен рет) (ұ) (қ)                                    
  Допты жүргізу және себетке лақтыру (5 әрекеттен) (тигізулер саны)                  
  Допты ирелеңдеп уақытқа жүргізу (сек), (ұ) (қ)                  
  Допты үшсекундалық аймақ айналасында екі қолмен кезекпен жүргізу және себетке лақтыру (секундамен) (ұ) (қ)                  

 

 

Қосымша №6

«ҚР Халқының дене шынықтыру дайындығының президенттік тестілерін өткізу қағидалары»

ҚР үкіметінің 31.12.2013 ж. №1545 қаулысы

Жалпы білім беретін мектептердің 11 сынып, колледждердегі бітірүші курстардың және лицей оқушыларының (16-17 жастағы) сынақтар мен көрсеткіштер түрлері

№ р/к Сынама тексерулердің түрлері   Өлшеу бірлігі Президенттік деңгейі Ұлттық деңгейі
ұлдар қыздар ұлдар қыздар
1. 100 м жүгіру сек 13,0 15,4 14,0 15,8
2. 2000 м жүгіру мин. сек - 9.00,0 - 9.50,0
3000 м жүгіру мин. сек 11.00,0 - 12.40,0 -
3. Ұзындыққа орнынан секіру см        
4. Турникке тартылу мөлщер   -   -
Арқада жатып денені көтеру мөлшері 1 мин -   -  
5. Шанғымен жүгіру 5 км/ұлдар; 3 км/қыздар 6 мин ішінде жылдам жүріс мин м 23.00,0 16.00,0 24.00,0 17.30,0
6. Пневматикалық мылтықтан атыс, 5 атыс М-8 опай        
7. Жүзу 50 м сек 38,0 52,0 40,0 55,0
8. Гранат лақтыру 700 гр. (ұ) 500 гр. (қ) м        
       

 

 

5. Оқу қуралдары және әдебиеттер тізімі

5.1. Негізгі әдебиеттер

1. Қасымбекова С, Герасименко В. Дене тәрбиесі. – А.: «Мектеп»

баспасы,2005.

2. Горанько М.И., Құлназаров А.Қ., Қанағатов Е.Б. Президенттік сынамалар.-

«Аль-Фараби» баспасы, 1997.

3. Жуманова А.С. Нетрадиционные виды и новые формы гимнастики: Учеб

ное пособие.- Алматы, 2002.

4. Мамиев Н.Б., Марков И.Б.,.Самойлова Т.К. Казахские национальные

подвижные игры - Кустанай: Куст.гос.ун-т, Куст.обл.ин-т усоверш. врачей,

1994г.

5. Кузнецов В.С., Колодницкий Г.А. Прикладная физическая подготовка: 10-

11 кл.: Учебно.-метод. Пособие.- М.2003г.

6. Купер К. Акробатика для хорошего самочувствия.-М.:ФиС, 1987

7. Лисицкая Т.С. Ритмическая гимнастика. –М.: ФиС,1986г.

8. Ахаев А.В., Кроесникова Н.В. Сауықтыру дене тәрбиесі және түзетім гимнастикасы. Алматы, 2002.

9. Программа по физической культуре раздел «Ритмическая гимнастика»

Алматы, 2007г.

10.Теория и методика физического воспитания. Учебник для ин-тов физ. Куль

туры. Под общей ред. Л.П. Матвеева и А.Д. Новикова Изд. 2-е, испр. и доп.

(в2-х т.). М., «Физкультура и спорт», 1976г.

5.2 Қосымша оқу әдебиеттері.

12. Джим Дрюэт.Баскетбол-спорт для начинающих.-2006г.

13. Э.Дарден. Бодибилдинг без стероидов-– 2007г.

14. Л.Виера, Б.Д.Фергюсон. Волейбол- Шаги к успеху.- 2008г.

15. Григ Чайлдерс. Великолепная фигура за 15 мин в день-2002г

16. Кульназаров А.К. От Древней Эллады до Афин-2004г.

17. Пеганов Ю.А. Создай себя.- М.: Знание 1991.- «Физкультура и спорт»;

18. Президентские тесты -Департамент г.Алматы-2002г.

19. Кузнецов В.С. Прикладная физическая подготовка- -2003г.

20. Купчинов Р.И. Физическое воспитание- -2006г.

 

Дене шынықтыру дайындығының президенттік тестілер –

Қазақстан республикасы халқын сауықтырудың негізі. Әдістемелік оқу құралы. Астана, 2014.

 

5.3 Оқу құралдары.

1. Ойыншылардың дене даярлығын жетілдіруге арналған тренажерлер

2. Допты меңгеру техникасын жетілдіруге арналған тренажерлер

3. Ойыншыны қалпына келтіруге арналған қондырғылар

4. Мүгедектердің ойнауына арналған жаттықтыру қондырғылары.

 
 
 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 1946 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Задача № 2 | Задача № 3 | Задача № 5 | Задача № 16 | Задача № 18 | Типові вузли релейно-контактного керування пуском двигунів постійного струму | Керування в функції струму | Типові вузли схем керування гальмуванням двигунів постійного струму | Керування в функції часу | Типові вузли схем автоматичного керування пуском та гальмуванням асинхронних двигунів при їх живленні від мережі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Алматы 2015| Задача № 1

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.061 сек.)