Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Алматы 2015

Читайте также:
  1. A) Алматыда

 

Авторлар:

Федорова И.Г.- Алматы колледждеріндегі дене тәрбиесі пәні

мұғалімдерінің оқу-әдістемелік бірлестігінің

төрайымы, Алматы мемлекеттік энергетика және

электронды технологиялар колледжінің «Дене

тәрбиесі және АӘД» пәндер бірлестігінің

төрайымы.

Молева О.П.- Республикалық медициналық колледжінің дене

тәрбиесінің жетекшісі.

Кожевникова В.М - «Ортаазиялық техника және экономика»

колледжінің «Жалпы білімдік тәртібі» пәндер

бірлестігінің төрайымы.

Бабаев Д.Ш. - Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің

дене тәрбиесі оқытушысы.

.

Сарапшылар:

Орехов Л.И.- педагогикалық ғылымдардың докторы, ҚР оқу

ағарту ісінің еңбек сіңірген кызметкері, оқушы

жастарды ғылыми және оқу әдістемелік қамтамасыз

ету ұлттық ғылыми орталығының зертхана

жетекшісі.

Амренова Г. Р - педагогикалық ғылымдардың кандидаты. Қазақ

спорт және туризм академиясының оқытушысы.

Кожевников В. П. - Қазақ спорт және туризм академиясының

доценті, аға оқытушы.

 

Бағдарлама оқу-әдістемелік бірлестігінде қаралды және құпталды

Хаттама «__» _______ 2015 ж.

 

Оқу-әдістемелік бірлестігінің төрағасы: Т.М.Тайтулеев

Бағдарлама Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің кәсіби және техникалық оқу-әдістемелік кеңесінде қаралды және құпталды

 

Хаттама №____ «_____»________________200__ж.

 

Оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы: _________________С. М. Мадеев

 

Құрметті әріптестер!

Типтік оқу бағдарламасының сапасын жақсарту мақсатында сіздердің ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды төмендегі мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз.

050036 Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 65-үй, телефон/факс 309-26-19

 

Мазмұны

 

1. Түсінік хат……………………………………………………………..........

 

2. Пәнді оқытудағы жоспарланған нәтижелер..................................................

 

3. Пәннің тақырыптық жоспары және мазмұны..............................................

 

3.1. Пәннің тақырыптық жоспары.......................................................................

 

3.2 Пәннің типтік оқу бағдарламасының мазмұны...........................................

 

3.3 Пәннің типтік оқу бағдарламасының арнайы медициналық топтарға арналған мазмұны.............................................................................................

 

4. Пәнді оқытудың жоспарланатын нәтижелерін бақылау............................

 

5. Пайдаланылған әдебиеттер мен оқу құралдары..........................................

1.Түсінік хат

Дене шынықтыру пәні бойынша осы Типтік оқу бағдарламасы ҚР 23.08.2012ж. № 1080 «Орта білім. Техникалық және кәсіптік білім» мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына негізделіп жасалған.

Дене тәрбиесі бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының барлық мамандықтарына арналып дайындалған бағдарламаның ең басты мақсаты - дені сау физикалық тұрғыда шыныққан маман қалыптастыру.

Дене тәрбиесі пәнінің алға қойған міндеттері:

- дене тәрбиесі мен салауатты өмір салты аясында білім қалыптастыру;

- қозғалыс біліктері мен дағдыларын үнемі жетілдіру жағдайында

денсаулықты нығайту;

- жаттығу техникасын жетілдіру арқылы дене қасиеттерін дамыту;

- қозғалыс тәртібін қолайландыру және денені шынықтырудың негізін құрайтын қозғалыс біліктері мен дағдыларын оқушылардың игеруі;

- болашақ мамандыққа жеткілікті дайындық деңгейін, оның ішінде дене нің шынығуы, жатықтығының, жұмысқа қабілеттілігінің, кәсіптік маңызы зор физикалық және психомоторлық қабілеттердің дамуын қамтамасыз ету;

- өзін-өзі бақылау білімдерін меңгеруі және ағзаның функционалдық жағдайын өз бетімен бағалай білу.

Осы типтік оқу бағдарламасын жүзеге асыруда:

- оқушылардың физикалық тұрғыда дайындығын анықтайтын бақылау нормативтерін;

- дене қасиеттерінің дамуын анықтайтын бақылау тесттерін;

- семестр кезіндегі сынақтарды;

- оқу бағдарламасының теориялық бөлімінен емтихан өткізу қарастырылған.

Бұл бағдарламада негізгі және өзгермелі екі бөлімнен тұратын дене тәрбиесі сабақтарына арналған тараудар мен тақырыптар беріледі.

Негізгі бөлім дене тәрбиесі саласында жалпы білім беру дайындығының

негізі болып табылады. Ол оқушылардың физикалық жетілуі міндеттерінің кешенін қамтамасыз етеді. Негізгі оқу материалының орындалуы міндетті болып саналады.

Дене тәрбиесінің өзгермелі бөлімін дене тәрбиесінің жетекшісі оқу орнының қолданыстағы материалдық базасына, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ашатын факультативтік сабақтарға, аймақтық ауа райы жағдайына, ұлттық және жергілікті дәстүрлерге және педагогтың мамандануына қарай құрастырылады.

Дене тәрбиесі пәнінің типтік оқу бағдарламасын жүзеге асыру үшін оқытуды ұйымдастырудың төмендегідей түрлері ұсынылады:

- теориялық сабақтар: лекциялар, семинарлар, сұрақ-жауап, емтихан;

- тәжірибелік сабақтар: топтық және дара, бақылау нормативтері мен тесттер, сабақтан тыс уақыттағы туристік жорықтар; оқушылардың дене тәрбиесімен және спортпен дербес айналысуы; спорттық үйірмелерге қатысуы, спорттық жарыстар, жаппай сауықтыру іс-шаралары.

Тәжірибелік және теориялық сабақтар оқушылардың дене тәрбиесінің негізгі түрі болып табылады және бүкіл оқу кезеңінде аптасына 4 сағаттан жүреді, оқу жоспарларындағы барлық мамандықтар үшін міндетті (3 және 4 курстарда факультативтік сабақтар есебінен). ҚР үкіметінің 17.05.2013 ж. бастап №499 қаулысы бойынша тәжірбиелік сабақтар,сонын ішінде дене тәрбиесінде топтар бөлінгенде 13 адамнан аспауы тиіс.

Дене тәрбиесі пәнін оқыту барысында «Денсаулық сақтау технологиясы», дифференциалдық оқыту технологиялары, ақпараттық-коммуникативті технологиялар, мультимедиялық презентациялар, дамытушы сипаттағы әдіс-тәсілдер, теориялық, тәжірибелік сабақтардағы жекелік және топтық оқыту түрлері қолданылады. Дене жаттығуларын жетілдіруде ойын және жарыс түріндегі оқыту әдістері пайдаланылады.

Қазақстан Республикасының денсаулық қорғау Министрінің 2010 жылдың 3 тамызындағы №594 бұйрығы бойынша денсаулық жағдайы, физикалық дамуы мен дайындығы туралы мәліметтердің негізінде дене тәрбиесі сабақтарында оқушылар келесі топтарға бөлінеді:

- негізгі топ (денсаулығында және физикалық дамуы жағдайында ешбір ауытқуы жоқ, жеткілікті дәрежеде дене даярлығы бар оқушылар);

- даярлық топ (физикалық дамуында және денсаулығында шамалы ауытқушылығы бар, жеткілікті дәрежеде физикалық даярлығы жоқ оқушылар);

- арнаулы топ (денсаулық жағдайында едәуір ақаулығы бар (тұрақты немесе уақытша сипаттағы) мемлекеттік бағдарлама бойынша жалпы топтарда шұғылдануға қайшы келетін көрсеткіштері бар оқушылар).

Кейбір жағдайларда тірек-қимыл аппараты функцияларының айқын бұзылулары және оқу орнында топпен сабақ өткізуге кедергі жасайтын айтарлықтай денсаулығы нашар оқушылар дене тәрбиесімен айналысуға емдеу-сауықтыру мекемелеріне жіберіледі.

Арнайы дәрігерлік топтардағы дене тәрбиесі пәні бүкіл оқу кезеңінде 45 минуттан аптасына 4 рет, негізгі сабақтан тыс уақытта жүреді.

Арнайы дәрігерлік топтардағы оқу процесі оқушылардың дене тәрбиесінен білімін жетілдіруге, денсаулығын нығайтуға, ағзасын шынықтыруға, функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтуге, сырқатынан қалған белгілерді жоюға бағытталған.

Арнайы дәрігерлік топтардағы оқушылардың іс-қимыл қызметінің белсенділігін арттыру үшін топтағы оқушылар саны 8-12 дейін болуы және дене тәрбиесі сабақтарының төмендегідей түрлері қолданылуы керек:

- тәжірибелік және теориялық:

- дербес;

- оқу күн тәртібіндегі дене жаттығулары (таңертеңгілік бой жазу

жаттығулары, сергіту жаттығулары);

- дене жаттығуларымен, туризммен ерікті айналысу;

- жаппай сауықтыру іс-шаралары;

- спорттық іс-шаралар (спорт түрлері бойынша төреші ретінде).

Дене шынықтыру сабақтардан денсаулық күйі арқылы босатылған оқушылар спорттық-сауықтыру тематикаға рефераттар қорғайды.

Жұмыс оқу бағдарламасын даярлау барысында, білім беру мекемесі

- типтік оқу бағдарламасындағы пәнді оқыту уақытын сақтай келе, айналымға бөлінген сағат көлемін қазіргі заманғы оқыту технологиясын пайдалана отырып, 15-25% өзгертуге;

- оқытудың түрлі технологияларын таңдауға;

- оқыту формаларына, мазмұнына, оқытуды ұйымдастыруда, оқыту мен тәрбиелеу әдістеріне, сонымен қатар мамандардың кәсіби әрекет ету ерекшеліктеріне, аймақтық ауа райы жағдайына, ұлттық дәстүрлерге, оқу орнының қолданыстағы материалдық базасына байланысты сынақтық талаптарға негізделген өзгертулер мен толықтырулар енгізуге;

- оқу уақытының жалпы сағатын тараулар мен тақырыптар бойынша бөлуге(пәнді оқытуға берілген жалпы уақыт есебінен);

- бағдарламалық материалды оқыту сабақтастығында негізделген өзгертулер енгізуге құқылы.

 

 

2. Пәнді оқытудағы жоспарланған нәтижелер

 

Стандарт бойынша жоспарланған және білім беру бағдарламасындағы құзыреттіліктер Типтік оқу бағдарламасы бойынша білім нәтижесі
Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушы төмендегі құзыреттілікті меңгеруі тиіс: базалық: БҚ 1. Салауатты Өмір Салты қағидаларын сақтау және денсаулықты нығайту үшін дене тәрбиесімен және спортпен шұғылдану.     Пәнді оқу нәтижесінде оқушылар біледі: -салауатты өмір салты негіздері мен ережелерін, денсаулықты сақтау мен шыңдау, физикалық қабілеттерін жетілдіру мен дамыту туралы; -дем алу жүйесінің физиологиялық негіздерін, бұлшық етке күш түсірудегі қан айналым және күш- қуатпен қамтамасыз ету негіздерін; -салауатты өмір салты мен өз денсаулығына деген қатынасын анықтайтын факторларды; істей алады: -дене жаттығуларын орындауды; -негізгі дене қабілеттерін дамыту, дене тұлғасын және тіректі түзеу үшін жеке жаттығулар жасауды; -дене қабілеттерін жетілдіру және шыңдауға қол жеткізуді; -жеке гигиенаны сақтауды; -жаппай спорттық іс-шараларда ерік қабілеттерін танытуды; дағды қалыптастырады: - әртүрлі аурулар мен эмоциялық күйзелістерге адам ағзасының қарсы тұруын арттыру; -рухани жағынан бай және дені сау жеке тұлға қалыптастыруға; құзыретті: -Салауатты Өмір Салты туралы білімдерін күнделікті өмірде қолдануда.
БҚ 2. Физикалық қасиеттер мен психофизикалық қабілеттерді жетілдіру және дамыту үшін дене тәрбиесі құралдарын қолдану.   біледі: -оқу ойынының ережелерін; -жаттығуды орындау техникасын; -физикалық күш түсіру негіздері мен оны реттеу тәсілдерін істей алады: -жаттығуларды орындау техникасын игеруді; -оқу ойынында жеке техникалық міндеттер мен ойынның оқытылған тәсілдерін қолдануды; -физикалық қабілеттерін дамытуды; дағды қалыптастырады: -күнделікті дене тәрбиесімен шұғылдану және еріктік қасиеттерді тәрбиелеу; құзыретті: -өз спорттық дарынын жоғары деңгейде көрсетуге дайындалуда, физикалық тұрғыда жетілдіруде.  
БҚ 3. Қазақстан Республикасының “Дене тәрбиесі”туралы заңнаманы, нормативтік талаптарды сақтауы, дене тәрбиесінің көрсеткіш тестілерін және техникалық қауіпсіздік ережесін орындауы.   біледі: -ҚР “Дене шынықтыру және спорт туралы ”заңын; -дене тәрбиесі сабақтарындағы қауіпсіздік техникасы ережелерін; -мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын. істей алады: -бағдарламада қарастырылған бақылау нормативтері мен тесттерді орындауды; -дене шынықтыру сабағының жеке формаларының тиімділігін арттыру мақсатында арнайы техникалық құралдарды, заманауи спорт жабдықтарын қолдануды; дағды қалыптастырады: -Салауатты Өмір Салтын, өмірлік саясатқа жас жеткіншекті дайындауға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. құзыретті: - тесттер мен номативтердің нәтижелерін талдауды және физикалық білік-дағдыларын жетілдіруде.
БҚ 4. Дене тәрбиесі теориясын, кәсіби-қолданбалы қозғалыс белсенділігінің білік-дағды жүйесін меңгеру.   біледі: -дене тәрбиесінің негізгі қағидаларын; -табиғи және әлеуметтік-экологиялық факторлардың ағзаға әсерін; -физикалық жаттығулар кезіндегі ағзаның физиологиялық күйін; -адам ағзасының резервтерін; істей алады: -физикалық жаттығуларды орындауда ағзаның функционалдық күйін реттеуді және бақылауды; -кәсіби маңызды физикалық және психомоторлық қабілеттерді қалыптастыру үшін физикалық жаттығулар кешенін жасауды; дағды қалыптастырады: -денсаулық деңгейін, физикалық және ойлау қабілеттерін көтеру, физиологиялық белсенділікке дайындық деңгейі күшін еңбек қызметімен ұштастыру. құзыретті: -кәсіби қолданбалы гимнастика, өндірістік гимнастика, физкультминут, физкультпауза жаттығулары кешенін құруда, қолдануда.  
БҚ 5. Жарақат алғанда және оқыс жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету.   біледі: -дене жарақатының алдын-алу тәсілдері мен физикалық жаттығулар кезінде жарақат алу мүмкіндігі себептерін; -жарақат алу, қан кету, жаралану, күйіп қалу, үсіп қалу, суға бату, сынық, шығарып алу, күннің өтуі, тоқ соғуы кезінде алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуді. істей алады: -оқыс жағдайда жарақат алу кезінде алғашқы көмек көрсетуді, физикалық жаттығулар кезінде жарақаттанудың алдын алу және қауіпсіздік техникасын сақтауды; -дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмекті көрсету үшін қолдағы бар құралдарды қолдану. дағды қалыптастырады: -дәрігерлік көмек көрсету; құзыретті: -өзінің денсаулығына диагностика жасай білуде, жедел түрде көмек көрсетуде.  
БҚ 6. Дене тәрбиесі мен спорт тарихының тұтастығын сипаттайтын спорттық оқиғалар тарихының мәнін және жетістіктерін білу.   біледі: -қазіргі қоғамда жеке тұлғаны рухани тәрбиелеудегі дене тәрбиесі мен спорттық рөлін; -олимпиадалық ойындарының тарихы мен Қазақстан спортшыларының спорттық жетістіктерін; -қазақ халқының салт-дәстүрлері мен спорт түрлерін; -ұлттық ойын ережелерін. істей алады: -жарысқа төрешілік ете алады. дағды қалыптастырады: -спорттық оқиғалар мен құбылыстарды бағалау, түсіндіру, талдау; -Олимпиада жеңімпаздары туралы дүниетанымын кеңейту. құзыретті: -танымдық белсенділіктерін қалыптастыруда.  
КҚ 1. Дене жаттығулары көмегімен турғындарды сауықтыру мәнін түсіну. біледі: -болашақ мамандық ерекшеліктерін ескерілетін кәсіби-қолданбалы дене дайындығын; - кәсіби-қолданбалы дене дайындығының қажеттілігін,бағытын; -КҚДД құралдарын таңдау әдістемесін; -КҚДД ұймдастырылуын;тәсілдерімен құралдарын; істей алады: -физикалық,ақыл-ой және психофизикалық күш түсуін реттеуді; -еңбек әрекетінен кейін ағзаны қалпына келтіруді; - дұрыс тыныстануды;(демалуды) -өндірістік гимнастика кешендерін құруды; - дағды қалыптастырады: -физикалқ күш түсуін еңбек әрекетімен үйлесімділікте шектей білуге; құзыретті: -дене тәрбиесі құралдарымен кәсіби негізде пайда болатын аурулардын алдын-алуда.    

 

3. Тақырыптық жоспар және пән мазмұны

3.1 Тақырыптық жоспар

 

Күндізгі оқу түрінде оқытудағы оқу уақытының саны
    Бөлімдер мен тақырыптар атауы Белгіленген деңгей Көтеріңкі деңгей Орта деңгейдің маманы
         
  Бөлім I.Теориялық курс      
  Тақырып 1.1 Білім алушылардың жалпы мәдени және кәсіби дайындықтарындағы дене тәрбиесі. Дене тәрбиесі сабақтарындағы қауіпсіздік техникасы. - * *
  Тақырып 1.2. Салауатты өмір салты қағидалары мен негіздері. Дене тәрбиесі мен денсаулықты сақтау. - * *
  Тақырып 1.3. Қозғалыс белсенділігі тәртіптері - * *
  Тақырып 1.4. «Спорт бейбітшілік елшісі – Олимпиадалық қозғалыс»   * *
  Тақырып 1.5. Кәсіптік - қолданбалы психофизикалық дайындық. - * *
  Тақырып 1.6. Дене тәрбиесі жүйесіндегі жалпы физикалық және арнайы дайындық. - - *
  Тақырып 1.7. Дене тәрбиесі сабақтарында және жарақаттану кезінде алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. - - *
  Тақырып 1 8. Дене тәрбиесінің әлеуметтік-биологиялық негіздері.      
  Тақырып 1 9. Туризм     *
  Тақырып 1.10. Қазақтың салт-дәстүрлері, ұлттық спорт түрлері мен ойындары. - - *
  Тақырып 1.11. Жүзу. - - *
  Бөлім II. Дене тәрбиесі құралдары      
  Негізгі бөлім. Тақырып 2.1. Жеңіл атлетика   * *
  Тақырып 2.2. Гимнастика - * *
  Тақырып 2.3. Спорттық ойындар   * *
  Тақырып 2.4. Президенттік тесттер   * *
  Өзгермелі бөлім Тақырып 2.5. Туризм      
  Тақырып 2. 6. Жүзу      
  Тақырып 2.7. Шаңғы дайындығы     *
  Тақырып 2.8. Ұлттық, халықтық және қимыл-қозғалыс ойындары     *
  Тақырып 2.9. Кәсіптік - қолданбалы физикалық дайындық      
  Тақырып 2.10. Оқытушы таңдауы бойынша тереңдеп оқытуға арналған спорт түрлері      
  Емтихан   * *
  Негізгі бөлімнің барлығы      
  Өзгермелі бөлімнің барлығы      
  Пән бойынша барлығы      

 

3.2 «Дене тәрбиесі» пәні бойынша типтік оқу бағдарламасының мазмұны

Бөлім I. Дене тәрбиесінің теориялық негіздері.

Тақырып 1.1. Білім алушылардың жалпы мәдени және кәсіби дайындығындағы дене тәрбиесі.

Дене тәрбиесі мен спорттың қазіргі жағдайы. ҚР “Дене шынықтыру және спорт туралы” заңы. Тұлғаның физикалық мәдениеті.

Дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері; оқу бағдарламасы; бағдарламада қарастырылған сынақ талаптары, бақылау жаттығулары, тесттер және нормативтер; оқушыларға қойылатын талаптар; сабақ үстіндегі қауіпсіздік техникасы; жеке және қоғамдық гигиена.

Тақырып 1.2. Салауатты өмір салтының қағидалары мен негіздері. Дене тәрбиесі және денсаулықты сақтау

Адамның денсаулығы құндылық ретінде және оны анықтаушы факторлар. Білім алушының жалпы мәдениеті мен оның өмір салтының өзара байланыстылығы. Білім алушының өмір сүру ұстанымы мен оныңөмір салты. Салауатты өмір салты, құрылымы. Өз денсаулығына күтіммен қарау- салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізі ретінде.

Дене тәрбиесі, спорт және туризм құралдары арқылы аурудың алдын-алу; денсаулық және оның тіршілік етудегі баға жетпес маңызы; денсаулық жағдайына қатысты қазіргі көзқарастар; аз қозғалу өмір салты және оның адам ағзасына жағымсыз әсері; дұрыс тамақтану; зиянды әдеттер мен тәуекел факторлары; шынығудың маңызы және ағзаға әсері.

Тақырып 1.3. Қозғалыс белсенділігінің тәртібі.

Қозғалыс белсенділігі - денсаулықты сақтап нығайтудың маңызды факторларының бірі (дене жаттығуларының сауықтыру және емдік әсері); қозғалыс белсенділігі мен жұмыс жасау қабілеттілігінің тәртіптері; дене тәрбиесімен айналысудың оқушылар ағзасына әсері; өзін-өзі бақылау және оның субъективті және объективті көрсеткіштері; ақыл-ой және физикалық қабілеттіліктер тұрақтылығын қамтамасыз ететін дене тәрбиесі құралдары; адам мүмкіндіктерінің қорлары; оқушылардың оқу процесі барысында шаршап шалдығуы; оқушылардың дене дайындығын бағалау үшін бақылау нормативтері мен Президенттік тесттерді қолдану.

Тақырып 1.4. «Спорт бейбітшілік елшісі – Олимпиадалық қозғалыс».

Дене тәрбиесі мен спорттың қалыптасу тарихының тұтастығын сипаттайтын тарихи спорттық оқиғалар мен жетістіктер мәні.

Жаппай спорт және жоғары жетістіктер спорты, олардың мақсаттары мен міндеттері. Спорттық жіктелу.

Олимпиада ойындарының тарихы; Қазақстанның Олимпиада ойындарындағы жетістіктері; қалпына келу және жұмысқа қабілеттілігін арттыру құралдары. Спорттық құралдар жалпы физикалық, кәсіби қолданбалы, спорттық дайындықтың құралы мен әдісі ретінде.

Тақырып 1.5. Кәсіптік - қолданбалы физикалық дайындық.

КҚДД кәсіби қызметінің сипаттамасы мен міндеттері; қолданбалы дене дайындығының теориялық-әдістемелік негіздері; еңбек және демалыс тәртіптері; өндірістік гимнастика; аутотренинг; еңбектің жағымсыз факторлары әсерінің алдын алу.

Тақырып 1.6. Дене және арнайы қасиеттерді дамытудың теориялық-тәжірибелік негіздері.

Дене қасиеттері туралы түсінік; төзімділік және оны тәрбиелеу әдістемесінің негіздері; жылдамдық пен күштілік дайындығы және оны тәрбиелеу әдістемесінің негіздері; қозғалыс-координациялық қабілеттер және оны тәрбиелеу әдістемесінің негіздері; дене жүктемесінен кейін ағзаны қалпына келтіру тәсілдері.

Тақырып 1.7. Жарақаттанудың алдын алу және дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмек көрсету жөнінде негізгі шаралар.

Есінен айырылу, күйік, шаршап шалдығу, сынық, буынның таюы, созылуы мен ұрылулары, суға бату барысында дәрігер келгенге дейін алғашқы көмек көрсету; жарақат түрлері; жасанды тыныс алдыру тәсілдері; жүрекке жанама массаж жасау.

 

Тақырып 1.8. Дене тәрбиесінің әлеуметтік-биологиялық негіздері.

Адамның ағзаны – өзін дамытатын, өзін-өзі реттейтін біртұтас биологикалық жүйесі. Адамның ағзаны мен тіршілік әрекетіне табиғи, әлеуметтік-экологиялық факторлардың әрекеті. Қозғалыстың атқару қызметі және адамның сыртқы ортаның түрлі жағдайларға тұрақтылығын көтерілуі.

Тақырып 1.9. Туризм.

Туризм түрлері мен нысандары; туристік жорықтардағы техника қауіпсіздігі; туристік жорықтарды дайындау және өткізу; туристік жорықтарда тамақтану; туристердің жабдықтары (жабдықтарды жинау және тасымалдау); туристік жорықтарда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету.

Тақырып 1.10. Қазақтың ұлттық, халық және қимыл-қозғалыс ойындары.

Ұлттық ойындардың пайда болу тарихы; қазақ ұлттық ойындары; «Наурыз» ұлттық мейрамы; түрлі халықтардың ойындары.

Тақырып 1.11. Жүзу.

Жүзу дене тәрбиелеу жүйесінде; жүзудің оқушылардың мамандық профиліне қарай кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында атқаратын рөлі мен маңызы; жүзу түрлерін жіктеу; жүзу тәсілдері; жүзумен айналысуға арналған орындарға: табиғи су айдындарындағы бассейндерге, ашық және жабық жасанды бассейндерге қойылатын талаптар; оқушылардың суға түсу және оқу жаттығулары барысында өзін ұстау ережелері; жеке гигиена ерекшеліктері, салқын тигізу, ауру мен жарақаттанулардың алдын алу.

 

Бөлім II. Дене тәрбиесі құралдары.

Тақырып 2.1 Жеңіл атлетика.

Жеңіл атлетика дене тәрбиесі жүйесінде. Жеңіл атлетикалық жаттығулардың жіктелуі.

Жүгіру. Жалпы төзімділікті дамытуға бағытталған жүгіру дайындығының деңгейін арттыруға арналған жалпы дамыту және арнайы дене жаттығулары: біркелкі-ауыспалы қарқынмен жүгіру; ұзақ уақыт жүгіру; біркелкі-жылдам жүгіру; 800 м аралыққа орташа қарқынмен жүгіру; 2000-3000 м аралыққа орташа қарқынмен кросс жүгіру.

Қысқа қашықтарға жүгіру. Арнайы дене жаттығулары: ауыспалы жүгіру; 30-50 м қашықтыққа бірден орташа және барынша жылдамдықпен жүгіру; төменгі сөре; 60 м қашықтыққа төменгі сөреден жүгіру; 60 м қашықтыққа еркін жүгіруден кейін жүгіру жылдамдығын ұлғайту; мәре белгісінен барынша жылдамдықпен жүгіріп өту; уақытты ескере отырып, төменгі сөреден барынша жылдамдықпен 100 м жүгіру; эстафеталық жүгіру 4 х 100.

Ұзындыққа секіру. Орнынан ұзындыққа секіру техникасы: қол сермеу және табандарын айналдыру; серпілу, ұшу, тізелерді кеудеге таман көтеру, жерге түсуге дайындалу.

Екпін алып ұзындыққа секіру техникасы. Екпін алу таңбасын таңдау; екпін алу нұсқалары: екпін алу қашықтығының соңғы үштен бірінде шапшаңдықты біртіндеп арттыру, екпін алудың басталуында жүгіруді жылдам жеделдету, осы шапшаңдықты қашықтықтың ортаңғы тұсында да сақтау, серпілудің алдындағы соңғы қадамдарда қайталап үдету.

Граната лақтыру. Лақтыру техникасының элементтері; жүгіру қадамдарын біртіндеп жеделдете адымдау; арнайы еліктеу жаттығулары; снаряды бар қолды сермеп, жылдамдатусыз жүгіру; жүгіріс- айқастыру қадамын орындау; техника мен нәтижелерді ескере отырып лақтыру.

Ядроны итеру. Ядроны итеру техникасы: ядроны ұстау; барынша жылдамдықпен қарғу; ақтық күш салу; арнайы еліктеу жаттығулары; ядроны нәтиже үшін итеру.

Тақырып 2.2 Гимнастика.

Гимнастика дене тәрбиесі жүйесінде; гимнастика міндеттері мен құралдары; гимнастика сабақтарындағы техника қауіпсіздігі.

Гимнастика түрлері.

Гимнастиканың сауықтыру түрлері: негізгі, гигиеналық, емдік гимнастика, ырғақты гимнастика және оның түрлері.

Сауықтыру гимнастикасының дәстүрлі емес түрлері: стретчинг (дене күйлері гимнастикасы), каланетика (статикалық жаттығулар гимнастикасы), шейпинг (компьютерлік сынамалаудан кейін жаттығулар таңдау), гимнастиканың шығыс сауықтыру жүйелері.

Гимнастиканың білім беру-дамыту түрлері: негізгі гимнастика, өндірістік, атлетикалық гимнастикалар.

Гимнастиканың спорттық түрлері: спорттық гимнастика, көркем гимнастика, спорттық акробатика.

Гимнастиканың қолданбалы түрлері: өндірістік (кіріспе, дене тәрбие минутасы, дене тәрбие кідірісі, белсенді демалыстың шағын кідірісі, жұмыстан кейін қалыпқа келу), кәсіптік – қолданбалы, әскери – қолданбалы, спорттық – қолданбалы гимнастика.

Саптық жаттығулар. Бұрын үйренген саптық тәсілдерді қайталау және бекіту. Қозғалу түрлері: тізені жоғары көтере, аяқтың ұшымен жүру, тізесін бүгіп, алдыға ұмтыла, аяқтарын айқастырып және ауыстыра отырып, алдыға және қапталға қарай қозғалу. Жүрудің түрлерін басқа қол қимылдарымен кезектестіру, жүруді секірумен үйлестіру, тізені жоғары көтеру, аяқты артқа қарай бүгу, шапшаңдата отырып, қолдары мен денесін түрлі бағыттарда 360°-қа айналдыра жүгіру. Қимылдар: қиғаш сызық бойымен, орталық арқылы, зал бұрыштары мен нүктелеріне қарай, кері жүру, ирелең және спираль тәрізді жүру. Дұрыс дене мүсінін қалыптастыру.

Жалпы дамыту жаттығулары. Кешендерді құрастыру мен өткізудің мақсаты, жіктелуі, әдістемесі. Иық белдеуі мен қолдарға арналған жаттығулар, аяққа арналған жаттығулар, денеге арналған жаттығулар, отырулар, тірелулер. Гимнастикалық қабырғадағы жаттығулар, гимнастикалық орындықтағы жаттығулар. Көрсету, айту, бөлу, ағымдық тәсіл бойынша ЖДЖ кешендері. Шұғылданушылардың түрлі контингентіне арналған жалпы дамыту жаттығуларының кешендерін құрастыру және өткізу.

Қолданбалы жаттығулар. Доп, секіргіш, таяқша және басқа да нәрселерді тапсыру, жүгіру, секіру, кедергілерден өту, заттардың орнын ауыстырумен байланысты қарқынды сипаттағы түрлі эстафеталар.

Акробатикалық жаттығулар. Топтасу: отырып, жатып, тізе бүгіп. Аунау: топтасуда – тізе бүккен күйде артқа және кері аунау, артқа аунап, жауырынға тұру, тізерлеп отырған күйден алдыға қарай аунау. Домалау: алдыға – тізе бүккен күйден, аяқтарын алшақ қойып, қадам жасай, алдыға қарай ұзақ домалау, қатарынан бірнеше домалау; артқа қарай домалау. Тіреліп тұрулар: жауырынмен, баспен, қолмен тіреліп тұру (қабырға маңында және көмекпен). Аударылу: орнынан бір жақ қапталға, вальсеттен. Тепе-теңдік: бір аяқпен тұрып, қапталдық. Жатқан күйден көпірге тұру, артқа құлау. Жартылай шпагат, оң және сол жақ шпагат.

Гимнастикалық снарядтардағы жаттығулар. Түрлі снарядтарда. Жай асылу: бұрыштап асылу, бүгіле, қайқая асылу. Аралас асылу: тігінен, жатып, қапталымен, артқы жағынан. Асылып сілтеу және алдыға, артқа қарай серпіліп секіру. Аралас және жай таяну: тігінен тұрып, жатып, білекке тұрып, бұрыштап. Таянып тұрып сілтеу және алдыға, артқа қарай серпіліп секіру.

Отырулар: аяқтарын алшақ қойып отыру, жамбасына отыру, отырудан аралас тяану және кері ауысу.

Секірулер. Жай секірулер: таңбалау бойынша, ұзындыққа, биіктікке секіру.

Таянып секіру: ағаш ат аяқтарының арасын ашып секіру, аяқтарын бүгіп секіру, ағаш ат снарядының ені арқылы жанымен секіру.

Ырғақты гимнастика. Музыка және қимыл. Музыка сипаты. Оның жанрлары. Классикалық және халық билерінің элементтері. Би композициялары. Ырғақты гимнастика кешендерін жеке және топпен орындау. Өндірістік гимнастика. Өндірістік гимнастика жаттығуларының кешенін құру ережелері мен оларды жеке және топпен орындау.

Атлетикалық гимнастика. Д ене дайындығының мазмұны мен құрылымы, түрлі бағыттағы күштілік дайындығы процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, барынша күш дамыту әдістері, иілгіштілікті дамыту әдістері (стретчинг), шапшаңдықты дамыту (жылдамдық және шапшаңдық-күштілік қасиеттерін), төзімділіктің алуан түрлерін дамыту.

Тақырып 2.3. Спорттық ойындар.


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 1722 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Задача № 1 | Задача № 2 | Задача № 3 | Задача № 5 | Задача № 16 | Задача № 18 | Типові вузли релейно-контактного керування пуском двигунів постійного струму | Керування в функції струму | Типові вузли схем керування гальмуванням двигунів постійного струму | Керування в функції часу |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ТЕХНИКА БЕЗОПАСНОСТИ| Футбол.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.029 сек.)